Меншік иесі – «Жайық үні» Жшс Газетті есепке қою туралы №13676-г куәлікті 2013 жылғы 11 маусымда қр мәдениет министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінде тіркелген. Газет аптасына 1 рет шығады



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата02.01.2017
өлшемі28,58 Mb.
#987
1   2   3   4   5   6   7

Б.БАЙЗАҚОВ,

қалалық пробация 

қызметінің  инспекторы, 

әділет аға лейтенанты

Жаза күшейтіледі

«Бала – басты жолаушы!» 

Өңірдің полиция 

қызметкерлері 

кезекті 


қайырымдылық 

шарасын 


ұйымдастырды. 

Ағымдағы  жылдың 

22  қаңтар  –  7  ақпаны 

аралығында  «Бала  – 

басты  жолаушы!»  кең 

ауқымды  республикалық 

түсіндіру іс-шарасы өтуде. 

Шараның мақсаты – жол-

көлік  жарақаттануының 

алдын алу, халық арасын-

да  балаларды  автомо-

биль  көлігімен  тасымал-

дау  кезінде  балаларды 

ұстау  құрылғысын  пай-

далану  қажеттілігі  тура-

лы  түсіндіру.  Аталған 

шара  аясында  тәртіп 

сақшылары  әдеттегідей 

көмек  қолын  созуға  бел 

буды.  Олар  облыстық 

есту және сөйлеу қабілеті 

бұзылған  балаларға  арналған  арнау-

лы  мектеп-интернат  кешеніне  барды. 

Бұл  мектепте  мұндай  шаралар  жиі-жиі 

ұйымдастырылады.  Тәртіп  сақшылары 

көмекке зәру бүлдіршіндер мен отбасыла-

рына қандай да көмек көрсетуге әрқашан 

дайын. 


Аталған  мектепте  есту  және  сөйлеу 

қабілеті бұзылған балаларға арнайы жол 

ережесін түсіндіру сабағы өтті. Алдымен  

БҚО  ІІД  Әкімшілік  полиция  қызметкері 

Нұртай  Лезов  мектеп  жанындағы 

балабақшада тәрбиеленуші бөбектердің 

ата-аналарымен  жиын  өткізіп,  баланы 

ұстау  құрылғысын  пайдаланумен  ғана 

баланы  тасымалдау  қажеттілігіне,  оның 

жасын,  салмағын  және  бойын  ескере 

отырып,  креслоны  қалай  таңдау  керек 

және автомобильге қалай дұрыс орнатуға 

болатыны жөнінде түсіндіру жұмыстарын 

жүргізді. 

Қазіргі уақытта облыстық 

есту  және  сөйлеу  қабілеті 

б ұ з ы л ғ а н   б а л а л а р ғ а 

арналған арнаулы мектеп-

интернат  кешенінде  –  121 

бала,  оның  11-і  мектеп 

жанындағы  балабақшада 

тәрбиеленсе,  2  бала  аз 

қамтылған  отбасынан. 

Аталған  құрылғыларды 

а л у ғ а   м ү м к і н д і г і   ж о қ 

осындай  отбасыларға 

қ а л а м ы з д а ғ ы   б е л г і л і 

жеке  кәсіпкерлердің  бірі 

демеушілік  көрсетті.  «Га-

ненко О.В.» ЖК директоры 

Олег және жұбайы Валерия 

Ганенколар  бұл    шараға 

шын ықыластарымен көмек 

көрсетті.  Олар  балаларға 

арналған  автокреслолар, 

бустерлар  және  балалар-

ды  ұстап  тұруға  арналған 

қ ұ р а л д а р ,   қ а у і п с і з д і к 

белдігіне  бекіп  тұратын 

адаптерларды  алып  бе-

руге  көмектесті.  «Біз  де  үш  перзент 

тәрбиелеп  отырған  жанұямыз.  Мұндай 

авто  құрылғылардың  жол  апаттарының 

алдын алуға көп септігін тигізетіні сөзсіз», 

– деді Валерия Евгениевна. 

Бұл көмегі үшін демеушілерге депар-

тамент және мектеп басшылығы атынан 

алғыс хаттар мен балалардың қолымен 

жасалған естелік сыйлық табыс етілді.  

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Алматыда – ірі жол апаты             



Қарасай ауданының Алмалыбек ауы-

лына жақын жерде жол-көлік оқиғасы 

орын алды. «Алматы-Райымбек» 

автожолынан 29 шақырым жерде 

«Мерседес-бенс 609D» шағын автобусы 

мен «Мерседес-бенс», «Фольксваген 

Пассат», «Мицубиси Галант» көліктері 

соқтығысты.

Облыстың  ІІД  баспасөз  қызметі 

хабарлағандай, оқиға орнында бір адам көз 

жұмып, 4 адам Жамбыл облысы Ұзынағаш 

ауылындағы ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала нұсқа бойынша апаттың орын 

алуына  себеп  болған  «Мерседес-бенс 

609D»  автобусының  жүргізушісі,  ол  рульді 

басқара алмай, қарсы жолға шығып кетіп, үш 

шетелдік көліктің соқтығысуына жол берді. 

Жол-көлік апаты бойынша қажетті сарапта-

ма тағайындалды. 

 

Алаяқ ұлы мен оның 



сыбайластарын ұстап берді

Қарағанды қаласының 32 жастағы 

тұрғынының үстінен алаяқтыққа байла-

нысты қылмыстық іс қозғалды, алдын 

ала тергеу жүргізілуде, деп хабарла-

ды Қарағанды облыстық ІІД баспасөз 

қызметінен.

Бұрын 


сотталған,  жа-

з а с ы   т о л ы қ 

өтелмеген 

3 2   ж а с т а ғ ы 

қарағандылық 

ер  адам  өзінің 

егде  жастағы 

анасы  арқылы 

байығысы  келіп,  іске  бұған  дейін  бірнеше 

рет істі болған достарын тартты. 25 қаңтар 

күні  67  жастағы  әйелдің  үй  телефонына 

белгісіз біреу хабарласып, одан баласының 

қылмыстық  жауапкершіліктен  босатылуы 

үшін  400  доллар  беруді  талап  еткен.  Зей-

неткер әйел бірден полицияға хабарласып, 

жалған  полицейлердің  телефон  соғуы 

туралы  айтқан.  Зейнеткер  әйелдің  үйіне 

Қарағанды қалалық ІІБ-ның Октябрь полиция 

бөлімінің тергеу-жедел тобы жетіп, ақшаны 

табыстау кезінде оның ұлын және 43 және 

29 жастағы достарын ұстады. 


ОҚЫРМАН СЫБАҒАСЫ

17

№4   29.01.2015



e-mail: zhaik_yni@mail.ru

Таяуда қазақтың 

абыз ақыны,  поэзия 

Пайғамбары Қадыр 

Мырза Әлінің  80 

жылдығына орай 

«ЖерҒӨО» РМК 

облыстық филиалының 

қызметкерлерімен  «Асыл 

сөздің алдаспаны» атты 

еске алу кеші өтті. 

Аталмыш  шараны  ашқан 

№2  кітапхана  филиалының 

меңгерушісі  Талшын  Любина 

мекеме  қызметкерлерін  ақын 

шығармашылығымен  таныс-

тырды.    Кітапханашы  Айсұлу 

Сабырғалиқызы  «Дана  Қадыр  

–  дара  Қадыр»  атты  слайдқа 

ш о л у   ж а с а д ы .   Б ұ д а н   ә р і 

ақынның жанды дауыста оқыған 

ө л е ң д е р і н е н   « С ө н б е с 

сәуле» тақырыбында бейне-

баян көрсетілді. Соңғы отыз 

жылда  қазақ  поэзиясының 

т ы ң   м а з м ұ н ы н   а ш ы п , 

өзгеше  пішін  берген  –  осы 

Қадыр  ақын.  Демек,  қазіргі 

қазақ поэзиясын көп дауыс-

ты,  қуатты  оркестр  десек, 

оның  құрамындағы  Қадыр 

даусының  өз  үні,  машығы 

мен  мәнері,  айшығы  мен 

өрнегі бар.

Адам жылап туады, жата-

ды жұрт жұбатып,

Және жылап өледі, өзгені 

де жылатып.

Жылайтыны туа сап – жаман-

дар бар қинайтын, 

Ж ы л а й т ы н ы   ө л е р д е   – 

жақсылар бар қимайтын,  – деген 

ақынның  аса  терең  мәнді  өлең 

жолдарынан еліне, жеріне деген 

сүйіспеншілігін  байқауға  бола-

тынын  кеш  барысында  көпшілік 

терең ұғынғандай болды. Сондай-

ақ  Қадыр  ағаның  шығармалар 

топтамасынан  жинақталған 

«Қазақтың тарланы  – Қадыр аға» 

атты кітап көрмесіне кітапханашы 

Нұргүл Жұмағалиқызы шолу жа-

сады. Жиынды қорытындылаған  

«ЖерҒӨО»  РМК  облыстық  

филиалының  директоры  Аслан 

Таймасов №2 кітапхана ұжымына 

алғысын білдірді.

Т.ЛЮБИНА, 

№2 кітапхана меңгерушісі 

Қадыр ақынды ұлықтады

Әр кезеңдегі қоғамдық 

құбылыстарды, 

аласапыран әлеуметтік 

саяси оқиғаларды  

алақанға салғандай 

алдыңа тосатын 

музейдегі жәдігерлер 

мен қатпарлы қалың  

құжаттар – баға жетпес 

рухани қазына, ұлттық 

байлық. Осы жерден 

ата-бабаларымыздың 

тұтынған бұйымдарын 

таңдай қағып 

тамашалап, өткенге көз 

жүгіртіп, тәрбие алып 

шығатынымыз анық. 

Еліміз  тәуелсіздігін  алғаннан 

кейін    мәдениет  пен  әлеуметтік 

салаға  көп  көңіл  бөлінді. 

П р е з и д е н т   « 2 0 0 0   ж ы л   – 

Мәдениетті  қолдау  жылы»  деп                                                 

жариялады және «Мәдени мұра» 

бағдарламасын қабылдап, тари-

хи  мұраларымызды  зерттеуге, 

насихаттауға қамқорлық жасады. 

Отандық археология орталықтары 

жемісті  жұмыс  жасап,    қазба 

жұмыстары нәтижесінде көптеген 

ескі  қорғандардың,  қалалардың 

орнын  тапты.  Сондай жәдігерлер 

арқылы  қазақ  жерінде  көне 

өркениеттің  болғанын  біліп, 

көзімізді  жеткіздік.    Дәл  осы 

ж е р д е   а т а - б а б а л а р ы м ы з 

халықтың  материалдық,  рухани 

байлықтарын жасап, мәдениетін 

құрған.  Ұлттық  құндылықтарды 

к е й і н г і   ұ р п а қ қ а   б і р е г е й 

археологиялық  ескерткіштері 

арқылы жеткізген болатын.

  Батыс  Қазақстан  облыстық 

тарихи-өлкетану музейі көнеден 

келе  жатқан  құнды  дүниелерді 

көздің қарашығындай сақтап, ке-

лешек ұрпаққа жеткізген шежірелі 

орын десек те болады. Батыс өлке, 

Ақжайық өңірі – бармағынан бал 

тамған күйші Динаның, халықтан 

шыққан  тума  талант,  құдіретті 

композитор  Құрманғазының, 

к ө п т е г е н   к ү й л е р д і ң   а в т о -

ры  Дәулеткерейдің,  семсер 

жырдың  шебері  Махамбеттің, 

сахнаның  саңлағы  Хадиша 

Бөкееваның,  қазақ  әндерін 

орындаушылардың ішінде өзіндік 

стилін қалыптастырған, құдіретті 

әнші Ғарифолланың елі. Ал ерте-

ректе,  б.з.д. І мың жылдықтарда 

қазақтың  батыс  даласында 

көшпенділердің  алғашқы  тобы 

пайда болды. Бұл жерде ғұндар, 

печенегтер, оғыздар, қыпшақтар, 

қимақтар өмір сүріп,  өзінің көне 

өркениеті  мен  мәдениетінің  ірге 

тасын  қалады.  Мұны  растайтын 

көне  тарихи  қорғандар  облыс 

аумағында көптеп кездеседі.  

Күні  кеше  ғана  шаһарымызға 

жақын  жерден    археолог-

ғалымдар  тапқан  көне  Жайық 

қалашығы,  Тақсай  кешенінен 

т а б ы л ғ а н   « А л т ы н   ә й е л » 

батыстағы  қазақ  даласының 

тарихы  бай,  ежелгі  өркениет 

мекені екенін растайды. Бүгінде 

облыстық  тарихи-өлкетану 

музейінің  қорында  көптеген 

құнды  дүниелер  сақтаулы  тұр. 

Мұражай  сол  құндылықтарды  

сақтайтын  қойма  ғана  емес, 

оларды  көпшілікке  көрсететін 

көрме.  Тарихи-өлкетану  музейі 

залдарынан  ерте  тас,  қола 

ғасырларында  қолданылған 

ежелгі адамдардың құралдарын, 

көне Жайық қалашығының үлгісін, 

сол жерден табылған кірпіш тас-

тар мен құмыраларды, жақында 

табылған Тақсай ханшайымының 

алтын  әшекей  бұйымдарын, 

ыдыстарды,  ағаштан  жасалған 

әйелдің  тарағы  мен  айнасын, 

хан  Жәңгірдің  зайыбы  Фати-

ма  ханшаның  костюмін,  жер-

лес  ақын-жазушыларымыздың 

қ о л д а н ғ а н   б ұ й ы м д а р ы н , 

құжаттарын  және  күйші  Дина 

анамыздың  түпнұсқалық  камзо-

лын,  өзге  де  тарих  қойнауынан 

сыр шертетін тарихи жәдігерлер 

мен құжаттарды көре аласыздар.

Көне  жәдігерлер  мекенінің 

босағасынан аттаған қарапайым 

адамнан  бастап,  лауазымды 

тұлғалар,  мемлекет  басшыла-

ры  немесе  шетелдік  қонақтар 

елдің,  халықтың  бай  мәдениеті 

жөнінде  мол  түсінік  алып 

шығарына сенімім мол. Осындай 

асыл мұраларымызды көзіміздің 

қарашығындай  сақтап,  құрмет 

тұту  –  әр  адамның  азаматтық 

парызы.

Гүлбөбек ҚАЛЕШОВА,

облыстық тарихи- 

өлкетану 

музейінің экскурсоводы  

Музей – ғасырлар шежіресі

«Бала – балқытылған 

алтын, оны қандай 

қалыпқа құйып, 

қандай мүсін 

жасаймын десе де, 

ұстаздың өз қолында» 

деген екен бір ғалым. 

Серебряков орта 

мектебінде өнерге 

жаны жақын, тіл мен 

әдебиетті сүйетін 

дарынды шәкірттер аз 

емес.

Қаламыздағы  қабырғалы 



б і л і м   ш а ң ы р а ғ ы н д а 

қызмет  атқарып  жүргеніме 

биыл  –  үшінші  жыл.  Осы 

аз  ғана  уақыттың  ішінде 

ұжымға  үйренісіп,  дарынды 

о қ у ш ы л а р м е н   ұ д а й ы 

жұмыстану  үстіндемін. 

Нәтиже  де  жаман  емес. 

Айталық, Айсана Қисметова 

бірнеше  ән  байқауларының 

ж ә н е   қ а л а л ы қ   С ә к е н 

оқуларының  жеңімпазы, 

Жақсылық Зинешов қалалық 

Ақұштап,  Сәкен,  Махамбет 

оқуларының  1-орын  иегері. 

Ал Арна Тастенова  облыстық 

Жұбан оқуларының, қалалық 

Махамбет, Қадыр оқуларының 

бірнеше  дүркін  жеңімпазы 

болса, Әсемжан Мұстақапова 

–  қалалық  олимпиаданың, 

шығармалар  байқауының 

ж ү л д е г е р л е р і   с а п ы н а н 

көрініп  жүрген  болашағы 

айқын  шәкірттердің  бірі. 

Бұлардан басқа мектебімізде 

Гүлдана Амангелдиева, Зада 

Ибатуллина,  Асылболат 

Теміров, Аружан Исмағұлова 

с ы н д ы   ө р е н д е р і м і з д і ң 

д е   ж а р ы с т а н   ж ү л д е с і з 

қайтқан  кезі  жоқ.  Осы 

жас  дарындарымыздың 

арқасында  білім  ордасының 

атағы  аспандап,  мәртебесі 

артып келеді.

Бүгінгі  білім  мен  білік 

б ә с е к е л е с к е н   з а м а н д а 

ұландарымыздың  биіктен 

көрінуіне күнделікті ісіміздегі 

жаңашылдығымыз,  жан-

жақты  берген  тәрбиеміз 

арқылы  қол  жеткіземіз. 

О с ы н д а й   а н а   т і л і   м е н 

әдебиетін  сүйетін  ұрпағы 

бар ел қашанда көш басында 

жүретініне  ешкімнің  күмәні 

болмас.


Бауыржан ЗИНЕШОВ,

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәндерінің мұғалімі 

Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел тірегі

Ұстаздар – шаршы 

алаңда


Жақында Қазақстан 

халқы Ассамблеясының ХХ 

жылдығына орай кәсіптік 

және техникалық білім беру 

ұйымдарының қызметкерлері 

арасында шағын футболдан 

облыстық турнир өтті. 

     Турнирге облыс аудандарынан 

және  Орал  қаласынан  11  колледж 

командалары  қатысты.  Тартысты 

додаға  Ж.Досмұхамедов  атындағы 

педагогикалық  колледж  командасы 

да  қатысып,  әдемі  ойын  өрнегін 

көрсетті.  Жарыс  қорытындысында 

Бөрлі ауыл шаруашылық колледжінің 

командасы  үшінші  орынды  қанағат 

тұтса,  екінші  орынды  Сырым  ау-

даны  колледж  командасы  иеленді. 

Ал  Ж.Досмұхамедов  атындағы 

педагогикалық  колледж  команда-

сы  қарсыластарын  шаң  қаптырып, 

жүлделі бірінші орынға табан тіреді. 

Сондай-ақ  ұйымдастырушылардың 

шешімімен  Армат  Ихсанов  (Ақсай 

колледжі)  –  «Үздік  шабуылшы», 

Серік  Жантілеуов  (Бөрлі  ауыл 

шаруашылық  колледжі)  –  «Үздік 

қорғаушы»,  Арсен  Ғайнуллин  (Сы-

рым  колледжі)  –  «Үздік  ойыншы», 

Баян  Қайырғали  (Ж.Досмұхамедов 

атындағы  педагогикалық  колледжі) 

–  «Үздік  қақпашы»  аталымдарымен 

марапатталды.  Осындай  салауатты 

өмір салтын насихаттайтын тартысты 

додалар жалғасын тапса игі. 

Баян ҚАЙЫРҒАЛИ, 

Ж.Досмұхамедов атындағы 

педагогикалық колледж 

оқытушысы 

«Берсең, балаға бер» деген. Осы орайда 

жаңа жыл мерекесінде облыстық мәслихат 

депутаты Р.Хайруллин, қалалық мәслихат 

депутаты Қ.Қощанов және Г.Оразғалиева, 

А.Ляшев,  С.Аенов,  Д.Оралбаева, 

М.Гладких,    Ф.Сұлтанова,  Н.  Бужумов, 

Г.Дәулетбаева,  С.Цыпленкова  секілді 

кәсіпкерлер балаларға әр түрлі сыйлықтар 

жасап қуантты. Сондай-ақ мереке бары-

сында оқушыларға  мектепке қажетті оқу 

құралдар,  киімдер,  қысқы  күртешелер, 

түрлі ойыншықтар мен тәттілер таратыл-

ды. Осылайша нағыз қайырымдылықтың 

үлгісін  көрсетіп,  балғындарды  шаттыққа 

кенелткен  жандарға  ата-аналар  мен 

бүлдіршіндердің айтар алғысы шексіз.

А.ӨТЕНИЯЗОВА, 

клуб әдіскері

Қаладағы «Арай» балалар аула клубындағы бүлдіршіндердің басым көбісі  

көпбалалы және аз қамтылған отбасы балғындары. Әр мереке сайын клуб 

мүшелерінің жанынан табылып,  балаларға қуаныш сыйлап жүрген жүрегі 

жомарт азаматтар да жетіп артылады. 

«Берсең, балаға бер»

8

№4   29.01.2015



Сөз басы

Е л б а с ы   Н ұ р с ұ л т а н                                                                   

Н а з а р б а е в   ө т к е н   ж ы л ы 

тамылжыған  тамыз  айының 

соңында  қазақ  үшін  қасиетті  де 

құтты  мекен  Ұлытауда  ұлт  тари-

хы  хақында  тереңнен  толғанып, 

көпшіліктің көкейінде жүрген күпті 

ойларды  дөп  басатын  салиқалы 

сұхбат  берсе,  қазан  айында 

келесі жылы «Қазақ хандығының 

550 жылдығын атап өтетінімізді» 

мұқым қазаққа мәлімдеді. Сөйтіп 

отандық  тарихшы-ғалымдардың 

алдына жаңа міндеттер жүктеді. 

Осы  орайда  Қазақстан  Респу-

бликасы  Президенті  кеңесшісі 

Мұхтар  Құл-Мұхаммед  Ұлттық 

Ғылым  академиясының  жал-

пы  жиналысының  сессиясында 

сөйлеген сөзінде, ел тәуелсіздігіне 

ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, 

Қазақ хандығының негізін салған 

Керей  мен  Жәнібек  хандардың 

өміріне  байланысты  әлі  күнге 

дейін  бір  тұшымды  монография 

жазылмағанын өкінішпен айтты. 

И ә ,   ж ә н і б е к т а н у д а ғ ы 

ақтаңдақтардың  ара  жігін  ашып, 

шырмауықша  шырматылып 

жатқан  шатасушылықтардың 

түйінін  тарқатып,  бір  тоқтамға 

келу – кезек күттірмейтін іс. Тарих 

әділдікті іздейді, бұрмалауға жол 

берілсе ол тарих болудан қалады. 

Әз

-Жәнібек қай 



Жәнібек?

Ә з - Ж ә н і б е к   х а н   т а р и -

хы  тәуелсіздік  жылдарында 

зерттеушілердің, ғылыми-көпшілік 

қауымның  қызығушылығын  оя-

тып,  жұртшылықтың  назарын 

өзіне  тағы  аудара  бастады. 

Аталмыш  мәселе  туралы  соңғы 

жылдары  бірнеше  мақалалар, 

жаңа  көзқарастағы  зерттеулер 

дүниеге келді. Мұны мойындамау 

–  ақиқатқа  қиянат.  Тарихшылар 

Ж.Артықбаев  (Артыкбаев  Ж.О. 

Материалы к истории правящего 

дома казахов. – Алматы: Ғылым, 

2001.  46-59-  бб.),  Б.Ермұқанов 

(Ермұқанов Б.Б. Қазақстан: тарихи-

публицистикалық  көзқарас.  –

Алматы:  Ғылым,  2000.  138-б.), 

И.Шәмшәтұлы  (Шәмшәтұлы  И. 

Әз-Жәнібек қай Жәнібек? // «Ұлт 

тағылымы»,  2000.  №2.73-80-

бб.), Т.Омарбеков, Ш.Омарбеков 

(Омарбеков  Т,Омарбеков  Ш. 

Қазақстан тарихына және тарих-

намасына ұлттық көзқарас. – Ал-

маты:  Қазақ  университеті,  2004. 

92-б.),  Б.Кәрібаев  (Кәрібаев  Б. 

Қасым  хан.  //  Парасат.  Алматы. 

2002.  №3.  9-б.)  З.Жандарбек 

(Жандарбек  З.  Асан  қайғы  мен 

Жәнібек  хан  және  Алтын  Орда 

мемлекетінің  ыдырау  себептері. 

//  «Қазақ  тарихы»  2007.  №3.  51-

56-бб.),  М.Қасенов  (Қасенов  М. 

Асан  қайғы  –  дала  философы  // 

«Қазақ  тарихы».  2007.  №1.  33-

39-бб.),  жазушы  Қ.Салғараұлы  

(Салғараұлы  Қ.Қазақтар,–  Ал-

маты:  Өнер,1995.75-76-бб.), 

ақын  Б.С.Қошым-Ноғай(Қошым 

Ноғай  Б.С.Тіл  ұшындағы  тарих.

Алматы:  Жазушы,2003.435-

450-бб.)  т.б.  бірауыздан  Алтын 

орда  ханы  Өзбекұлы  Жәнібекті 

(1342-1357)  Әз-Жәнібек  деп 

ортақ  шешімге  келгендей  бол-

ды.  Осыған  қарамастан  соңғы 

кезге  дейін,  әсіресе  әдебиетші-

ғалымдарымыз тәуелсіздік жылда-

ры жарық көрген тарихшылардың 

зерттеулерін  «айналып  өтіп», 

қазақ ханы Жәнібекті Әз-Жәнібек 

ретінде  бейнелеп,  Асан  Қайғы 

бабамызды соңғысының бас уәзірі 

һәм  ақылшысы  қылып  қоюды 

әдетке  айналдырды.  Қарапайым 

оқырманды  былай  қойғанда 

кәсіби  мамандардың  өзі  шата-

са  бастады.  Жәнібектанудағы 

«ақтаңдақтардың»  ақиқатын 

аршып  алу  қай  зерттеушіге 

де  оңай  болмай  тұр.  Оның 

бірнеше  себептері  бар.  Негізгісі, 

деректердің жұтаңдығы, екіншісі, 

осы  мәселеге  қатысты  алғашқы 

зерттеулердегі  жаңсақтықтар, 

үшінші,  Асан  Қайғы  заманы-

нан  жеткен  жыр-аңыздарды 

талдаудағы кереғарлықтар.

Жәнібектанудағы 

жаңсақтықтардың 

сыры неде?

Сонымен, Жәнібек хан хақында 

алғаш  пікір  білдіргендердің  бірі 

ХІХ  ғасырдағы  қазақтың  ұлы 

ғалымы  Ш.Уәлиханов  қазақ 

сұлтандарының  шежіресін 

Орыс  хан  –  Қойрұшық  (дұрысы 

Құйыршық  –  Ж.Ж.)  –  Барақ  хан 

–  Әз-Жәнібек  деп  анықтаса 

(Уәлиханов  Ш.Ш.Көп  томдық 

шығармалар  жинағы  –Алма-

ты:  «Толағай  групп»,  2010.  Т1. 

144-б.),  1911  жылы  Орынбор 

қаласынан  басылып  шыққан 

еңбегінде  Ш.Құдайбердиев:  «...

Құйыршық ханның баласы – Барақ 

хан. Оның екі баласы Дәруиш һәм 

Абусағид  хан.  Әз-Жәнібек  хан 

аталған осы Абусағид еді. Қазақты 

ертіп алып Қашқардағы Шағатай 

нәсіліне қаратқан Әз-Жәнібек осы 

еді»  (Құдайбердіұлы  Ш.  Түрік, 

қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. 

– Алматы: Қазақстан; Сана, 1991. 

52-б.)  деп  ұғынады.  Көрнекті 

қазақ  ғалымы  мен  ойшылының 

осы  бір  жаңсақ  пайымы  алдағы 

қателіктерге  жол  ашты.  Қазақ 

хандығының  негізін  Кереймен 

бірге қалаған Жәнібек сұлтан та-

рихи әдебиетте еш күмәнсіз «Әз-

Жәнібек» атала бастады. Шәкәрім 

Құдайбердіұлынан бір жыл бұрын 

Қазан  қаласында  жарық  көрген 

«Тауарих-и  хамса-йи  шарқи» 

(Шығыстың  бес  елінің  тарихы) 

деген  еңбегінде  белгілі  тарихшы 

Құрбанғали  Халид  Өзбекұлы 

Жәнібек  хан  хақындағы  баянын 

төмендегіше  түйіндеді:  «Жәнібек 

хан өте әділ, шарғи мәселелерге 

жетік  кісі  болумен  «Әз  Жәнібек 

хан» лақабын алған. Әзіз Жәнібек 

деген  сөз,  бұл  халыққа  аса 

әділдігімен беделді болып көріне 

білген.  Әзіз  –  арабша  «ғазиз»  – 

қымбат, қадірлі деген сөз» (Халид 

Құрбанғали.  Тауарих  хамса  (бес 

тарих).  –  Алматы:  Қазақстан, 

1992.  233-23-  бб.).  Өкінішке 

орай,  тарихшының  дер  кезінде 

айтылған шынайы пайымдамасы 

зерттеушілердің  назарынан  тыс 

қалды.  Тіпті  кеңес  дәуіріндегі 

беделді  басылымдардың  бірі 

саналатын  «Қазақ  Совет  энци-

клопедиясы» сияқты іргелі басы-

лымда:  «Жәнібек  хан  (Әбу  Саид 

деген  атпен  де  белгілі)  (т.-ө.ж. 

белгісіз) Қазақ хандығының негізін 

салушылардың бірі, Барақ ханның 

баласы. ХV ғасырда өмір сүрген, 

ХV  ғасырдың  50  жылдарына 

дейінгі өмірі мен қызметі туралы 

нақты деректер жоқ... Оның есімі 

тарихи  мәліметтерде  соңғы  рет 

1473  жылы  кездеседі...  Жәнібек 

хан  сол  дәуірдегі  жиі  болып 

тұрған  соғыстардың  бірінде  қаза 

тапқан деп жорамалдауға болады. 

Ел  арасында  сақталған  аңыз-

жырларда  Жәнібек  ханды  «Әз-

Жәнібек» деп те атайды («Қазақ 

Совет  экциклопедиясы»  4-том. 

-Алматы,  1974.  350б).  Сөйтіп, 

қазақ  ханын  Әз-Жәнібек  ретінде 

дәріптеу сол уақыттан күні бүгінге 

дейн  жалғасып  келеді.  Мысал-

дарды  тізе  бергеннен  мәселенің 

мәні  өзгермейді.  Басқасын  бы-

лай  қойғанда,  жыраулар  поэзия-

сына  терең  бойлап,  аталмыш 

тақырыпқа зерттеушілік ғұмырын 

арнаған белгілі ғалым М.Мағауин 

«Қобыз  сарыны»  монография-

сында «Қазақ ханын Әз-Жәнібек» 

(Мағауин  М.  Ғасырлар  бедері. 

–  Алматы,  Жазушы.  1991.  29-

б.)  –  деп  анықтаса,  кейін  кенет-

тен  пікірін  өзгертіп  «Ғасырлар 

бедері» зерттеуінде «Алтын орда 

ханын  Әз-Жәнібек»  (Мағауин 

М.  Көрсетілген  еңбек.  220-б.) 

деп  қабылдап,  бір  мәселеге 

екіұштылау пікір білдіреді. Сонда 

қалай?  Қайсысы  дұрыс?  Кейінгі 

еңбектерінде классик жазушы өз 

ойын  тағы  да  өзгертіп,  алғашқы 

көзқарасына  қайта  оралып:  «Әз-

Жәнібек – қазақ жұртының іргесін 

бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы 

хан ғана емес, сол халықтың бар 

игілігіне ұйытқы болған асыл ұрық, 

ұлы  әулеттің  де  негізін  салушы» 

(Мағауин  М.  Қазақ  тарихының 

әліппесі.  –  Алматы:  Қазақстан 

1995.  15-б.),  –  деп  нақтылайды. 

Шындығында  осы  тұжырым 

дұрыс  па?  Негізі,  жәнібектануға 

қатысты бұдан басқа да екіұшты 

пікірлер  мен  дүдәмал  ойлардың 

көптігі және солардың ақ-қарасын 

анықтауға тырыспаушылық біздің 

Жәнібектей  ұлы  хандарымызды 

танып-білу,  зерттеп-зерделеу 

ісіне  әлі  де  немқұрайлы  қарап 

отырғанымыздың белгісі демеске 

лаж  жоқ.  Тарихтың  құпия  сырын 

ашуда деректің қай түрі де қымбат. 

Соның ішінде әлбетте, жазба де-

рек аса маңызды. Қозғалған про-

блеманы зерттеуде ілгері жылжу 

бұрын  пайдаланылмаған,  жаңа 

дереккөздерін айқындап, тартуға 

және  ғылыми  айналымға  ендігі 

енгізілген  деректерді  тереңірек 

талдауға келіп тіреледі. 

Деректер не дейді?

Алдымен,  Алтын  орда  ханы 

Өзбекұлы  Жәнібектің  ата-

бабасының шежіресін тарқатайық. 

Әл-Ахаридің  «Шайх-Увайс» 

дерегіне  сенсек,  бұл  әулеттің 

шежіресі  Жәнібек  –  Өзбек–

Тұғрылша – Мөңке Темір – Тоқан 

–  Бату  –  Жошы  –  Шыңғыс  хан 

(Сборник  материалов,  относя-

щихся  к  истории  Золотой  Орды. 

Т.2.  М-Л.,  1941.  с.62.).  Басқа 

дереккөздерден біз Өзбектің шын 

мәнінде Тұғрылшаның ұлы, демек 

Батудың ұрпағы екенін талассыз 

айғақтайтын  мәлімет  таппай-

мыз. М.Сапарғалиевтің пікірінше, 

Батудың  тұқымы  Тоқтамен  бітуі, 

ал Өзбек уақыт өте бүкіл билікке 

қол  жеткізген  жалған  аты  болуы 

әбден  мүмкін  (Сапаргалиев  М.Г. 

Распад Золотой Орды, с.65-71.) 

  Му’ин  ад  –  дин  Натанзидің 

«Мунтахаб  ат  –  таварих  –  и 

Му’ини»  деген  еңбегі  Қазақстан 

тарихын  зерттеу  үшін  құнды 

деректеме  болып  табылады.  

«Ескендір  анонимі»  деген  атау-

мен  белгілі  бұл  ортағасырлық 

қолжазбаның  авторы  Өзбек  хан 

хақында: «Ол әділ және мейірімді 

патша еді, асқан діншіл әрі тақуа 

болғаны сондай, пайғамбар жолын 

ұстанды; кемшілігі үшін пұшайман 

болып,  қажет  еткен  кісілерге 

қайыр, жақсылық көрсетіп, кешірім 

өтінді.  Ол  билік еткен жылдарда 

Дешті  Қыпшақ,  Аллаһқа  сенетін 

елге айналды» (Му’ин ад – Дин На-

танзи. Аноним Искандара // Тизен-

гаузен В.Г.  Сборник материалов, 

относящихся  к  истории  Золотой 

Орды: Извлечения из персидских 

сочинений М.;Л.,1941. Т.2.С.126 – 

138) деп жазуы назар аударарлық. 

Әйгілі  шығыс  зерттеушісі  Лев 

Гумилев:  «өзінің  алдындағы  хан 

Тохтуды  (Тоқта  деп  те  жазы-

лады  –  Ж.Ж.)  у  беріп  өлтірген 

өктем билік иесі аяушылығы жоқ 

басқыншы  және  қатігез  Өзбек» 

(Гумилев  Л.  Мені  евразиялық 

деп  атайды.  –  Алматы.  Жалын 

1991. 12,14-б.), – деп атап өткен. 

Жәнібектің  әкесі  Өзбектің  өмірі 

мен  жеке  басының  қасиеттері 

туралы  деректер  қайшылықты. 

1341 жылы Алтын Ордада Өзбек 

хан кенеттен дүние салды. Өзбек 

ханның  өлімі  оның  ұлдарының, 

яғни  тақ  мұрагерлері  арасында 

ауызбірліктің жоқ екенін көрсетіп 

қана  қойған  жоқ,  Алтын  Орда 

мемлекетінде  ішкі  қайшылықтың 

бар екенін айқындап берді. Өзбек 

ханның  өзі  тақ  мұрагері  ретінде 

атап кеткен ұлы Тыныбек «Шайх-

Увайс»  жазбасына  қарағанда, 

көп  ұзамай  бауыры  Жәнібектің 

қолынан  мерт  болған  (Тизенга-

узен,  Т-2.  с.101.)  Ал  «Тарих  ал-

Малик  ан-Насир  Мухаммед  ибн 

Кулан  уа  ауладуху»  дерегінде 

Жәнібек  пен  шешесі  Тайдул-

ла  ханымның  бірігіп,  Тыныбекті 

Сарайшықта  өлтіргені  баянда-

лады  (Тизенгаузен,  Т-1,  с.252). 

Ортағасырлық шығыс билеушілері 

үшін  Алтын  Орда  сияқты  ұлы 

мемлекеттің  бас  тағын  иеле-

ну  жолында  мұндай  әдет  жат 

саналмайтын.  Осынау  тарихи 

үрдістің иірімінен Жәнібек сияқты 

болашақ «ғазиз» хан да 

шет қала алмаған. Бұл 

жолы  да  «қан  сасыған 

хан сарайы» өзінің ойын 

ережелеріне  бағынған 

«ойыншыларының»       

саясатта  мерейі  үстем 

һәм  мәртебесі  асқақ 

е к е н і н   д ә л е л д е д і . 

Кейін  өз  тағдыры  да 

дәл  осылай  тәмам 

боларын  сол  мезетте 

қанша  сұңғыла  болса 

да, Жәнібек те білмеген 

болар.  Пенденің  фәни 

д ү н и е д е   ж а с а ғ а н 

қай  амалы  да  бақиға 

кетпейтінін  Әз-Жәнібек 

тағдыры тағы бір мәрте 

дәлелдегендей болды.

Әз-Жәнібектің  өмірі 

м е н   қ ы з м е т і н   Х І V 

ғасырда өмір сүрген ұлы 

тарихшы  Му’ин  ад-дин  Натанзи  

«Ескендір анонимі» атты еңбегінде 

Жәнібек  хан  туралы  «оның 

әділдігі Ануширван (атақты парсы 

патшасы-Ж.Ж.) әділдігінен бір де 

кем соқпайды. Ол Өзбек Ұлысын 

тұтас  исламға  бағындырды, 

пұтқа  табынушылардың  храм-

дарын  түгел  қиратып,  көптеген 

мешіт,  медресе  салдырды.  Ис-

лам  дінін  ұстанған  адамдардың 

жағдайларының  жақсы  болуы-

на  басты  назар  аударды.  Жан-

жақтағы  ислам  елдерінен  неше 

түрлі  оқымысты,  ғалымдар  осы 

сарайға  қарай  ағылды.  Елдегі 

әмірлердің ұлдары білімдерін жан-

жақты жетілдіріп ғылымға мойын 

бұрды,  олар  заманының  озық 

ойлы  азаматтарына  айналды, 

күні бүгінге дейін олардың айтқан 

пікірлері, қорытқан ойлары жиын-

тойда ескеріліп тұрады. Исламның 

басқа  елдерде  ұстанатын  әдет-

ғұрып, салт-жораларын бұл мем-

лекетке енгізген сол» (Сборник ма-

териалов, относящихся к истории 

Золотой Орды. Т.2. М-Л., 1941. С. 

128)  деп  сүйсіне  жазды.  Мұндай 

пікірлерді  ортағасырлық  түркі 

деректемелері, соның ішінде Ма-

улана  Мұхаммед  Достының  ұлы 

Өтеміс  қажының  «Шыңғыснама» 

тарихи  шығармасы  да:  «Даңқты 

әзірет  Жәнібек  хан  –  оған 

А л л а н ы ң   р а қ ы м ы   ж а у с ы н 

–  әкесінің  тағына  отырып  хан                                                                    

болғанда оның әділдігі, әулиелігі 

Аулақпын дерегі жоқ болжамдардан, 

Жұртында әр ғасырдың олжаң қалған.

Жамағат, біздің тарих – алтын шынжыр,

Әр жерден жиі үзіліп, көп жалғанған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет