Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде


Сурет - 5. Білім беру жүйесіндегі менеджер



бет18/56
Дата11.11.2022
өлшемі3,35 Mb.
#49434
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
Байланысты:
darister

Сурет - 5. Білім беру жүйесіндегі менеджер


Педагогикалық менеджменттің жалпы қызметтері:

  1. Жоспарлау – бұл басқару процесінің алғашқы кезеңі. Бұл кезеңде іс қызметтің мақсаты, оған қажетті қаражат, басқа да қадамдар, сонымен бірге нақты жағдайдағы ең тиімді әдіс -тәсілдер нақтыланады.

  2. Ұйымдастыру – бұл ұйымның құрылымын қалыптастыру кезеңі, ұжымның бірқалыпты тиімді жұмыс жасауын барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз ету.

  3. Мотивация – бұл іс-әрекет, қызмет. Оның мақсаты – ұжым мүшелерінің жұмысын жандандыру, оларда мақсатқа жетуге деген ынта тудыру.

  4. Бақылау – бұл басқару қызметі, оның негізгі мақсаты жұмыс, еңбек нәтижесінің сапасы, сан жағынан бағалау және олардың есебін жүргізу (6сурет).



Сурет-6. Менеджменттің жалпы қызметтері


Қазіргі білім беру мекемесінің басшысы – бұл тек қызмет қана емес, сонымен қатар мамандық, өйткені бұл қызмет мамандықтың қажетті барлық белгілеріне ие: жетекші айналысу қызметі, арнайы білімді қажет етеді, біліктілікті және бейімділікті, арнайы тұлғалық және кәсіби қасиеттерді қажет етеді.

Басқарудың негізгі қызметтері


Басқару іс-әрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:

  • мақсаттарды айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге әр кезеңнің соңғы нәтижесін болжап, ой-санада нақтылау);

  • жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша алыс болашақ пен әр жылға жоспар түзу);

  • ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру, бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру);

  • реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында әрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру);

  • ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың әлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау және мадақтау);

  • бағалау (талдау және жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру);



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет