Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде


Сурет-22. Мұғалімнің инновациялық даярлығының диагностикасы



бет46/58
Дата18.10.2023
өлшемі469,55 Kb.
#118123
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58
Байланысты:
Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ер-emirsaba.org

Сурет-22. Мұғалімнің инновациялық даярлығының диагностикасы
Педагогикалық процеске жаңалықты енгізгеннен кейінгі соңғы кезеңінде мұғалім өзі қолданған педагогикалық технологияның жетістіктері мен кемшіліктерін айқындай алады, инновациялық іс-әрекеттің өрбуіне кедергі болған факторларды анықтайды, оларға диагностикалық сараптама жасайды. Бұл кезең мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің шығармашылық деңгейіне сәйкес келеді. Шығармашылық деңгей мұғалімнің инновациялық даярлығының жоғары сатылы нәтижелігімен сипатталады. Мұғалімнің инновациялық іс- әрекетінде шығармашылық белсенділік, ізденістер орын алады.
Инновациялық іс-әрекет нәтижесінде мұғалім инновациялық процесті ұйымдастырушы ортаның әсерін бағалап, инновациялық процеске әсер еткен ішкі және сыртқы факторларды анықтайды.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыруда төмендегідей педагогикалық принциптерді басшылыққа алған жөн:
  1. таңдаған (жаңа) әдістің оқыту заңдылықтарына сәйкестігі;


  2. жаңа әдістің оқытудың дидактикалық мақсат- міндеттеріне сәйкестігі;


  3. жаңа әдістің жеке оқушылардың дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі;


  4. таңдаған әдістің мектептің материалдық-техникалық базасына сәйкестігі;


  5. жаңа әдістің мұғалімнің әдістемелік мүмкіндігіне сәйкестігі және т.б.


Жобалау технологиясы негізіне Дьюи, Торндайк, Лай сынды американдық ғалымдардың идеялары алынған:


  1. бала өзі таңдаған іс-әрекетті үлкен қызығушылықпен орындайды;


  2. іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды;


  3. балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу;


  4. шынайы оқыту ешқашанда біржақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтер де өте маңызды.


Жобалап оқыту жүйесін қалаушылардың негізгі ұраны: “Барлығы өмірден барлығы өмір үшін”. К.Фрей өзінің “Жобалау әдісі” деген кітабында жобалау әдісінің 17 айрықша белгілерін атап көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет