Жүргізуші:тапсырма: ватманда бейнеленген жуаның үстіңгі бөлігінде жасыл жапырақты өскін бейнеленген. ата –аналарға әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым – қатынас болу керектігін, мысалы: мейірімділік, махаббат, түсіністік.....т.с.с. Осындай жақсы сөздермен жуаның жасыл өскінін толтыруды ұсынады.
Біз бүгін сіздермен ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлістік. Ол маңызды,өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады. Бұл жол - оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАББАТТАН бастау керек.Бала ата-ана өмірінің жалғасы.
6. «Жүрек жылуы» жаттығуы
Қатысушыларға кішкене жүрекшелер таратылады.
Тренингке қатысушы аналар....
«Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!». ..... деген ойды жалғастырулары керек. Бір-біріне деген жақсы лебіздерін білдіреді.
Қорытынды. Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.
Ананың кезі бар ма кекті болған,
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:
«Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ...
Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Сондықтан да осы жүректі аялы алақандарыңызбен ұстап балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді жеткізіп бір-бірлеріңізге беріңіздер.