Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар



бет34/63
Дата21.04.2023
өлшемі170,69 Kb.
#85184
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан с РА тары

4. Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін қолданылатын әдістер:
• Жаттыңтыру. Әр түрлі іс-әрекеттерін істей білуге машықтандыру, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау, материалдарды, электрқуатын, суды, газды үнемді пайдалану, т.б.
• Тәжірибелік жұмыстар және эксперимент. Бұл әдістерді оқушылардың өндірістік бригадасында, оқу өндірістік кооперативте, үйелмендік мердігерлікте немесе үйелмендік шығармашылық қожалықтарында, мектептерде шағын мал, қүс фермаларында қолдануға болады. Тәжірибелік және эксперимент жұмыстарының мақсаты - оқушыларды өнімді бағалай білуге, бизнес, ақша мен пайда сияқты ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
• Экономикаға байланысты есептер шығару - еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру.
• Сандық материалдарды талдау әдісі - саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау.
• Ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.
• Экономикалық сөздік жасау, нарықтық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын молайту.
Қазіргі кезде болып жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жас түлектер өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шығармауы керек. Әрине, бұл өте жауапты жұмыс. Сондықтан нарықтың экономикаға байланысты оқушыларға тәрбие және білім беру ісін басқару, оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және ұтымды қолдану мектептің педагогикалық ұжымдарының төл ісі.

7.Сынып жетекшісінің жұмыс мазмұны, функциялары, міндеттері


Сынып жетекшісінің тәрбие қызметіндегі мақсаты:
• Білім алушы тұлғасының өзін- өзі дамытуы мен іс жүзінде көрсетуі үшін жағдай жасау.
• Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау, қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық педагогикалық жағдайлар жасау
• Әр түрлі шығармашылық тұлғадағы қоғамдық іс -әрекетке икемді тұлғаның өзін -өзі анықтауы және өзін іс- жүзінде көрсете білуі
• Өзара бірлескен қарым -қатынас кезінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым -қатынастары мен алаңдадатын мәселелерін сәйкестендіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет