Мәнерлеп оқу курсы пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар 3в кдо, 3г кдо 0301002 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»


Көлемі шағын, тақпақтар, жұмбақ, мақал, санамақтар



бет23/33
Дата28.03.2023
өлшемі283,24 Kb.
#76707
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
УМК МӘНЕРЛЕП

Көлемі шағын, тақпақтар, жұмбақ, мақал, санамақтар - сәбилердін тілін жаттықтыруға,қиялын ,ойын дамытуға арналған. Тәрбиешілер жұмбақты таңдағанда оны бала түсінігіне сай келетін дей болу қажет:
1.Қорада жаздай тұрады
Далаға қыстай шығады (шана)

2.Бар екен он жұмысшы


Бәрі де онды күшті (он саусақ)

3.қап-қарамын


Тәп-тәттімін
Бетінде талай сатпақ (шоколад)

Жұмбақты балалардың көз алдында өтіп жататын нақты құбылыстардың байқауға жаттыру үшін де пайдалануға болады.


1.Мамықтай ұлпа
Қанттай ақ
Қыста жер бетін басады
Жазда сайға қашады (қар)

2.Аппақ-аппақ ақ мамық


Жерде жатыр тапталып (қа)
Сондай-ақ табиғат құбылыстарын жыл мезгілдерін байқатуғада жұмбақтарды пайдалану қажет.

1.Жардай дәулер соғысты


жұрқ етіп оқ ұшты (бұлт пен найзағай)

2.сәулесімен күлдірген


Көкке жүзін сүйдірген (күн)

3.жеті қыздай ай сұлу


Бірден асқан қай сұлу
Түнде серуен құрамыз
Күндіз үйде жүреміз (үркер)
Тәрбиеші жүргізетін сабағына байланысты жұмбақты баланың жас ерекшелігіне қарай олардың түсінігіне сай таңдап алып өзі жатқа айтып содан кейін балаға жұмбақтың шешімін тапқызып оны түсіндіруін белгілеп алуын талап ету керек.
МЫСЫҚ ПЕН ТИІН
Орман күзетшінің үйі Алатау бөктеріндегі қалың қарағайдың арасында,кәрі еменін түбінде еді. Елден аулақ жалғыз үйдің үлкені - Бірекен қарт табиғат байлығын суық қолдан,тілсіз жау –өрттен,даланы тағы хайуандардың –тәртіп бұзушы екі аяқты жаудан қорғайды. Қадиша женгей мен немересі Задаш үй шаруасымен айналысады.жазда атасы Задашқа бір аппақ бала мысық әкеліп берген. Задаш оған «Мырау» деп ат қойды. Басына орамал тартып,мойнына көк шиеден тізіп алқа тағып ,құндақтап «бөпе» етті. Ұзақты күн Мырау екеуінде тыным жок. Алып-соқты төртінші тұрғын деседе болады.Өйткені,ол түн баласында кірпік ілмей жалғыз үйдін төрт-бес екші-лағын бөріден, үйрегі мен тауығын түлкіден қорғайды.
Мырау қыс ортасында дырдай мысық болды. Бір кезде мыяулап жүрді-жүрді де , үшті-күйді жоғалып кетті. Мырауын іздеп жылаған Задаштың көзі бұлаудай боп ісіп кеткен. Ақырында,қасқыр жеп кетті деп күдер үзіп отырғанда,алтыншы күні үсті-басы сауыс –сауыс боп Мыраудың өзі жетіп келді. Ол келе сала Задашқа сүйкеніп, қолын жалады. Осы сәтте құйрығын быландатып үйге Алыпсоқ кіріп еді. Мырау жүгіріп барып иттің аузын жалап ,аяғына оралды. Мысығының табылғанына қуанған Задаш оны сумен салқындап шомылдырып, жылы орап жатқызып қойды.

ӘДЕМІ ТҮЛКІ


В.И.Ленин Аңшылықты жаратушы еді.Аурудан кейін Ленин дем алып жатқанда жолдастары оны түлкі атуға шақырып келуге ұйғарды. Түлкінің індері бар шоқ орманның айналасына қызыл жалаулар тігілді. Содан кейін аңшылар орын-орнына кетті.Владимир Ильич те бір дәу қарағайдың тасасына барып тұрды.
Алыста бір жақтан шаңқылдап үрген дабыс білінді де сонан кейін орманның түкпір жағынан гүрс-гүрс атылған мылтық дауысы естілді. Ленин қолына мылтық ұстап тұр. Айнала тыныштала қалды,себебі аңшылар түлкіні орманның екінші шетіне қарай қуғанға ұстайды. Осы кезде Ленинге жуық тұрған бір жалау майда желдің лебінен желбірей қалды, сол себебті түлкі жалт бұралып қаша жөнелді.
Мұны көре сап,ашуланған қарт аңшы Ленинге қарай жүрді.Ол жолшыбай бірдене деп айқайлап келеді.
Владимир Ильич мылтықты төмен түсіріп жіберіп қарап тұр.

  • Ойбай-ау неге атпадыңыз?түлкі қақ қасынызда тұрды ғой Владимир Ильич-ау!

Ленин жымиып оған былай деді:
-Аяп кеттім ,өйткені өзі тым әдемі түлкі екен.

( «Пионер» журналына)


КІШКЕНТАЙ ҒАЙША


Үй оңаша:
Біздің Ғайша
Ыдыс жуды үй сыпырды
Еденде жоқ сынық шөн
Сүртті құнттап стол,шкаф
Жылтылдайды айнадай апасы кеп:
-Көкешім !-деп ,
Сүйді оны аймалай.
БАЛАЛАР ШЫҒАРМА ОҚУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Мектеп жасына дейінгі балаларлың есту қабілеті біркелкі жетілмейді,өсе келе дамиды.Олардың естуін дамытудың ,тілін ширатудың бір жолы кітап оқу және көбірек түсінік айту.Сәбилер тобындағы балғындарға зейіндерінің біртіндеп даму шамасына лайық ертегі,тақпақ сақтай алады.Бірақ олардың назарлары бұндай сабақтан басқаға тез ауысады.5-6 жасқа дейінгі балдырғандар оқып үйрену қажет.


Тәрбиеші-педагог белгілеп алған әңгімесін ,ертегісін тек мәнерлеп оқыту қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет