Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде


Сурет -19. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру мазмұны



бет44/56
Дата11.11.2022
өлшемі3,35 Mb.
#49434
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56
Байланысты:
darister

Сурет -19. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру мазмұны

Оған педагогтің бүкіл өмірінің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы, оның ішінде балаларға, өз ісіне деген сүйіспеншілігі (бейімділік); өз еңбегінің жиынтық мотивациясы (әлеуметтік және жеке мәртебе); өз еңбегінің жоғары



бағасы (бедел және өз мамандығына деген сыйластық); өзін тұлға және қоғамдық тәрбиедегі алға басушы ретінде дамытуды есепке ала отырып, үздіксіз кәсіби жетістікке деген мұқтаждық (кәсіби жауапкершілік пен парызға деген сезім).
Осы айтылғандардан инновацияны төмендегідей факторлармен байланыста қарауға болады:

  • мектеп басшыларының шығармашылық әлеуеті, мұғалімнің жаңа техно– логиялар мен оқытудағы инновациялық іс-әрекеттері;

  • инновацияның нәтижесін кешенді бағдарлама мен жоспарларда ғана көрсетіп қоймай, оны қабылдаушы ортаның ықпалын анықтау;

  • бағдар мен жоспарлауға қосымша кеңес беру, баламалық нұсқаулар әзірлеу, өз мерзімінде түзету жасап отыру. Бұл фактор маңыздылығы: кез- келген жаңалық барлық уақытта тиімді нәтиже көрсете бермейді. Сондықтан, инновациялық іс-әрекетте егер жаңалық сәтсіздікке ұшыратар болса, оны тез арада ретке келтіру шараларын ойластыру қажет;

  • әлеуметтік-экономикалық орта. Инновациялық іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік қамсыздану кепілдігі болуы шарт (20-сурет).


Сыртқы факторлар






Сурет -20. Оқу-тәрбие процесіндегі инновациялық іс-әрекет

Жеке мұғалімдердің іс-тәжірибесіне қатысты алынған мәліметтерді, нәтижелерді көпшілік қауымның, бүкіл педагогикалық ұжымның шығармашылық инновациялық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын жасауға пайдалануға болады.


Жаңалық, жаңашылдық және жаңалықты ендіру: дамудың ерекшеліктері мен кезеңдері. Жаңалықты басқарудағы тиімді технологиялар (модерация, жобалау және т.б.)
Ғалымдардың зерттеулері бойынша инновациялық іс-әрекет диагностикасы 3 кезеңде өтеді:

  • жаңалықты ендіруге дейінгі кезең: мұғалімнің зерттелетін (ендірілетін жаңалыққа кәсіби дайындық деңгейі);

  • инновациялық іс-әрекетті жүргізу уақыты (зерттеу экспериментін қою кезінде мұғалімнің жеке түзетулері);

  • жаңалықты ендіруден кейінгі кезең: эксперимент гипотезасы мен алынған нәтижелерді салыстыру.

Инновациялық процестің осы кезеңдеріне байланысты инновациялық іс- әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде: мұғалім жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты тандап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды. Содан кейін, мұғалім инновациялық іс- әрекеттің екінші кезеңіне өтеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде мұғалім оқу-тәрбие процесіне жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты енгізу уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды жүргізеді. Кейбір жағдайларда енгізген жаңалықтар іс-әрекеттің бұрынғы жақтарына сүйене отырып, енгізілуі мүмкін. Бұл кезеңде мұғалім өз іс-әрекетін талдау арқылы міндетті түрде бағалап және қажетті өзгерістер енгізіп отырады. Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін, инновациялық іс-әрекеттің үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде мұғалім жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған, оқу-тәрбие жұмысына талдау жасайды, оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу-тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті 3 кезеңнен өтеді: жаңалық енгізуге дейінгі алғашқы кезең; инновациялық іс-әрекеттің жүру кезеңі; педагогикалық процеске жаңалықты енгізгеннен кейінгі соңғы кезең (21-сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет