Тапсырма 7. Оқушылардың танымдық қызығушылығы мен оқу мотивтерін анықтау.
Мақсаты: бекітілген сыныппен жұмысқа дайындық жасау
Орындалысы:
алғашқы күндері бекітілген сынып оқушыларымен танысу, сынып жетекшілігімен әңгімелесу.
оқушылардың физика пәніне көзқарасы мен қызығушылығын зерттеу. Сауалнама жүргізу, оны талдау, қортынды шығару
электронды журнал көмегімен сыныптың физика пәні бойынша үлгерімі мен білім сапасын зерттеп диаграммаға түсіру.
Ескерту: пәнге қатынасын зерттеуге арналған сауалнама бойынша анықталады.
Нәтижесі: Оқушының пәнге деген қызығушылығын, «+» таңбасы басым болған деңгеймен анықталады.
1 деңгей-қызығушылық көрсетеді
2 деңгей- мүмкіндігінше оқиды
3 деңгей – пән қызықтырады
4 деңгей- жоғары танымдық қызығушылық байқатады.
Сауалнама Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылық деңгейін анықтау
Пән: физика
4.ДИПЛОМ АЛДЫ ТӘЖІРИБЕ «Диплом алды» тәжірибесі Bolashaq мұғалімнің өз бетімен мектептегі оқу –тәрбие жұмысына дайындығының соңғы кезеңі. Тәжірибе 8 семестрде (6 апта) жоспарланған. Бұл тәжірибеде машықкер 7-9 сынып аралығында барлық сыныптарға сабақ береді, бекітілген сыныпта сынып жетекшілік қызметін атқарады, оқушыларымен жұмыс жасап, тәрбие сағаты мен ата-ана жиналысын өткізеді. Педагогикалық тәжірибенің өткізу мерзімі мен тәртібі колледждің оқу жоспарымен, ал оның мазмұны-берілген бағдарламамен анықталады.