Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Дидактиканың негізгі ұғымдары, оқыту процесінің мәні, ерекшеліктері



бет42/63
Дата21.04.2023
өлшемі170,69 Kb.
#85184
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан с РА тары

10. Дидактиканың негізгі ұғымдары, оқыту процесінің мәні, ерекшеліктері.


"Дидактика" - ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.
Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті. Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту және білім алу. Оқыту - оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқытубасым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.
"Оқыту - үйрету және білім алу" деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі сақталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін "білім беру", "оқыту" терминдері жиі қолданылады.
Білім, іскерлік, дағды оқушыға бере салатын зат болмағандықтан оқыту мәнін нақты ашпай, көптеген сұрақтар туғызады. "Қандай іс-әрекет?", "Өзара әрекет барысында білім қалай меңгеріледі, даму, тәрбие қалай жүреді?" - деген сұрақтарға жауап берілмеген.
Әрине мүғалім мен оқушы оқыту процесінде өзара әрекет жасайды, оның негізі, оқыту мәні - мұғалім ұйымдастырған таным іс-әрекетін оқушылардың атқаруы нәтижесінде мәліметтерді меңгеруі, дамуы, тәрбиеленуі.
Демек, оқыту дегеніміз – оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетанымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті. Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мүғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет