жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасау болып табылады.
Жобалап оқытудың бастапқы теориялық ұстанымдары:басты назар- оқушыда, оның шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал ету; оқыту процесі оқу пәнінің логикасына сай емес, оқушы үшін жеке мәні бар іс-әрекет логикасына сай құрылады, бұл оның оқуға деген ынтасын арттырады; жоба жасаудағы жеке жұмыс қарқыны әр оқушының өз даму деңгейіне шығуын қамтамасыз етеді.
Осы жоғарыда аталған педагогикалық талаптар орындалған жағдайда мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті оң нәтиже берері анық. Сондықтан мектептің оқу-тәрбие процесіне инновациялық педагогикалық технологияны ендірудің алғы шарты мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру болып табылады.
«Жүйе»түсінігініңанықтамасыжәнеоныңнегізгіқасиеттерінесипаттама(тұтастықжәнебөлінушілік,тұрақтықарым-қатынасболуы(эмердженттік),синергетикалық,мультипликативтік). Қазіргі кезеңде мектепті басқару педагогикалық құндылықтары басшылыққа алады. Басқару қызметі процесінде менеджер басқарудың жаңа теориясы мен тұжырымдамасын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Ал практикалық қызмет барысында олардың қаншалықты маңыздылығына баға беріледі. Қазіргі кезде басқару тиімділігін арттыруда білім, идея, тұжырымдама сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда.
Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан:
білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзін тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару және бағалау;
құндылық білімдер басқару саласындағы мектептің мәні мен маңызын ашады;
құндылықтар басқару қызметке реттеушілік сипат береді.
Құндылық-қатынастар педагогикалық жүйеге қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың педагогикалық ұжымдағы және тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады.
Құндылық сапалар басқарудың субъективтілігі ретінде басқарушы- менеджердің дербестік, тұлғалық, өзара қарым-қатынастық қасиеттерінің көптүрлілігінің мәнін ашады. Ол сапалар басшының өз қызметін болжап, оның салдарын алдын ала көре білу қабілеті, өз әрекеті мен мақсатын өзгелердің әрекетімен, мақсатымен салыстыра білу қабілеті, ынтымақтастыру және бірлесе басқару қабілетінен көрінеді.
Мектеп басшысының басқару мәдениетінің тұлғалық шығармашылық компоненті педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық іс-әрекет ретінде қарастыруы арқылы ашылады. Басқару қызметінде мектеп директоры тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде өзін-өзі танытады.