Мен сенің өміріңнің жалғасымын Құндылығы: Сүйіспеншілік



Дата07.01.2022
өлшемі2,24 Mb.
#18336
Байланысты:
10 сынып 19 сабақ

Мен сенің өміріңнің жалғасымын 

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Отбасындағы сүйіспеншілік, жанашырлық, бауырмалдық

Мақсаты: Оқушыларға ата – ананың қадірі туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.   Міндеттері:  Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.  Тәрбиелік: Оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу

5Т ережесі 

  • Тәртіп.
  • Талап. 
  • Тыныштық.
  • Тазалық.
  • Татулық.

Үй тапсырмасын тексеру 

 №19, «Ұлыма хат» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар: 

Автор өзінің әкесін неліктен шамшыраққа ұқсатады? 

Автордың «Қазір ойлап қарасам, әкем өз отбасына ғана емес, бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» деп аталатын пәннен мықтап дәріс беріп кеткен екен» деген сөздерінен не ұқтыңыз? 

Автордың әкесінің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз?

Әкесі неліктен әрқашан айналасына көмек көрсетуге дайын болды?  

«Өмір аспанында өз қанатымен ұша алатын қыран екеніңді балапан кезіңде көрсет» деген тұжырымға өз өміріңізден мысал келтіре аласыз ба? Алған асуларыңыз, шыққан биігіңіз қандай? Қалай жеттіңіз? Кімге (неге) сүйендіңіз? 

Қыран құс туралы аңыздан өзіңіз қандай ой түйдіңіз? 

Адам мақсатына қол жеткізуі үшін не істеуі керек? 

Сіз ата-анаңызға қалай көмектесесіз? Нақты мысал келтіріп, сыныптастарыңызбен ойыңызды бөлісіңіз

Дәйексөз 

Ата-ананың қадірін білмеген – ел қадірін біле алмас.    

Бауыржан Момышұлы 

Мұғалім сыйы 

Б. Момышұлы.

  • Атасы немересіне не себепті риза болды?
  • Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Сендер өз әдептіліктеріңді қалай көрсетесіңдер? 
  • Өзіңнің ризашылық алған кездерің туралы әңгімелеп бер

Шығармашылық жұмыс 

Тапсырма. Төменде берілген қанатты сөздермен танысып, бүгінгі күні сіз үшін қайсысы өзекті екендігін айтыңыз. Ойыңызды нақты мысалмен дәйектеңіз. 

• Сен адамның ізгілікті қасиетін бағала,  Жақсы киім, жалған жүзді жүрісіне қарама. Насыр Хұсырау 

• Ұлым, босаға қанша биік болса да – табалдырықтан еңкейіп,  басыңды  иіп атта. Халық даналығы 

• Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйінерге жарар ол. Абай 

• Жігіт қадірі өнерімен өлшенер болар. Мұхтар Әуезов 

• Ата – кәрі тәжірибе, бұрнағы күн. Әке – кеше мен бүгін. Бала – бүгін мен ертеңгі күн. Немере – қалыс. Тіршілік еш нәрсені ұмытпаған. Ғабит Мүсірепов 

• Біз өз отбасымызға өзіміз қонақ екенімізді ұмытуға әсте болмайды. Халық даналығы 

Әке даңқын асырғың келсе, әкеден асып кетуге асық. Халық даналығы 

• Ата-анасын налытқан32, кім екендігін танытқан. Халық даналығы 

• Ұл мен қыздың шын еркіндігі тыңдай білер балалардан шығады. Василий Сухомлинский  

Үй тапсырмасы. 1. №19 – сабақ. Отбасы туралы мақал – мәтелдер жазып келу 2. Келесі сабақ. №20, «Бақ туралы аңыз» мәтінін оқып келу

Назарларыңызға рақмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет