28.03.2023 жыл 8:30-14:30 Жоғарғы тыныс жолдарын тазалау және олардың еркін өткізгіштігін сақтау әдістері Практика жетекшімізбен бірге шақыртуларды талқыладық.
Ауыз арқылы ауа өткізу түтігі назофарингеальдымен салыстырғанда тынысалу жолын кең көлемде қамтамасыз етеді.Ауыз арқылы ауа өткізу түтігі тістері қозғалған кезде,ауыз қуысы жарақаттанған кезде,жақтары сынғанда,жедел бронхоспазмда тағайындалмайды !1. Ауыз қуысын механикалық әдіспен тазалаймыз;2. Сафардың үштік әдісін жүргіземіз:;Зақымданушының жауырын астына жастықша қоямыз;3. Басын артқа қарай шалқайтамыз;4. Төменгі жақты алға шығарып аузын ашамыз;5. Аузына ауа өткізгіш түтікше немесе ларингеальды маска қоямыз. Ауа өткізу түтігін енгізгеннен кейінгі асқынулар:1. Бронхоспастикалық реакция;2. Құсу;3. Ларингоспазм;4. Түтіктің дұрыс орналаспауы салдарынан тыныс алу жолдарының обструкциясының күшейе түсуі. Есінен танбаған науқасқа Геймлих тәсілін қолдану. Науқастың артына тұрыңыз,бір аяғыңызды науқастың аяқтарының арасына қойыңыз (егер науқас тәсілді колдану кезінде есінен танса, сіздің аяғыңызбен төмен сырғиды). Қолдарыңызбен науқастың іш деңгейінен ұстаңыз. Оң колдың саусақтарын жұдырыққа түйіп, басқа қолдың саусақтарымен оны қысыңыз да шеміршектен анағұрлым төменірек іштің ортаңғы сызығы бойымен кіндіктен жоғары жерден ұстаңыз да бөгде зат шыққанша алдыдан артқа және жоғары қарай қатты сілкілеңіз (бөгде затты саусақпен алуға талпынып керуге болады), науқас тыныс алып, сөйлей алады.В) Толық адамдарға немесе жүкті әйелдерге Геймлих тәсілін қолдану.Науқастың артына тұрыңыз да кеуде клеткасын қолтық астынан. құшақтаңыз. Оң қолыңызды жұдырыққа түйіп, төстің ортаңғы бөлігіне қойыңыз, оны екінші қолдың саусақтарымен ұстаңыз да бөгде зат шыққанша ішке қарай қысатын қозғалыстар жасаңыз.Осылай бірнеше әдістерін айтып пікір алмастық.Сосын жедел жәрдем көлігіне мініп,келген шақыртуларға бардық.
29.03.2023 жыл 8:30-14:30 Ауа өткізгіштің, демперденің және тыныс алу қапшығының көмегімен «ауыздан ауызға» және «ауызбен мұрынға» әдістерімен жасанды дем алдыру .
Практика жетекшімізбен бірге шақыртуларды талқыладық.
Ауа өткізгіштің ,демпердің және тыныс алу қапшығының көмегімен ауыздан ауызға және ауыздан мұрынғаәдістерімен дем алдыру тақырыбын талқыладық. «ауыздан ауызға» немесе «ауызбен мұрынға» әдісімен жасалады. Науқасты қатты, тегіс тақтайға жатқызыды. Киімін босатамыз. Науқастың сол жағында тұрамыз.Басын бір жағына қарай бұрамыз.Саусаққа дәкені орап алып, науқастың ауыз қуысын тазалаймыз (егер электросорғыш болса, соны да қолдануға болады).Протез тістері болса алып тастаймыз.Сафар үштігін жүргізді: науқастың басын шалқайтып, төменгі жағын алға қарай жылжытып, аузын барынша ашты.Өкпенің жасанды вентиляциясын орындады: - бір қолмен зардап шегушінің маңдайына қойып, басын артқа бүгіп, екінші қолмен мойынның астына және бастың артқы жағына тіреу.Қол саусақтарын маңдайға қойып ауа ағып кетпес үшін мұрынды жапты.Зардап шегушінің аузын аузымен мықтап жауып және оның тыныс алу жолдарына дем шығарды.Жәбірленушіден алыстады және науқас пассивті дем шығарды.Кеуде қалпына келген кезде 2-ші тыныс берді.Тыныс алу циклдерінің аралықтары 1 минутта 8-10-нан аспауы керек.Кеуде қуысының компрессиясы желдету жылдамдығына қатынасы 30:2 болуы керек (ӨЖЖ =1 циклі).Ауыз арқылы дем беру мүмкін болмаған жағдайда, ауызбен мұрынға дем беріледі.Осылай тақырыпты талқылап болғаннан кейін жедел жәрдемге келген шақыртуларға бардық.
Науқас А 1 жас,шағымы:анасының айтуынша 3-4 рет құсуға,5-6 рет ішінің өтуіне,дене қызуының жоғарлауына шағымданады.Тексеріп қарағанда санасы айқын,көз қарашығы қалыпты,пальпацияда іші жұмсақ ,эригастрий аймағы мен іші ауырсынады.Температурасы 38,3С.Болжам диагноз:жіті гастроэнтерит,сусызданумен.Емдеу шаралары:смектит ½ стакан суға араластырып береді;регидрон береді.