Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Бірінші тәжірибелік сабақтың құрылымы



бет55/64
Дата20.12.2023
өлшемі426,39 Kb.
#141260
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары-emirsaba.org

Бірінші тәжірибелік сабақтың құрылымы:
• практикумның тақырыбын және мақсатын мұғалімнің хабарлауы;
• оқушыларға керекті білімдерді олардың естеріне түсірту;
• оқу жұмысына ынталандыру, нұсқаумен таныстыру;
• керекті жабдықтар мен материалдарды іріктеу;
• оқушыларға жұмысты орындағаны туралы есепті құрастырту;
• алынған нәтижелерді талқылап теориялық тұжырымдар жасау;
• нәтижелерін қорғау;
• іс-әрекетті талдау.
Практикумдар әдетте жоғары сыныптарда өтеді, бірақ бастауыш сыныптарда қысқа мерзімді зертханалық және тәжірибелік тапсырмалар орындатуға болады.

15. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары. Оқытудағы ынталандыру әдістері. Оқыту әдістерін таңдау және қолдану

Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары:


Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек.
Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі - жұмыс істеу қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқу қиынға түседі.
Екінші себеп - білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.
Үшінші себеп - материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойлауларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.
Төртінші себеп - пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде оқушының зейіні, білімге деген ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибесіз мұғалімнің ашу-ызасын туғызып, түрлі дау-жанжалдарға себепші болады. Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.
Бесінші себеп - оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, "қиын" балаларға еліктеуі.
Үлгермеудің басқа да себептері бар. Ең бастысы – үлгермеу себебін анықтап, жеке жұмыстың жолдарын белгілеу. Мұғалімнің, мектептің міндеті әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу
Ынталандыру қызметін атқаратын әдістер. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.
Бұл әдістерді қолдануда педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі - бала тәрбиенің тек қана объектісі емес, тәрбиенің субъектісі болып табылатындығы.
Баланың табиғатында "Мен өзім" деген белсенділігі бар, ол тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар қарамайды. Сондықтан, тәрбие мен баланың өзін-өзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет