Мектепті басқарудағы әдіснамалық тәсілдер (жүйелі, гуманитарлы, құзыретті, адамға бағытталған және т.б.). Орта білім беру мекемелеріндегі оқушылардың оқу-танымдық процестерін оқытушымен басқару проблемасын жақсартудың бірден-бір шарты олардың жете білушілігі мен оқытушыға лайықты кәсіби шеберліктермен қамтамасыз ету.
Педагогикалық қызметтегі менеджмент:
мұғалімнің оқу мақсаттарын, тәрбилеудің және олардың
диалектикалық өзара байланыста және бірлікте дамуын шеше білу;
оқушылардың жас, дара және психологиялық ерекшеліктерін есепке
алу;
демократиялық негізде оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатынас
құра білу;
дарынды, талантты балармен жүйелі жұмыс жасау;
оқыту барысында теория мен тәжірибені біріктіре білу;
инновациялық педагогикалық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу, пайдалану, тарату;
өз іс-тәжірибесінде инновациялық технологияны тиімді пайдалана алуы;
«еңбек қаруын» ( сөз құдыретін ) ұтымды пайдалана алуы;
сыни ойлай білу және айқын белсенді позицияны ұстану, креативті
бола білу;
ұдайы кәсіби біліктілігін жетілдіруі (4-сурет).
Сурет-4. Педагогикалық менеджменттің мәні
Әрбір білім беру мекемесі мен білім бері жүйесі қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі бүтіндей алғанда басқаруға байланысты болып табылады (білімді дамыту туралы қабылдаған міндеттерді орындауға тұрақты түрде әсер ету). Отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектерінде басқаруға төмендегідей анықтама беріледі: «Басқару дегеніміз – бұл алдын-ала көрегендік, ұйымдастыра білу, бұйрық беру, үйлестіру және бақылау».
«Менеджер» түсінігі, ең алдымен жаңа үлгідегі басшымен астастырылады, оның басты белгісі – базалық кәсіби басқару білімінің болатындығы ( 5-сурет).
Білім беру мекемелерін басқару дегеніміз – бұл әркім жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, бұл ғылыми білім саласы, оны игеру керек, табиғи бейімділік, талант және көшбасшылық қасиет керек.