53
3) сөйлемнің N – субъектісі жіктеу есімдігі, тәуелдеулі зат
есімнен, ілік септігі + зат есімнен, V – предикаты зат есім, сын
есімнен болған сөйлемдер:
Мен студентпін. Сіздің әкеңіз дәрігер
ме? Менің ағам жақсы жігіт. т.с.с.;
4) сөйлемнің N – субъектісі жіктеу есімдіктері немесе адам
аттары мен тәуелдеулі туыс атаулары, V – предикаты шығыс
септігіндегі ел, жер, қала атауларын білдіретін жалқы есімдер-
ден болған сөйлемдер:
Мен Жаркенттенмін. Сіздің досыңыз қай
жерден? Ғалым Қарағандыдан.;
5) сөйлемнің N – субъектісі жіктеу есімдіктері немесе адам
аттары мен тәуелдеулі туыс атаулары, V – предикаты бесінші
объек ті жалғауын қабылдаған сан есімдер, есімдік немесе зат
есімдерден болған сөйлемдер меңгеріледі:
Мен жиырмадамын.
Сіз нешедесіз? Менің үлкен ағам ауылда.;
6) келесі қадамда баяндауышы етістіктерден болған жай сөй-
лемдермен жұмыс істелінеді. Етістік негізді сөйлемдер етістік-
тің шақ формаларын меңгеруден басталады да, оның сөйлемнің
Adv. пысықтауыш мүшесімен қабыса байланысу ерекшелігі
түсіндіріліп, моделі беріледі. Етістік негізді жай сөйлемді мең-
геру үдерісіндегі ең маңызды мәселе етістіктің объектілерді
меңгеру алгоритмі болып табылады. Сөйлемнің объектілерінің
берілу тәртібі: О5 – алгоритмі; О4 – алгоритмі; О3 – алгоритмі;
О6 – алгоритмі; О7 – алгоритмі. Әр объектіні ұсыну барысында
оның анықтауыш мүшесімен (объектінің анықтауыш мүшесі мен
субъек тінің анықтауыш мүшесі ұқсас екені ескеріледі) бірге жай
сөйлемнің толық модельдері қоса беріліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: