Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация


Қазақ тіліндегі жай сөйлем құрылымын меңгерту



Pdf көрінісі
бет18/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
Қазақ тіліндегі жай сөйлем құрылымын меңгерту
Сөйлем құрамындағы компоненттердің бөлшектерге бөлінуі 
және аффикстерінің жалғану жүйесінің бірқалыптылығы біздің 
жұмысымызда ең қарапайым атаулы сөйлемнен сөйлемнің тұр-
лаулы, тұрлаусыз мүшелері түгелдей қатысқан жайылма жай сөй-
лемнің терең құрылымы мен өзгермелі компоненттері түгелдей 
дерлік қатысқан құрылымның моделін, яғни виртуалды интег-
ралды стеммасын жасап шығуға септігін тигізді. Бұл құрылым 
Н. Хомскийдің туындаушы грамматика теориясы, Л. Теньердің 
құрылымдық синтаксисі және осы аталған ғылыми теориялар не-
гізінде профессор Ж. Нұршайықова жасаған орыс тілінің алго-
ритмделген синтаксис теориясы негізінде жасалды.
Қазақ тіліндегі жай сөйлемдердің виртуалды интегралды стем-
масы негізінде грамматикалық білімді арнайы алгоритммен беру 
арқылы қазақ тілін меңгеруді ұсынамыз. Ол үшін ең алдымен қазақ 
тіліндегі жай сөйлем құрылымының қаңқасын жасап алу керек. 
А
А
N
O
Аdv.
V
Мұндағы 
N – сөйлемнің субъектісі; 
V – сөйлемнің предикаты, екеуін байланыстырып тұрған екі 
жақты бағыты бар сызық олардың бір-бірімен жақпен қиыса бай-
ланысатынын көрсетеді; 
A – сөйлемде субъектіні және объектіні 
анықтап тұратын, олармен матаса (екі жақты бағыты бар үзік сы-
зық) және қабыса (тек үзік сызық) байланысқан анықтауыш мүше; 


51
О – сөйлемнің объектісі, ол предикатпен меңгеріле (бір бағытты 
сызық) байланысады; 
Adv. – сөйлемде предикат мүшені пысықтап 
тұратын мүше, ол өзі пысықтайтын мүшемен қабыса байланысады. 
Осы жасалған қаңқаны сөйлемнің терең құрылымы деп аламыз. 
Терең құрылымға сөйлемнің өзгермелі компоненттерін енгізсек, 
сөйлемнің үстірт құрылымын аламыз. Сөйлемнің өзгермелі ком-
поненттері арқылы тіл үйренуші сөйлемді мағыналық жағынан 
түрлендіріп, өз ойын жеткізе алатын болады. Төмендегі кестеде А
1
– сөйлемде объекті мен субъектіні анықтап тұратын, сын есімнен, 
есептік, реттік сан есімнен, сілтеу есімдігінен болған анықта-
уыштар; А2 (О2) – сөйлемнің субъектісі мен объектісін анықтап 
тұратын, ілік септікті анықтауыштар; О
34567
– сөйлемнің объек-
тілері: О3 – барыс, О4 – табыс, О5 – жатыс, О6 – шығыс, О7 – көмек-
тес септіктер; сөйлемде пысықтауыш қызмет атқаратын кейбір 
септік мағыналарын тіл үйренуді жеңілдету мақсатында алғашқы 
кезеңде осылай шартты түрде алып отырмыз; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет