Мырзабек: «Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу - маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп - жұмыр жауһар дүние.
Режиссер Дархан Сәркеновтың 2022 жылы түсірілген М.Жұмабаевтың 1915-1921 жылдар аралығындағы өмірінен алынған "Мен жастарға сенемін" телехикаясынан қысқаша үзінді. (Тез аудиторияны көрініске даярлау, бәсең түрде кинодағы әуенді қосып қою)
Ситора: Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі – адамды бәрінен жоғары қояды. ”Бәрінен де сен сұлу” “Туған жер” әндері халық арасында кең таралған. Алайда, бұл әндердің авторы Мағжан екенін бірі білсе, бірі білмес.
Мағжан Жұмабаевтың сөзіне жазылған композитор Ш.Қалдаяқовтың “Бәрінен де сен сұлу” әнін ҚТ-222 тобының студентті Өмірзақ Гүлсімнің орындауында ұсынамыз. (экранда Мен жастарға сенемін киносындағы Мағжанның қызбен серуендеп жүрген кезі дыбыссыз көрсетіледі және әннің әуені қосылады)
Бойын кернеп бұлықсыған бұла жыр,
Байтақ елдің жоғын жоқтап шығар ұл,
Жұмабайдың Мағжаны деп табын да,
Ұлы Абайдың жұрнағы деп ұға біл
Мағжан Жұмабаев сенім артқан сол жастар Мағжанға да жыр арнаса жарасады дей келе жас ақындарымыздың Мағжанға арнауын қабыл алыңыздар. ( екі жүргізуші екі арнау оқиды)
Мырзабек: Құрметті, әдебиет сүйер қауым, ХХ ғасырдың алып тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін» атты әдеби кешіміз өз мәресіне жетті.
Назар салып қатысқандарынызға рақмет,сау болыныздар!
Достарыңызбен бөлісу: |