Менің мансаптық және кәсіби өсуім
Мен болашақта өзімді медиа саласының білікті маманы ретінде көремін. Себебі қазіргі оқып жатқан мамандығым тікелей осы салаға қатысты.
Не себепті медиа саласын таңдадым?
Себебі,біріншіден, бұл мамандық әрқашан да актуалды болып қала бермек. Қоғам сұранысындағы мамандық болғандықтан және,тіпті,жасанды интеллект орнын баса алмайтын болғандықтан, медиа саласы - қоғам алдында үлкен жауапкершілігі бар маңызды іс.
Екіншіден, бұл сала универсалды сала болып табылады. «Филологияны» тәмамдау арқылы тіл саласына, медианың барлық бағыттарына: редактор, тілші,корректор т.б. мамандықтарда жұмыс істеуге болады.
Үшіншіден, қоғамдағы акуалды проблемалар мен оларды шешуге бағытталғандықтан, ешуақытта өз маңыздылығын жоғалтпайды.
Мансаптық өсуге келер болсақ, кез-келген үлкен іс кіші істің бастамасынан тұрады. Алғашында қарапайым корректор болып жұмысқа орналасып, кейін көп тәжірибе арқылы бас редакторға дейін атануға болады. Алайда ол үшін қажырлы еңбек пен мықты мотив, айнымас қалаудың керектігін ұмытпаған жөн.
Кез-келген адамның білікті маман, өз ісінің мықты іскері болуы үшін талпынысы мен іс-әрекеті жоғары болу қажет. Алдымен алдына қойған арман мен мақсаттарына жету үшін жәй үміт ету емес, армандар мен мақсаттардың тек адам санасында емес, реалды тұрғыда жүзеге асуы үшін адамның талпына білуі шарт. Талпыныс тек адам қалауының күштілігімен емес, қалауға жетуге деген әрекеттерден тұрады. Бұл – кәсіби өсудің алғышарты болмақ.
Тұлғаның кәсіби өсуіндегі келесі маңызды белгі – мотивтің жоғары болуы. Адам неғұрлым биік нәрсені армандаса, соғұрлым биік әрекет ете бастайды. Мотивтің жоғары болуы адам армандары мен қалауларының асқақтығынан байқалады.
Тұрақтылық пен қажырлы еңбек те кәсіби еңбектің маңызды діңгегі болмақ. Бір салаға ғана көңілді толық бұрып, сол салада өзіңді толық дамыту – тұлғалық дамудың басты белгісі. Адам өмірінде қанағатсыз, барлығын білгісі келіп тұратын қасиетке ие болғандықтан, өмірінің көп бөлігін керексіз нәрселерге жұмсауы мүмкін. Бұл - адам уақыты мен энергиясын жейтін құбылыс. Сол себепті әу бастан өзіне керек нәрселерді белгілеп, тек керекті деп есептейтін нәрселерге уақытты жұмсаған жөн.
Қорыта келе, кез-келген адам жақсы маман болғысы келсе, кәсіби және мансаптық өсуге ие болғысы келсе өз бойында қажырлы еңбек пен биік мақсаттарды, оған жетуге деген мотив пен талпыныстарды қалыптастырғаны жөн.