Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Озық, озат педагогтардың тәжірибесіндегі идеяларды насихаттау және тарату



бет59/63
Дата21.04.2023
өлшемі170,69 Kb.
#85184
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан с РА тары

Озық, озат педагогтардың тәжірибесіндегі идеяларды насихаттау және тарату
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.
Қ.М.Нұрғалиев (1925-1988) педагогикалық көзқарасы, идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуы мақсат ету, жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілгі үшін жұмыс істеу. Мектеп директоры – Қ.Н.Нұрғалиев: «Мектепті алға бастыруды анық ойласақ, істі кадрдан бастауымыз қажет. Келешектің адамын қалыптастыру, еңбекке баулу, адамгершілікті дамыту, мұның бәрі сегіз қырлы бір сырлы дейтін мұғалімдердің қолдарынан келетінін үнемі ескеріп отырғанда ғана жақсы ұстаз бен жас шәкірт арасында мәңгі үзілмес алтын желі тартылады. Ол мұғалімнің оқушыға сенуі, оқушының мұғалімді сүюі» – деп оқу-тәрбие процесін, ізгілендіру идеясын қолдаған.
Архимед Мыңбайұлы Ысқақов (1953-) Көпшілік Архимед мектебін «Болашақ» мектебі дейді. Оқу тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып, әр оқушының еркін дамуына, азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясы ұсынды. Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізде жүргізу де Мыңбаевтың идеясы.
Архимед мектебінің педагогикалық процесі демократиялық және ізгілік негізінде құрылған. Мектеп оқушыға кең еркіндік береді. Тек бір ғана мақсатты - заманына сай саналы да өрелі, әрі дені сау, парасатты азамат болып өсуді талап етеді.
Нұртазина Рафиха Бекенқызы (1921-) Идеялары: педагогика ғылымының жетістіктерін, заңдылықтарын, әдебиеттерін оқып үйреніп, диалектикалық жолмен қорытынды шығара білу; адамға ізгілікті ықпал жасай білуді меңгеру; әр балаға бақыт сыйлау; педагогикалық процесте пәнаралық байланыс негізінде шығармашылықпен оқыту; сабақта енжарлыққа жол бермеу; әрбір сабақты оқушы мен мұғалімнің рухани қатынасының қуанышы көзіне айналдыру; ана тілінде білім алу. Р.Б.Нұртазина өзінің ұзақ жылғы мектепті баскару тәжірибесінде балаға деген шынайы махаббат ceзімін, окушылар мен
мұғалімдер және ата-аналар ұжымына сенім білдірудің ізгілік жене демократизм принциптерін, педагогикалық ынтымақтастық идеясын басшылыкка алды. Осының нәтижесінде мектепте өз мамандықтарын сүйетін, еңбекке жауапты карайтын, білікті, icкep педагогикалық ұжым кұрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет