1.ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА Кәсіптік тәжірибенің оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына (ҚР МЖМБС 04.05.- 160. 2010) сәйкес 0111000 «Негізгі білім беру» мамандығының 0111063 «Физика мұғалімі» біліктілігі бойынша әзірленген.
Кәсіптік тәжірибе кәсіптік білім беру оқу жүйесінің бөлінбейтін бөлігі оқыту, тәрбиелеу, білім беру саласына қызмет көрсету Bolashaq мұғалімдерді кәсіптік машықтан өткізіп дайындаудың тиімді нысаны болып табылады.
Кәсіптік тәжірибенің мақсаты:
білім алушылардың нәтижеге бағытталған теориялық білімдерін бекітіп, тереңдету, мамандық бойынша кәсіби қызметін өз бетімен орындау үшін қажет біліктілік пен дағдыларды игеру, білім алушыларды қоғамдық еңбекке баулу;
кәсіптік тәжірибе кезінде білім алушылардың кәсіптік білімін көтеру, «Физика мұғалімі» біліктілігіне сәйкес дағды қалыптастыру, мектептің оқу- тәрбие жұмысын зерттеу негізінде тәжірибелерін кеңейту.
Кәсіптік тәжірибенің міндеті: машыққердің мектеп өміріне бейімделуіне педагогика, психология және физиканы оқыту әдістемесі бойынша алған білімдерін тәжірибиеде қолдана білуге жағдай жасау.
Педагогикалық тәжірибе – физика мұғалімін дайындау жүйесінің маңызды бөлігі, яғни теориялық білім, оқытудағы іскерлік пен дағдыны бекіту, тәжірибеде оқыту нәтижесін беретін әдістер мен тәсілдерді қолдану, мектептің үздіксіз оқу үрдісіне білім алушыларды араластыру.
Педагогикалық тәжірибе білім алушылардың кәсіби іскерліктерін дамыту «Физика мұғалімі» біліктілігі бойынша еңбек нарығына бәсекеге қабілетті болу, кәсіби дайындығын қалыптастыру мүмкіндіктерін береді. Тәжірибе үрдісінде мектептің тәрбие-білім беру үдерісін біртұтас көру, педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті, өз санасындағы кәсіби қажеттілікті дамыту, өзін- өзі жетілдіру және тексеруін қалыптастыру жүреді.
Оқу жоспарына сәйкес «Негізгі білім беру» мамандығының студенттері 3 курста «Байқау сабақтары», ал 4 курста «Диплом алды» тәжірибесінен өткізіледі. Бұл тәжірибеден өту кезінде Bolashaq мұғалімдерді оқушылардың жас ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып сабақ өткізудің әдіс –тәсілдерін үйрету, сыныптан тыс тәрбиелік шаралар ұйымдастырудың әдістерімен қаруландыру басты мақсат болып табылады.