Тапсырма 9.Сынып жетекшілері, педагогикалық кеңес, физика пәні бойынша әдістемелік бірлестік жұмыстарымен танысу.
Мақсаты: машықкерді мұғалім қызметін атқаруға дайындау.
Орындалысы: тәжірибе барысында болатын сынып жетекшілер, физика пәні бойынша әдістемелік бірлестік жиналыстарына, семинар мен педагогикалық кеңеске қатысу. Мектеп жұмысымен танысып, ерекшеліктерін жазу.
Тапсырма 10. Ата-аналар жиналысын өткізу формаларын зерттеу және өткізу.
Мақсаты: сынып оқушыларының ата-аналар жиналысын өткізу дағдысын қалыптастыру.
Орындалысы:
сынып жетекшінің өткізген ата- аналар жиналысына қатысып, хаттама жазу;
сынып жетекшіге ата- аналармен тақырыптық жиналыс өткізуге ат салысу;
тақырыптық жиналыстың әзірлемесі мен хаттамасын талапқа сай безендіру.
Ескерту:ата-аналар жиналысының хаттама үлгісі (қосымша 14) көрсетілген.
5. МАШЫҚКЕРДІҢ ІС-ӘРЕКЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Машықкердің педагогикалық тәжірибе барысында іс-әрекетін бағалау төрт балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және оның төмендегідей негізгі көрсеткіштері бар:
«Үздік» деген баға төмендегі талаптарды орындаған машықкерге қойылады:
өткізген сабақтары мен сыныптан тыс шараның «Оңтайлы» деңгейде болуы;