Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде


Сурет-15. Педагогикалық менеджмент талаптары



бет31/56
Дата11.11.2022
өлшемі3,35 Mb.
#49434
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
Сурет-15. Педагогикалық менеджмент талаптары
Педагогикалық менеджменттің ынтымақтастық кағидасы:

  • мұғалімге жауапкершілік артумен бірге оның мектепшілік басқару ісіне және мектептің қоғамдық, өміріне араласу қажеттілігін ұғыну жағдайын жасау;

  • мұғалімнің жеке қасиеттерін білу әрі ескеру және олардың оқушыларға деген ізгілікті қатынастарын, құзыреттіліктерін, бастамашылықтары мен жауапкершіліктерін бағалау;

  • мектеп басшысы мен педагогикалық ұжымның бірлескен қызметініңнегізгі қағидасы – адамгершілік, саналы тәртіп, бастамашылдық, педагогикалык мақсатқа лайық жұмыс болуы тиіс. Ең алдымен, мұқият назар аудару, талдау, сараптау, сонан соң шешім қабылдау.

Ең бастысы, менеджердің қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі – педагогтерді біріктіре, жұмылдыра білу. Барлық қағидалардың мәні – мұғалімдердің кәсіби қызығуын қолдау, өз әрекетіне сенімділігін ояту. Ол үшін мұғалімдердің кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау, семинар, конференция, педагогикалық оқу-байқауларға қатысуға мүмкіндік беру керек.
Осындай жанашылдық ықпал үздіксіз өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін талап етеді.
Д.Карнегидің басқара білудің (әлеуметтік-психологиялық болып табылатын) 10 ережесін үнемі назарда ұстау қажет:

  1. Сұхбаттасқан адамдардын ерекшелігін ықыласпен мойындаңыз және мақтаудан бастаңыз.

  2. Кемшілікті жанама түрде көрсетіңіз. Тура сынау пайда келтірмейді.

  3. Алдымен өз қатеңіз туралы айтудан бастаңыз, сонан соң сұхбаттасушыны сынаңыз.

  4. Әнгімелесушіге бұйрық беруден бұрын сұрақ қойыңыз.

  5. Адамға өз жетістіктерін қорғауға мүмкіндік беріңіз.

  6. Мақтауға сараң болмаңыз.

  7. Адамның үмітін ақтау және сақтау үшін мүмкіндік туғызыңыз.

  8. Мадақтаңыз. Кемшілікті оңай түзетуге болатындай, ол қиындық келтірмейтіндей үміт туғызыңыз.

  9. Өз қалауынша, адам қызығушылықпен орындайтын күйге қол жеткізіңіз.

  10. Адамның өз бейнесін сақтауға мүмкіндік беріңіз (16-сурет).

Д.Карнегидің ұсынып отырған ережесі басшының қарауындағы адамға сыйластықпен қарауға үйретеді. Менеджменттік басқару әдісінде жеке тұлғаға сенімділікпен қарау негізі қаланған. Менеджменттің басты мақсаты – жетістік. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш. Осы менеджменттік басқару арқылы педагогикалық қызметтің сапалы нәтижесі үшін атқарылған жұмыстың жемісін көруге болады. Басқарудың педагогикалық менеджмент негіздерін меңгере отырып, кез келген деңгейдегі педагогтердің біліктілігін көтерудегі негізгі міндет – әдістемелік сауаттылықты меңгере алуы (ағартушылық,құзырлылық, зерттеушілік мәдениеті).
Педагогикалық менеджмент мектеп басшысы мен мұғалімдердің құзырлылық пен белсенділігін және өзін дамыту үшін жағдай туғызудағы дамытушылықты басқару болып табылады.
Білім берудің қоғамдық сипаты бірқатар белгілермен анықталады. Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – мектеп кеңесі. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет