Мемлекеттiк сатып алу туралы


-бап. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі



бет8/48
Дата06.01.2022
өлшемі69,27 Kb.
#12357
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
8-бап. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі


      1. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:


      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.



      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орындайды;



      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.



      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша орындайды;



      3) ауданның, қаланың, қаладағы ауданның әкімдігі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.



      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тиісті ауданның, қаланың, қаладағы ауданның әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауралар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша орындайды.


      2. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды мынадай дәйекті кезеңдерді:


      1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманы ұсынуын;



      2) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлеуін және бекітуін;



      3) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындауын және бекітуін сақтай отырып өткізеді.



      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы айқындайтын және бекітетін конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамына тапсырыс берушінің өкілдері де кіреді, бұл ретте:



      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және өткізген жағдайда, конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы айқындалуға тиіс;



      мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орталық атқарушы органдардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және өткізген жағдайда, конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын орталық атқарушы органның бірінші басшысы айқындайды;



      осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және өткізген жағдайда, конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасы болып тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі айқындалуға тиіс;



      осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және өткізген жағдайда, конкустық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасы болып тиісті ауданның, қаланың, қаладағы ауданның әкімі айқындалуға тиіс.



      4) қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуін;



      5) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыруын;



      6) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберуін;



      7) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындауды;



      8) тапсырыс берушінің осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен, мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама негізінде жеңімпазбен мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуын сақтай отырып өткізеді.


      3. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекітілген не мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты береді.


      4. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруы және өткізуі осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет