Ескерту:Құжаттар файлдық қаттамада безендірледі. Қаттаманың басқы беті (қосымша3), мазмұны (қосымша4). Барлық құжаттар қағазға басылып тапсырылады және соңғы нұсқасы электронды түрде дискіде тапсырылады.
Мінездеме құрылысы екі бөліктен тұрады: машықкерге физика пәні мұғалімі және сынып жетекшісі ретінде баға беріледі. Мектеп әкімшілігімен бекітілген, тәжірибе бағасы қойылаған болу керек.
«Диплом алды» тәжірибесінің тапсырмаларын орындауға нұсқау
Тапсырма 1. Тәжірибеден өтудің жеке күнтізбелік жоспарын құру;
Мақсаты: Машықкердің тәжірибе барысында жұмыстарын жоспарлау дағдысын бекіту.
Орындалысы: жеке күнтізбелік жоспар мектеп жетекшісімен бірлесе отырып, тәжірибенің алғашқы күні құрылады. (қосымша2 )
Тапсырма 2. Мектептің оқу-материалдық базасымен, оқу-тәрбие үдерісімен және педагогикалық ұжыммен танысу.
Мақсаты: мектеп қызметінің ерекшелігімен танысу
Орындалысы: (орындай отырып, күнделікке және есептке жазу)
мектеп бағыты, басқару құрылымы, мектептің тарихы, кабинеттер саны физика кабинетінің құрылымы;
мектеп мұғалімдерінің, физика мұғалімдердің сапалық құрамы, сабақ беретін сыныптары;
Тапсырма 3. Физика пәні бойынша оқу –әдістемелі кешенді зерттеу;
(ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспары, жаңартылған білім мазмұндағы оқулықтар мен әдістемелік және дидактика құралдары);