01.04.2023 жыл 8:30-14:20 Жарақаттанған аяқ-қолдың иммобилизациясы және танғыш тану Практика жетекшімізбен жарақаттанған аяқ- қолға иммоблизация жасау. Егер науқаста аяқ-қолдың сынуы байқалса, жедел жәрдем көлігінде болатын арнайы шиналарды қолдана отырып иммобилизациялаймыз. Олар пневмошина немесе Крамер шинасы болуы мүмкін. Әрекет алгоритімі:
Науқасты көлденең жатқызап, тынышталдырыныз. Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.Жансыздандыру жасаңыз: 2 мл 50% анальгин, 2 мл 1% димедрол.Жарақат орнын қараңыз. Сынық не шығу бар-жоғынң.Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.Баспалдақты Крамер шинасын алыңыз: бірінші ұзындығы- 120см, ені- 11см; екеуі ұзындығы- 80см, ені- 8см.Шина түбін науқастың сау түпкілігіне қойыңыз, саусақтан өкшеге дейін.Өкше аймағында тік бұрышта бүгіңіз.Дайындалған шинаға аяқты қойыныз:1- шина өкшеден өтіп, сирақ пен жамбастың үшінші бөлігіне дейін.2- шина сирақтың сырт жағынан өтіп, өкшенің сырт шетінен жамбастың ортаңғы үшінші бөлігіне дейін.3-шина сирақтың ішкі бөлігінен өтіп, өкше мен жамбастың орта үшінші бөлігінің сыртқы шетінен.Шинаны түпкілікке бекітіңіз. Сыртынан таңғышпен орап тастаңыз.Шина қойғанда 2 буынды бектіңіз; сынықтан жоғары және төмен буындар. Сирақтың жоғарғы үшінші бөлігінің сынығында, тізе буын зақымдануында шинаның жоғарғы түбі жамбас буынына жетуі керек. 3 шина жоқ болған жағдайда, шеткі беттеріне 2 шина немесе түпкіліктің артқы бөлігіне 1 шина қойылады. Өкше сынығы кезінде шинаны саусақ ұшынан сирақ ортасына дейін қояды.Осылай тақырыпты талқылап болған соң,жедел жәрдем көлігіне мініп келген шақыртуларға бардық. Науқас Базарбай Е,17 жаста ,шағымы:ішінің қатты ауырсынуыәсіресе оң жақ мықын аймағының тұрақты ауырсынуынашағымданады.Ауру 3 сағат бұрын басталған.Қарағанда санасы айқын,көз қарашығы қалыпты,пальпацияда Щеткин Бл,Ровзинг,Көйлек симптомдары оң.Болжам диагноз:аппендицит.
01.04.2023 жыл 14:30-20:20 Қуықты катетерлеу Бүгінгі өндірістік практикада жетекшімізбен қуыққа катетр салуды үйрендік. Науқасты жүргізілетін процедурамен таныстырамыз. Алгоритм:
- Қолды жуамыз. 0,5 % хлоргексидин ерітіндісімен өңдейміз.
- Стерильді лотокқа тұйық ұштары глицеринмен малынған екі стерильді катетер , екі стерильді фурацилин ерітіндісіне малынған мақта шаригі , екі стерильді салфетка , пинцетті саламыз.
- Қолғап киіп науқастың оң жағына тұрамыз. Жыныс мүшесінің басын айналдырамыз.
- Сол қолдың 3-4 саусақтарымен ұстап, 1-2 саусақтарымен жаймен ұшын аштамыз.
- Оң қолмен фурацилин ерітідісіне малынған мақта шаригімен жыныс мүшесінің уретра тесігінен перифериясына қарай сүртіп өңдейміз.
- Уретраның сыртқы тесігіне 1-2 тамшы стерильді глицерин тамызамыз.
- Оң қолға стерильді пинцет аламыз. Стерильді пинцетпен тұйық ұшынан 5-6см қашықтықта ұстаймыз. Ашық ұшын 4-5 саусақтармен ұстаймыз.
- Катетерді жыныс мүшесенің басын 1-2 саусақтарымен фиксациялай отырып пинцетпен 4-5 см енгіземіз.
- Катетерді ұстап тұрып тағы 5см енгіземіз. Бір мезетте жыныс мүшесін сол қолмен созып тұрып, катетердің жеңіл енуін қамтамасыз етеміз.
- Катетер қуыққа түскеннен кейін зәр шығады , катетердің ашық ұшын зәрге арналған ыдысқа қоямыз.
- Жууды аяқтаған соң айналдыру әрекетімен катетерді уретрадан шығарып аламыз. Уретраның сыртқы тесігін фурацилин ерітіндісіне малынған мақта шаригімен өңдейміз.Осылай тақырыпты талқылап болған соң жедел жәрдем көлігіне мініп келген шақыртуларға бардық