Мен жастарга сенемін. Мағжан жастапы Газет 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата10.01.2017
өлшемі3,8 Mb.
#1580
1   2   3   4   5   6

______________________________ Гүлбану МАҚАЖАН

су

 

сапасы

 

және

 

жауапкершілік

Бүгінде  облыс  халқының  96,5  пайызы  орталықтанды- 

рылған  су  құбырының  суын  пайдаланса,  қалғаны  құдық, 

су  құбыры  жоқ  артезиан  құдықтарының  суын  және  та- 

сымалды  суларды  алып  ішеді.  Орталықтандырылған 

841  ауыз  су  нысандарынан  алынған  сынама нәтижесінде 

судың  7,9  пайызы  санитарлық  талаптарға  сай  келмейтіні 

анықталған.  Ал  құдықтың  және  тасымалды  сулардың  40 

пайызы санитарлық-химиялық талаппен сәйкес  емес.  Бұл 

туралы  сейсенбіде  ӨКО-да  өткен  брифингте  облыстық 

тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  департаменті  бас- 

шысының міндетін атқарушы Е.Сүлейменов мәлімдеді.

Департамент  мәліметі  бойынша,  бүгінде  аймақтағы  су 

құбырларының нақты егелері бар. Алайда бұл мекемелердің 

материалдық-тахникалық  базасы  әлі  де  жақсартуды  қажет 

етеді.  Жабдықтардың  нашарлығынан  дер  кезінде  жөндеу 

жұмыстары  жүргізілмей,  апат уақытылы  жойылмайды.  Со­

нымен қатар, департамент мамандары биыл облыста жұқпалы 

ішек ауруы, тамақтан улану, тұмау, сальмонеллез, трихинел­

лез  дертімен  ауыратындар  да  көбейгенін  айтады.  Дерттің 

өршуінің  басты  себебі  -  қарапайым тазалық  талаптарының 

сақталмауы және мерзімі өткен тағамдарды тұтыну.



Сара ОМАРОВА

№ 34 (156) 25 ТАМЫЗ,  БЕЙСЕНБІ,  2016 ЖЫЛ

С а Л |Тга Н а .тДс іМ гА Ғ Ұ Л О | А і

с й ^

^

й ім я іс ш а я

я с ы я я я і в м

а с а а я :

БІЗАІК  ПНЫКТПМП

Сллоғулово Салтанат Аралбайңызы  1982 жылы Ңызылорда ңаласында дуниөгө көлгөн. 

2 0 0 3   жылы  Ңазаң  мөмлөкөттік  заң  унивөрситөтін  бітіргөн.  Эр  жылдарда  Ңызылорда 

облыстың  сотының  баспасөз  ңызмөтінің  жөтөкшісі,  басңарма  басшысы,  облыстың 

соттың  уйымдастыру-талдау  бөлімінің  бас  маманы,  Ңызылорда  облысының  кәмөлөткө 

толмағандардың  істөрі  жөніндөгі  малландандырылған  ауданаралың  соттың  көңсө 

мөңгөрушісі,  Ңызылорда облыстың сотының көңсө бааиысының орынбасары ңызмөттөрін 

абыроймөн атңарған. Ңызылорда облыстыңсотыныңкөңсө басшысытарапынан  «Ңурмөт 

грамотасы»,  2 0 1 5   жылы  II  дәрөжөлі  «Сот жуйөсінің  уздігі»  төсбөлгісімөн  лларапатталған. 

Судьялар  мөн  сот  жуйөсі  ңызмөткөрлөрінің  мөмлөкөттік  тілді  мөңгөру  дәрөжөсінө 

орнолғон  рөспубликалың  конкурсто  I  орынды  иөлөнгөн.

-  Салтанат

Аралбайқызы, ел өміріндегі 

К

онституцияның



 рөлі 

қандай?

-   Қабылданғанына 21 

жыл болған Ата Заңымыз 

мемлекеттің алтын қазығына, 

халықтың сенімді тірегіне 

айналды.  Өйткені бұл 

құқықтық құжат барша 

заңдарымыздың темірқазығы, 

негізі мықты,  тамыры терең. 

Ерте ғасырлардан бастау алған 

бас құжатымыз Есім ханның 

ескі жолы,  Қасым ханның 

қасқа жолы,  Әз-Тәукенің Жеті 

жарғысы, Алаш  өкіметінің 

дербес Конституциясымен 

үндестік тауып келеді.  Елдің 

біртұтастығын сақтап,  байтақ 

жеріміздің ш екарасын мықтап 

бекітуге,  барша ұлтқа құшағын 

жая білетін ҚР-ның ұлттар 

мен ұлыстардың татулығы 

мен бірлігіне сызат түсірмей, 

қауіпсіздігін қамтамасыз 

етуде Ата Заңның орыны 

ерекше.  Ата Заң -  болашақ 

табыстар мен алға қойылған 

мақсаттарды ш еш удің алтын 

діңгегі,  тәуелсіздік тірегі. 

Тәуелсіз мемлекетіміздің 

экономикалық,  қоғамдық- 

демократиялық дамуына 

Конститутцияның тигізер 

ықпалы зор.  Бас құжаттың 

1-бабында:  «Қазақстан өзін 

демократиялық, зайырлы, 

құқықтық және әлеуметтік 

мемлекет ретінде  орнықтырды, 

оның ең қымбат қазынасы

-  адам және адамның 

өмірі,  құқықтары мен 

бостандықтары» деп атап 

көрсетілуі де тегін емес.  Әрбір 

азамат өзін тең сезінетін, 

татулығы жарасқан қазақ 

елінің,  Қазақстан халқының 

қарымды істері бүгінде әлем 

жұртш ылығы үш ін үлгі- 

өнеге.  ҚР Конституциясы 

еліміздің конституциялық 

құрылысындағы демократия, 

құқықтық және әлеуметтік 

мемлекет,  адамның өмірі, 

құқықтары мен бостандықтары, 

қоғамдық келісім мен саяси

тұрақтылық,  сонымен қатар, 

сөз бостандығы, меншік 

ұстанымы,  әлем және көршілес 

халықтармен баянды қарым- 

қатынас  сақтау,  көшіп-қону 

еркіндігі құндылықтарын 

танытады.  Заң бойынша өмір 

сүру және Заңды құрметтеу 

-  әр азаматтың борышы. Ата 

Заңда  елдің дамуы,  бүгіні мен 

болашағы құқықтық жағынан 

реттеліп,  айқындалған. 

Сонымен бірге, республика 

азаматтарының қалауынша 

өмір  сүріп, заң талаптарына 

сай өзін қорғауына,  ешқандай 

кемсітуге ұшырамауына, 

әлімжеттік көрмеуіне жан- 

жақты жағдай жасалған.

-  2007 

жылғы


конституциялық

 реформалар 



нәтижесінде 

сот


 саласында 

қандай серпінді өзгерістер 

орын алды?

-   Өзгерістер негізінде 

сот жүйесі азаматтардың 

құқықтарын қорғауды 

қамтамасыз етуде құқықтық 

кепілдікке ие болды.  Бұрын 

прокуратура  органдарының 

еншісіндегі қамауға  алуға 

санкция беру құқығы соттарға 

енгізілді.  Бұл айыптаушы 

мен қорғауш ының қатысумен 

жүзеге  асырылады,  әрі әділ 

ш еш ім қабылдауға жол ашатын 

маңызды қадам болды.  2015 

жылы қылмыстық заңнамада 

түбегейлі өзгерістер болып, 

соттардың жекелеген тергеу 

іс-әрекеттерін санкциялау 

құзыреттері кеңейді. Яғни, 

еліміздің А та Заңына 

енгізілген бұл өзгеріс  өмірде

іс жүзінде қолдану кезінде 

тиімділігін көрсетті.  2007 

жылдың  1  қаңтарынан бастап 

алқабилердің қатысуымен 

қылмыстық істерді қарау 

институты енгізілді.  Алқабилер 

соты азаматтардың сот 

төрелігін атқару процесіне 

қатысуын,  қоғамдық бақылау 

мүмкіндіктерін нығайтты. 

2007-2009 жылдар аралығында 

алқа билердің қатысуымен 

қылмыстық істі қарау

облыстық соттың құзыретінде 

болған.  Облыстық соттарда 

алқабилердің қатысуымен 

қаралатын бұл істер  адамға 

қасақана кісі өліміне 

байланысты болды.  2010 

жылы аса ауыр қылмыстар 

бойынша істерді қарайтын 

мамандандырылған соттар 

құрылып,  алқабилердің 

қатысуымен қарастырылуы 

мүмкін барлық аса ауыр 

қылмыстар бойынша істер 

осы соттың қарауына берілді. 

Ата заңның жаңа нұсқасы 

негізінде Қазақстан өлім 

жазасын қолданбайтын 

елдердің қатарына қосылды. 

Бұл -  мемлекет тарапынан 

қылмыстық саясатты 

гуманизациялауға сәйкес 

жасаған қадамдардың бірі.



-  Тәуелсіздік алғаннан 

бері Конституцияға екі рет 

өзгеріс енгізілгені  мәлім. Бұл 

өзгеріске не түрткі болды?

-  Заман өзгерген соң,  заң да 

өзгереді.  Бүгінгі күні тәуелсіз 

елімізде түрлі өзгерістер 

болып, экономикалық 

тұрғыдан алға жылжып, 

қарыш тап дамып келеді. 

Заңдарға заман ағымына  сай, 

өзгерістер мен толықтырулар 

енеді.  Егер елдегі заңдарға 

өзгерістер енгізілсе,  бас 

құжатымыз да міндетті түрде 

өзгереді.  Ата Заңы нық бекіген 

Қазақстан әлем сахнасында 

мақтанарлықтай беделге ие. 

Жас мемлекетіміз осындай

аз ғана уақыттың ішінде 

Президенттің басқаруымен 

көптеген ірі экономикалық, 

саяси және  әлеуметтік 

жетістіктерге қол жеткізді. 

Бүгінгі Қазақстан -  тек өзі 

орналасқан аймақта ғана 

емес,  бүкіл әлемдік 

мәселелерді талқылауда 

және шешуде ықпалды 

рөл атқаратын ел ретінде 

мойындалды.  Мұнын өзі 

демократиялық ұстанымды 

нық ұстап,  қолданыстағы 

Конституция аясында тек алға 

қарай қадам басып отырған

мемлекетіміздің дұрыс бағытты 

ұстанғанын білдіреді.



-  Ата Заңымыздың VII 

бөлімінде соттар мен 

сот


 

төрелігі жайлы айқындалған. 

Осы жөнінде толығырақ 

тоқталып өтсеңіз?

-  Ата Заңымызда сот 

және әкімш ілік арқылы 

адамның құқықтары мен 

бостандықтарын қорғайтын 

екі маңызды тәсіл бекітілген. 

Құқықтық мемлекет 

жағдайында тәуелсіз сот -  

адам құқығын қорғаудың 

негізгі құралы.  Еліміздің 

Конституциясы азаматтардың 

сот төрелігіне еркін қол 

жеткізуін белгілеп,  әрбір 

азамат өзінің құқықтары 

мен бостандықтарын сот 

арқылы қорғауына кепілдік 

береді.  Конституция бойынша 

егеменді елімізде сот жүйесі 

мемлекеттік биліктің бір 

тармағы.  Осының өзі соттың 

ерекше маңыздылығын нақты 

айшықтайды.  Елімізде  сот 

төрелігін тек сот қана жүзеге 

асырады.  Сот төрелігін іске 

асыру жөніндегі соттың 

қызметіне қандай да болсын 

органның  араласуға жол 

берілмейді және ол заң 

бойынша жауапкершілікке әкеп 

соғады.  Нақты істер бойынша 

судьялар  есеп бермейді.  Судья 

сот төрелігін іске  асыру кезінде 

тәуелсіз және Конституция 

мен заңға ғана бағынады.  Ел 

Президентінің «Қазақстан 

Республикасындағы соттар 

мен судьялардың мәртебесі 

туралы» Конституциялық 

Заңы соттар қызметінің негізгі 

қағидаларын,  соның ішінде 

судьялардың құқықтық және 

әлеуметтік кепілдіктерін 

айқындап берді.

-  Жастардың құқықтық 

сауаттылығын арттыру 

мақсатында қандай шаралар 

атқарған 

жөн


?

-  Қылмыс жасағаны үш ін 

жазаға тартқаннан гөрі оның 

алдын алған әлдеқайда жақсы. 

Алдын алу жұмысының

нәтижелі болуы алғаш 

жасалған теріс қадамның 

дер кезінде анықталуынан 

ғана емес,  сонымен бірге 

кәмелетке толмағандардың 

жеке тұлғалық ерекшеліктерін 

ескеруге де  байланысты. 

М ектеп жасындағы балалардың 

құқықтық сауаттылығының 

төмендігі олардың қылмысты 

көп жасауына,  заң талаптарына 

өз талаптарын қарсы қоюына 

әкеліп соғады.  Сондықтан 

жасөспірімдер  қылмысының 

алдын алып,  құқықтық тәрбие 

беру бүгінгі күннің өзекті 

мәселесі.  Құқықтық тәрбие 

-  кәмелетке толмағандар 

арасында заң ұғымдарын 

насихаттай отырып, 

жасөспірімдерді қажетті 

заңдылық біліммен қамтамасыз 

етудің алғы шарты.  Мектепте, 

жоғарғы оқу орындарында 

жастарды заңның негізгі 

принциптерін біліп қана 

қоймай оны меңгере білуге  де 

үйрету  қажет.

-  К


онституция

 күнінде 

халыққа қандай тілек 

жолдайсыз?

-   Халықтың құқықтық 

мәдениетінің артып келе 

жатқаны жыл өткен сайын 

байқалып отыр.  Өз құқықтарын 

қорғау мақсатында сотқа 

жүгінетін азаматтар қатарының 

көбеюі соның айқын дәлелі.

Бұл -  қоғамның сот билігіне 

деген сенімі мен даулы 

мәселелерді заң аясында 

шешуге ұмтылысының нақты 

көрсеткіші.  Әлемдік деңгейдегі 

беделіміздің айқын көрінісі, 

жарқын болашағымыздың 

кепілі болған Конститутция 

күнімен барша Сыр елін ш ын 

жүректен құттықтаймын! 

М ықты денсаулық,  бейбітшілік 

пен жақсылық,  әр шаңыраққа 

құт-береке,  ырыс пен ынтымақ 

тілеймін.  Ел іргесі аман, 

келешегіміз кемел болсын!

-   Сұқбатыңызға рақмет.

Сұқбаттасқан: 

Айгүл ӘЛІШЕР


№ 34 (156) 25 ТАМЫЗ,  БЕЙСЕНБІ,  2016 ЖЫЛ

A'MlUbl


АУРУДЫҢ АЛДЫН 

АЛҒАН ЖӨН

Орталық  жүйке  жүйесінің  ауру- 

лары  адамзатқа  ежелден  белгілі  және 

олар жүйке саулығына қатер төндіреді. 

Балалардың  жүйке  жүйесі  ауруларын 

ерте  анықтап,  емдеу  -   мүгедектіктің 

алдын-алудың 

бірден-бір 

жолы




Қазіргі 

балалар 

аурушаңдығында 

жүйке  жүйесі  ауруларының  үлесі 

жоғары  болып  отыр.  Облыс  бойын- 

ша  2015 

жылдың


  1  тоқсанында  1000 

балаға  шаққандағы  көрсеткіш  18,6 

құраса, ал, 2016 

жылдың


 1 тоқсанында 

көрсеткіш өскендігін байқатады.

Қазір  балалардың  жүйке  жүйесі  ау- 

рулары  ішінде  жас  нәрестелердің  ара- 

сынан 


ш ығып 

жатқан 


эпилепсия 

мен  балалардың  сал  ауруы  көбейіп 

келеді.  Бұл  ауруларды  диагноз  қойып, 

уақытында  емдемесе,  кейін  баланың  да- 

муы  тежеліп,  өзіне-өзі  көмек  бере  ал- 

май,  мүгедектік жағдайға жетеді.  Барлық 

жүйке  жүйесі  ауруларының  түпкі  тамы- 

ры  перинаталды  кезеңмен  тығыз  байла- 

нысты.  Балалардағы  жүйке  жүйесінің 

перинаталдық ауруына әсер ететін себеп- 

терге  анасының  социалды-биологиялық 

мінездемесі,  босану  жағдайы,  қоршаған 

ортаның 

эпидемиологиялық, 

эколо- 

гиялық,  социалды-гигиеналық  факторла- 



ры жатады.

Перинаталдық  инфекциялар  эмбрион 

немесе ұрықтың өліміне  әкеліп,  мүшелер 

мен  жүйелердің  туа  біткен  аномалияла- 

рына  әкеледі.  А на  ағзасындағы  витамин 

мен  микроэлементтердің  тепе-теңдіктен 

ауытқуы,  ақуыздың  жеткіліксіздігі,  то- 

лыққанды  құнды  тамақтанбау  ұрық- 

тану 

кезінде 


физиологиялық 

және 


иммунологиялық  процестерге  кері  әсер 

етеді.  Ұрықтың  жүйке  жүйесінің  даму- 

ына  жүкті  әйелдің  қан  жетіспеушілігі 

де  себеп  болады.  Ал,  репродуктивті 

жастағы 

әйелдердің 

көпшілігі 

қан 


жетіспеуш іліктің  әр  түрлі  дәрежесімен 

ауырады.  Сондай-ақ,  анасының  зиянды 

заттармен (ішімдік,  никотин т.б.) улануы 

ұрықтың  өліміне  немесе  ш ала  туылуына 

әкеледі.

Балалардағы  перинаталдық  зақымда- 

нулар  диагностикасының  қазіргі  кездегі 

әдістерін 

кең 

қолдану, 



жүктіліктің 

қолайлы 


өтуін 

қадағалау 

секілді 

мүмкіндіктерді  пайдалана  отырып,  бала 

мүгедектігінің 

алдын 


алуға 

ұмтылу 


қажет.

Гүлнар ЖАҒЫПАРҚЫЗЫ, 

№5 МӘС бөлімінің бас маманы

Жұмыстан үйге келген бойда 

анасы баласына:  «Құлыным ала ғой, 

балмұздақ алып же» деп ақша берді.

«Анашым, балмұздақ жемеймін.

Өзіңізде бола берсін. Үйде сүт 

таусылып жатыр. Жайрақ сүт сатып 

аласыз» деп ұлы ақшаны алудан бас 

тартты. Ауладағы балалардан қалмай 

ұлының да керегін алып жесін деген 

ойы іске аспады. Себебі баланың 

да санасында тұрмыс тапшылығы 

тұр. Әрбір балалық шақ алаңсыз әрі 

қауіпсіз өтсе екен дейміз.

Біз  балалардың  қоғамда  өзінің  неге 

құқылы,  неге  міндетті  екенін  ажырата 

білуге жағдай туғызып, өмір сүруге деген 

құштарлығын арттыруымыз керек.

Жаз  мезгілінде  кейбір  балалар  ақша 

тауып,  ата-анасына  қолғабыс  еткенді  тә- 

уір  көреді.  Бүгінде  оқушылардың  бірі 

қоғамдық  көлікте  кассир,  енді  бірі  ба- 

зарда  зат  сатып  тұр.  Автокөлік  жуу

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Бану ҮСЕНҚЫЗЫ

орталықтары  мен  сауда  орталықтарында 

да кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер 

еңбек етіп жүр. Шет аймақта кесек құйып 

жатқан  оқушалар  да  бар.  Балалардың 

еңбекке ерте араласқаны дұрыс та шығар. 

Алайда аз жалақы  беріп,  түнімен  жұмыс 

жүктеп,  бала  еңбегін  қанауды  әдетке 

айналдырған жұмыс берушілер де бар.

Қалалық  білім  бөлімі  бала  еңбегін 

пайдалануға  қарсы  ҚР  2004  жылғы  9 

шілдедегі  «Кәмелетке  толмағандар  ара- 

сындағы  құқық  бұзушылықтардың  про- 

филактикасы  мен  балалардың  қадаға- 

лаусыз  және  панасыз  қалуының  алдын 

алу  туралы»  заңын  басшылыққа  алып, 

бірқатар  жұмыстар  атқаруда.  Білім  беру 

ұйымдарындағы  балалардың  жазғы  де- 

малысын,  бос  уақытын  және  еңбекпен 

қамтылуын 

ұйымдастырып, 

дәлелаз 


себептермен  жалпы 

6

ілім



 

беретш  оқу 

орындарына 

бармайтын 

кәмелетке 

толмағандарды  анықтап  және  оларды 

есепке  алуда.  Балалар  мен  олардың  ата- 

аналарымен  немесе  заңды  өкiлдерiмен

жеке  алдын  алу  шаралары  жүрпзшіп 

келеді.


Адам  саудасын,  балаларды  зорлық- 

зомбылыққа,  еңбек  қанауына  тартудың 

алдын  алу  бойынша  мектеп  әкімшілігі, 

ата-аналар,  9-11  сынып  оқушыларының 

қатысуымен 

түсіндірме 

жұмыстары 

жүргізілді. 

«Қазақстан 

балалары 

-  

Нұрлы  болашақ»  республикалық  ак­



ция  шеңберінде  «Бала  еңбегін  қанауға 

қарсы 


12  күн»  ұлттық  ақпараттық 

науқанына 

сәйкес 

барлық 


мектеп- 

терде  «Бейбіт  елде  бақытты  балалық 

шақ!»  атты  сурет  сайыстары,  «Менің 

балалық  шағым»  атты  оқушылар  ара- 

сында  еркін  тақырыпта  шығарма  жазу 

байқауы  өтті.  Сонымен  қатар,  «Бала­

лар  бақытты  балалық  шақ  үшін»  кітап 

көрмелері,  «Біз  бақытты  балалармыз» 

тақырыбында  топтық  жұмыстар,  «Бала 

-   біздің  болашағымыз!»  атты  семинар- 

тренингтер, «Болашаққа -  дені сау, білімді 

ұрпақ»  тақырыбында эстафеталық  сайы- 

стар  ұйымдастырылған.  Сондай-ақ,  ба­

лалар  мен  жасөспірімдер  арасында  ұсақ 

құқық  бұзушылықтар  жасауға  ықпал 

ететін  себептер  мен  жағдайларын  жою 

үшін  Қызылорда  қаласында  орналасқан 

кафе,  дүкен,  сауда  орталықтары,  интер­

нет  клуб,  авто  көлік  жуу  бекеттеріне 

(яғни «Pinguin», «Playstation», «Kamenot» 

компьютер  клубтарға,  «Texas»,  «Pish», 

«Золотая рыбка»,  «Жамиля»,  «Перовск», 

«5:0»,  «Олимп»,  «Аль-ази»  кафелер- 

ге)  арнайы  рейдтік  іс-шара  жүргізіліп, 

онда  кәмелетке  толмағандарды  заңсыз 

жұмысқа  тарту,  еңбегін  заңсыз  пайда- 

лану  және  болдырмау  мақсатында  заң 

аясында  тиісті  түсіндірме  жұмыстары 

жүргізілген. 

Сала 


мамандары 

өз 


жұмыстарын  атқарып  жатыр.  Сандар- 

ды да түрліше сөйлетеді.  Ал үйдегі бала- 

мен еркін дидарласу, олардың нені ойлап 

жүргенін  біліп,  мұқтаждықтарына жауап 

беру  ата-анаға  да  байланысты.  Балалар 

қуаныш  пен  шаттықта өмір  сүрсін  десек 

қоғам болып назар аударуымыз керек.

ОТАУ  Қ¥РУ  -   ЖАУАПКЕРШІЛІК  ПЕН  ТҮСІНІСТІКТІ,  СЫЙЛАСТЫҚ  ПЕН  КЕШІРІМДІЛІКТІ,  ПАРЫЗ  БЕН 

МІНДЕТТІ  ҚАЖЕТ ЕТЕДІ.  КЕШЕ ҒАНА ӨЗІМІЗ БАҚЫТТЫ СӘТІНЕ КУӘ БОЛЫП, ТОЙЫНА ЖАҚСЫ ТІЛЕКТЕР 

АЙТЫП,  ҚУАНЫШТАРЫН  КӨПШІЛІКПЕН  БӨЛІСКЕН ЖАС ЖҰБАЙЛАРДЫҢ  КӨП  УАҚЫТ  ӨТПЕЙ-АҚ АЖЫ- 

РАСЫП  КЕТІП ЖАТҚАНЫ ҮЙРЕНШІКТІ ЖАҒДАЙҒА АЙНАЛУДА.

ҮЙЛЕНУ  ДЕ,  ҮЙ  БОЛУ ДА  Қ Ш Н



А. 

қ а р ж а у б а и қ ы з ы

Қазіргі күні елімізде 

түйткілді мәселелердің бірі де 

осы ажырасу.  Қайда барсақ 

та,  кімді көрсек те «кеше 

үйленіп еді ғой, бір жылға 

жетпей ажырасып кетіпті», 

«пәленшенің қызы ажырасып, 

үйіне баласымен қайтып келіп 

отыр»  деген сөздерді жиі 

естиміз.  Статистика бойынша 

елімізде отбасын құрған төрт 

некенің біреуі  ажырасып 

жатады.  Келешек  ұрпақтың 

қамын ойласақ,  қазірден 

бастап ажырасудың салдарын 

жою керек.  Ел іргесіне сызат 

түсіретін бұл жағдайдың 

зардабы да көп. Ең  бастысы 

баланы әкесіз немесе анасыз 

қалдырады.  Ал әке-шешесіз 

өскен жас ұрпақтың кейінгі 

тағдыры не болмақ?  Өкінішке 

орай,  шаңырақ көтеруге 

бел буған  жастардың көбі 

жауапкершілікке немқұрайлы 

қарайды.  Жас жұбайлар бір- 

бірімен тіл табыса алмай, 

жұптары жараспай жатады.

Негізі қай жаста үйленген 

дұрыс?  Әлде асығудың кере- 

гі жоқ па?  Осы мәселені 

американдық психолог Брунер 

Александр зерттей келе, 26-30

жаста үйленген дұрыс деген 

болжам жасайды.  «Неге?» 

десеңіз,  сол жасқа дейін адам, 

оң-солын танып,  өмірге сергек 

көзқараспен қарауды үйренеді 

екен.  “Жастардың ерте үйленіп 

алып,  материалдық қиыншы- 

лықтарға шыдас бере алмауы 

да әбден мүмкін” - дейді ол.  Ал 

неміс ғалымы Лерш Филиптің 

ойы басқа.  Жастардың ерте 

отау  құрғаны мақтауға лайық 

қадам екен.  Себебі жастардың 

өмірдің қиыншылығы 

мен қайғысын бірге көріп, 

бөлісуі,  бір-біріне деген 

сүйіспеншілігін арттырады 

екен. Бұндай отбасы мүшелері, 

байлықтың қадірін біліп, 

жоқшылыққа мойымайтын 

қасиетті  өздерінде осылайша 

қалыптастырады екен.  Ал 

Ұлыбританияның беделді 

басылымы The Economist 

жариялаған соңғы «Әлем 

статистикасында» Қазақстан 

ажырасудан  10-орында тұр. 

Мұндағы дерек бойынша,  мың 

адамға шаққанда Қазақстандағы 

ажырасу көрсеткіші -  2,7.

Бірақ еліміз үйлену жағынан да 

алдыңғы ондықтың ішінде, яғни 

9-орында.

Халқымыз «Үйлену оңай, 

үй болу қиын»,  - десе,  қазіргі 

кезде үйлену де оңай емес. 

Үйлену де арзанға түспейді. 

Бетті ашып, кішігірім той 

жасауға көпшілік намыстанады. 

Қарызданып той жасаса да 

ешкімнен қалыспау керек. 

Үйлену тек жалғыз тоймен 

аяқталатын дүние еместігін 

түсінсе игі.  Десе де, «үйлену» 

деген мәселеге жастар жағы 

асқан бір жауапкершілікпен 

қарап,  өмірдегі маңызды 

қадамды мың ойланып, жүз 

толғанып барып жасаса екен. 

Отбасын сақтайтын махаббат 

емес,  сүйіспеншілік пен 

мейірімділік.  Бұл қос сезім үйге 

тыныштық пен жан рахатын 

ұялатады. Жауапкершілік ерлі- 

зайыптылардың иығына теңдей 

жүктелетін міндет.  Десе де, 

әйел затына жауапкершіліктің 

басым бөлігі тиетіні белгілі. 

Өйткені, әйел -  күйеуінің игі 

ісіне жәрдемші, перзенттерінің 

анасы екенін сезінуі қажет.

Ертеде отау құру 

мәселесінде ата-ана шешім 

қабылдайтын.  Бесікте жатқан 

сәбиді  аттастырып қоятын. Қыз 

бен жігіт бір-бірін танымаса

да, құда түсіп келген руға 

көңілі ауса қыздарын көп 

ойланбастан ұзатқан.  Сол 

кезде  қазақта ажырасу деген 

атымен болмаған.  Өзінің 

некелі  әйелі тұрмақ,  жесірін де 

қаңғытпайтын еді,  кіндігінен 

тараған балалары тұрмақ, 

жетімін де жылатпайтын 

еді.  Басқасын айтпағанда, 

кешегі Кеңес кезінде де 

ажырасу аз болатын, отбасын

тастап,  өзгемен көңіл қосу  ар 

саналатын.  Қазір бәрі  басқаша. 

Арада сәл келіспеушілік 

туындаса, «маған қыз жоқ 

па, тағы үйленермін, маған 

жігіт жоқ па табылады тағы 

да күйеуге тиермін» деген 

ой басым тұрады.  Оған қоса 

ата-анада «ішіме сыйған қыз 

сыртыма да сыяды» деп қолдау 

көрсетіп отырса ажырасу 

қайдан азайсын?



№ 34 (156) 25 ТАМЫЗ, БЕЙСЕНБІ,  2016 ЖЫЛ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет