Тұлғалық ынталандыру принципі. Мұғалімнің, оқушының әрбір ісәрекеті ынталандыру қажет. Себебі мұғалімге әрі материалдық, әрі моральдық жағынан ынталандыру ауадай қажет. Мұғалім өз еңбегінің әділ бағалауын көргенде оның жұмысқа деген көзқарасы, ынтасы, талпынысы артады. Мұғалім жұмысты ерекше ыждахатпен істейді, табысты еңбек етуге тырысады. Мұғалімді ынталандыру принципі – сапаға жетудің бірден бір құралы.
Мұғалімдерді ынталандыру түрлері: ауызша алғыс жариялау; еңбек кітапшасына ендірлетіндей жазбаша түрде алғыс жариялау; алғыс хат, мақтау қағаздары, дипломдармен марапаттау; бағалы сыйлықтар беру; ақшалай сыйлықтар беру; ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақтау грамотасымен, арнайы төс белгілерімен марапаттау; демалуға тегін, жеңілдетілген жолдамалар беру және т.б.(17-сурет).
Сурет-17. Мұғалімдерді ынталандыру түрлері Кәсіптік деңгейді дамыту принципi. ҚР Еңбек туралы Заңында әрбір жұмысшының апталық жұмыс уақыты 41 сағаттан аспауы керек. Ал, практика көрсетіп отырғандай, мұғалімдердің жұмыс уақыты 7-8 сағатқа дейін барады. Аптасына 55-56 сағатты құрайды. Мұғалімнің жұмыс уақытты көп жағдайларда 9-10 сағатты құрайды.
Кәсіптік деңгейді дамыту принципі.
1) Іс-әрекетті мақсат қоюдан баста! 2) Іс-әрекетті дұрыс жоспарла!
Іс-әрекетті дәл уақытында баста!
Іс-әрекетті дәл уақытында аяқта!
Іс-әректтің нәтижесін сарапта!
Іс-әрекеттің жетістігі мен кемшілігін көре ал!
Іс-әрекеттің жетістігін одан әрі дамыт!
Іс-әрекеттің кемшілігін жою, оған әсер еткен тұстарын анықтау.
Мұғалімнің әдістемелік деңгейінің өсуіне қолайлы жағдай туғыз!
Мұғалімнің ішкі әлеуетін толық пайдалан!
Мекеме өз қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бойынша жұмыстың жүйесін жасап, оны жүзеге асыруды білсе, әрбір қызметкерге өзін-өзі жетілдіруге жағдай жасауы керек. Мекемеге тек қана жақсы жұмысшылар ғана керек емес, оған өз білімін өзін-өзі жетілдіру арқылы өсетін жұмысшылар керек.