“Мен қандаймын? (Түстерді таңдау арқылы өздерінің мінездерін білу: қызыл, көк, сары, жасыл)



бет4/5
Дата28.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#131086
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лессон

3. Сабақты зерттеу кезеңі:


Зерттеу кезеңі Lesson Study –ға қатысушы мұғалімдердің санына қарай үш немесе одан да көп циклдан тұрады.
Алғашқы сабақтың жоспарын бірінші циклды өткізуші мұғалім жоспарлайды, өткізеді. Өзге қатысушы мұғалімдер, яғни топ мүшелері сабақты бақылайды, үш деңгейдегі оқушыларды, олардың сабақтағы жетістік деңгейлерін бақылап, жазып алып отырады. Арнайы бақылау парағы жасақталады. Әрбір цикл аяқталған соң, түрлі деңгейдегі оқушылардан сабақ бойынша сұхбат алынады. (Нұсқаулық 11-бет 2-кесте)
Сабақты бірлесе талқылап, артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап, келесі сабақты жоспарлауға қажетті ұсыныстар береді, келесі сабақты бірлесе жоспарлайды. Осылайша бірнеше цикл қайталанып отырады.
(Нұсқаулық 6-бет 1-кесте)
сабақ жоспарын құру
сабақ жоспарын талқылау
сабақ жоспарын қайта жазу
зерттеу сабағы
зерттеу сабақты
талқылау
Негізгі сабақ беруші мұғалім, тренер немесе әріптестер
Бақылаушы, әріптестер, зерттеуші, мектеп әкімшілігі
Lesson Study

4. Қорытындылау, тәжірибемен бөлісу кезеңі:


Бұл кезеңде Lesson Study зерттеуіне қатысушы мұғалімдер тобы қорытынды отырысын өткізеді. Сабақ өткізген мұғалімдер өздерінің сабақтары, ондағы қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі, А,В,С деңгейлі оқушылардың жетістік деңгейі туралы рефлексивтік есеп дайындап, оқуды жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстарын жеткізеді. Модератор пән иелерінің рефлексивтік есептері негізінде қорытынды есеп дайындайды, күтілетін нәтижелерге қаншалықты қол жеткізуге болатынын саралап, нақты ұсыныстар белгілейді. Зерттеу кезеңдері толық аяқталып, қорытындыланған соң зерттеу нәтижелері мектептегі әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестік немесе педагогикалық кеңес отырыстарында қаралады, сабақты жақсарту бағытындағы ұсыныстар жалпы ұжым мүшелерінің назарына ұсынылады.

Біздің мектепке «Lesson study» әдісін қолдану қажет пе?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет