Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде


Тақырып 12 Педагогикалық қарым қатынас және басқару этикасы



бет54/58
Дата18.10.2023
өлшемі469,55 Kb.
#118123
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ер-emirsaba.org

Тақырып 12 Педагогикалық қарым қатынас және басқару этикасы


Мақсаты: Басқару этикасы, мəдениеті, стилі мен əдістерін анықтау.
НегізгіU ұғымдар: этика, кəсіби этика, басқару стилі, басқару мəдениеті, этика ережелері
Жоспары :
  1. Басқару этикасы, ережелері


  2. Басқару стилі, қалыптасуы


  3. Басқару стилдеріне сипаттама




Басқару этикасы жəне стилдері.
Этика (грек тілінен аударғанда мінез-құлық, əдет)- адамгершілік пен моралды зерттейтін пəн. Кəсіби этика-белгілі бір кəсіппкен айналысатын адамдарға қажетті мінез-құлық нормаларын қарастырады. Кəсіби мораль нормалары- басқарушылық бастамалары, ережелері, үлгі, эталондары, этикалық-ізгілік идеалдар негізіндегі жеке тұлғаның ішкі өзін-өзі реттеу тəртібі. [15] ХХ ғ. белгілі менеджері Ли Якокка «Басқару- ортақ мақсатқа жету үшін адамдарды біріккен еңбекке бағыттау» деп басқарушылық саладағы маманның адамдарды басқара білуінің маңыздылығын көрсетеді.
Басқару этикасы дегеніміз- кез келген басқару жағдайындағы басшының мінез-құлығын анықтайтын адамгершілік нормалар жүйесі;адамдардың ар-ұятын сақтай отырып ұйымдағы адамдарды басқару мəдениеті;этикалық білімдер жүйесі: ережелер, қағидалар, ар-ұят кодексі, басқарушы мен қызметкерлер арасындағы өзара түсіністік қатынастар,басқару қағидаттары мен адамгершілік нормалардың бірлігі;тиімді басқару сапасы;Басқару этикасы (ағылш. ethics of power) - билік етушінің мораль мен адамгершілік нормаларын сақтауы. Басқару этикасы билік жүйесінде мораль мəселелерімен айналысады, билікке адамгершілік мінез-құлық қажеттілігін теориялық тұрғыдан негіздейді, билік тəжірибесіне қажетті нұсқаулар береді.[15] Басқару этикасы менеджерден жалпыадамзаттық мінез-құлық нормаларын, мəдени дəстүрлерді, кəсіби этика нормаларын сақтауды талап етеді. Басқару этикасы басшылық пен қызметкерлердің арасындағы өзара қарым-қатынас мəдениетін қарастыра отырып, ізгілік, толеранттылық, кəсібилік, заңдылық, əділдік, жауапкершілік, демократиялық, өзара сыйластық, ар-ұят, парыз, құрмет, ұжымдық серіктестік, тəртіптілік ұстанымдарынанегізделеді.Басқару этикасының қағидалары басшыны мінезқұлықтың əмбебап нормаларын, мəдени дəстүрлердң, сондай-ақ корпоративтік жəне кəсіби ар-намыс кодексін, жалпы этика нормаларын бақылауға міндеттейді. Басқару этикасы менеджерлер мен бағыныштылардың
арасындағы қарым-қатынас мəдениетін қамтиды.[16] Басшыға қажетті басқару этикасы ережелері:
  1. əр қызметкердің ар-ұятын сақтау;


  2. қызметкерлердің қажеттіліктерін, арман-мұраттарын білу;


  3. адамдардың сенімін жаулап алу жəне қарым-қатынаста əділетті болу;


  4. адамдардың интеллектуалды мүмкіндіктерін еңбек мақсатында тиімді қолдану;


  5. кəсіби өзін-өзі жетілдіруде басқаларға үлгі болу;


  6. сөйлеу мəдениеті талаптарын сақтау, өз сөзіне, ісіне берік болу, өзін-өзі ұстау, басқара білу техникасын меңгеру, адамдарды тыңдап, түсіне білу;


  7. қайырымды,шынайы, шыншыл болу, əзілді оңтайлы қолдана білу;


  8. көшбасшылық сапаларды меңгеру;


  9. тұлға, топ, педагогикалық ұжым арасындағы өзара қарым-қатынастың тəртіп нормаларын білу;


  10. жоғары педагогикалық мəдениеттілік сапаларын меңгеру;


Қазіргі білім берудегі жаңашылдық білім беру мекемесі басшысынан жаңа мораль мен адамгершілік нормаларды талап етеді, олар: адамдарды тіліне, түріне, жынысына, ұлтына қарап бөлмеу; адамдарды еңбегіне жəне жеке басының қасиеттеріне қарап бағалау;зейнеткерлерге құрметпен қарау; оқу орнындағы тазалық пен тəртіпке тырысушылық; өзінің имиджін сақтау


(сыртқы тартымдылығы);
Этика нормаларының бұзылуы мынадай көріністерден көрінуі мүмкін: ғылым, білім, басқа адамдардың тəжірибесін құрметтемеу, басқаның пікірін сыйламау, қоғамдық тəртіп ережелерін бұзу, басқа адамның сыртынан сөйлеу, өзін-өзі ұстай алмау, өрескелдік əрекеттерге жол беру, намысқа тиетін сөздер айту, айғайлау, ұрысу, өз пікірін қызметкерлерге міндеттеу, олардың айтқан пікірлерін елемеу, басқа адамдарға деген сенімсіз көзқарас, əкімшілік əдістерді шектен тыс қолдану,қызметкерлерді шеттету, адамдардың істеген істерін ұнатпау, қызметкерлерге қолдау көрсетпеу, марапаттауға «сараңдық» таныту; т.б. Мектеп басшысы педагогикалық ұжыммен қарым-қатынаста: əдепті, шыдамды, əділ, талапшыл, жылы жүзді, қамқор, жинақы, ұқыпты жəне жұмыс істеуге жайлы психологиялық ортаны туғызатындай болуы тиіс. Басшы басқару мен өзін-өзі басқарудың əлеумет қабылдаған тиімді əдістері мен құралдары жайлы білімді меңгеруі тиіс.[17]
Басқарудың дұрыс стилін тандай білу əлеуметтік-психологиялық проблеманың ең актуалдысы. Басқару қызметіндегі əрбір басшы тек өзіне ғана тəн стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару функциясын жүзеге асыруда стильге ерекшс мəн беріледі.
Қазіргі кезде стильді басшының басқару функциясын тиімді орындау мақсатында қарамағындағыларға ықпал етуі бойынша бағалайды. Басшы жұмысының стилі — оның басқару үрдісінде пайдаланатын тəсілдердің, амалдардың жəне іс-əрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі — бұл, шешім қабылдау жəне қызметкерлерге тапсырма беру əдісі. Басқару тəсілі — басқару ісін жүзеге асырудың əдістері (амалдары), ұжымға мақсатты ыкпал ету, басқару функциясын орындау үрдісінде олардың іс-əрскеттерін үйлестіруді қамтамасыз ету.Басшының дербес жəне жалпы стилі болады. Əрбір басшының дербес стилі бар, ол оның іс-əрекетінде көрініп, басқару аппаратының жəне бүкіл ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді. Дербес стиль нақты құбылыс — оны түгелдей, егжей-тегжейлі қайталауға болмайды. Басшының дербес стилі, іс-əрекет сипаты, басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс,психологиялык қасиеті, орындау тəртібінің жағдайы сияқты алуан түрлі объективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады, ұжымның ықпал ету нəтижесінде үнемі жетілдіріліп отырады. Стилдің қалыптасуы — бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсатты процесс. Əрбір басшы өзінде жəне өзінің қарамағындағыларда алуан сипатта тексерілген тəсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.
Басшының дербестігі істеген ісіне қарай емес, қалай істейтіндігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бір мəселенің өзін алуан түрлі тəсілдермен, өзінше шешеді.
Стиль дегеніміз əлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден онда басшының көзқарасы мен сенімі бейнеленеді, екіншіден, ол түптен келгенде жүйенің қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нəтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі оның қарамағындағылардың ұдайы назарында болып, олар мұны өзінше бағалап, өзінше қабылдайды. Əдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені , ұжым мүшелері ,оның жүріс-тұрысына, ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі-өнеге алуға, үйренуге талаптанады. .
Басшыға ұжымның барлық мүшелерін қанағаттандыратын жұмыс стилін қалыптастыру оңайға түспейді. Бағыныштыларына ықпал етудің кейбір амалдары алуан түрлі бағалануы мүмкін. Егер бір басшы оларға сенім көрсету арқылы ықпал ететін болса, екіншісі: «тиістісің», «міндеттісің» секілді қағиданы басшылыққа алады. Кейбір басшылар бағыныштыларына қатаң тəртіп орнатып, оларды өзінен «аулақ ұстайды» да, ұсақ түйек мəселеге дейін өзі шешеді. Енді бір басшылардың есігі əрқашанда ашық, оған кез келген мəселе туралы пікірлесуге, ұсыныс айтуға болады.
Басқару стилінің типі түбелікті қалыптаспаған, сондықтан да отандық жəне шет елдік əдебиеттерде оның өзі түрліше жіктеледі.
Мəселен, X. Кох (Германия) басшы стилін былайша бөледі:
  1. Бір жақты автократтық стиль;


  2. Билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі;


3 Өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне біркелкі катыса отырып басқару стилі;


  1. Парламенттік сипаттағы басқару стилі;


  2. Бағыныштылар негізінен дербес, жоғарғы басшылардың тікелей қатысуынсыз-ақ əрекет ететін басқару стилі.


Автократтық жəне парламентарлық стильдер қолайсыз деп сапалады, өйткені алғашқысында бағыныштылар тарапынан ешкандай дербестік болмайды, ал екіншісінде жұмыс жоспарсыз жүргізіліп, бағыныштылар мүлде дербес, əрекет етеді.


Ең қолайлысы кооперативтік стиль— «жақсы ынтымақтастық», «ұйымдасып əрскет ету», қиын-қыстау жағдайда өзара бірлесе, ынтымақтаса отырып күш біріктіру. Басшы жұмыскерлерді мүқият тыңдайды, олардың ұсыныс, пікірлерін ескереді, нақты міндеттер қойып, шешімді жоспарлайды жəне қабылдайды. Мұндай стильде қойылған міндеттер іскерлікпен орындалады, өйткені дəл осындай жағдайда қызметкерлер өзін іске қатыстымын деп есептейді.
АҚШ-та мынадай стильдер белгілі (басқару жүйесі деп аталады):
1.Функцияны беру стилі;
  1. Міндетті бөлісіп басқару;


  2. Ерекшелеу тəсілімен басқару;


  3. Жүйені ретке келтіру арқылы басқару.


а) «Функцияны беру стилі» əрбір қызметкерге, өзі басқара алатын нақты істі тапсыруды көздейді. Бұл қызметкер өзіне бекітілген іске толық жауап береді, ал оның бастығы басқару жауапкершілігін саналы түрде шектейді.


б) «Міндетті бөлісіп басқару жүйесінде» басшы мен бағыныштылар алдағы міндеттерді бірлесіп қарастырады да, əрбір адамның міндет аясы белгіленіп, нəтижесіне орай жауапкершілігі айқындалады
в) «Ерекшелеу тəсілімен басқаруда» басшының міндеті өз қызмекерлерінің мүмкіндікті тиімді пайдалануына қолайлы жағдай тұғызу болып саналады. Төменгі лауазымдағы қызметкерлер белгіленген сңбек нормасына жəне жұмыс нəтижесін бағалау критерийіне сəйкес көмек қажеттігін хабарлайды, ал көмек қажет бола қалса, қай уақытта екендігін мəлімдейді.
д) «Жүйені ретке келтіру арқылы басқаруда» белгіленген тəртіпті қатаң
басшылыққа алу, жұмыс процестері мен еңбек тəсілдерінің шаруашылықзкономикалық қызметін жеңілдету көзделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет