Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде



бет45/56
Дата11.11.2022
өлшемі3,35 Mb.
#49434
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56
Байланысты:
darister

Жаңалықтың қажеттілігін анықтау

Жаңалықты таңдау, қолданысқа енгізуге шешім қабылдау




Жаңалықты қолдану

    • Іске асыру кезеңдерін зерттеп дайындау

    • Жаңалықты іске асыру

    • Оның нәтижесін талдау



Сурет-21. Инновациялық процесс кезеңдері

Педагогикалық инновациялық іс-әрекеттің негізі мақсаты – мұғалім оқушы арасындағы шығармашылық қарым-қатынас субъектісін анықтау; педагогикалық процесс кезеңіндегі оқушының жеке басының шығармашылық дамуын қамтамасыз ету.
Жаңалықты енгізуге дейінгі алғашқы кезеңде мұғалім жаңа білімді меңгеру әдістерін таңдайды: қандай педагогикалық технологияны пайдалану керек, оны қалай қолдану қажет және т.б. мәселелерді шешеді. Бұл кезең мұғалімнің инновациялық даярлығының репродуктивті деңгейімен анықталады. Мұғалімнің инновациялық даярлығының репродуктивті деңгейі – мұғалімнің өзін-өзі кәсіби жетілдіруі: мұғалім инновациялық педагогикалық технологияларға тұрақты көзқарас танытып, оқыту мен тәрбие беруде баламалы технологиялардың қажеттілігін түсінеді, мемлекеттік білім стандарты көлемінде жаңа шешім табуға ізденіс жасайды, оқу-әдістемелік кешендеріне аздаған өзгерістер енгізу арқылы өз тәжірибесінде пайдалануымен
сипатталады.
Инновациялық іс-әрекеттің жүру кезеңінде мұғалімнің педагогикалық инновацияны өз тәжірибесінде пайдаланады, жаңалықты педагогикалық процесте пайдаланудың әдістерін анықтайды. Бұл кезең мұғалімнің инновациялық даярлығының екінші эвристикалық деңгейіне сәйкес келеді. Эвристикалық деңгей мұғалімнің оқу-тәрбие процесіне жаңалықты бергілі бір мақсатпен жүйелі ендіруімен сипатталады: мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу үшін жаңа әдістерін іздестірумен айналысады, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетті қамтамасыз етуде рефлексия басты орын алады (22-сурет).






Сурет-22. Мұғалімнің инновациялық даярлығының диагностикасы
Педагогикалық процеске жаңалықты енгізгеннен кейінгі соңғы кезеңінде мұғалім өзі қолданған педагогикалық технологияның жетістіктері мен кемшіліктерін айқындай алады, инновациялық іс-әрекеттің өрбуіне кедергі болған факторларды анықтайды, оларға диагностикалық сараптама жасайды. Бұл кезең мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің шығармашылық деңгейіне сәйкес келеді. Шығармашылық деңгей мұғалімнің инновациялық даярлығының жоғары сатылы нәтижелігімен сипатталады. Мұғалімнің инновациялық іс- әрекетінде шығармашылық белсенділік, ізденістер орын алады.
Инновациялық іс-әрекет нәтижесінде мұғалім инновациялық процесті ұйымдастырушы ортаның әсерін бағалап, инновациялық процеске әсер еткен ішкі және сыртқы факторларды анықтайды.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыруда төмендегідей педагогикалық принциптерді басшылыққа алған жөн:

  1. таңдаған (жаңа) әдістің оқыту заңдылықтарына сәйкестігі;

  2. жаңа әдістің оқытудың дидактикалық мақсат- міндеттеріне сәйкестігі;

  3. жаңа әдістің жеке оқушылардың дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі;

  4. таңдаған әдістің мектептің материалдық-техникалық базасына сәйкестігі;

  5. жаңа әдістің мұғалімнің әдістемелік мүмкіндігіне сәйкестігі және т.б.

Жобалау технологиясы негізіне Дьюи, Торндайк, Лай сынды американдық ғалымдардың идеялары алынған:

  • бала өзі таңдаған іс-әрекетті үлкен қызығушылықпен орындайды;

  • іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды;

  • балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу;

  • шынайы оқыту ешқашанда біржақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтер де өте маңызды.

Жобалап оқыту жүйесін қалаушылардың негізгі ұраны: “Барлығы өмірден барлығы өмір үшін”. К.Фрей өзінің “Жобалау әдісі” деген кітабында жобалау әдісінің 17 айрықша белгілерін атап көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет