75
Сөз соңында: үю (ү-йүу) [ü-yüw], кею (ке-йүу) [ke-yüw], кеңею
(ке-ңе-йүу) [ke-ŋe-yüw], үрпию (үр-пү-йүу) [ür-pi-yüw].
Жалған дыбыстардың жазылымы:
Дауыссыз Ш дыбысының жазылымы: ащы (аш-шы) [aş-şɪ],
тұщы (тұш-шы) [tuş-şɪ], кеще (кеш-ше) [keş-şe].
Дауыссыз Х дыбысының жазылымы: хат (қат) [qat], хабар (қа-
бар) [qa-bar], халық (қа-лық) [qa-lɪq], тарих (та-рыйқ) [ta-rɪyq], та-
риқи (та-рый-қый) [tariqɪy].
Жалған Һ дыбысының жазылымы: қаһарман (қа-қар-ман)
[qaqarman], гауһар
(гау-қар) [gawqar], жиһаз (жый-қаз) [jɪy-qaz].
Ендеше латын әліпбиіне қазіргі орфографиямыздың үлгісімен
өтуге болмайды. Онда кирилдегі
тілбұзар ережелерімізді сол
күйінде қайталаған болып шығамыз. Сондықтан алдымен қазақ
мәтініне «әліпби транскрипция» жасап алуымыз керек. Сонан соң
барып, қазақ тілінің төл дыбыстарын латын әліпбиіне көшіреміз.
Осындай реформаның нәтижесінде қазақ тілінің:
-төл дыбыс құрамы кірме
таңбаларсыз таза анықталады;
-төл дыбыс құрылымы (жүйесі)
сақталады;
-морфем
құрамы бұзылмайды;
-буын
тұрқы жаңсақ жіктелмейді;
-тасымал реті сетінемейді.
Латын әліпбиіне өту үстіндегі жазу реформасының басты нәти-
жесі осы болмақ.