білімберупроцесініңтиімділігінқамтамасызететінжаңашылдық –білім берудің жаңа мазмұны, инновациялық білім беру ортасы, мәдени-әлеуметтік жағдай және т.б.;
жаңаөнімдер,жаңатуындылар,жаңаидеяларәкелетінжаңашылдық – педагогикалық құрал, білім берудің технологиялық жобалары және т.б.;
ұйымдастыру-басқарушылық бағытындағыжаңашылдық – білім беру жүйесі құрылымындағы сапалы жаңа шешімдер және олардың қызметін қамтамасыз ететін басқарушылық іс-әрекеттер.
Инновациялық процесс – жаңаны құру, меңгеру, пайдалану және тарату сияқты іс-әрекеттер жиынтығы. Мәселен, философ Н.И.Лапин жаңалық
ендірудің жүйелілік,іс-әрекеттілік тұжырымдамасын ұсынады, жаңаны ендірудің әртүрлі деңгейлерін анықтайды (жалпығылымилық, жалпыәдіснамалық, нақты ғылымилық, қолданбалық), инновациялық процестің құрылымын ашып көрсетеді, жаңалық ендірудің негізгі параметрлерін көрсетеді, инновациялық процеске қатысты ұғымдарды анықтайды (жаңалық ендірудің өмірлік циклі, жаңалық ендірудің динамикасы мен тиімділігі).
Білім беру саласындағы жаңашылдықты инновациялық өзгерістердің интенсивтігіне қарай немесе жаңашылдық деңгейіне қарай 8 түрін ажыратуға болады:
Нөлдікдеңгейдегіинновация– жүйенің алғашқы қасиеттерін практика жүзінде түрлендіру (дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның элементтерін жаңадан қарастыру);
Бірінші деңгейдегі инновация– сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің сандық өзгерісімен сипатталады;
Екіншідеңгейдегіинновация– жүйенің элементтерін қайта топтастырып, ұйымдастырушылық өзгерістерімен ерекшеленеді (мысалы, белгілі педагогикалық құралдардың жаңа комбинациясы, оның реттілігінің өзгерісі, пайдалану ережелерінің түрленуі);