25.03.2023 жыл 8:30-14:30 Асқазанды жуу Практика жетекшімізбен бірге шақыртуларды талқыладық. Науқас Каримова Н. 64 жаста. Науқас желкесінің тартып ауыруына, басының айналуына, қан қысымының жоғарылауына шағымданды. Үй жағдайында ж.ж.б келгенге дейін канкор ішкен. Ауруының себебін созылмалы ауруымен байланыстырады. АГ-мен көп жфлдан бері Д есепте тұрады. Санаы айқын, көз қарашығы қалыпты, сіңір рефлексі қалыпты, пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынбайды. АҚ 170/90 мм.с.б. ЭКГ мониторингта ритм ырғақты, синусты. Жіті коранарлы белгілер жоқ. ЭӨС қалыпты, ЖСЖ 90 рет/минутына. Болжам диагноз: Артериялық гипертензия 2 дәреже, орта қауіп тобы. Алғашқы көмек: эналаприл 1,25мг 1мл және натрий хлориді 0,9 % 5 мл в/в салынды. Басының ауруына кетотоп 100мг 2мл б/е.
Асқазан зондтын енгізудің іс-әрекеті:Зондты тіл түбірінің артына тез енгізіп, науқасқа аузын жабуын және жұту әрекеттерін жасауын сұраймыз;Зонд трахеяға түскен кезде (науқас жөтеліп,тұншығып, көгере бастайды) бұл жағдайда зондты тез арада алып тастап және қайтадан енгізуді бастаймыз; Зондтың дұрыс орналасқанын анықтау керек,Жане шприціне 30-40мл ауа толтыра отырып зондқа жалғаймыз. Фонендоскоппен бақылау арқылы ауаны енгіземіз. Тербелген дыбыстар естіледі.Асқазанға сұйықтықты бірінші рет енгізу: Зонд асказанға тускеннен кейін,зондтын жоғарғы бөлігіне шұңғыманы(воронка)кигізіп, іш аймағының қатынасындай арақашықтықта ұстап,шұңғыманы науқастың аузынан жоғары көтере отырып, сұйықтық құю.Біріншілікті енгізудегі сұйықтықтың мөлшері 1л.Егер сұйықтық шұңғыманың басына дейін жетсе,сонғы бөлігін төмен түсіріп, асқазанды шайған суды шелекке ағызу керек. Асқазанды жуу: 1.Іс-шараны көп рет қайталап, жуынды су тазаланғанша жалғастырамыз. Ересек адамдарда асқазанды жууға шамамен 8-10 л су , балаларда жасына 1 л су қажет. Күрделі уланулар болған кезде (мысалы, фосфороорганикалық қосындылармен) 30-60л ге дейін су қажет етеді.; 3. Жуынды судың бірінші және соңғы порциясын лабораторияға зерттеуге жібереміз.
27.03.2023 жыл 8:30-14:30 Қан құрамындағы қантты анықтаудың экспресс әдістері және оларды түсіндіру Практика жетекшімізбен бірге шақыртуларды талқыладық. Науқас Құрбанәлі М. 4 жаста. Науқастың анасының айтуы бойынша баласының дене температурасының шығуына, мазасыздығына, тамаққа тібетінің болмауына, 1 рет құсуға,1 рет іш өтуіне шағымданады. Үй жағдаында ж.ж.б келгенге дейін смекта берген. Ауруының себебін мұздай су ішумен байланыстырады. Созылмалы аурулармен Д есепте тұрмайды. Санасы айқын, көз қарашығы қалыпты, сіңір рефлексі қалыпты, пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынбайды. Тілі таза, бадамша бездері қызармаған, ісінбеген. Болжам диагноз: Жіті тонзиллит, гипертрофия 1 дәреже. Алғашқы көмек: анасы алғашқы көмек көрсетуден және ауруханаға барудан бас тартты. Аймақтық дәрігерге көрінуге кеңес берілді.
Қан құрамындағы қан мөлшерін анықтау. Глюкометр.
Қандағы глюкоза концентрациясын тез анықтауға арналған аппараттар мен сынақ жолақтарының пайда болуымен зертханаға күнделікті бару қажеттілігі жоғалды. Қант диабетімен ауыратын науқастарға инсулин енгізумен қандағы қант мөлшерін анықтау үшін күніне кемінде 2-3 рет, ал декомпенсацияланған курс үшін асқынулар, қатар жүретін патологиялар үшін - 5-6 рет қажет. глюкометрлер 95-тен 99 пайызға дейінгі дәлдікке ие. Бірақ оларды үйде қолданған кезде үлгіні дұрыс алу керек. Ол үшін ұсынылады:
үшінші, төртінші және бесінші саусақтардан кезекпен қанды алыңыз, өйткені скарификатормен бірнеше рет тесу ауырсынумен және тіндердің тығыздалуымен бірге жүреді,
диабетпен ауыратын науқастарда шеткергі қан айналымы әлсірегендіктен, қолды жылы сумен жылытып, аздап уқалап,
ортасында емес, жоғарғы қабырға жамылғысының жағында тесу жақсы, тереңдігі үлкен болмауы керек.
Экспресс әдістердің артықшылығы: Қан глюкозасын өлшеудің жылдам әдістері әсіресе пациент үйден тыс жерде болған жағдайда өте маңызды, сондықтан жедел диагноз инсулин, физикалық белсенділік таблеткаларын немесе тағамдағы көмірсулар мөлшерін анықтау үшін қажет.