уақыты бойынша – күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық;
басқару қызметі бойынша – талдау, баға беру, құрастырушылық;
келіп түсу көздері бойынша – мектепішілік, ведомстволық;
мақсаты бойынша – өкімдік, ұсыныс, нұсқау-таныстыру және т.б.
Басқару жауапкершілігінің келесідей түрлері қалыптасқан: жалпы – қызметке орай жағдайларды жасау; белгілі қызметтік – нақты іс-әрекеттерге байланысты шарттарды түзу. Өкілеттік тапсырыстар лауазым иесінің атына емес, лауазымның өзіне байланысты беріледі (мысалы, мектеп директоры С.Қасымовқа емес, мектеп директорына (С.Қасымов) тапсырылсын).
Жеке адамдарға жүктелетін тапсырмалар – күнделікті шаруашылық; кешенді істерге дайындық; арнайы орындалатын іс-әрекеттер; жекеленген мәселелер. Жекелеп берілмейтін міндеттер: басшы қызметі; мақсатты айқындау; мектеп стратегиясына орай шешім қабылдау; нәтижеге бақылау салу; қызметкерлерге басшылық, оларды еңбекке ынталандыру; аса маңызды міндеттер; тәуекелдікті талап ететін жоғары дәрежелі тапсырыстар; тосын, қалыптан тыс іс-шаралар; түсіндіріп, қайта тексеріп жатуға мерзімі тығыз қауырт жұмыстар; жоғары сенімділікті қажет етуші қатқыл тапсырыстар.
Мұғалімге жеке тұрғыдан қарау принципi.Басқару принципі – қойылған мақсатқа жету үшін басшылыққа алынатын негізгі ереже, қағида. Мұғалімге жеке тұрғыдан қарау принципі – мұғалімді жеке тұлға ретінде тану:
Мұғалімге ешқашан дауыс көтермеу, олардың ар-намысына тимеу. Мұғалімдермен ұдайы іскер, ілтипатты қарым-қатынаста ұстау.
Жұмыс күші (мұғалімнің жұмыс уақыты біткенге дейін) мұғалімге ешқандай ескертулер жасамау, әсіресе сабақ барысында.
Сабаққа қатысқанда мұғалімнің жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне әділ баға беру.
Сабақты талдағанда ұдайы сабақтың жетістігінен, мұғалімнің қол жеткен табыстарынан бастаған жөн.
Ең алдымен мұғалімнің жетістігін айтып, соңында жіберген кемшіліктерді көрсеткен жөн.
Сабақты талдағанда, мұғалімнің жұмысына баға бергенде мұғалімнің жеке басының ерекшеліктерін (менез-құлқын, қабілеттерін) ескеру.
Сіздің айтар сөзіңіздің мұғалім жүрегіне қалай әсер ететінін алдын-ала болжай алу.
Мұғалімнің көңіл-күйіне, денсаулығына зиян келтірмейтіндей сөз жолдарын, әдіс-тәсіл, амалдарын іздестіру.
Мұғалімді толық, сөзінің соңына дейін тыңдап алуға тырыс.