Мемлекеттік емтихан сұрақтары Оқытушы: Жиентаева Бегаим Жиентаевна



бет2/5
Дата18.06.2023
өлшемі27,76 Kb.
#102073
1   2   3   4   5
ІІІ бөлім. Мектептану

  1. Мектептегі басқару принциптері.

  2. Педагогикалық кеңес жұмысының мазмұны. Педагогикалық кеңес әрекетін ұйымдастыру.

  3. Бастауыш мектептегі әдістемелік жұмыстар.

  4. Мектепішілік бақылау. Бақылаудың мазмұны, формалары мен әдістері.

  5. Оқыту сапасын бақылау. Мектеп құжаттарын жүргізуді бақылау.

  6. Озат педагогикалық тәжірибені оқып үйрену және пайдалану - мұғалім шығармашылығын дамытудың жолы.

Ситуациялар
Педагогикалық жағдаят №1
Оқушы мұғалімге: «Басқа балаларға қарағанда маған жақсы көзбен қарағаныңызды қалаймын, өйткені мен бәрінен де жақсы оқимын» - дейді. Мұғалім оқушыға таңқала қарап, ол үшін бәрі бірдей екендігін айтты.Сіз осы жағдаятты қалай шешетін едіңіз (не істер едіңіз? не айтар едіңіз? т.б) Оқушының мұндай өтінішіне мұғалім қалай жауап беруі керек?


Педагогикалық жағдаят №2
Кейбір ата-аналар брендтік киімдерге, балаларының сыртқы киіміне көп көңіл бөледі. Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Мұндай ата-аналармен және балалармен қандайда бір жұмыс жүргізу қажет пе? Өз жауабыңды түсіндір.


Педагогикалық жағдаят №3
Серуен кезінде құмда ойнап отырған балалар байқамай Азаматтың күртешесін бүлдіріп алды. Азаматтың қатты көңілі түсіп кетті. Ол балалар әдейі істеді деп ойлады. Ол ыңғайлы сәтін күтіп отырып, балаларға ылғал құмды лақтырып жіберді. Нәтижесінде балалардың барлық киімдері лас болып қалды. Балалардың ызалылығында шек жоқ еді. Ал Азамат олардың кешірім сұрамағандығын алға тартты. Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңді түсіндір.


Педагогикалық жағдаят №4
Мұғалім оқушының сабақ үстінде ұялы телефонды кітап астына тығып алып, біреумен хат жазысып отырғанын байқайды. Мұғалім ызаланып, телефонды жұлып алады да, оқушының ата-анасын мектепке келуін талап етеді. Осы жағдайдағы мұғалімнің мінез-құлығына талдап жасаңыз. Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз? Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет