Параграф 4. Конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту және оны веб-порталда
жариялау
82. Ұйымдастырушы не бірыңғай ұйымдастырушы конкурс жүргізудің шарттары мен
тәртібін анықтау үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес веб-порталда қазақ және орыс
тілдерінде конкурстық құжаттаманы қалыптастырады және мынадай:
1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге
асыратын жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен келіседі.
83. Ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушінің
бірінші басшысы не оның міндеттерін атқарушы тұлға не жауапты хатшысы немесе жауапты
хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекітеді.
Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
84. Осы Қағидалардың 28-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес айқындалатын
мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірленген конкурстық құжаттаманың
жобасын бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын
тұлға бекітеді.
85. Бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген және бекіткен конкурстық құжаттаманың жобасы
конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті, шарт
жобасын және осы Қағидалардың 52-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші
бекіткен сараптау комиссияның құрамын не сарапшыны қамтуы тиіс.
Заңның 21-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы
қажет ететін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшеліктің орнына
конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен
жобалау-сметалық құжаттаманы қамтуы тиіс.
Ескерту. 85-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5-параграф. Конкурс өткізу туралы хабарлама
86. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс
күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы
хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың жобасын веб-порталда
орналастырады.
Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға
өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала
талқылау хаттамасын және бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен
бастап кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес егер осы Қағидалардың 89-тармағына сәйкес
конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, әлеуетті
өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні конкурс
тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаның мәтінін орналастырған
күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем болмауы тиіс.
Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
87. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырған жағдайда,
ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде
күнтізбелік он күн бұрын веб-порталда өткізілмеген конкурстың конкурстық құжаттамасының
өзгермеуі шартымен, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру
туралы хабарландырудың мәтінін орналастырады.
88. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырылған және
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда
мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 86-тармағына сәйкес жүргізіледі.
6-параграф. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау және алдын ала
талқылау хаттамасын веб-порталда жариялау
89. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар
туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі
қызметтік ақпаратты қамтитын;
2) конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылатындықтан,
жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманы бекітудің міндетті талабы әлеуетті
өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы болып табылады.
90. Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық
құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-
портал арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған
күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай
ұйымдастырушыға жіберуі мүмкін.
91. Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер болмаған кезде мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде
конкурстық құжаттама бекітілді деп есептеледі.
92. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы ескертулер болған кезде
конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні
ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:
1) конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар
енгізеді;
2) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертпелерді қабылдамай, оларды қабылдамау
негіздемелері мен себептерін көрсетеді;
3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.
Конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген
жағдайда, осы Қағидалардың 83, 84-тармақтарымен белгіленген тәртіпте веб-порталда
өзгертілген конкурстық құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен
бастап, конкурстық құжаттама бекітілді деп есептеледі.
93. Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен
бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
веб-порталда конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын
орналастырады.
Осы Қағидалардың 92-тармағы 1) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың
жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, ұйымдастырушы,
бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасын алған әлеуетті өнім берушілерді
автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау
хаттамасымен бірге конкурстық құжаттаманың бекітілген мәтінін орналастырады.
94. Заңның 22-бабы 2-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала
талқылау хаттамасы конкурстық құжаттаманың жобасына қатысты келіп түскен ескертпелер
туралы ақпаратты және олар бойынша қабылданған шешімдерді қамтиды.
Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына тапсырыс берушінің
бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшысы немесе
жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қояды.
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда конкурстық
құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына бірыңғай ұйымдастырушының бірінші
басшысы қол қояды.
Осы Қағидалардың 22, 24 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларда, конкурстық
құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына ұйымдастырушының бірінші басшысы не
оның міндеттерін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының
өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қояды.
Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
95. Ұйымдастырушы, қажет болған кезде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала
талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, әлеуетті өнім берушілердің
сұрау салуларына немесе ескертпелеріне жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер
және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе)
толықтырулар енгізуді осы Қағидалардың 83-тармағында белгіленген тәртіппен тапсырыс
беруші бекітеді.
96. Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық
ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтыруларды қоспағанда
бірыңғай ұйымдастырушы, қажет болған кезде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала
талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, веб-порталға қатысушы
әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына не ескертулеріне жауап ретінде конкурстық
құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық
құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың
жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді қоспағанда, конкурстық
құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді осы Қағидалардың 84-
тармағында белгіленген тәртіппен бірыңғай ұйымдастырушы бекітеді.
Тапсырыс беруші қажет болған кезде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала
талқылау мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурстық
құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың
жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бекітілген шешімді бірыңғай
ұйымдастырушыға жібереді.
97. Бірыңғай ұйымдастырушы тапсырыс беруші бекіткен конкурстық құжаттаманың
ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың жобасына
өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім негізінде конкурстық
құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күннен
кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық
ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
98. Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім
қабылданған жағдайда, осы Қағидалардың 92-тармағы 2) тармақшасына сәйкес конкурстық
құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында оларды қабылдамау себептерінің
егжей-тегжей негіздемелері көрсетіледі.
99. Әлеуетті өнім берушілерден веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманың
ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар келіп түскен жағдайда, осы Қағидалардың 92-
тармағы 3) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсіндірме беру
мәтіні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
100. Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде
конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және
шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беруді тапсырыс беруші жүзеге асырады.
Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің
және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беру мәтіні конкурстық құжаттаманың жобасын
алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
7-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманы немесе
конкурстық құжаттаманың жобасын ұсыну
101. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап барлық ниет
білдірушілерге конкурстық құжаттаманы немесе конкурстық құжаттаманың жобасын веб-
порталда тегін алу мүмкіндігі беріледі.
РҚАО-ның ескертпесі!
102-тармақты алып тастау көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
102. Веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманы немесе
конкурстық құжаттаманың жобасын беру веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
103. Веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарлау сәтіне дейін конкурстық
құжаттаманы не конкурстық құжаттаманың жобасын беруге жол берілмейді.
8-параграф. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінің
мазмұны және оларды беру
104. Конкурсқа қатысуға өтінім электрондық құжат нысанында веб-портал арқылы
конкурстық құжаттамада көрсетілген оны берудің соңғы мерзімі өткенге дейін беріледі және
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға және шарттарға
келісім беру, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары мен Заңның 6-
бабында белгіленген шектеулерге сәйкестігін растайтын, өзі туралы мәліметтер алуға
келісу нысаны болып табылады.
105. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің ұйымдастырушыға, бірыңғай
ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттаманың нысанында
тізбеленген құжаттарды қамтуы тиіс, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің:
1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмағандығы туралы;
2) өзінің және тапсырыс берушінің не ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының)
арасында Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
3) Заңның 43-бабының 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда,
шартты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұзуға келісуі туралы
растауды қамтуға тиіс.
106. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім
берушінің тиісті хабарламасын веб-порталмен автоматты түрде жіберу сәтінде қабылданған
болып есептеледі.
107. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім береді.
108. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай:
1) әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға бұрын өтінім берген;
2) конкурсқа қатысуға өтінім веб-порталға осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді
қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;
3) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген
жағдайларда, веб-портал оны автоматты түрде қабылдамауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінімнің
қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кем дегенде
күнтізбелік алпыс күнді құрайды және конкурстық құжаттамада белгіленген талап етілетін
мерзімге сәйкес келуі тиіс.
Ескерту. 108-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
109. Әлеуетті өнім берушілер берген конкурсқа қатысуға өтінімдер веб-порталда
автоматты түрде тіркеледі.
110. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өзі енгізген конкурсқа қатысу
өтінімін қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпастан, конкурсқа қатысуға
өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта өзінің конкурсқа
қатысуға өтінімін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін оны қайтарып
алуға жол берілмейді.
111. Осы Қағидалардың 126-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурсқа
қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін оған өзгерістер және
(немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
112. Әлеуетті өнім берушіге конкурстық құжаттамаға сәйкес талап етілетін
мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік дерекқорға жүгіну арқылы не
электрондық нысанды толтырып, веб-порталды пайдалану арқылы алынған жекелеген құжаттарды
ұсынуға жол беріледі.
9-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
113. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде
енгізіледі.
Конкурста бірнеше лот бойынша қатысу жағдайында әлеуетті өнім беруші конкурсқа
қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әрбір лот бойынша жеке-жеке ұсынуға құқылы.
114. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай
түрлерінің біреуін:
1) ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) банк шотына не мемлекеттік
органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшін Қазақстан
Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;
2) қағаз тасығышта не электрондық құжат нысанында банктік кепілдікті таңдауға
құқылы.
Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге
дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету
құқығы үшінші тұлғаларда туындауына алып келетін әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Осы Қағидалардың 117 және 118-тармақтарында көрсетілген әрекеттерді қоспағанда,
ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті
ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
115. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік
кепілдік түрінде қағаз тасығышта енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға,
бірыңғай ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға өтінім ұсынудың соңғы мерзіміне дейін
конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес беріледі.
Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуды қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде
қағаз тасығышта енгізген кезде ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға
осындай қамтамасыз етуді алған фактіні банктік кепілдіктерді тіркеу журналында есепке
алады.
Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы банктік кепілдіктерді тіркеу журналында
мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) конкурстың атауы мен өткізілетін мерзімі;
2) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар
болғанда);
3) банктік кепілдікті тіркеу күні мен уақыты.
Банктік кепілдіктерді тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және
конкурстық комиссияның хатшысы әрбір бетіне бұрыштама қояды.
Банктік кепілдіктерді тіркеу журналының соңғы беті ұйымдастырушының, бірыңғай
ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
Бір қаржы жылы ішінде конкурс (аукцион) тәсілімен барлық мемлекеттік сатып алу
бойынша банктік кепілдіктерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге жол беріледі.
116. Әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар
мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар, бірыңғай ұйымдастырушы үшін
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін
кепілдендірілген ақшалай жарна түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді
енгізген жағдайда, ол кепілдендірілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының
электрондық көшірмесі түрінде беріледі. Бұл ретте, кепілдендірілген ақшалай жарна
конкурстық құжаттамада көрсетілген банктік шотқа конкурсқа қатысуға өтінім берудің
түпкілікті мерзіміне дейін енгізіледі.
117. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші
шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурс жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасаса отырып,
конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және
(немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде орындамаған,
оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы
енгізбесе конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге
қайтармайды.
118. Осы Қағидалардың 117-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын,
дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп
пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кіріс
есебіне жатқызылады.
119. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап:
1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті
мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алған;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол
қойылған. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға
қолданылмайды;
3) шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген,
шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайларда, үш жұмыс күні ішінде әлеуетті
өнім беруші енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзіне қайтарады.
Параграф 10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу
120. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуды конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың
түпкілікті мерзімі өткеннен кейін веб-портал автоматты түрде бес минут ішінде жүзеге
асырады.
121. Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім конкурсқа (лотқа) берілген
болса, онда мұндай өтінім де осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.
122. Осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысу өтінімдерді ашу
хаттамасын оны ашу жүргізілген кезден бастап веб-портал автоматты түрде орналастырады.
Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінім берген конкурстық комиссия мүшелеріне, әлеуетті өнім
берушілерге веб-портал хабарламаларды автоматты түрде жібереді.
123. Конкурстық баға ұсыныстарын қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген
әлеуетті өнім берушілерге ашу хаттамасы орналастырылған кезден бастап басқа да әлеуетті
өнім берушілердің осы конкурсқа қатысуға берген өтінімдерін көруге қол жеткізу
қамтамасыз етіледі.
Параграф 11. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау
124. Конкурстық комиссия, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама
талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында, веб-портал арқылы
конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды.
125. Конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жағдайларды
қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен
кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы, олар құрылған (тартылған) жағдайда, сараптау
комиссиясына не сарапшыға әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерін олардың конкурстық құжаттама
талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында ұсынады.
126. Конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың
талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай
әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы веб-порталда
орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді
біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын
береді.
Заңның 6-бабын бұзған әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдерді
біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы
берілмейді.
127. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама
талаптарына сәйкестігі нысанасына конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері
бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделеді, оған конкурстық
комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы
конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
128. Заңның 27-бабы 3-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру
хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін
әлеуетті өнім берушілердің қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде
олардың біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін
мәліметтері және растайтын құжаттары көрсетілген тізбесі, сонымен қатар конкурсқа
қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат;
2) әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы ұсынылатын біліктілік талаптарына және
конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге жататын қажетті құжаттардың тізбесін.
Ескерту. 128-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
129. Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама
талаптарына сәйкес болған жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы
рәсімделмейді.
130. Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала
рұқсат беру туралы шешімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап он жұмыс
күн ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім
берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта бойынша автоматты түрде
хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес веб-порталда орналастырады.
131. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда
конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
132. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық
комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір келтіруге құқығы бар, ол конкурсқа
қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі және құжаттың электрондық
көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.
Конкурстық комиссияның тиісті конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы
хаттамада конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда
конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты
веб-порталда орналастырады.
133. Осы Қағидалардың 126-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін, конкурстық
комиссияның хатшысы веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама
талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау рәсіміне
бастамашылық жасайды.
134. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау кезінде конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманың тізбесінде көзделген
әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін конкурсқа қатысуға
алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша олардың
біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірудің толықтығы
мәніне қайта қарайды;
2) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген
құжаттардың толық тізбесін бермеген және біліктілік талаптарына және конкурстық
құжаттама талаптарына сәйкестендірмеген әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
3) Заңның 27-бабы 5-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті
өнім берушілерден біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес
келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарастыруды, бағалауды және
салыстыруды оңайлату үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді
жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы;
4) Заңның 27-бабы 5-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына және конкурстық
құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысу өтінімдерінде қамтылған
мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды
тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында
сұратуға құқылы.
Ескерту. 134-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
135. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді осы Қағидалардың 126-тармағында белгіленген
мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімде жетіспейтін құжаттармен толықтыруға,
конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген
құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салу жіберуіне және
өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейді.
136. Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы
бөлігінде, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық
комиссия банкроттық не тарату рәсімдерін өткізуге бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті
органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
137. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қараған кезде, әлеуетті өнім
берушілерді, конкурстық комиссияның алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген
негіздер бойынша қабылдамауға жол берілмейді.
138. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен
конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер:
1) ол және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) біліктілік
талаптарына және Заңда және осы Қағидаларда айқындалған негіздер бойынша конкурстық
құжаттаманың шарттарына сәйкес емес деп айқындалса;
2) ол Заңның 6-бабында көзделген талаптарды бұзған болса конкурсқа қатысуға
(конкурсқа қатысушы деп танылмайды) жіберілмейді.
139. Егер әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 138-тармағының 2) тармақшасында
көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда конкурс тәсілімен
мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамада конкурсқа қатысуға өтінімді
қабылдамау үшін негіз болған, растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, мұндай
әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамаудың негіздемелері
көрсетіледі.
140. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау нәтижелері
бойынша:
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін
әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды;
2) конкурстық баға ұсынысына осы Заңның 21-бабының 4-тармағында көзделген
өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерін қолданады;
3) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес
келтірілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қайта ұсыну
мерзімінен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес конкурс
тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді.
141. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысының хаттамасына
электрондық көшірме нысанындағы конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетіні
туралы сарапшының қорытындысы, бар болған жағдайда сараптау комиссиясы мүшесінің ерекше
пікірі тіркеледі.
142. Заңның 28-бабы 2-тармағына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу
қорытындысы туралы хаттама мынадай ақпаратты қамтиды:
1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың
талаптарына сәйкес келтіру туралы;
2) осы Қағидалардың 134-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес конкурстық
комиссияның сұрау салулары туралы;
3) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің
өтінімдерін қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталып, оның ішінде біліктілік
талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын
мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, олар туралы ақпарат;
4) конкурстық комиссияның конкурстық құжаттамада көзделген конкурстық баға
ұсынымына әсер ететін өлшемшарттарды қолдануы туралы:
5) ең төмен шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындау туралы мәліметтер
қамтылуға тиіс.
Ескерту. 142-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
143. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамаға веб-
порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және оны конкурстық
комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді
автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың
қорытындысы туралы шешім қабылданған күні веб-порталда жариялайды.
144. Конкурстық комиссия мынадай:
1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз
етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
2) конкурстық комиссияға:
конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін берген тұлғаны;
оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз
ету енгізілетін конкурстың нөмірін және атауын;
банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің
қолданылу мерзімін және (немесе) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасын,
оны беру шартын;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету оның пайдасына енгізілетін тұлғаны
анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа
қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
3) конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың кемінде бір пайызы мөлшерінде конкурстық
өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді
қамтамасыз етуді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Ескерту. 144-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
145. Тиынмен есептелген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомаларын
тиындардың сомаларына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
146. Әлеуетті өнім беруші қатысатын конкурста конкурс лоттарының жалпы сомаларына
өтінімді қамтамасыз етуді енгізуге жол беріледі.
147. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында
енгізілген конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға
өтінімді қамтамасыз етуді тану себебін көрсетеді.
Әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімдерде веб-порталдың арқылы конкурстық
құжаттама талаптарына сәйкестікке келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз
етуді ұсынады.
148. Өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген немесе оны конкурсқа бөлінген
сомаларының нөл бүтін оннан тоғыз пайыз (0,9 %) мөлшерінде енгізген әлеуетті өнім
берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдерін конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес
келтіруге рұқсат етілмейді.
149. Осы Қағидалардың 148-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда конкурсқа
(лотқа) бөлінген сомадан кем дегенде бір пайыз мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді
қамтамасыз етуді енгізген кезде, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді
қамтамасыз ету сомаларын конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында
осы Қағидалардың 114-тармағында көзделген түрлердің бірінде конкурсқа қатысуға өтінімді
қосымша қамтамасыз етуді енгізуге құқылы.
150. Әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы болып танылған) конкурсқа
жіберілмейді егер:
РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы келесі
негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес
алынған (жолданған), мемлекеттік органдардың ақпараттар жүйесінде расталатын
мәліметтердің электрондық көшірмелерін не электрондық түрдегі рұқсаттарды
(хабарламаларды) ұсынбауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттар жүйесінде мәліметтер
болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және
хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) тиісті рұқсаттардың
(хабарламалардың) нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге,
жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын
патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық
көшірмелерін ұсынбауы;
конкурстық құжаттаманың 9-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет
көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар, Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 ақпанда № 6793 тіркелген «Екінші
деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік
қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес
банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша
әлеуетті өнім берушінің анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған
мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы конкурс жарияланған күні немесе одан кейін
берілген анықтаманың электрондық көшірмесін ұсынбауы (егер әлеуетті өнім беруші екінші
деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып
табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында
осындай анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуетті өнім
берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;
конкурс жарияланған күннен кейін алынған, салық төлеушінің салық берешегінің,
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік
аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынбауы;
тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде (төлем мерзімі Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге
мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екендігі
туралы ақпараттың болуы;
конкурстық құжаттаманың 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы
мәліметтерді ұсынбауы;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша
міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарын иелену
бөлігінде сәйкес келмеуі. Бұл ретте, тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді
орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас
бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі. Әлеуетті өнім беруші сатып
алынатын құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін болуы қажет негізгі жабдықтардың
(тетіктердің, машиналардың) және еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесін
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткізілген жобалау-сметалық
құжаттамаға сәйкес жобалаушы әзірлейді және келіседі.
біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісі анықталса;
банкроттық не тарату рәсіміне жатса;
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі келесі негіздемелер бойынша конкурстық
құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жағдайларды
қоспағанда, техникалық ерекшелікті ұсынбау;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін
техникалық ерекшелікті ұсынуы;
конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық
құжаттаманың 10-қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп
орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін орындау жөніндегі қосалқы
мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді
бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан
жағдайда);
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің
қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының)
үштен екіден астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беру;
конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа
қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеу;
конкурстық құжаттаманың талабы бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
3) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген
шектеулер болса. Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында
көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, әлеуетті өнім
берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауына жатады.
Заңның 6-бабы 1-тармағының 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып
алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, конкурстық комиссия тиісті уәкілетті
органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.
Ескерту. 150-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
151. Сараптау комиссиясы не сарапшы конкурстық комиссияның төрағасы белгілеген
мерзімде, бірақ конкурсқа қатысу өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:
1) өз құзыретінің шегінде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың,
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін
растау үшін олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуі тұрғысынан қарайды
және зерделейді;
2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық
ерекшелікке сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді,
оған қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысына ұсынады.
Сараптамалық қорытындыда әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың,
көрсетілетін қызметтердің (олар болған жағдайда) функционалдық мүмкіндіктері, техникалық
параметрлері, сапалық сипаттамалары мен пайдалану шарттары конкурстық құжаттаманың
техникалық ерекшелігінде көрсетілген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің
сипаттамаларына қарағанда асып түсетіні туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
152. Сараптамалық қорытындыға сарапшы ерекше пікірін білдіретін жағдайларды
қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.
Сараптамалық қорытындыны алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы
сараптамалық қорытындыны веб-порталда орналастырады және веб-портал арқылы
хабарламаларды конкурстық комиссияның барлық мүшелеріне таратады. Конкурстық комиссия
конкурсқа қатысуға өтінімдерді сараптамалық қорытындыны ескере отырып қарайды.
153. Конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық
комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы
қалыптастыру кезінде, Заңның 21-бабының 4-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім
берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қолданылатын, конкурстық құжаттамада көзделген
өлшемдерге сәйкес шартты жеңілдіктерді анықтайды.
Әлеуетті өнім беруші осы өлшемдерді растайтын құжаттарды бермеген жағдайда
конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды.
Шартты жеңілдіктерді қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған талаптар шартқа
енгізіледі.
РҚАО-ның ескертпесі!
154-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
154. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар,
көрсетілетін қызметтер нарығындағы болған жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін нөл бүтін
оннан бес (0,5 %) пайыз, бірақ бес пайыздан аспайтын шартты жеңілдік береді. Жұмыс
тәжірибесі бір жылдан кем болған немесе ол болмаған жағдайда мұндай пайыз белгіленбейді.
Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес
пайыздан аспайды.
Жұмыс тәжірибесінің болғаны үшін шартты бағаға пайыздық әсерді есептеу конкурстық
құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 154-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
155-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016
№ 521
(01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
155. Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім
берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын
жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша (1 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан
асырмай шартты жеңілдік береді. Сатып алынатын жұмыстар нарығында жұмыс тәжірибесі
болған кезде, оның ішінде жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір жылдан кем
болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгіленбейді.
Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде
біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды
(құрылыспен байланысты емес бір жұмыстан асатын) орындаған жағдайда, конкурстық комиссия
келесі әрбір құрылыс объектісі (құрылыспен байланысты емес келесі жұмыс үшін) үшін нөл
бүтін оннан бір (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық
әсері он пайыздан аспайды.
Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді есептеу конкурстық
құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 155-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
156. Егер әлеуетті өнім берушіде ұсынылатын тауарлардың Қазақстан Республикасының
ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарына ерікті түрде сәйкестігін растайтын,
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес берілген құжат
болған кезде, конкурстық комиссия екі пайыз (2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
157. Егер әлеуетті өнім берушіде сапа менеджменті жүйесінің ұлттық стандартқа
сәйкестігін растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған тауарларды
өндірушіге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындаушыға берілген құжат болған
кезде, конкурстық комиссия екі пайыз (2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
158. Егер әлеуетті өнім берушіде қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесінің
ұлттық стандартқа сәйкестігін растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
ұсынылған тауарларды өндірушіге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындаушыға
берілген құжат болған кезде, конкурстық комиссия бір пайыз (1 %) мөлшерінде шартты
жеңілдік береді.
159. Егер әлеуетті өнім берушіде ұсынылған тауарлардың экологиялық таза өнім
стандарттарына сәйкестігін растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
өндірушіге берілген құжат болған кезде, конкурстық комиссия бір пайыз (1 %) мөлшерінде
шартты жеңілдік береді.
160. Егер тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) неғұрлым жақсы функционалдық,
техникалық, пайдалану және сапалық сипаттамалар, технологиялық шешімдер және (немесе)
жұмыстарды неғұрлым жақсы материалдардан жасау ұсынылса, әлеуетті өнім берушінің
тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшелігінің конкурстық
құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес болмауына жол беріледі.
161. Конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы
мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды
беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана, оның ішінде
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлері бойынша жұмыс
тәжірибесін қарайды.
162. Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық
және пайдалану сипаттамалары өлшемшарттары және (немесе) сатып алынатын тауарларды
пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар сараптау
комиссиясының не сарапшының (ол болған жағдайда) қорытындысына сәйкес қолданылады. Осы
өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он
пайыздан аспауға тиіс.
163. Егер әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімінде ұсынылған
техникалық ерекшеліктегі тауарлардың функционалдық сипаттамасы конкурстық құжаттаманың
техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың шекті мүмкіндігінен асқан жағдайда,
конкурстық комиссия әр мүмкіндігі үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз белгілейді. Осы
өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері үш
пайыздан (3%) аспайды.
Ескерту. 163-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016
№ 93
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
164. Егер әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінің техникалық
ерекшеліктерінде ұсынылған тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық
сипаттамалары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшеліктерінде белгіленген
тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің параметрлерінен асып түскен (жақсартқан)
жағдайда, конкурстық комиссия әрбір артық параметр үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %)
пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік белгілейді. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға
өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері үш пайыздан аспауға тиіс (3 %).
165. Егер әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінің техникалық
ерекшеліктерінде ұсынылған тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамалары
конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың, көрсетілетін
қызметтердің талаптарынан және мақсаттарынан асқан (жақсартқан) жағдайда, конкурстық
комиссия осы сипаттама үшін бес (5 %) пайыз белгілейді.
166. Егер әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінің техникалық
ерекшеліктерінде белгіленген тауарлардың пайдалану сипаттамалары (пайдалану мерзімі,
тасымалдау, сақтау шарттары, пайдалану шығындары, техникалық қызмет көрсету және жөндеу)
конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген шарттарынан асқан
(жақсартқан) жағдайда, конкурстық комиссия әрбір асқан шарттар үшін нөл бүтін оннан бес
(0,5 %) пайыз белгілейді. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына
жиынтық пайыздық әсері үш пайыздан аспауға тиіс (3 %).
167. Сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысы болмаған жағдайда конкурстық
комиссия осы Қағидалардың 166-тармағында көзделген өлшемшарттарды қолданбайды.
168. Егер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімнің мәнін
қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателіктер болса, ол
конкурстық құжаттама талаптарына сай деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |