Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



Pdf көрінісі
бет21/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
Тірек сөздер: сапалы оқыту, әдістеме, тілдік құзыреттілік
Аннотация
В статье рассматриваются современные методики качествен-
ного обучения государственному языку. Автор предлагает новые 
подходы обучения, методические рекомендации по совершенст-
вованию языковой компетенции государственного служащего.
Ключевые слова: качественное обучение, методика, языковая 
компетенция 
Abstract
The paper reviews modern methods of quality teaching of the official 
language. The author proposes new ways of teaching, guidelines to 
improve the linguistic competence of the civil servant.
Keywords: quality teaching, techniques, language competence
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың кәсіби 
мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі «100 нақты қадам» 
Ұлт жоспары, ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 


56
Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында Тілдерді да-
мыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы», бес институционалдық реформа мемлекеттік қыз-
метшілердің тілдік құзыреттіліктерін арттыруды қажет етеді. 
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекет-
тік басқару академиясында (бұдан әрі - Академия) мемлекеттік 
қызметшінің кәсіби қызметінде қазақ тілін қолдануын жетілдіру 
бойынша бірқатар әдістемелік жұмыстар атқарылды. Солардың 
негізгілеріне ересек аудиторияның тілдік құзыреттілігін арттыруға 
арналған ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жатқызуға болады. 
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреттілігін арттыру 
бойынша үйлестіру жұмыстары Мемлекет Басшысының №623 
Жар лығын орындау мақсатында Академияның жанынан құ рыл-
ған Республикалық Ғылыми-әдістемелік кеңесте тұрақты түрде 
қарастырылып тұрады. 2014 жылдың наурызында, 2015 жылдың 
қаңтар-ақпан айларында барлық мемлекеттік органдарға мемле-
кеттік қызметшілердің тілдік құзыреттілігін арттыру мәселелері 
бойынша сұраухат жолданып, мониторинг жүргізілді. 
2015 жылғы 16 маусымда, 2016 жылғы 31 мамырда Академия-
да өткен республикалық ғылыми-әдістемелік кеңестерде мони-
торинг қорытындылары жан-жақты талқыланып, мемлекеттік 
қызметшілердің ауызша-жазбаша сөйлеу құзыреттілігін арттыру, 
соның ішінде, әр түрлі ресми стильді дискурстарға түсуін, моно-
логты ойлауын, аналитикалы-сараптамалық талдаулар жасауын 
игертетін әдіс-тәсілдер, әдістемелер арқылы оқыту қажеттілігі 
айқындалды.
Мақалада мемлекеттік қызметшінің, яғни ересек тыңдаушы-
ның тілдік құзыреттілігін арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер, 
авторлық технологиялар талқыланып, тұжырымдалады. 
Мемлекеттік қызметшінің тілдік құзыреттілігі, атап айтқанда, 
көпшіліктің ауызша ресми стильде сөйлеуі, БАҚ, басқа да ақпа-
раттық құралдарда сұхбат беруі, кез келген тақырып бойынша ой-
ларын логикалық жағынан өрбітуі қоғамның өзекті мәселелерінің 
бірі болып табылады. 


57
Егер тарихқа үңілетін болсақ, адам жер бетінде пайда болған-
нан бастап тіл арқылы жанындағылармен қарым-қатынасқа түс-
кен. Өзінің тұрақты түрде өмір сүретін жерін толық игерген тұлға 
әлеуетін қалыптастыру барысында көршілес мемлекеттерді де 
зерттей бастайды. Аталған үрдіс кеме құрылысы басталғаннан 
кейін жаппай көрініске ие болды. Мәселен, бүгінгі күні барлық 
Оңтүстік Америка португал және француз тілдерінде сөйлеп, инк, 
майя сияқты тұрғылықты халықтың жазбаша, ауызекі әлеуеті мен 
мәдениеті толығымен жоғалған. Ал солтүстік Америка ағылшын, 
Канада француз, Мексика испан тілдерінде сөйлеп, жазады. Осы 
ойды жалғастыра беруге болады. Бізді толғандыратын мәселе: 
неліктен мемлекеттік қызметшілер өз тілдерінде еркін сөйлеп
жазуын аудармасыз мемлекеттік тілде жүргізбейді деген ойлар.
Бұл проблеманың өрбуін өткен ғасырдың 30 жылдарынан зер-
делеуге болады. Қазақ азаматтарын орыстандыру үрдісі ауылдар-
ды колхоздар мен совхоздарға айналдырып, ҚазССР-дің террито-
риясына Кавказ бен Волга жағалауының барлық аймақтарынан 
халықты көшіру барысында, бұрынғы ҚазССР-дің жеріне саяси 
және қылмыстық істері үшін бас бостандығынан айырылғандарға 
арналған Қарлаг, АЛЖИР сияқты ірі лагерлер мен жер аударылған-
дарға арналып салынған мекендердерде өмір сүрген адамдармен 
жергілікті халықтың қарым-қатынасқа түсуінен, көп жағдайларда 
ортақ, түсінікті тілді қолдануларынан бастауын алады.
Аталған ауқымды өзгерістер қазақ тілінде сөйлеу мәдениетінің 
әлсіреуіне әкелген бірден-бір себеп болып, мемлекеттік тілдің 
беделін түсеретін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен 
қатар, тарихи анықтамадан кен орындарына бай Қазақстанның 
территориясында Теміртау, Сатпаев, Лисаковск, Соколов-Сары-
бай сияқты қалалардың пайда болуы, сол мекендерге орыстіл-
ді мамандардың жаппай тартылуы да тіл мәдениетінің беделіне 
елеу лі әсер етті.
Совет Өкіметінің съездері шешімімен Маңғышлақ (АЭС қа-
ласы), Байқоңыр космодромы, бұрынғы Семей облысының тер-
риториясында Курчатов пен Чаган қалалары салынды. Аталған 


58
қалаларда орыс тілді оқу орындары, көптеген зерттеу институт-
тары т.б. жұмыс істей бастады. Көрсетілген фактілер орыс тілі 
мәдениетінің кеңінен қолданылуын, ал мемлекеттік тілдің қолда-
ну өрісінің төмендеуіне әкелді.
Қазақстандағы жаппай орыстандыру мәдениеті тың жерлерді 
игеру жылдарында жалғасын тапты. Коммунистік партияның бас-
тамасымен, Қазақстанның тың жерлерін көтеруге РСФСР, Украи-
на, Белоруссия республикаларынан жүз мыңдап халық көшіріліп, 
жаһандандыру үрдісі орыс тілінің беделін одан әрі көтеріп, қазақ 
тілінің қолданылуын жоққа шығара бастады. Ғылыми, мәдени, 
білім беру жаңалықтары орталықтан, яғни Мәскеуден орыс тілін-
де келетіндіктен, қазақ халқы орыс тіліне жаппай бет бұрылды, 
қазақ мектептері жабылып, қалаларда орыс мектептерінің саны 
көбейді, жоғары оқу орындары орыс тілді мамандарды әзірлей 
бастады т.б. Тәуелсіздік алған жылдан бастап қана сөз мәдениеті 
мемлекеттің тіл ретінде қалыптастырыла бастады.
Патриоттық пен мемлекеттің тілі сияқты ұғымдар бір-бірімен 
тығыз байланысты. Қазақ ұлтының тілді білмеуінің тарихи се-
бептері жоғарыда айтылды. Орталықтан, Мәскеуден басқарылып, 
орыс тілінде ғана іс қағаздары жүргізілген кеңестік жүйенің қазақ 
тіліне тигізген зияны баршамызға белгілі. Алайда лингвистика 
ғылымы қазақ тілін 3 айда толық меңгеруге болатынын дәлелдеді. 
Мемлекеттік қызметшілер ересек аудиторияға жатады, мек-
теп-жоғары оқудың тілдік дайындығынан өткен, көпшілігі «Бо-
лашақ» бағдарламасы бойынша шет мемлекеттерде әр түрлі 
әдіс-тәсілдер арқылы бірнеше тілді игерген жаста. Ал қазақ тілін 
жеткілікті деңгейде білмейтіндіктен, үйреншікті орыс тілінде 
сөйлей береді. 
Осы жерде тілді оқытуды ғылыми тұрғыдан «жетілдіру» мәсе-
лесі туындайды. Педагогика ғылымында бірнеше тілді жетік мең-
герген тыңдаушыға игерілген тілдердің әдіс-тәсілдері арқылы 
басқа тілді үйрету әдістемесі терең зерттелген. Аталған ғылыми 
зерттеулер үйренушінің «қалыптасқан тілдік фундаментіне» жаңа 
тілді қондыру арқылы жүзеге асырылады. 


59
Мемлекеттік қызметшінің орысша, ағылшынша білетін тілдік 
қоржынын қолданбай алып тастауға болмайды, себебі ол қор әр 
түрлі әдіс-тәсілдерді игеру арқылы жинақталды. Сондықтан да 
тыңдаушының бойында жинақталған әдіс-тәсілдер қазақ тілін 
меңгеру барысында қолданылуы тиіс. Осы жерде жазу мен сөй-
леуді жетілдіруде тақырып бойынша ойды жоспар-құрылым 
арқылы реттеудің әдіс-тәсілдерін қолдануды айтып кеткен жөн. 
Тіл мамандары экономист, заңгер, дипломат емес, алайда олар 
аталған салалардың мемлекеттік қызметшілеріне қажетті мәтін, 
баяндама, шолу, сараптамалық талдау жаздырады. Оқытушылар 
тренинг сабақтарында тақырып бойынша ойларын логикалық 
жағынан реттетіп, 15-30 сөйлемдік баяндама жасауға бағыттай-
ды, жазып болғаннан кейін баяндамаларын өздеріне оқытып, ау-
диторияға дұрыс сұрақ қоюды үйретеді, баяндамашыға сұраққа 
нақты жауап беру жолдарын көрсетеді. Осылай сабақтан-сабаққа 
қарай тыңдаушы тілдік білімін жетілдіреді. 
Мемлекеттік қызметшілердің сөйлеу тілі бойынша мынадай 
проблемаларды атап өтуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет