3. БАЙҚАУ САБАҚТАРЫ ТӘЖІРИБЕСІ Физика мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесінде «Байқау сабақтары» педагогикалық тәжірибесі маңызды орын алады. Тәжірибе оқудың ІІI курсында: 5 семестрде (3 апта) және 6 семестрде (6 апта) жоспарланған. Бұл тәжірибеде машықкер 7-9 сынып аралығында бекітілген сыныпта сабақ береді, оқушыларымен жұмыс істейді және пән бойынша сыныптан тыс шара өткізеді.
3.1 МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ Мақсаты: машықкерлерді физика мұғалімінің педагогикалық қызметіне дайындау.
Міндеттері:
Машықкерлерге оқу үрдісін бақылау және оның нәтижелерін талдау біліктерін қалыптастыру.
Машықкер сабақты өткізудің әдіс-тәсілдерімен қаруландыру және мектеп оқушыларының оқу қызметтеріне басшылық жасау, олардың жас және дара ерекшеліктерін білу.
3. 2 ПӘНДІ ОҚЫТУДА ЖОСПАРЛАНАТЫН НӘТИЖЕ Тәжірибе соңында машықкер біледі:
Физика пәні бойынша ұзақ және орта мерзімді жоспарлардың мазмұны мен құрылымын;