Мақсаты:Физикапәні бойынша ҰМЖ, ОМЖ, танысу, жаңартылған білім мазмұндағы оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулық құралдарды зерттеу.
Орындалысы: машықкер бекітілген сыныптың құжаттарынан
Оқуға қойылатын талаптарды жазып алу.
Жеке тараудың құрлымымен танысу. (тәжірибе уақытына сәйкес келетін тоқсан тақырыптары)
Тапсырма 4. Мектеп физика мұғалімдерінің сабақтарына бақылау жүргізу және талдау.
Мақсаты:Сабақ кезеңдеріне сәйкес сабақ түрін анықтау, сабақта қолданылған оқытудың әдіс-тәсілдерін білу. Сабақтың талдауын жасай білу.
Орындалысы: мұғалімнің сабағына қатысып:
сабақтың талдауын жасау (қосымша 8,9,10)
қортынды жасау (сабаққа қатысу мақсаты қандай? сабақтың мақсаты қандай? орындалды ма?, сабақ түрі қандай?, сабақ қандай кезеңдерден тұрды?, оқытудың қандай әдістері қолданылды?, қандай тапсырмалар қолданылды?)
Тапсырма 5. Физика пәнінен байқау және сынақ сабақтарын дайындау және өткізу. Екі дәстүрлі емес сабақ өткізу.
Мақсаты: әр түрлі сабақтарды өткізу дағдыларын қалыптастыру.
Орындалысы: әрбір сабаққа машықкер 2-3 күн бұрын сабақ жоспарын құрып, оны физика пәні мұғаліміне бекіттіреді. Сабақты өткізген соң сабақ талданады және бағаланады. Ашық сабақтардың өзіндік талдауы және мұғалімнің талдауы құжаттармен бірге тапсырылады.
Сабақты жоспарлауда қысқа мерзімді жоспар үлгісі (қосымша11) көрсетілген.