Қосымша 13 (сынып оқушыларына психологиялық-педагогикалық мінездеме құру үлгісі) 2019-2020 оқу жылында .......... мектептің...... сынып ұжымына берілген
МІНЕЗДЕМЕ
Сынып ұжымы және оның қалыптасу тарихы туралы жалпы мәлімет (бала саны, оның ішінде ұл балалар, қыздар, жас мөлшері, өзге сыныппен біріктіру бар ма, сынып жетекшілердің ауысуы).
Жұмыстың мінездемесі және мазмұны.
Оқу үлгерімі: оқушылардың жалпы үлгерімі және тәртібі: жеке балалардың бағаларын бақылау, ол балаға сынып жетекшінің талабы, өзара байланыс, сынып белсенділері және ұжымның талабы, өзара көмек, оның түрі және ұйымдастыру сабақта және үй тапсырмасын орындау барысындағы тәртіп. Оқу барысында кері әсер ететін жағдайлар (көшіріп алу, шпаргалка, көмек беру).
Сыныптың оқу жағдайынан тыс өмірі: Күнделікті болып жатқан көріністерге қызығуы, ән-күйге, өнерге, әдебиетке, спортқа, коллекция жинауға т.б. осы жағдайға қызығушылық оятудың түрлері: оқушылар конференциясы, театр, киноларға бару, оны талдау, мектептің қоғамдық ісіне араласуы. Қоғамдық пайдалы еңбек және оның ұжымның сыныптан тыс өмірінде әсері, еңбек түрлері мен оның орындалуына мінездеме, тәртіптің еркінен тыс пайда болуы.
3. Сынып ұжымына басшылық жасау және оны ұйымдастыру.
Сынып белсенділеріне мінездеме (өз бетінше жұмыс істеуі және өзіне талап қоя білуі және өзгеден талап ете білуі, оқушылап арасында беделі және белсенділігі, ұйымдастырушының қабілеті, жеке оқушыларға қайырымдылығы, қоғам пікірімен санасуы).
Сыныпта өз бетінше лидерлердің қалыптасуы және оның себептері мен сыныпқа әсері, белсенділерлің оларға көзқарасы, сыныпта ескерусіз шеттеп қалғандар және оларға достарының көзқарасын өзгерту жолдары.
Ұжымның ішіндегі өзара қарым – қатынас, татулық дәрежесі, сыныптың ұйымшылдығы, ұқыптылығы, өзіне сын көзбен қарау, ұл балалар мен қыз балалар арасындағы өзара байланыс.
Сынып жетекшінің тұлғасы және оның сыныпқа әсері, білімділігі, жалпы мәдениеті, ұйымдастырушылық қабілеті, оқушылар психологиясы жайлы білімі, өзіне тән ерекшелігі, сыныптың жетекшіге деген көзқарасы, оқушылар арасындағы беделі.