Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Оқытудың маңызды міндеттері



бет43/63
Дата21.04.2023
өлшемі170,69 Kb.
#85184
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан с РА тары

Оқытудың маңызды міндеттері:
– Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
– Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті үйымдастыру.
– Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.
Білім беру - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика "Нен іоқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген екі үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар да туындайды: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" және "Қайда оқыту керек?".

11. Оқыту процесінің өзіне тән кызметтері бар. Олар оқытудық білім беру, оқытудық тәрбиелік, оқытудық дамыту қызметтері.


Оқытудың білім беру қызметі – бұл адам баласының білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үшін оған қойылатын талаптарды ескерген жөн. Олар:
• білімнің толықтығы – оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-әрекетті іске асыру;
• білімнің түсініктілігі – оқушылардың өз бетімен ізденіп ақыл ойын дамытуы;
• білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Оқытудың тәрбиелік қызметі – оқытудың тәрбилік ықпалы жайындағы идея Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервектің, Н.И.Пироговтың және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.
И.Ф.Гербарт оқыту - адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз құрал деп тұжырымдады.
Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби "тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы болады" деп, қатты ескертті. Білім беру мен тәрбиелеу біртұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғүламалар соған байланысты. Өз шығармаларында сол екі негізге байланыстырып құра білді. М. Дулатов "Оқытудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек" екендігін баса айтып, оқу мен тәрбиенің біртұтас педагогикалық әрекет екендігін дәлелдеді.
Мағжан Жұмабаев көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшық ет сезімдері арқылы әдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа талғампаздыққа тәрбиелеу керек, сол тәрбиелер арқылы зейін қалыптасады, баланың ақылы ересек адамдарға қарағанда төмен екеніне байланысты тәрбиелік іс-әрекетте тәлімді тәсіл қолдана білу керек екенін түсіндіреді.
Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетінымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесімен тығыз байланыста өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет