Меншік иесі – «Жайық үні» Жшс Газетті есепке қою туралы №13676-г куәлікті 2013 жылғы 11 маусымда қр мәдениет министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінде тіркелген. Газет аптасына 1 рет шығады



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата02.01.2017
өлшемі28,58 Mb.
#987
1   2   3   4   5   6   7

Есенғали РАУШАНОВ 

Әз  Жәнібек хан: 

АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ

ТАРИХ


9

№4    29.01.2015

ТАРИХ

ТЫЛСЫМ ДҮНИЕ



16

№4   29.01.2015



e-mail: zhaik_yni@mail.ru

мен дарқандылығы елге мәлім болды, 

Дешті  Қыпшақ  уәлаятында  ақ  жолдан 

таймайтын,  адал  да  қуатты,  теңдесі 

жоқ  патша  болып,  атасының  бүкіл 

мемлекетіне әмірін жүргізді» (Қазақстан 

тарихы  туралы  түркі  деректемелері. 

1.т.  Өтеміс  Қажы.  Шыңғыс-наме  –  Ал-

маты, «Дайк-Пресс. 2005. 180-б.)» деп 

қуаттай түседі. Ал «Таварих-и гузида-йи 

нусрат-наменің  («Жеңістер  кітабының 

таңдамалы тарихы») авторы ол туралы 

«Жәнібек Дешті Қыпшақ елінің ханы бол-

ды. Халық оған дене болса, ол халықтың 

жаны  болды»  деп  жазды  (Материалы 

по истории казахских ханств в ХV-ХҮІІІ 

вв.  Алма-Ата,  1969.  С.33).  Келтірілген 

деректерді  уақытында  жан-жақты 

саралаған Л. Гумилев Жәнібек ханның 

әкесіндей емес мейірімді, һәм әділетті 

жан  болғанын  атап  өткен  (Гумилев  Л. 

Көрсетілген еңбек. 14-б.).

Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов 

ө м і р   с ү р г е н   з а м а н д а   о р ы с т ы ң 

белгілі  археологы,  шығыстанушы, 

нумизмат  тарихшы  П.Савельевтің 

ғылыми  тұрғыда  әлі  күнге  маңызын 

жоғалтпаған  құнды  еңбегі  дүниеге 

келді.  Бұл  еңбектегі  ғылыми  тұрғыда 

талданған  нумизматикалық  деректер 

қазақ  тарихы  үшін  бірегей  керемет. 

Шындығына келгенде орыс ғалымының 

б ұ л   з е р т т е у і н е   қ а з а қ   қ а у ы м ы 

қарыздар.  Зерттеуші  нумизматикалық 

жәдігерліктерге  иек артып, Әз-Жәнібек 

хан  есімі  бедерленген  теңгелердің 

Хорезм  қаласында  хижраның  700-

751  жылдарынан  (1350  жыл)  құйыла 

бастағанын баяндайды.

Әз-Жәнібектің  ел  билеген  тұсында  

құйылған  теңгенің  бір  жағында  араб 

қарпімен  «әл-сұлтан  әл-ғадл  ғазиз 

Жанибек  хан»,  екінші  жағында  «харб/

сы/Гүлстан  әл-джәдид»(1-сурет) 

деген  сөздер  таңбаланған.  Жәнібек 

ханның  кезінде  Гүлстан  ірі  портты 

қалаға  айналады.  1347  жылы  осы 

Гүлстан  портында  Жәнібек  Венеция 

саудагерлерімен  сауда  келісімін 

жасаған.  М.Әбсеметовтің  пікірінше, 

бұл  порт  бүгінгі  Атырау  қаласының 

маңы  болуы  мүмкін  (Абсеметов  М. 

Таможенное дело Казахстана. А., 2001. 

с.41.).   Нумизмат тарихшы Әз-Жәнібек 

бақилық  болғаннан  кейін  де  әйгілі 

ханның  есімі  бедерленген  теңгелердің 

құйылғаны  хақында  хабарлайды.  Біз 

үшін аса құнды жәдігер саналатын сол 

теңгелердің  бірінде  «әл-сұлтан  әл-

мархұм  ғазиз  Жанибек  хан»  (2-сурет) 

деген тіркес оймышталған. П.Савельев 

зерттеген  нумизматикалық  деректерге 

қарағанда Жәнібек хан билікке келгеннен 

кейін құйылған алғашқы теңгелер «әз» 

(ғазиз) атанбаған, тек он шақты жылдан 

соң  ғана  осы  атақты  иеленген  тәрізді. 

Оған  дәлел,  теңгенің  бір  бетінде  «әл-

сұлтан әл-ғадл Жанибек хан», ал екінші 

бетінде  «хәрб/сы/Харезм  әл-джәдид 

754»  (3-сурет)  деген  сөздер  ойып 

жазылған    (Савельев  П.С.  Монеты 

джучидов,  джагатаидов,  джалаиридов 

и  другие,  обращавшиеся  к  Золотой 

Орде  в  эпоху  Тохтамыша.  Вып.  2. 

СПб., 1858, с299,304-305). Тұңғыш бұл 

деректі қазақ оқырмандарына журналист 

М.Имашев таныстырса, бертін келе ақын 

Б.Қошым-Ноғай  аталмыш  мәселеге 

жұртшылықтың тағы бір мәрте назарын 

аударды.


Шыңғыс  ұрпақтарынан  болған 

хандардың өздерінің ұстанған саясатта-

рына сай келетін тарихтарын жаздырып 

қалдыруы  ертеден  дәстүрге  айналған 

болатын. Хиуа ханы (1645-1663), шығыс 

әдебиеті мен мәдениетінің асқан білгірі 

Әбілғазы  баһадүр  ханның  «Шежіре-и 

түркі» («Түркі шежіресі»)  атты  тарихи 

шығармасының  деректемелік  маңызы 

өте  зор.  Ол  өзінің  еңбегінде:  «Өзбек 

хан өлген соң оның ұлы Жәнібекті хан 

көтерді. Жәнібек хан ғажайып мұсылман 

патша болды, өзі ғұлама, ибалы, ақылды 

кісі  еді.  Сарайшық  шаһарында  таққа 

отырды,  шариғатты  қатаң  сақтар  еді... 

Ұлы Бердібекті Әзірбайжанға әкім етіп, 

өзі  жұртына  қайтып  келді.  Одан  соң 

ауруға  шалдығып,  ол  ұзаққа  созылды. 

Хан:  «Енді  мен  бұл  аурудан  жазыл-

маймын»,  –  деп,  Әзірбайжандағы  ұлы 

Бердібекті шақыртты. Бердібек хан келіп 

жеткенше  Жәнібекке  уақыт  болды.  Ол 

қайтыс  болар  алдында  халқын  жиып 

оларға көп насихаттар айтты. Хижраның 

жеті  жүз  елу  сегізінші  жылы  қайтыс 

болды, ол он жеті жыл патшалық құрды, 

Сарайшықта жерленді» (Әбілғазы. Түрік 

шежіресі. – Алматы: Ана тілі, 2006. 114-

115-бб.),  –  деп  жазды.  Му’ин  ад-дин  

Натанзидің  дерегінде  Әз-Жәнібектің 

өлімі  басқаша  анықталып,  оқиғаның 

қалай  өрбігені  төмендегіше  баяндала-

ды: «Бердібек таққа отырғасын 6 айдан 

соң,  Жәнібек  хан  науқасқа  шалдықты. 

Мемлекетіндегі басты тұлғалардың бірі 

Тоғлу  бай  (деректерде  Туғлы-би,  Тав-

лубий, Тувлубий – Ж.Ж.) Әзірбайжанға 

жедел  кісі  аттандырады,  Бердібекті 

шақыртады. Әкесі көз жұма қалса, таққа 

ие  болатын  сол.  Дешті  Қыпшақ  тағын 

тақымына  бір  қысуды  көксеп  жүрген 

Бердібек Әзірбайжанды тастап, Дербент 

арқылы  жеделдете  Ордаға  жөнеледі. 

Он шақты серігімен түн жамылып келіп, 

Тоғлу  байдың  үйіне  түседі.  Күтпеген 

жерден  Жәнібек  хан  беті  бері  қарап 

басын  көтереді,  айыққандай  болады. 

Сөйтіп,  ертеңіне  кеңеске  қатысқысы 

келетінін айтады. Сенімді кісілерінің бірі 

Жәнібекке Бердібектің келгенін жеткізеді. 

Мына хабар мазасын қашырған ол мұны 

Тоғай  Тоғлу  хатунға  айтады.  Хатун 

ұлын қорғаштап, мұның жалған екеніне 

сендірмек болады. Жәнібек одан Тоғлу 

байды жеке қабылдауына шақыртады, 

осының бәрін бастап жүрген сол Тоғлу 

бай  екенін  білмейтін  хан  мына  жайды 

құпия түрде оған да айтады. Тоғлу бай 

бірден  секем  алып,  мән-жайды  біліп 

келейін деген сылтаумен тысқа шығады 

да, ізінше өзіне жақтас бірнеше адаммен 

қайта кіреді, сол жерде бірден Жәнібекті 

жайратып салады» (Греков Б.Д., Якубов-

ский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. 

Москва  –  Ленинград:  «издательство 

Академии  наук  СССР».1950.  269-270-

бб.;  Бегалин  Қ.  Алтын  Орда  хандары. 

– Алматы: «Адамар», 2007. 147-148-бб.). 



Ой  түйіні.  Сонымен  қазақ  халқы 

алтынордалық  Жәнібек  ханды  «Әз-

Жәнібек» атандырған, ал бұл атаудың 

отандық  тарих  ғылымында  Қазақ 

хандығының  негізін  салушы  ретінде 

мойындалып  келген  Жәнібек  (Әбу 

Саид)  Барақұлына  еш  қатысы  жоқ. 

Өйткені, Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» 

толғауындағы: 

Алты жыл балшық бастырып,

Тоғыз жыл керіш соқтырып,

Сусынын шайға қандырып,

Хандығына жұртын нандырып,

Адыра қалғыр, Аштархан,

Әз-Жәнібек хан салдырып.

Ақылын кәуірге алдырып,

Айласы құрып кеткен жер,–

деген  жыр  жолдары  Алтын  Орда 

билеушісі,  Жәнібек  Өзбекұлына  ғана 

қатысты. 

Келтірілген  әр  түрлі  тарихи  дерек-

тер:  нумизматикалық  жәдігерлерді, 

жыр-аңыздарды,  толғауларды,  кәсіби 

мамандардың  тың  ойларын  саралай 

келе, біз осыған дейін Әз-Жәнібек деп 

жүрген  ханның  Қазақ  хандығының 

негізін қалаған Барақұлы Жәнібек емес, 

Алтын  Орда  ханы  Өзбекұлы  Жәнібек 

екенін  тағы  бір  мәрте  тиянақтадық. 

Бұдан Қазақ хандығының негізін салған 

әйгілі  Жәнібек  ханның  мәртебесі  мен 

беделінің еш төмендемесі хақ. Елбасы 

Нұрсұлтан  Назарбаев  Ұлытаудағы  ұлт 

туралы толғанысында Алтын Орданың 

Қазақ  мемлекеттілігі  тарихындағы  ірі 

белес екенін айдай анық қылып айтты. 

Өкініштісі,    тәуелсіздігімізге  20  жыл-

дан    асса    да,  академиялық  басылым 

Қазақстан тарихының 2-томы мен жалпы 

орта білім беретін мектеп оқулығындағы 

Әз-Жәнібек  хан  туралы  мағлұмат  сын 

көтермейді.



Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ, 

тарих ғылымдарының 

кандидаты, Орал қаласы

Жаңа 2015 жыл – 

ерекше жыл. Жеңістің 

70 жылдығы. Жаңа 

жыл қарсаңында соғыс 

ардагерлерінің көңілін 

селт еткізген оқиға: 

Елбасы Нұрсұлтан 

Әбішұлының оларды 

жаңа жылмен құттықтауы 

– ерлікке тағзым үлгісі, 

ардагерлерге құрмет 

пен қолдаудың тұрақты 

қамқорлығының айғағы. 

Сұрапыл  жойқын  соғыстың 

зардабын  бастан  кешкендерді 

құрметтеп,  соғыс  даласында 

құрбандыққа  ұшырағандарды 

есте  сақтау  –  баршамыздың 

борышымыз.

Жақында  маған  екі  жас 

жігіт  келіп  жолығып,  «Біз 

сізді  сырттай  жақсы  білеміз. 

Сіздің  тарихи  тұлғалар,  елге 

танымал  қайраткерлер  туралы 

жазғандарыңызды  көңіл  қойып 

оқимыз.  Ал  енді  сіздің  бізге 

көмегіңіз  қажет.  Соғыста  ерлік, 

еңбекте  де  ерен  еңбек  үлгісін 

көрсеткен  атамыз  болды.  Биыл 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аталып 

өтпек.  Осыған  байланысты 

жауынгер  атамыз  жөнінде  газет  бетіне 

шағын мақала жариялауыңызды өтінеміз» 

деп қолыма көне құжаттарды ұстатты. Мен 

ойланбастан  олардың  өтінішін  тапсырма 

хақында қабыл алдым. 

Өйткені  мен  де  соғыс  ардагерлерін, 

құрбандарын  аса  ардақтаушы,  етене 

жоқтаушылардың  бірімін.  Біздің  әулеттен 

төрт адам соғысқа аттанған, үшеуі майдан 

даласында  қалды.  Ағаларымның  бірі 

баласымен  бірге  Сталинград  түбіндегі 

қырғында  із-түзсіз,  хабар-ошарсыз  кетсе, 

екіншісі  Ленинградтың  құрсауын  бұзарда 

қаза  болса  керек,  о  да  хабарсыз,  елге 

оралмады. Оларды біз жылдар бойы күттік, 

мүмкін оралар деп... Әлі жоқтаймыз! 

Қолыма  қалам  алып,  әңгіме  еткелі 

отырған адамымның аты-жөні Молдағалиев 

Құсайын. Оның туып-өскен жері Қараөзен 

жағасындағы  бұрынғы  Березина,  қазіргі 

Қайыңды елді мекені. Бірінші дүниежүзілік 

соғыстан  бір  жыл  бұрын  дүние  есігін 

ашыпты, яғни 1913 жылы. Құсайын жаңа ес 

білген шағында елде жер аспанға шығып, 

аспан жерге түскендей қанқұйлы төңкеріс 

болып, байлар, ауқаттылар мал-мүлкінен 

жұрдай  болып,  кедейлер  аспандаған  кез 

келеді. Отау иесі 15 жасқа толғанда еріксіз 

ұжымдастыру науқаны басталып, «асыра 

сілтеу  болмасын,  аша  тұяқ  қалмасын» 

ұраны  аясында  халық  зардап  шекті, 

ашықты,  құрбандыққа  ұшырады.  Бұндай 

жәйттердің бәрін басынан кешірген Құсайын 

меншігіндегі  атын,  түйесін,  арбасын  ар-

тельге  тапсырып,  тіршіліктің  толқынынан 

құлаштап жол тауып, сауатын ашты. «Істің 

тетігін  тек  қана  техника  шешеді»  деген 

үстем партияның шақыруымен 1938 жылы 

Орал  қаласындағы  ауылшаруашылық 

техникумында бір жыл оқып, «комбайнер» 

мамандығына  ие  болып,  ауылға  оралған 

соң, Сталин атындағы колхозда еңбек етті. 

Үлгілі механизатор атанды. 

Молдағалиев  Құсайын  майданға  өзінің 

жауынгерлік  жолы  туралы  Қызыл  Армия 

күніне арналған бір жиында сөйлеген сөзінде 

былай депті: «1941-1945 жылдары соғыста 

болып,  53-ші  дивизияның  12-ші  полкінің 

қатарында  1941  жылдың  8  қыркүйегінде 

неміс басқыншыларымен қан-төгіс ұрысқа, 

одан  кейін  Мосваны  қорғауға  қатыстым. 

Малая Ярославаль, Смоленск қалаларын 

азат етуде көрсеткен ерлігім үшін, «Қызыл 

Жұлдыз» орденімен наградталдым. Одан 

кейін Дон, Днепр өңіріндегі күшті шайқасқа 

қатыстым.  Харьков,  Курск  бағытындағы 

қ а н т ө г і с т і ң   і ш і н д е 

болдым, немістің екінші 

астанасы  есептелетін 

Дреяден  үшін  болған 

ұрысты  бастан  кешіріп, 

с о ғ ы с т а ғ ы   ж е ң і с к е 

үлесімді қостым» – деп 

әңгімесін аяқтапты.

К е з і н д е   ( ө т к е н 

ғ а с ы р д ы ң   с о ң ғ ы 

шерегінде)  қос  өзен 

ө ң і р і н д е г і   Л е н и н 

а т ы н д а ғ ы   к о л х о з , 

оның  іскер  басшысы 

Хакім  Құсайынұлының 

а р қ а с ы н д а   м а л 

шаруашылығы, 

егінжайдағы 

ж е т і с т і к т е р і м е н   е ң 

алдыңғы  қатардағы 

шаруашылық  атанып, 

еңбек  азаматтарының 

д а ң қ ы   а р т т ы .   Б ұ л 

атаққа,  даңққа  қол 

жеткізгендердің  бірі, 

бірегейі соғыс ардагері, 

е ң б е к қ о р   Қ ұ с а й ы н 

Молдағалиев болды. 

Ол жергілікті газетте 

мал  шаруашылығын, 

с о н ы ң   б і р   с а л а с ы 

қой  басын  көбейту, 

оны  «екінші  тың»  деп  ұран  тасталған 

шақтағы  өзінің  жетістіктерін  айта  келіп, 

шағылыс  науқаны  кезінде  зоотехникалық 

талаптардың  орындалу  кемшілігінен 

бұрынғы  көрсеткіштерінен  қозыны  кем 

алғанын айтып, енді оны болдырмау жөнінде 

істелетін жұмыстарына тоқталып, қойдың 

қоңдылығын жақсарту үшін жайылымдықты 

ауыстырып  отыру  қажеттігін,  ол  үшін 

шопандардың көшіп-қонуына өте тиімді киіз 

үй екендігін дәлелдепті. 

Б ұ д а н   к ө р е т і н і м і з   Қ ұ с а й ы н   ө з 

басының  қамын  айтпай,  бағымдағы 

малының  жағдайын  алға  тартуы  сол 

кездегі  еңбек  адамдарының  қоғамдық, 

мемлекеттік мүддені өз мүддесінен артық 

бағалайтындығының көрінісі. 

Жылдар  өтіп  Құсайын  Молдағалиевтің 

м а й д а н д а ғ ы   е р л і г і н е   б е й б і т ш і л і к 

жылдарындағы  ерен  еңбегі  қосылып, 

мерейі асқақтады.

Сержант Молдағалиев Құсайын – соғыс 

мүгедегі.  Оны  растайтын  анықтамасы  да 

сақталыпты. Оқ аяғын тесіп өткен. Соғыс 

аяқталысымен  қираған  елді  мекендерді 

қалпына  келтіруге  қатысты.  Әскерден 

1946  жылы  оралып,  өзінің  туып-өскен 

ауылында еңбек майданына қатысады. Ол 

жөнінде облаткомның төрағасына дербес 

зейнеткерлік  лауазымын  сұрап  жазған 

арызында  «Бұрынғы  «Урожай»,  қазіргі 

Ленин атындағы колхозда үзбей еңбек етіп, 

ауыл  шаруашылығының  озаты  атанып, 

соның  ішінде  қой  шаруашылығында 

табысты еңбек еттім. Әр жүз саулықтан 142 

бас қозы алып өсірдім. Бұл үшін «отличник» 

белгісімен  марапатталдым.  Алты  дүркін 

аупартком  конференциясының  делегаты, 

облпарткомның  пленум  мүшесі  болып 

екі  дүркін  сайландым»  деп  баяндаған. 

Молдағалиев  Құсайынның  соғыстағы 

ерлігі, елдегі ерен еңбегін куәландыратын 

анықтамалар  мұқият  жинақталған. 

Кезінде  Ленин  колхозын  басқарған  Хакім 

Құсайыновтың Батыс Қазақстан облыстық 

партия комитетінің бірінші хатшысы болған 

Сабыр  Ниязбековтың  қолы  қойылған 

құжаттар да кейіпкеріміздің Отан үшін адал 

да, үлгілі қызмет еткенін толық сипаттайды. 

Құсайын  1976  жылы  дүниеден  өтті. 

Артында  қалған  ұл-қызы,  немерелері 

өздерінің  туған  топырағында  еңбек  етіп, 

ел қатарлы тұрмыс кешуде. Ауылдастары 

оның  есімі  мен  атқарған  істеріне  тағзым 

етеді.

Жайсаң АҚБАЙ           

Жеңіс жауынгері, 

Еңбек ерені

     Атам мен әжем ұзақ 

жыл қой баққан озат 

шопандар. Біз қысы-жазы 

бейнеті мол қым-қуыт 

тірліктің куәсі болып өстік. 

Әсіресе жаздың аптап 

ыстығында жайылымға 

кеткен көп қойға 

қосылмай, үй маңайында 

қалатын ақсақ-тоқсақ, 

соқыр-кәкірден құралатын 

«жаман қойларды» бағып 

жүріп, сарыбас жылан, сұр 

жылан, боз жыландарды 

жиі көретінбіз. Үйге кіріп 

кеткен жыланның өзін 

әжем өлтіртпей, басына 

ақ құйып шығарып 

салатын. Бала кезімнен 

үлкендерден жылан 

туралы әңгімелерді көп 

еститінмін. Әсіресе, кеште 

ұйқыға жатқанда әжем өте 

әсерлі әңгімелейтін. Содан 

шығар, жылан маған 

өте киелі хайуан секілді 

көрінеді де тұрады.  

Н

еге  дейсіз  ғой.  Әжемнен 



естіген,  есімде  жақсы 

сақталған  бір  аңызды  айтып 

берейін. Бағзы заманда бiр кемпiр 

мен  шалдың  жалғыз  қызы  мен 

сиыры  болыпты.  Сіңірі  шыққан 

кедей  жандар  сол  сиырдың  сүт-

айранын  iшiп  күнелтедi  екен. 

Бiр күнi қыздары айранның бетiн 

жабуды ұмытып кетедi. Таңертең 

әке-шешесiне  айран  берейiн 

десе ыдыс бос, түбiнде бiр алтын 

теңге  жатыр.  Қайран  қалған  қыз 

ертеңiне де айранның бетiн ашық 

қалдырады.  Әдеттегiдей  ояна 

келсе, тағы да ыдыста айран жоқ, 

iшiнде  бір  теңге  жатыр.  Үшiншi 

күнi қыз ұйықтамай мұның қандай 

құпия-сыры бар екенiн бiлейiн деп 

таңға дейiн ояу жатады. Шолпан 

жұлдызы туған уақытта бiр жылан 

жер бауырлап келедi де ыдыстағы 

айранды iше бастайды. Қыз бәрiн 

бақылап  отырады.  О  ғажап,  жы-

лан  аузын  ашқанда  бiр  алтын 

теңге ыдысқа сыңғыр етiп түседі. 

Жылан келген ізімен кері қайтады. 

Соңынан  еріп  байқаса,  әлгі  жы-

лан таяу маңдағы бір төмпешікке 

сіңіп  жоқ  болады.  Содан  қыз 

көрген-бiлгендерiн  әке-шешесiне 

айтады. Арада күндер өте бередi. 

Осылайша  олар  бiр  сандық  ал-

тын  жинайды.  Кедейдiң  күркесi 

алтынның  құдiретiмен  түнде 

жарқырап  кетедi.  Мұны  ханның 

бiр нөкерi байқап қалып, оқиғаны 

ханға келiп баяндайды. Таңертең 

хан  жандайшаптарымен 

келiп,  кемпiр  мен  шалға  «ал-

тынды  қайдан  алғандарыңды 

айтпасаңдар, дарға асамын» деп 

қорқытады.  Кемпiр  мен  шалдың 

қызы ханға көрген-бiлгенiн айтып 

бередi. Содан әлгi хан елдi жинап, 

жылан  мекендеген  төмпешікті 

қаздырады.  Күндердiң  күнiнде 

жарды  қазушылар  жыланның 

күзетiп жатқан алтынына да жетедi. 

Бiр кезде жылан оқтай атылып кеп 

шүйiлiп,  ханның  жалшыларының 

төбесiн  тесiп  өлтiре  бередi.  Тек 

бiр  адам  ғана  мына  сұмдықтан 

қашып  құтылады.  Арада  бiр-екi 

жыл өтеді. Тәшкенге жол тартқан 

бір  топ  саудагерлер  баяғы  ауыл 

маңынан өтiп бара жатады. Сон-

да  бір  жылан  серкенiң  мүйiзiне 

оралып,  саудагерлерге  тиiспей 

ілесіп  кете  бередi.  Бiр  жерлерге 

келгенде әлгi жылан түсiп қалады. 

Таң қалған саудагерлер бұл не ке-

ремет болды екен деп бақылайды. 

Қараса  жылан  қой  бағып  жүрген 

кiсiнiң  шешiп  қойған  етiгiне  еніп 

жоқ болады. Ойында дәнеңе жоқ, 

өзен жағалап қой тоғытып жүрген 

әлгi  кiсiнi  саудагерлер  шақырып 

алып,  көрген-білгендерін  баян-

дайды.  Сонда  ол:  «баяғыда  бұл 

жыланнан  түн  жамылып  қашып 

кетiп  едiм,  ме-

нен  кек  алуға  келген  екен,  ол 

мені өлтірмей тынбайды» деп аһ 

ұрады.  Саудагерлердiң  iшiнде 

бiр  дана  кiсi  жүр  екен.  Сол  кiсi: 

«Шырағым,  қорықпа.  Басыңа 

7  нан  мен  2  кетпен  қой,  мүмкін 

құтыларсың»  дейді.  Қойшы  әлгi 

кiсiнiң  айтқандарын  екі  етпейді. 

Жылан  атылып  кеп,  2  болат 

кетпендi тесiп өтiп, 6 нанды тесіп, 

жетiншi нанға келгенде сылқ етiп 

құлайды.  «7  нан  шелпек  тарат 

деген сөз содан қалған, қызым», 

дегені есімде әжемнің. 

А л   м ы н а   о қ и ғ а н ы   о с ы -

дан  5-6  жыл  бұрын,  Мөлдір 

есімді  құрбымнан  естіген  едім.                                        

– Тоқсаныншы жылдардың орта-

сы. Күз айы. Ол кезде әкем ауыл-

да  жүргізуші  болатын.  «Тұяқтың 

үйі қонған жерден ордалы жылан 

шығыпты»  деген  суыт  хабар 

ауылға тарап үлгереді. Тұяқ деген 

шопан әйелі Айманмен жайлауда 

саулық қой бағып отырған. Олар 

отырған  жерден  1-2  шақырым 

жерде «Жыланды» деп аталатын 

бейіт  бар.  Айналасында  терең 

апандар,  жыландардың  ұялары 

көп болушы еді. Ересектер малға 

кеткенде  балалары  үйде  өздері 

қалады екен.

Әуелі  бірлі-жарым  жыланның 

баласы  қараша  үйдің  іргесінен 

шыға  бастайды.  «Өзіміз  жоқта 

балаларды  шағып  алар»  деп, 

қауіптенген Тұяқ ағай жыландар-

ды өлтіріп тастайды.

Бір күні Тұяқ күншығыс жақтан 

шаңды  бұрқыратып,  біресе  жер 

бауырлап жылжып, біресе басын 

қақшитып  алып  үйге  бағыттап 

келіп қалған үлкен жыланды көріп, 

қамшымен  соғып  өлтіреді.  Сол 

түні  үй  адамдары  ұйқыға  жатар-

да  үйдегі  мысық  көзі  шытынап, 

әлдебір  дыбыс  шығарып,  есікке 

қарап  таң  атқанша  шоқиып  оты-

рады.  Екінші  күні  тағы  бір  үлкен 

жылан  қатты  жылдамдықпен 

үйге қарай жер бауырлап келеді. 

Ол  түні  де  қорыққан  үй  иелері 

көздерін  ілместен,  мысық  пен 

жыланның  көзбен  арбасып 

отырғанын көріп, таңды атырады. 

Бұрынғы  үлкен  кісілер  «Жылан 

мысықтың  тырнағынан  қорқады, 

көзін шұқып алса, сол жерде арам 

қатады» деп айтады екен. Құдай 

сақтағанда  мысықтың  көмегімен 

олар сол түннен де аман шығады. 

Мысық жыланға айбат шегіп, оны 

үй  иелеріне  жақындатпайды. 

Таң  атысымен  шопанның  үйінен 

ауылға  хабар 

к е л і п ,   ф е р -

ма  меңгерушісі 

әкемнің  жүк  ма-

шинасымен  оқиға 

болған  жерге  жетеді. 

М а л ш ы н ы ң   о т б а с ы   қ а т т ы 

қорқып  қалған.  Көрші  ауылда 

тұратын  емшіні  әкелуді  өтінеді. 

Айтқандарын екі еткізбей әкемдер 

емші апайды ала барады. – Ор-

далы  жыланға  бекер-ақ  тиіскен 

екенсіздер. «Үйге кірген жыланның 

басына  ақ  құйып  шығар»  деуші 

еді  ғой,  –  деп  басын  шайқайды 

ол  кісі.  Мұны  естіген  шопан 

қыстаққа  көшемін  деп  азар  да 

безер  болып  отырып  алады. 

Үйге  дұға  оқылып,  шай  ішіледі. 

Астан соң әрбір ыдыс-аяққа, төсек 

орынға,  ағаш  үйдің  сүйектеріне 

емші апай дұға оқып, дүние-мүлік 

көлікке тиеледі. Тек үлкен цистер-

наны әкете алмаған соң, бұл жер-

ге қайтып келмес үшін 500 метр-

дей жерге сүйреп апарып тастап, 

кейін алып кетіпті. Басқа құрылыс 

материалдарын  бұзып  алғысы 

келген  ферма  меңгерушісіне 

тәуіп апай қарсы болған. «Содан 

қайтып ол үйге ешкім барған жоқ. 

Кейін  үйді  жылан  иеленді  ме, 

әлде  сол  күйі  иесіз  қалды  ма, 

білмеймін», деп әкем айтып еді, – 

деп сөзін түйіндеді Мөлдір. 

«Жылан өзі қандай 

жәндік?»


Осы  оймен  ғаламторды  да 

шарладық.  Біздің  түсінігімізде 

жылан – улы әрі шағатын жәндік. 

Алайда,  оның  емдік  қасиеті  зор 

екен. Жылан уының емдік қасиеті 

алғаш  рет  ХVII  ғасырда  белгілі 

болған.  Тіпті  мұны  алғаш  ашқан 

Франческо Реди деген адам дейтін 

мәлімет бар. Ал жүз жылдан соң 

тағы бір итальяндық ғалым Фели-

се Фонтане удың ұңғыл-шұңғылын 

зерттеп,  адам  ағзасына  қалай 

әсер  ететінін  түсіндірген. 

Жылан  еті  азық  ретінде 

және  дәрілік  тағам 

ретінде  пайдаланы-

лады. Қытайда жылан 

етін пайдаланудың екі 

мың жылдық тарихы 

бар көрінеді. Жылан еті аспан асты 

елінде  тым  ертеден-ақ  сыйлы 

қонақтарға  берілетін  тіл  үйіретін 

тағам  ретінде  бағаланады.  Бұл 

салт  Филиппин, Жапония сынды 

көптеген  шет  елдерде  ежел-

ден  бар.  АҚШ-та  жыланды  ба-

зарларда  сатып  қана  қоймай, 

етінен  тағам  жасап,  экспортқа 

шығарады.  Кейбір  әлеуметтік 

басқосу,  қонақасыларда  жылан 

еті  аса  тамаша,  аз  кездесетін 

тағам  ретінде  ұсынылады.  

Аспан  асты  елінің  Гуаңжоу 

аймағындағы  халық  жылан-

ды  жақсы  жейді  әрі  оны  шебер 

әзірлейді.  Дәмдендіру  амалы  да 

әр түрлі. Гуаңжоуда жылан етінен 

тамақ  жасайтын  асханалар  көп, 

ең  үлкені  –  «Жылан  патшасы» 

асханасы.  Мұнда  жыл  сайын  30 

тонна тірі жылан пайдаланылады, 

қазірге дейін 100 жылдық тарихқа 

ие  Гуаңжоу  қаласындағы  асха-

наларда  жылан  етінен  жасалған 

қуырма  тағамдардың  түрлері 

30-дан  асады.  Тіпті  ондағылар 

жылан  етінсіз  тамақтанбайды. 

Жыланның  терісін,  етін,  ішегін 

қуырып  қақтап,  сорпалап,  бу-

лап,  дәмдендіріп,  тіл  үйіретін 

тағам жасайды. Жылан етінің дәмі 

жақсы,  қоректік  қасиеті  мол.  Ол 

желқұзды айдап, қан айналысын 

жақсартады.  Көптеген  адамдар 

жылан етін қыста қуаттандырғыш 

дәрі  ретінде  пайдаланады.  Со-

нымен  қатар  жылан  еті  жара 

мен  бөрткенді  де  емдеп  қана 

қоймай,  теріні  қорғайды.  Осы 

заманғы  тәжірибеге  сүйенсек, 

жылан етінде көп мөлшерде белок 

бар және ондағы амин қышқылы 

да  көп.  Мұның  ішінде  аспартин 

қышқылы 5,2 пайыз, треотин 2,1 

пайыз, глитсин 5,2 пайыз, аланин 

3,5  пайыз,  метртин  1,4  пайыз, 

иролеутсин  2,2  пайыз,  леуцин 

3,9 пайыз, тирозин 1,7 пайыз, ни-

лалатин  2,1  пайыз,  гистирин  1,4 

пайыз, лизин 4,3 пайыз. Тексеруге 

негізделгенде жылан денесіндегі 

адамға  қажетті  амин  қышқылы 

жалпы  амин  қышқылының  3/1-ін 

ұстайды.


Еті белокқа бай

Жылан  етінде  май,  глюкоза, 

VB,  VB1,  VB2  және  көптеген 

биологиялық  элементтер  бар. 

Жылан  етіндегі  белок  сиыр 

етіндегі белокпен аса ұқсас екен. 

Электрлі  ион  ажырату  аспабы 

арқылы жыланның қабығы, терісі, 

еті, өті, жүрегі, өкпесі қатарлыларға 

тексеру  жүргізгенде  жиыны  20 

түрлі элемент байқалған. Мұның 

ішінде адамда болмайтын 15 түрлі 

элемент  барлығы  анықталған. 

Жылан  етінде  кальций  1822,29 

ppm,  фосфор  11344,90  ppm, 

магний  636,82  ppm  болып,  адам 

ағзасына  қажетті  элементтер-

ден  темір,  мырыш,  мыс,  хром, 

марганец,  кобалит,  молибден, 

селен қатарлылар бар. Бұл эле-

менттер  адамның  биологиялық 

синтездену,  зат  алмасу,  белок 

пен хромосоманың бірігуі үшін аса 

маңызды.


С о н ы м е н ,   а т а - ә ж е м н і ң 

әңгімелерінен білетінім, егер топ-

танып  жүрген  жыланды  көрсеңіз 

ордалы  жылан  екенін  біле 

жүргеніңіз дұрыс. Бұлар өте кекшіл 

болады.  Ал  ер-тоқымын  жаста-

нып,  дәм  бұйырған  жерге  қисая 

кететін  ата-бабаларымыздың 

тәжірибесі бүгін де кәдеге жарап 

тұр.  Малшылар  мен  аңшылар 

жыланнан қорғану үшін жылқыны 

пайдаланады  екен.  Өйткені, 

жылан  жылқының  өзі  тұрмақ, 

тері  сіңген  қамшы,  ер-тоқым, 

т.б.  ат-әбзелдеріне  де  жола-

майтын  көрінеді.  Бұл  неліктен 

қамшының  төрде,  ер-тоқымның 

босағада  жататынын  ашып 

беретін  бір  хикмет  болса  керек. 

Біздің қазақта жыланның атын ата-

май «ұзын» деп атаған. Үйге еніп 

кетсе, басына ақ құйып шығарған. 

Атадан келе жатқан осы ырымның 

астарында  қазақтардың  досына 

да,  дұшпанына  да  ең  алдымен 

құрмет  көрсетуі  жатса  керек. 

Қадым замандарда Желмаясына 

мініп  «Жерұйық»  іздеген  Асан 

Қайғы атамыз бұл туралы «Аяғы 

жоқ, қолы жоқ, Жылан қайтіп күн 

көрер...»  деп  бекер  айтпаған. 

Оның бойында әлі де ашылмаған 

талай құпиялар бар секілді...

Егер, түсіңізде жылан көріп, 

жылан туралы аңыз-оқиғалар 

білсеңіз,  осы  мақалаға  үн 

қосыңыз, ағайын! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет