Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі
Түсініктеме
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілі. Оның құрылымдық ерекшеліктері,
грамматикалық құрылысы, сөздің құрамы, тіл көркемдігі және мәнерлілігі жөнінде жоғары оқу
орнында игерген білімін жинақтау;
Студенттердің емле және тыныс белгілері ережелері бойынша дағдысын байқау; Тілдің
лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын қалай меңгергендігін тексеру;
Әліппе, қазақ тілі, ана тілін оқыту әдістемесінен алған білімдерінің, дағдылары
менбіліктіліктерінің шамасын байқау.
Бағдарлама үш бөліктен тұрады: қазақ тілі курсы бойынша және қазақ тілін оқыту
әдістемесінің бағдарламалары, емтихан билеттеріне қосымша берілетін сұрақтар.
Қазақ тілі оқыту әдістемесінен емтиханда студент бастауыш оқытудың әдістемелік
теориясы мен практикасының негіздері туралы білімдерін көрсетулері тиіс. Мұнда бастауыш
сыныптарда қазақ тілі мен оны оқыту бойынша жүргізілетін сабақтардың қазіргі жайы және
олардың тарихына шолу жасалады. Сөз болатын мәселелерді психология- педагогикалық,
лингвистикалық тұрғыдан негіздеп, ана тілін оқыту процесінде оқушыларды жан-жақты дамыту
ісінде алда тұрған мақсат- міндеттерді қозғайды. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен мынадай
тақырыптар қамтылады:
- қазақ тілін оқыту әдістемесі- ғылым;
- бастауыш сыныптағы қазақ тілі- оқу пәні;
- сауат ашу әдістемесі;
- әдебиеттік оқу әдістемесі;
- фонетиканы оқыту әдістемесі;
- сөзжасам және грамматиканың әдістемесі;
- орфографияны үйрету әдістемесі;
- тіл дамыту әдістемесі
Достарыңызбен бөлісу: |