мен «диплом алды»



бет15/22
Дата28.09.2022
өлшемі90,76 Kb.
#40577
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
«Қанағаттанарлық» - деген баға қойылады:

  • өткізген сабақтары мен сыныптан тыс шараның «Қанағаттанарлық» деңгейде болуы;

  • тапсырмалар толық орындалдалуы;

  • еңбек тәртібін бұзбауы және өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы;

  • портфолио құжаттары жүйелі болуы, уақытылы тапсырылуы.


«Қанағаттанарлықсыз» - деген баға қойылады:

  • өткізген сабақтары мен сыныптан тыс шараның «қанағаттанарлық» деңгейде болуы немесе өткізбеген фактілер анықталуы;

  • тапсырмалар толық орындалдалмауы;

  • еңбек тәртібін бұзу және өз жұмысына жауапкершілікпен қарамауы;

  • портфолио құжаттары уақытылы тапсырылмауы.

Егер машықкердің жұмысына «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға қойылса, педагогикалық тәжірибеге баға қойылмайды және ол тәжірибені машықкер өз демалысы кезінде қайта өтеді.



6. ТӘЖІРИБЕНІҢ БАСЫ МЕН СОҢЫНДАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ САПА ДЕҢГЕЙІ

  1. Эмпирикалық. Педагогикалық міндеттер мен жағдаяттарды қателіктер мен сынау арқылы шешіледі. Алған білімдерін жұмысында пайдаланбайды. Әдестемелік әдебиеттерді аз қолданады, тәрбиеші бейнесін көрсете алмайды. Сабақтың мақсатына әркез қол жеткізе алмайды. Дәстүрден тыс, күрделі жағдайлар туындаған жағдайда айғай, жазалау, баланың дәрежесін төмендету, «сатып алу» сияқты тұрмыстық тәрбиелеу қолданады. Конспектілерді әдіскер көмігімен және үлкен қателіктермен жасақтайды. Сыныпты нашар басқарады.

  2. Репродуктивті. Өз жұмысында дайын конспектілер мен жасақтамаларды кеңінен қолданады. Шығармашылық мәселелерді шешуде үлкен қиындықтарға ұшырайды. Біреудің көмегінсіз мәселені шеше алмайды, әдістерді дұрыс таңдамайды немесе тиімділігі аз болады. Үлгі бойынша әдіскерлердің әдіс тәсілдерін көшіру арқылы оң нәтижелерге қол жеткізеді. Жаңа, күтпеген жағдайларға біртіндеп бейімделеді. Барлық әдістемелік нұсқауларды орындауға тырысады.

  3. Репродуктивті-шығармашылық. Педагогикалық қызметінде дайындамаларды пайдаланады, өз жасақтамаларын еңгізуге тырысады. Оқушылардың ерекшеліктерін қарай бейімдеуге тырысады. Әдестемелік нұсқаулар мен алған біліміне қатаң түрде сүйенеді. Әдетте дәстүрлі емес сабақтар өткізбейді.

  4. Шығармашылық-репродуктивті. Дайындамаларды оқушылардың жасы мен жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып шығармашылық түрде қайта даярлайды. Озат педагогикалық тәжірибені пәннің ерекшелігіне қарай енгізеді. Педагогикалық жұмыстың ерекше және дәстүрлі емес формаларын, әдіс тәсілдерін, құралдарын іздеуге ұмтылады. Әдіскердің, мұғалімнің көмегімен жаңа идея ойластыруға ерекше сабақ түрін өткізе алады. Туындаған мәселелерді өз бетімен шеше және күрделі жағдайда дұрыс жол таңдай алады.

  5. Шығармашылық. Теориялық білімдерін үлкен шығармашылық потенциалмен қолданады. Сабақтың нәтижесі бойынша әдістемелік тиімді, ерекше жаңа идеялар сериясын өз бетімен жасақтай алады. Импровизация жақсы дамыған. Дәстүрлі емес педагогикалық мәселелерде тез және жылдам дұрыс шешім қабылдайды. Өзгермелі жағдайда балалардың даму деңгейін пайдалана отырып жаңа талапқа сай жаңа әдіс тәсілдерді өзбетімен жасақтайды. Педагогикалық рефлексия жақсы дамыған. Шығармашылық ізденіске, кәсіптік шеберлікке үнемі ұмтылады. Педагогикалық қызметтің жарқын стиліне ие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет