Менің өмірімдегі және мамандығымдағы Психология



Дата17.04.2023
өлшемі16,41 Kb.
#83511
түріБағдарламасы

Павлодар педагогикалық университеті


Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі

Тақырып: "Менің өмірімдегі және мамандығымдағы Психология"


(тақырып атауы)

(әлеуметтік-саяси білім модулі) «Психология» пәні бойынша



ЭССЕ

Орындаған: Жусипов Ж.К.


Студент, топ: 1 курс, ГТ-11
Топ: 01-1561-1-2021
БББ бағдарламасы: 6BO1561 География-Тарих
Аты-жөні: Жусипов Ж.К.
Тексерген: аға оқытушы, магистр
Аты-жөні: Кошкимбаева Р.Х

Павлодар 2021 ж.


Мен үшін психологияның артықшылығы - бұл біздің өміріміздің әр компонентін иелену қабілеті. Мектеп, институт, жұмыс, отбасы, адамдар-мен қарым-қатынас, жеке тәжірибе- күн сайын біз көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, күрделі жағдайларды жеңуге тырысамыз және бұл кезде бізге психология көмектеседі.
Мүмкін әр адамда психологиялық жағынан сол оқиғаға дайын болу керек деген ойға әкелетін өз өмірінде бір оқиға болуы мүмкін. Соның бірі қазіргі заманда адамдарға теледидар мен интернеттің маңызы зор болып тұр. Жоғары ақпараттықтехнологиялар ғасырында өмір сүргеніміз жақсы әрине, бірақ адамдар әлі “фильтірлеуді” және үлкен ақпарттар ағынына бейімделуге үйренуі қажет.
Менің түсінігімде психология - адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын зерттейді.Жалпы алғанда, адамдар қарым-қатынастарын зерттеу үдерісі өте қиын, себебі түсіну қиын, әрбір адамның ішкі әлемі ерекше жіне бірегей. Сондықтан психология адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл ішкі жеке мотивтерді адамға жетелейтінін, оның мінез-құлқына және іс-әрекетін анықтауға көмектеседі.

Ал менің өмірімде психология негізгі рөл атқарады десем, артық айтпаймын, себебі менің жасаған әр таңдауым, алға ұмтылуым, кезіккен проблемалармен күресуім,қоршаған ортаның, айналамдағы адамдардың маған әсерін психология арылы еңсеріп жатырмын. Қарапайым мысалдармен қарастырайық:


Мен мақсатыма жетуде кедергілерге тап болдым, оның шешімін білмеймін. Егер мен эмоцияға беріліп, шеше алмаймын деп, шарасыздық танытсам, бастаған ісімді аяғына дейін жеткізе алмаймын , ал егер өзімді сабырға шақырып , сезіміме емес ақылыма жүгінер болсам, мен қандай қиындық болмасын еңсерер едім.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас. Егер мен қатынасқа түсетін адамның эмоциялық күйін байқамасам, мысалға, мен мұңайып тұрған адамға өз проблемам жайлы айта берсем, ол мені тыңдағысы келмей кетеді, себебі өзі де қиындықтарға тап болып, мені ойлауға мұршасы жоқ. Осындай жағдайларда адамдар арасында түсініспеушілік туындап, ол келеңсіз жағдайларға алып келуі мүмкін. Бұндай жағдайларды болдырмас ұшін адамның өзін ұстауына, сөйлеуіне мән беріп, анализ жасау арқылы эмоционалды күйін анықтағаннан кейін ғана, белгілі бір мәселелерге қатысты сөз қозғау керек.

Және де психология мені өз-өзімді жақсы меңгеруге көмектеседі, адамның жеке қарым-қатынасын тиімді түрде қалай қалыптастыратындығын және ең бастысы, отбасы мүшелерімен және туыстарымен қарым қатынас жасауда пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Және де психология өз-өзімді тануыма, қызығушылығым арқылы жақсы мамандық таңдауыма себепкер болды деуге болады. Яғни жеке тұлға болып қалыптасуымның алғашқы баспалдағын құрастыруымның көмекшісі болды. Егер біраз ойлансақ адамдардың өздері- психолог сияқты екен. Мысалы сіз біреумен таныссаңыз, сіз ол адамды сканерлеп, ой түйін жасаймыз, ол адам туралы ойларымыз миымызда жинақталады. Біз барлық әсерлерімізді жинап бір тиянақты ойға келеміз де біз оның тұтас бейнесін жасаймыз. Сол кезде біздің миымыз ұнайды/ұнамайды, онымен байланысты жалғастыру/ жалғастырмау туралы үкім шығарады деп ойлаймын.

Психологияны білім беру жүйесінде, денсаулық сақтаудың және де басқа кәсіптердің ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға болады. Әр түрлі кәсіби салаларда психологиялық білімді пайдалану толығымен негізделген.



Әр адам мамандық таңдағанда ол қандай, ол мамандықпен кейін жұмыс істей аламын ба деген сұрақтарды ойлап, өзін психологиялық жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындайды. Мен мамандығымды таңдарда дәл осыдай психологиялық тұрғыдан ойланып шешім қабылдадым. Мен таңдаған педагог мамандығы психология ғылымымен тығыз байланысты. Психология педагогқа оқушылармен қарым-қатынас жасағанда өте қажет. Өйкені Әр студенттің, әр адаммның психологиясы әр түрлі. Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді. Бұл басқа адамдардың жүректерін жаулауды жеңілдетеді.
Қорыта айтқанда, қандай сала болсын, қандай мамандық болсын психологияға жүгінеді. Психологияны игеру арқылы өміріміз біршама жеңілдейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет