МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН (аудитория безендірілген, экранда афиша) Мырзабек: Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін
Ситора: Көздерінде от ойнар
Сөздерінде жалын бар
Жаннан қымбат оларға ар
Мен жастарға сенемін
дей келе Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін” атты әдеби кешімізге «Қош келдіңіздер!».
Мейрамбек : Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында - ақ Еуропаның, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.
Алғашқы сөз кезегін Шымкент университеті филология кафедрасының меңгерушісі Белгібаева Гүлнұр апайға ұсынамыз.
Ситора: «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов:
Мырзабек: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды.
Ситора: Ал, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзімен айтсақ, “Мағжан сыршылдығымен, суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығыменкүшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті”. Оның өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді”
Келесі кезекте Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығынан кішігірім баяндаманы оқу үшін ҚТ-222 тобының студенті Сәрсенбаева Зере шақырамыз. (экранда презентация, (анимацияда тұрсын))