- екпінді дұрыс қоймаулары, мәтінді орфография бойынша
оқулары;
Аталған кемшіліктер фундаменталды түрде балабақша мен
мектепте қалыптасады. мәтінді оқуды орфоэпиялық нормаға сай
оқыту (дауысты, дауыссыз дыбыстардың орфоэпиялық оқылы-
мын меңгерту), мәтінді абзацтарға бөліп, әр абзацты бір сөйлем-
мен мазмұндауды игерту, мәтін бойынша көзқарасты білдіруге
икемдеу т.б.
Мәтінді оқуға бағыттайтын жалпылама әдістемеден кету керек.
Негізі, жалпылама сөйлеу, жалпылама оқыту ешқандай нәтиже
бермейді. Бүгінгі күні орыс тілді жоғары білімді ересек адамдар-
дан қазақ тілінде орфоэпиялық норма бойынша оқу жоқ дегенді
естігенде қынжыласың. Олардың айтып тұрғандары дұрыс, өйт-
кені қазақ тілінде оқытуды үйрететін мұғалімдер оқулықта қалай
жазылса (орфографиялық норма бойынша), солай оқытады. Бұл
дегеніміз – оқытуды жүзеге асыратын мұғалімдерге ешқандай
60
талап қойылмайды. Бір мақала төңірегінде оқыту стандарттарын
саралауға мүмкіндіктің жоқтығынан, мұғалімдерге осы мәселеге
жан-жақты назар аудару қажеттегін айтқымыз келеді.
Оқытудың тағы бір маңызды мәселесі – сөйлеу. Сөйлеу оқумен
тығыз байланысты.
Академик М.С. Серғалиев ауызша сөйлеу тіліндегі дауыс мә-
не ріне баса назар аударумен бірге дұрыс сөйлеу ережелеріне тоқ-
та лады. Бұл жөнінде ғалым: «Орфография мен орфоэпияның
заң дылықтарын сақтау сауатты жазу және дұрыс сөйлеу мәдениет-
тілігінің көрінісі болып табылады», – дей келіп, көпшілік алдын-
да сөз нормалары мен тұрмыстық қатынастағы сөйлеу тіліне тән
дыбыстау нормаларын араластырмай, қалыпты межеден жөнсіз
ауытқып кетпей, сауатты сөйлей білу тілдік қарым-қатынас үшін
аса маңызды екенін ескертеді. Сондықтан дұрыс сөйлеу ге бағыт-
бағдар көрсететін, қазіргі қоғамымыз үшін аса қажет құралдың
бірі орфоэпиялық сөздік құрастыру қажеттігі туралы және оның
құрастырылу жолы жөнінде: «Радио мен теледикторларға, ком-
ментаторларға, жалпы эфир арқылы сөйлеушілерге арналған ор-
фоэпиялық сөздік жасаудың кезі келді. Ондай сөздікті бір неме-
се екі автордың құрастыруы тіптен жеткіліксіз, өйткені мұндай
сөздік қазақ сөздерін түгел қамтымаса да, басым көпшілігін жи-
науға тиіс; оның үстіне жаңадан пайда болып жатқан сөздердің
енгізілуі жөн; мыңдаған жер-су атаулары, ел, мемлекет аттары
сөздіктен сырт қалмағаны жөн», – дейді [1, 5 б.].
- Мемлекеттік қызметшінің ресми дикциясы, көпшілік алдын-
да сөйлейтін сөзді дұрыс айту нормаларын меңгеруі, дискурс мә-
дениеті және дағдысы.
Анық, түсінікті айтылған дискурс және дұрыс қойылған да-
уыс тыңдаушы жаққа көрсетілген құрмет, басқа адамдарды өзіне
тарту. Ол үшін тілдің фонетикалық және фонологиялық сипатын
меңгеріп, сөйлеу кезінде денені бос ұстап, қысылмай, еркін тұр-
са, дұрыс демалса, сонда дыбыстар дұрыс жасалып, жақсы айты-
лады және естіледі.
Ең бастысы, мемлекеттік қызметшілер өз ісін, атқаратын қыз-
61
метін жақсы білсе және өзі қызмет ететін саланың ерекшелігіне
қарай өзіне де сондай талаптарды қоя білсе болғаны, өйткені мем-
лекеттік қызметшілер – ақпараттық-анықтамалық құжаттарды
орындаушылар ғана емес, сонымен қатар мәдениеттілікті жеткі-
зетін тұлғалар болуы тиіс.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алғаннан бері ауызша
дискурстар өзінің қызметін өрістете түсуге мүмкіндік алып, соның
нәтижесінде қазақ тілі тұрмыс аясында ғана емес, басқару орын-
дарында, ғылыми мекемелер мен білім беру, оқу-тәрбие жүйе-
сінде кеңінен қызмет ете бастағанмен, қазіргі кезде электронды
бұқаралық ақпарат құралдарының қазақ тілінде берілетін хабар-
ларында ауызша дискурстың айтылым мәдениеті аса жоғары дең-
гейде деуге болмайды, дискурсты дұрыс ырғақпен, үйлесіммен,
үндесіммен дыбыстай алмайтын жайттар жиі кездесіп отырады.
Біздің ойымызша, ауызша дискурс нормасының бұзылуы тілдің
фонетикалық және фонологиялық сипатын ескермеуден туындап
жатады. Фонетика үшін сөздің жазылуы емес, сөздің дыбыста-
луы, айтылуы, естілуі маңызды екені даусыз.
• мемлекеттік қызметшілердің қазақ тіліндегі дауысты, дауыс-
сыз дыбыстардың үндестік заңдары, сингармонизм заңдылықта-
ры деп аталатын табиғи гармонияны (үйлесімін) сақтамай бұзып
айтулары;
• сөйлеу үстінде болатын логикалық паузалар, яғни ой екпіні
түскен сөздерді сәл кідіріп, бөліп айтуды немесе сөздердің мағы-
налық топтарына қарай қажет жерінде оларды айрықша бө ліп, я
бол маса ұластыра қосып айту сәттерін біле бермеу;
• «қос қанаттың сыңары» деп келген орыс тілінің әсеріне бай-
ланысты кейбір қазақ тілі дауыстыларын сәл өзгертіп (орыс тілін-
дегіше) айту фактісі;
• әрбір сөйлемнің мағыналық интонациясын тап баса алмаған-
дықтан, оның ішіндегі сөздерді дұрыс айта алмаушылық;
• қазақ сөздеріндегі жіңішке дауысты дыбыстарды жуандатып
(айтеуыр, саулем, саулемсың) немесе, керісінше, жуан сөздерді
жіңішкертіп айтулары (мені сүйген бір әдәм бар) т.т. [2, 16 б.].
62
Жоғарыда көрсетілген проблемалар бойынша келесідей әдіс-
темелік ұсыныстар беріледі:
• мемлекеттік қызметшілер көбінесе орфографиялық нормалар
бойынша сөз сөйлейді. Осыдан барып ауызша айтылған мәтінде
жазбаша заңдылықтар білініп тұрады. Бұдан кейбір адамдардың
орфоэпиялық ережелерді қаншама жақсы біліп тұрса да, оның
көз жадында сөздердің жазылған түрі мықты сақталып, сол қал-
пында айтуға бейімделу болатыны байқалады. Оның үстіне әрбір
сөйлеу ші аузынан шығатын сөзін тыңдаушыға неғұрлым анық,
айқын, түсінікті етіп жеткізуге тырысады. Мұндайда әдеттегі
ауызша сөйлеуге тән интуитивті автоматизмге, яғни сөздің дыбыс-
талуының дұрыс-бұрысын ойламастан, сөйлеу дағдысы бойынша
өзінен-өзі дұрыс шығуына (айтылуына) емес, керісінше, осылай
айтсам, сөзім тыңдаушыға анығырақ, түсініктірек жетеді-ау деген
ойға жол беріледі [3, 17 б.].
• дауыстап оқи білу өз кезегінде кәсіби даярлықты қажет етеді.
Өйткені «Дауыстап оқу – таза байланыс жасау, жазбадағы әре-
кетсіз, әсері аз ойлардың жандануы. Егер дауыстап оқуға ұқыпты
дайындалмаса, әдетте, оқып беруші берілген ойды немесе оның
тілдік көрнекілігін толық игере алмауы мүмкін» .
• дискурстың орфоэпиялық нормалары төменде берілген ере-
желер қатарынан тұрады:
Әртүрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір морфема-
ның бір дыбысының көрші дыбыстың әсерінен басқа дыбысқа
өзгеруі дыбыс алмасуы деп аталады.Тілдің ауызша формасын-
да дыбыстар үндестік заңына сәйкес үнемі үйлесіп, жымдасып
қолданылады. Егер дискурсты көпшілік алдында жеткізуде осы
үндестік сақталмай, бұзылатын болса, мұның өзі сөздің айтылуы
мен жазылуының арасын айыра алмауды көрсетеді. Өйткені жазу
сөздің айтылуын дәл бере алмайды. Дауысты дыбыстардың бір
сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп ке-
луі ерін үндестігі деп аталады. Ерін үндестігі қазақ тілінің бірегей
белгісі болып табылады. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буы-
нында еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер
айтылуға тиіс.
63
Зерттеу жұмыстарында сөздің бірыңғай жуан немесе жіңішке,
бірыңғай езулік немесе еріндік болып айтылуының фонология-
лық мәні бар деп көрсетіледі. Сондықтан буын үндестігі қазақ
тілінің негізгі орфоэпиялық нормаларының бірі болып табылады.
Қазақ тілінің сөздік қорындағы төл сөздер үндестік заңына
бағынады. Мәселен, сөз түбірі жуан / жіңішке болса, оған жалға-
натын қосымша да жуан /жіңішке болып келеді. Бірақ қазақ
тілінің сөздік құрамындағы сөздердің барлығы қазақ тілінің заң-
дылығына бағынады деп айтуға болмайды. Мысалы, кірме сөздер
ерін үндестігі заңдылықтарын сақтамайды.
Сонымен қатар дауыссыздардың бір-бірімен үйлестілігінің (ас-
симиляция) орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар. Морфема-
лардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустикалық-арти-
куляциялық жақтан бір-біріне ұқсауы, бейімделуі ассимиляция деп
аталады. Дауыссыздардың бір-біріне ықпалы прогрессивті, регрес-
сивті және тоғыспалы түрде қарастырылады. Мысалы, Сараптама
жасаған мемлекеттік қызметші Астана қаласының биылғы қысқа
дайындығы жайлы хабарлады. Қала басшылары жылу маусымына
қажетті сұйық отынды мемлекеттік сатып алу бойынша толық әзір-
леген. Қазір 5 000 тонна мазут қоймада сақтаулы. Жақын күндері
тағы да 20 000 тонна сұйық отын жеткізіледі.
«Орфоэпия ұлттық тілдің қалыптасуы мен дамуына тікелей бай-
ланысты. Мемлекеттік қызметте шаршысөз (публичная речь) түр-
лерінің (театр, кино, радио-теледидар хабарлары т.б.) пайда болып,
олардың әлеуметтік мәнінің артуы орфоэпиялық нормалардың ор-
нығып, ұлттық сипатқа ие болуын жеделдете түсті. Алайда қатаң
дыбыстарды «сындырып», «ұяңдатып» айту нормасы соңғы жыл-
дары, әсіресе, мемлекеттік қызметте әріп қуалай, сөз қалай жазыл-
са, солай оқу дағдысымен байланысты бұзылып, «қатқылдата» ды-
быстау жиі ұшырай бастады. Бұл жай орфоэпия тұрғысынан қазақ
сөзінің әуезділігіне нұқсан келтіретін жағымсыз құбылыс, норма-
дан жөнсіз ауытқу болып табылады» [3, 48 б.].
Дискурс құрамында әртүрлі дыбыстық өзгерістер дыбыстық
құбылыстар деп аталады. Олардың бәрі де айтуды жеңілдетуден
64
тұрады. Мәселен, тіліміздегі кірме сөздің айтылуын жеңілдету
үшін, сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуын білдіретін
Достарыңызбен бөлісу: |