Мемлекеттік емтихан сұрақтары Оқытушы: Жиентаева Бегаим Жиентаевна



бет4/5
Дата18.06.2023
өлшемі27,76 Kb.
#102073
1   2   3   4   5
Педагогикалық жағдаят №10
Оқушы өзінің бақылау жұмысына қасындағы дос құрбысынан төмен баға алғанын көріп, жұмысының дұрыс бағаланбады деп деп ойлайды, соған ренжіп, мұғалімнің берген тапсырманы орындамай қабағын түйіп, кітап дәптерлерін партадан итеріп тастап, көзі жасқа толып отыра береді. Бұны көрген мұғалім оқушыға: - Саған не болды, тапсырманы неге орындамайсың дейді? – Оқушы мұғалімге жауап бермей үндемей отыра берді.
Сіз бұл жағдаяттан қалай шыгар едіңіз. Бұл жағдайда не айтар едіңіз? Не істер едіңіз? Неліктен?


Педагогикалық жағдаят№11
Сыныпта топтық жұмыс болып жатыр, топтық жұмысты әрдайым белсені бір оқушы басқарады. Басқа оқушыларда топтық жұмысты басқарғысы келеді, бірақ белсенді оқушы оларды келемеждеп, кедергі жасап, оларға мүмкіндік бермейді.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.


Педагогикалық жағдаят №12
Сіз сынып жетекшісіз. Үзіліс кезінде сыныптағы бір оқушы келіп сізге сыныптастары туралы мәлімет айтады: анау көп әңгіме айтады, анау көп сөз тасиды, бірін-бірі қалай мазақтайтындығын айтты.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №13
Сыныптағы бір оқушы сыныптасын ұнатпайды, онымен бірге жұмыс жасағысы келмейтінін ашық айтады.
Мұғалімнің іс-әрекеті:

  1. «Онда тұрған не бар?».

  2. «Бірге жасауға тұра келеді, амал жоқ».

  3. «Бұл сенің тарапыңнан ақымақтық».

  4. «Осы жағдайдан кейін ол да сенімен жұмыс жасағысы келмейді».

  5. «Сенікі дұрыс емес деп ойлаймын».

  6. Сіздің өз жауабыңыз

Өз жауабыңызды негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №14
Бала қиын отбасында тәрбиеленуде: Баланы әжесі жалғыз өсіріп жатыр, әкесі жоқ, ал анасы маскүнем. Бірінші сыныпқа бала оқуға деген зор ынтамен келді, бірақ мұғалім оған дұрыс көзқараспен қарамады. Егер сыныпта бір жағдай болса үнемі сол кінәлі болды. 3 сыныпқа келгенде оған "қиын бала" деген ат берілді.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет