Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата15.03.2017
өлшемі0,71 Mb.
#9522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ШЕЖІРЕЛІК АҢЫЗДАР: ТҮПНЕГІЗІ,  
ТАРИХЫЛЫҒЫ, ДЕРЕКТІЛІК-АЙҒАҚТЫҚ МӘНІ
Ұрпақтан-ұрпаққа  ауызша  таралып  келген  шежіре 
аңыздар  –  қазақ  халқының  сан  ғасырлық  тарихнамасы, 
тұтас бір ұлттың өсу-өрбу жолдары.  Алдымен, әр тайпаның, 
рудың,  аталықтың  кесте  шежіресі,  соған  байланысты 
аңыздар қарасөз күйінде атадан балаға жетіп, өзге нұсқалары 
арқылы толығып отырды. Кейін ру ақсақалдарынан естіген 
шежірелік жүйе мен аңыздарды ақын-жыраулар, жыршылар 
өлең, жырға айналдырып, ел ішіне таратып келген. Олардың 
көпшілігі арнайы бір сюжеттік желіге құрылмай, қазақтың 
түп-тегінен жырлаушының өзіне дейінгі шежіре тізбектеліп, 
жыр үлгісіне түсірілген. Алайда, ата-тегін, олардың тыныс-
тіршілігін,  қоғамдағы  атқарған    рөлін,  қадір-қасиеттерін, 
болмаса ерлік істері мен елі үшін атқарған елеулі еңбектерін 
көркем бейнелейтін тұстары да кездесіп отырады. 
Жалпы  шежіре  бүкіл  адамзатқа  тән,  жалпытүркі,  қазақ 
шежіресі,  ру-тайпа,  ұлыс,    ұлт  шежіресі,  төрелер  мен 
қожалар, төлеңгіттер  шежіресі болып жіктелетіні белгілі. 
Олар ішкі жанрлық белгілері бойынша: жыр-шежіре, қарасөз 
және кесте шежіре болып бөлінеді. Шежіре қазақ қоғамында 
әкімшілік басқару жүйесіне аса қажет болғандықтан, хандар 
оның жүйелі түрде жиналып, хатқа түсуіне мүдделі болған. 
Себебі    батырлар  арқылы  әскер  жасақтауда,  ру-тайпа  бас-
шылары  мен    билер  институтының  негізінде  мемлекеттік 
билікті жүргізуге, салық жинау, жер дауы, жесір дауы, құн 
дауы мәселелерін шешуде шежіре білудің маңызы зор бол-
ды.    «Осындай    шежірелердің  бір  нұсқасы    Жәңгір  ханда 
сақталған.  ХVІІІ-ХІХ  ғасырларда  қазақ  хандары  қытай 
еліне барғанда мәдени қатынаста болған. «Қазақ шежіресі» 
атты  кітап мәнжу тілінде Бейжіңдегі хан сарайы архивінде 
Әдебиеттану

14
Әдебиеттану
тұр» [1, 6].
Прозалық, болмаса жыр үлгісіндегі шежірелік аңыздар – 
бүгінде іргелі ел, мемлекет құраушы қазақ ұлтының бүкіл 
қалыптасу тарихын көркем бейнелі түсіндіретін көне заман-
нан бергі әлем халықтары, түркі, оғыз, моғол, ноғай, татар 
тайпаларының және оларды халық ретінде біріктіруші ұлы 
тұлғалары:  Адам  ата  бастаған  пайғамбарлар,  сахабалар, 
Оғыз  хан,  Шыңғыс  хан,  Алаша  хан  мен  халықтың  атауы 
«қазақ» деп, ал оның жалпы халықтық ұраны «Алаш» болып 
аталуының, олардың «үш жүз» болып бөлінуінің, белгілі бір 
тайпаның, рудың, оның ішінде ру аталығы аталуының, со-
нымен бірге қазақ халқының үш жүзіне кірмейтін, бірақ оны 
құрауға  қатысқан  қауымдар:  төрелер,  сахабалар,  қожалар, 
шалақазақ, төлеңгіт, сұнақ т.б.  аталуы, қысқаша айтқанда, 
қазақтың  халық  болып  қалыптасуы  туралы    баяндалатын 
аңыз-әңгімелер.
Шежірелік  аңыздардың  алғашқы  үлгілері  ХҮІ-ХҮІІ 
ғасырдағы  түркі,  парсы,  шағатай  жазуларындағы  тарихи, 
шежіре шығармаларда, кейін  ХХ ғасыр басындағы қазақтың 
төл  шежіре  кітаптарында,  алғашқы  қазақ  газет-журнал-
дарында  басылған.  Сондай-ақ  әр    кезеңдерде  қазақтың 
белгілі тұлғалары Абылғазы Баһадүр ханның, Қадырырғали 
Жалайыридың, 
Ш.Ш.Уәлихановтың, 
М.Ж.Көпеевтің, 
Құрбанғали 
Халидтың, 
Ш.Құдайбердіұлының, 
М.Дулатовтың,  М.Тынышбайұлының  т.б.  еңбектерінде 
жарияланған.
ХҮІІІ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  Қазан 
төңкерісіне дейін патшалық Ресейдің зерттеуші ғалымдары 
В.Паллас, 
Н.П.Рычков, 
А.И.Левшин, 
В.В.Радлов, 
Н.Г.Потанин т.б. өз еңбектерінде қазақ халқының шежірелік 
аңыздары  туралы  мәліметтерді,  «қазақ»,  «қазақ-қырғыз», 
«Алаш»,  «үш  жүз»  және  оның  ру-тайпа  аттарының 
шығуы жөніндегі ел аңыздарын жазып алып, орыс тілінде 
(В.В.Радлов қазақша да жариялаған) тасқа бастырған.
Кеңестік  идеологияға  қаншама  қайшы  келгенмен, 

15
шежірешілік дәстүр рухани мұраларымыздың өзге де түрлері 
сияқты  өз  жалғасын  тауып,  сол  кезеңде  де  мүмкіндігінше 
жиналып  отырды.  Себебі  зиялы  қауым  өкілдері  бұл 
жәдігерді  ата-бабалар  аманаттап  кеткен  тұтас  бір  ұлттың 
өмір  жолы,  сан  ғасырлық  тарихнамасы  ретінде  бағалады. 
Бірақ  қырағы  саясат  бұл  мұралардың  жариялануына, 
зерттелуіне жол бермей, елуден астам бумада жинақталған 
шежірелер  ұзақ    жылдар  бойы  М.О.Әуезов  атындағы 
Әдебиет және өнер институтының, Орталық ғылыми және 
Ұлтттық кітапханалардың сирек қорларында жатып қалды. 
Ел тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ғана көне тарихымыз-
бен қайта қауышуға мүмкіндік туып, шежірелер кең көлемде 
басылым көре бастады. 
Шежірелік  жыр-аңыздардың  көпшілігі  ауызша  жеткен 
аңыздардың  желісімен  кейінгі  бір  ғасырдың  көлемінде, 
әсіресе  кеңестік  кезеңде  жырланғаны  аңғарылады.  Оған 
түптегінен ажырап бара жатқан ұлттың келешегін ойлаған 
шежіреші,  жыршы,  ақындардың  ақыл-парасаты  басты  се-
беп болған сияқты. Олар көбіне Ораз молда, Марал ишан  
қолжазбаларына, сондай-ақ Әбілғазының, Мұхамед Хайдар 
Дулатидың,  Насредин  Рағбузидың    еңбектеріне,  «Хамсул 
ағла», «Оғызнама» кітаптарына сүйенгендіктерін аңғартып 
отырады. 
Шежірелік  жыр-аңыздардың  басым  көпшілігінің  ау-
ыздан  ауызға  тараған,  болмаса  хатқа  түскен  белгілі  бір 
аңыздың  желісімен  жырланғандығы  байқалады.  Мәселен, 
Ш.Жұбанұлы,  Қ.Қоржынұлы,  болмаса  белгісіз  ақын 
жырлаған  туындыларда  шежіренің  негізі  ХІХ  ғасырдың 
жетпісінші  жылдары  мұсылмандық  парызбен  Мекке-
ге  барған  Құнанбай,  Мырқы  қажылардың  арнайы  хатқа 
түсірген  нұсқасы  бойынша  жырға  айналдырылғаны  айты-
лады  («Жаздырып  бір  шежіре  алып  қайтқан,  Шайхислам 
Сейітзада қазіреттен» т.б.). Ақын, жыршылардың көпшілігі  
алдыңғы  буын    шежірешілерден,  ел  ақсақалдары  мен  би-
шешендерден естігендерін өлең сөзге түсіргендігінен өздері 
Әдебиеттану

16
хабардар етеді. Бұл ретте Шоңбай ақын:
«...Бұл жазған шежіренің әнжамына,
Қайқының Бекжанынан қанып едім.
Кейінгі жастар оқып үйренсін деп,
Оралтып өлең сөзге жазып едім», – 
деп  жырласа  [2];    Н.Наушабайұлы:  «Айрылды  Ұлы  жүз 
бен Кіші жүз боп, Осылай шежіреден қалды сөз боп» [3]; 
К.Әзірбаев шежіресін жеткізушілер: «Осындай ел аңызын 
өлең еткен, Сексенді алқымдаған Кенен екен» [4], – дейді. 
Әдеби шежірелерді, яғни қарасөз, жыр үлгісіндегі аңыз 
шежірелерді  мақсатты  түрде  қарастырып,  тереңірек  зер-
делегенде  олардың  негізі  бірнеше  ірі-ірі  тақырыптарды 
қамтыйтынын  аңғаруға  болады.  Бүгінгі  күнге  толымды 
түрде  жеткен  аса  көлемді  жырлардың  көшін  –  Адам  ата-
дан,  Нұқ  пайғамбардан,  Әнес  сахабадан  (кейбірі  Ғакаша 
сахабадан), Түркіден бергі адамзат баласын теріп көрсетіп, 
олардың  тегін,  нәсілін,  ру-тайпалық  болмысын,  ұлтын 
айқындап  беретін  кешенді  шежірелер  бастайды.  Олардың  
арасында халыққа кеңінен танымал шежірешілер Бұзаубай 
Жайлаубаевтың  «Адам  атадан  бергі  шежіре»  [5],  Шәді 
Жәңгірұлының  «Дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, 
руларға  бөлінуі»  [6],  Маусымбай  Сабанұлының  «Майқы 
(Қазақ)  туралы  шежіре»  [7],  Кітапбай  Ақмолланың 
«Қазақтың жалпы шежіресі» [8], Төлтай Меңлібайұлының 
«Түрік тайпалары және қазақ үйсіндер» [9] сияқты қомақты 
жыр-шежірелері кездеседі. 
Аңыз шежірелердің, әсіресе прозалық үлгілернің келесі 
үлкен  бөліктері  қазақ  халқының  қалыптасуына  қатысты 
туындап,  Оғыз  хан,  Алаша  хандарға,  оның  үш  жүзге 
бөлінуіне байланысты дүниеге келгендігі байқалады. Бұдан 
кейін халық туындыларына «Туыстас түркі халықтарымен 
қарым-қатынасы»  арқау  болып,  қазақ-қырғыз-қарақалпақ, 
ноғай  т.б.  ұлттар  мен  ұлыстардың  туыстығы  баяндалады. 
Ал  аңыздық  шежірелердің  негізгі  бөлігін,  әлбетте,  «Қазақ 
шежіресі»  қамтып,  оның  ру-тайпалары  жіліктеніп,  жүйелі 
Әдебиеттану

17
түрде  таратылатындығы  белгілі.  Жыр-шежірелерде  Адам 
атадан бергі кезеңдер хранологиялық тәртіппен классикалық 
үлгіде жырланып отырады.
Шежіре  жазу  –  мол  уақытты,  үлкен  біліктілікті, 
төзімділікті талап етеді. Мысалы, Бұзаубай ақсақал «Адам 
атадан бергі шежірені» жазуға жиырма жыл уақытын сарп 
етіп, жоғарыда көрсетілген кітаптардың көпшілігімен таны-
сып шыққан. Алайда, шежірешілердің алдында да күрделі 
мәселелер  аз  болмаған.  Біріншіден,  олардың  кейбіреулері 
түрлі  кітаптарға  сүйеніп  қазақ  ұлтынның  түптегін  Адам 
атадан,    Мұхаммед  пайғамбардан,  Әнес,  Акаша  сахаба-
лардан  шығарса,  енді  бір  тобы  Оғыз,  Шыңғыс  хандардың 
ұрпақтарынан таратады. Екіншіден, шежірешілер үш жүзге 
жататын руларды біркелкі біле бермейтіндіктен, мейлінше 
өз  руына  кең  тоқталып  отыруға  бейім  болады.  Кейде 
шежірешілер  рулардың,  одан  бөлінетін  аталардың  атау-
ларын,  тарихи  тұлғалардың  есімдерін  қате  көрсету,  тіпті 
қарсылас руларды саналы түрде кемсіту сияқты жат үрдіске 
бой  алдырады.  Бірақ  бұл  олқылықтарды  қазақ  халқының 
болмыс-бітіміне, тұрмыс-салты мен этникалық табиғатына 
байланысты кемшіліктер деуге негіз бар. Сондықтан ру ата-
уларын жеткізуде,  олар туралы аңыздарды баяндағанда көп 
олқылықтар кетіп жатады. 
Қазақ  халқының  қалыптасуына  байланысты  айтылған 
шежірелік аңыздарда ұлттың шығу тегіне,  рулық-тайпалық 
құрылымына, басқарылу жүйесіне т.б. оқиғалар қамтылады. 
Әңгімеленуі,  жырлануы  түрліше  болғанымен,  оларда 
айтылмақ  ой-тұжырым,  ортақ  идея  –  бағынышты  болмау, 
билікті бойынсынбау, еркіндікті аңсау, бостан ел болу. Тіпті, 
«қазақ»,  «Алаш»  этнонимдерінің  пайда  болуына  қатысты 
аңыздардың  түпкі  мазмұнына  қарағанда,  екі  ұғымның 
бір-бірімен  астарласып  жатқанын  аңғармау  мүмкін  емес. 
Себебі  күнделікті  кешіп  жатқан  тіршілікке  қанағаттанбай, 
хан  билігіне  қарсы  болып  (оппазициялық  көзқараста  да), 
алдына  мақсат  қойып,  мүделестерінен  (туыстарынан), 
Әдебиеттану

18
Әдебиеттану
жақтастарынан топ құрып, өзінің еркіндігі үшін басын тігіп, 
туған жер мен елден кіндік үзу арқылы «қазақшылық құру» 
жолына түсу – үлкен ерліктің, ерік-жігердің,  нартәуекелдің 
белгісі. Бұл ретте қазақшылыққа шыққандардың көбін асы-
рап, ел қатарына қосқан ақ найзаның ұшы мен ақ білектің 
күші ғана болды. 
Әр кезеңдерде хатқа түсіп, бүгінгі күнге жеткен «қазақ», 
«Алаш, Алаша хан» туралы, қазақтың «үш жүзге бөлінуі» 
жөніндегі  шежірелік  аңыздардың  мазмұнында  бірнеше 
ерекшеліктер  бар  екендігі  аңғарылады.  Ел  арасынан 
Е.Бөкенбаев, Наурызбек жырау, Ғ.Бегішев, С.Ешмұхамбетов, 
Ж.Мұқанов, С.Құттыбайұлы, Б.Жайлаубаев, Ә.Әлиасқаров 
т.б.  хатқа  түсірген  шежірелерде  қазақ  халқының  тегі 
жоғарыда  аталғандай  Адам  атадан,  одан  бергі  Әнес  са-
хабадан  тарқатылады.  Осы  ретте  көңіл  бөліп  айтар  жайт, 
соңғы үш шежірешінің мәтіндерінде Мәліктен Әнес, оның  
Ақшолпан атты баласынан – Аламан, одан Алаш пен Нау-
рыз туған. Аңыз бойныша Алаштан үш арыс өрбіп, Наурыз-
дан ұрпақ болмағандықтан,  жыл басы соның есімін сақтау 
мақсатында қойылған [10,7-9].
Келесі  аңыз  үлгілерінде  Алаша,  немесе  Алаш,  Қазақ 
бір әкеден жаралып, кейін үш жүзге бөлінеді [11, 213]. Ал 
бірсыпыра аңыздарда, әсіресе М.Толыбаев пен белгісіз жи-
наушы жазып алған туындылар [12] Ш.Құдайбердіұлының 
шежіресін  қайталап,  Сұлтан  Ахмет  ханның  қалмақты 
жиі-жиі  шаба  бергендіктен,  «аланша  –  жан  алғыш»  ата-
лып,  бара-бара  «Алаш»  ұғымына  айналып,  ұран  болып 
қалыптасқандығы  туралы  сөз  қозғалады.  М.Ж.Көпейұлы 
қағазға түсірген аңыздың бір нұсқасында қазақты өзбектен 
таратса [13],  келесі үлгісінде оның ұлттық сипатын Алаша 
ханға апарып тірейді [14]. 
С.Шәкіржанов шежіресінде бір патшаның күнәсіз қызы 
көрген түсінің әсерінен (ихтиләм болып) жүкті болады. Қыз 
күтуші және қызметкерімен тауға қашады. Жолай киіктің үш 

19
Әдебиеттану
лағын ұстап алған аңшыға кездесіп, олжасын қалап алып, 
соған  қосылады.  Қыздың  сұлулығына  таңырқаған  жұрт 
«Сұлуын-ай, қыз-ақ» екен деп, кейін одан туылған үшемнің 
есімдерін  Ұлы  жүз,  Орта  жүз,  Кіші  жүз    қойып,    «Қыз-
ақ..,  ...қазақ»  балалары  атап  кетеді.  Жігіт  түркі  нәсілінен, 
атамекені  Жиделі-Байсын  екен.  Кейін  қызметкерлері  де 
тұрмыс  құрып,  күтушіден  (дәйесінен)  –  Қарақалпақ  пен 
Қыпшақ, қызметкерден Қырғыз туыпты-мыс  [15]. 
Фольклортанушы-ғалым  Ж.Мырзаханның  ҚХР-дың 
Шыңжаң  өлкесінен  жинаған  шежіре-аңыздардың  бірінде 
ел басшыларының ақыл парасатына, әділдігіне байланысты 
«төреші, қазы-ақ» деген таңырқаудан, екіншісінде қаз-аққу 
құс  жаралы  болып  құба  жон,  жапан  далада  қалған  Қалша 
Қадір деген батырдың аузына су тамызып, кейін ару қызға 
айналады да екеуі қосылады. Олардан туған бала «Қазақ» 
атанады [16, 54].   
ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында академик В.В.Радлов [17], 
поручик Бекметов [18] хатқа түсіріп, жариялаған аңыздарда 
қазақ  халқының  қалыптасуын  Шыңғыс  хан  мен  Батый 
хандармен  байланыстырылады.  Алғашқысында  күннің 
сәулесінен жаратылған Шыңғыс ханнан тараған әз-Жәнібек 
– Досан – Әлихан – Бөпехандар Ұлы жүзге, нағашысы Ал-
тынбел – Қайшылы – Темір – Досым – Еңсегей бойлы ер 
Есім – Абылай хандар өзге жүздерді билеген. Бекметовтің 
жазбасында  Батый  хан  Алаш  деген  қолбасшыны  жүз 
жігітпен қосып Күншығыс жаққа, Ноғайлыны барлап келу-
ге жұмсайды. Ол әдеттегідей еркідікті аңсап аталған жер-
де қалып қояды. Кейін келген екі жүз жігітті де көндіріп, 
шапқыншылықпен  елін  көбейтіп  «қазақ»  деген  ұлт 
қалыптастырып, «Алаш жұрты» атты хандық құрады. Іргесі 
кеңігеннен соң үш жүзге бөлініп, қуатты елге айналады.
Ал  Орталық  ғылыми  кітапхананың  Сирек  қорында 
сақталған «Халықтың «қазақ» аталуы туралы аңыз» аталып, 
назардан сырт қалған  мына туындының сюжеті кім-кімге 
де қызықты болады деп ойлаймыз:

20
Әдебиеттану
«Разақтан  Қазақ,  одан үш бала туады. Қазақ өз заманын-
да батыр болды. Орта жасқа келгенше баласы болмай, бала 
үшін Өзбектің бір батырының қызын алады. Ол кешікпей 
екіқабат болады, мезгілі жақындағанда Қазақ аңға шығады,  
«ұл туса, сүйінші сұраңдар» дейді. 
Сонымен әйелі толғатады, күтуші әйелдер қасында бола-
ды, әйел аман-есен босанады.  Әйелдер қараса, туған бала 
емес, тұлып болады. Мұны көрген әйелдер қорқып дер [еу] 
батырдың    шешесіне  хабар  береді.  Шешесі  келіп  көрсе, 
туған – тонды бала.  Үлкен ұстарамен тонын жарса, ішінен 
үш баланың бейнесі шығады.  Бәріде ер балалар, арқалары 
біріне-бірі  жабысқан,  беттері  үш  жаққа  қараған.  Мұны 
көрген адамдар қорқады. 
Бір  ғажап  тұрды.  Батырдың  шешесі  айтады:  «Сендер 
ешқандай  қорықбаңдар,  дереу  барып  баламнан  сүйінші 
сұраңдар», –  дейді. 
Батыр естісімен тез үйіне келеді, шешесіне «баланы әкел, 
көремін» деп. Шешесі балаларды алып келеді. Мұны көрген 
қазақ шошып кетеді де қылышын суырып алады балалардың 
арасын ашпақ болып. Сонда шешесі баласынаң қолын тез 
ұстап тоқтатады, «сен,  шошыма» деп. 
Дереу жылқыдан жеті  жылғы ту биені алдырып сойып, 
қазысына  балаларды  орайды  да,  өзі  қазы  мен  балалардың 
арасын аялап отырып ашады. Сонда үш ер бала болып шыға 
кетеді. Мұны көрген Қазақ қатты қуанады. 
Сонда шешесі былай дейді:
– Балам, сен қылышыңды суырдың балалардың арасын 
ашпақ  болып,  оның  жарамаған  іс  болды.  Бұл  балалардың 
ұрпақтарының ауыз бірлігі аз болып, араларына аз да болса 
қылыш жүретін болды. 
Егер    балалардың  арасын  қылышбен  ашқаныңда, 
бұлардың  ұрпақтары  ғұмыр  бойына  жауласып,  бірін-бірі 
қырумен өтетін еді, – деді. 
Мұны  естіген  Қазақ  қатты  қорықты.  «Мен  бір  қаталық 
істедім» деп, садақалар үлестірді. Қазақ бірден үш балалы 

21
Әдебиеттану
болғанына  қуанып,  үлкен  той  жасады.  Атақты    адамдарға 
сыйлық  беріп,  кембағалдарға    құдайы,  садақалар  берді. 
Той тарқаған соң Қазақ  ақылды ғалым, шешен, данышпан  
адамдарды жинап былай деді:
– Менің сіздерден сұрайтыным, мына балаларға  лайықты 
етіп ат қойыңыздар, – деді. 
Сонда    олар  кеңесіп,  ақылдасып  мынадай  ат  қоюды 
лайық  деп  тапты:          «Бұл  балалар  тонда  болып,  аралары 
бірігіп,  жүздері  үш  шаққа  қарап  тұрды  және  біріне-бірі. 
Сол  қалқыңқы  –  үлкендеу,  сондықтан:  үлкендеуінің  аты  –  
Ақарыс – Ұлы жүз, оған таяуының аты – Бекарыс – Орта 
жүз, ең кішілеуінің аты – Жанарыс – Кіші жүз болсын», – 
десті.
Сонда  бір    балада  төрт  есім  бар.  Баланың  туыстары-
на  қарай  осылай  деп  ат  қоюды  ұйғарысқан  десті.  «Дұрыс 
қойылған ат» деп, Қазақ өте риза болды. Ат қоюшыларға ат-
шапаннан сыйлықтар берді. Осы үш бала өсе кеп үш жүздің 
атасы болды, «Үш жүз» деген атқа ие болды» [19].
Кейінгі ұрпаққа жеткен прозалық аңыздардың көпшілігі 
«Қырық сан Қырым, отыз сан Рұм, он сан Оймауыт, тоғыз 
сан  Торғауыт,  он  сан  Ноғай  бүлінгенде»,  болмаса,  Бұхара 
ханы, 32 баулы (рулы) Өзбекті, Қрымды  (Ноғайды), Қазанды 
билеген хан болыпты (кейбірінде Қызыл Арыстан хан) деп 
басталып, одан «ала бала» туып, сәбиді жұрт көзінен таса 
жерге жібірелетіні, кейін әлгі бала батыр болып көзге түсіп, 
соңынан  жіберілген  300    адам  елге  қайтпай,  баланы  хан 
сайлап,  «Алаш»  деп  ұран  тастап,  жеке  ел  болуын,  сөйтіп, 
бастапқы  үш  жүз  жігітттің  келуіне  байланысты  Ұлы  жүз, 
Орта жүз, Кіші жүз, ал жалпы халық «қазақ» деп аталғаны 
туралы сөз қозғалады. Ал жыр-шежірлердің кіріспе бөлігі 
негізінен  Адам  атадан,  немесе  Мұхаммед  пайғамбардан, 
кейінгілері  Әнес,  Акаша  сахабалармен  ұштасып,  Алаш, 
Қазақ, Үш жүз, Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс болып жалғасып 
кететіндігі  аңғарылады.  Бұл  сарындас  аңыздар,  олардың 
нұсқалары  мен  версиялары  халық  жадынан  ерекше  орын 

22
Әдебиеттану
алып,  әдеби  мұралардың  арасында  аса  мол  сақталған. 
Сондықтан  осы  мазмұндағы  халық  шығармаларын  Қазақ 
елінің  мемлекеттілігі  жөніндегі    аңыздардың  классикалық 
үлгісіне жатқызуға толық негіз бар. Бұған Ш.Уәлихановтың 
ел ішінен жазып алған аңыз нұсқасы мен ол туралы жазған 
ғылыми тұжырымдары [20, 148-166], қазақтың әдет-ғұрпына 
байланысты  сұлтан  Т.Сейдалиннің  материалдарының 
негізінде  кезінде  Торғай  облысының  әскери  губернаторы 
лауазымын  иеленген  Л.Ф.Баллюзектің  пікірлері    айғақты 
дәлел болады [21].
Осы аңыздардың көбінде ханның маңайында Қондыгер, 
Құбан,  Қотан,  Қоғам,  Майқы,  Үйсін  сияқты  елдер 
(кейбірінде – ақылшы билер) болып, кеңес беріп отырады. 
Қазақ  шежірелеріне  қарағанда,  бұлар  –  бүгінгі  қазақтың 
құрамындағы  ру-тайпалардың  көшбасшылары.  Мыса-
лы,  Қотан (Қотан сопы, жырау) – Арғыннан, Майқы  би – 
Төбейден (Үйсіннің атасы), Алшын – Қоғамнан шығатыны 
белгілі. Академик Ә.Марғұланның зерттеулеріне қарағанда: 
«Қазақтың эпос жырында оғыз бен қыпшақтың бір қосылған 
дәуірін «Қөндігер – Құбан жұрты» дейді. Құбан – Еуропа 
әдебиетінде  айтылатын  күнбатыс  қыпшақ  тайпаларының 
бір аты (Құбан, Құман). Құбан орысша айтылатын «Полов-
цы» сөзіне дәл келеді (сұрғылт, құба). Қазақша «Құба-құл» 
деген атақты алып болған.  Орталық Қазақстанда Ереймен 
тауының  солтүстік  белесін  «Құман  тау»  деп  атаған,  ерте 
кезде құмандардың көп тұрған жері болуы керек.
Қазақтың шежіресі бойынша «Қөндігер – Сырдариядан 
күнбатысқа не оңтүстікке ауып кеткен тайпаларға берілетін 
ат.  Бұл  атпен  ескі  қазақ  тайпалары  бір  ғана  аңызды,  не 
Мысырға ауып кеткен Мамлюк қыпшақтарын әңгіме ететін 
болған»  [22,  201].    Ендеше,  аңыздардың  түбірінде  тарихи 
шындықтың жатуы да – хақ. 
Жалғасы келесі  санында

23
Әдебиеттану
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Мыңжани Н. Қазақ шежірелері. – Күйтің: Іле халық 
баспасы, 1990. 
2.  М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 
(ӘӨИ). 917/7-бума, 1-дәп.
3. ӘӨИ. 403-бума.
4. ӘӨИ. 920/90-бума.
5. Орталық ғылыми кітапхана (ОҒК). 1757-1760-бумалар, 
4219 жол.
6. ӘӨИ. 888-бума, 1059 жол.
7. ӘӨИ. 920/74-бума, 1072 жол.
8. ШҰАР. Іле «Халық» баспасы. 1990. 1588 жол.
9. ӘӨИ. 1076-бума, 751 жол.
10. Алты ата Әлім. – Алматы: Перзент, 1992; ОҒК. 1758-
бума, ӘӨИ. 920/74.
11. Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы. – Астана: Фо-
лиант, 2008; ОҒК. 1177-бума.
12. ОҒК. 547, 1611-бумалар.
13. ОҒК.1177-бума.
14. ОҒК.1177-бума.
15. ӘӨИ. 635-бума.
16. Мырзақан Ж.  Қазақ халқы және оның салт-санасы. – 
Үрімжі: Шинжаң Халық баспасы, 1992.
17. Радлов В.В. Түркі халықтарының әдеби үлгілері. Т.ІІІ. 
СПб., 1870.
18. Дала уәлаяты газеті.  1894, № 26.
19. ОҒК. 1115-бума, 7-дәп.
20. Валиханов Ч.Ч. Киргизское родословие // Собр. соч. в 
5 т., т.2. - Алма-Ата, 1985.
21. Баллюзек Л. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и 
ныне имеющие, в Малой киргизской орде силу закона  За-
писки Оренбургского отдела Императорского русского гео-
графического общества. - Казань, 1871 (вып. II).
22. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр аңыздар: Ғылыми зерттеу 
мақалалары. - Алматы: Жазушы, 1985.

24
Әдебиеттану
А.Ахметова 
МҰХТАР МАҒАУИН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК 
ТҰСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ПРОЗА ӘЛЕУЕТІ 
(ПОТЕНЦИАЛЫ)
Көпшілікке  белгілі,  қазағымыздың  мәңгілік  арма-
ны  осыдан  25  жыл  бұрын  орындалған-ды.  Халықаралық 
деңгейдегі «азаттық» ұғымы жеке тұлға үшін қаншалықты 
маңыздылыққа ие болса, халық үшін де үлкен мәртебе екені 
ақиқат. Осы сәтте елдегі барлық сала түбегейлі жаңаруларға 
бет  бұрғанда  рухани  салада  да,  әсіресе,  ұлттық  әдебиетте 
сөз бостандығына жол ашылып, баспа, ақпарат құралдары 
тоталитарлық цензура бақылауынан құтылып, халық еркін 
тыныстай бастады. Осындай түбегейлі өзгерiстер көптеген 
қазақ қаламгерлерiнiң қиялына қанат бiтiрiп, шабытына ша-
быт қосты.  
«Әңгіме жанрында қалам тартқан қаламгерлер шеберлігі 
шығармаларының  көркемдігі  тұрғысынан  ғана  емес, 
стильдік  жағынан,  тұтас  ойлау  жүйесінен,  образ  сом-
дау  мен  идея  айқындығынан,  оқырманға  ұсынар  ойын 
әсемдеп,  әдіптеп  бүркемелей  келе,  оң  бағыт-бағдар  бере 
білуінен  байқалды»  [2,  5  б.].  Тәуелсіздік  жылдарында 
осындай  шебер  өрілген  әңгіме  жанрын  мазмұн,  тақырып, 
түр  (форма),  пішін  жағынан  байытып,  жаңа  белеске 
көтерген  М.Мағауин,  Ш.Мұртаза,  Қ.Жұмаділов,  Ә.Тарази, 
Д.Досжан,  Т.Нұрмағамбетов,  Б.Нұржекеұлы,    Қ.Түменбай, 
Д.Әшімханұлы,  Р.Отарбаев,  С.Асылбекұлы,  Ә.Асқаров, 
Т.Шапай, Н.Ақыш, Р.Мұқанова сынды аға буын өкілдерінің 
шығармашылығындағы  жаңалықтары  ерекше  аталуға 
лайық.  
Екі дәуірде де қазақтың рухани саласында жанкештілікпен 
талмай  еңбектенген  Мұхтар  Мағауин  өзінің  көркем  және 
ғылыми шығармаларымен қазақ әдебиетінің тарихында мәңгі 

25
Әдебиеттану
қалатын ірі суреткер. ХХІ Қазақстанның халық жазушысы, 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лау-
реаты, «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының 
лауреаты Мұхтар Мұқанұлы Мағауин қазақ ұлтының тұтас 
ғасырлық  тарихын  жинақтаған  классикалық  деңгейдегі 
зерттеушілігімен  қатар,  проза  жанрында  да  талмай  еңбек 
еткен жазушылардың бірі. 
Көркем  әдебиет  пен  әдебиеттану  ғылымының  қай 
тақырыбын  қаузаса  да  қазақтың  тарихы  мен  болашағы, 
ұлттық болмысы, бабалар өнегесі мен тәлімі, тілі мен діні, 
ділі секілді ұлт үшін өзекті мәселелерді ешқашан қаламынан 
тыс қалдырған емес. 
Осы  орайда  жазушы  М.Мағауиннің  тұтас  прозасының 
ішінен  тек  1990  жылдардан  бері  қарай  жазылған 
әңгімелерінің бірнешеуін қарастырмақпыз. 
2002 жылы автордың жарық көрген 13 томдық шығармалар 
жинағының  7-томдығына  «Еркіндік  бастауындағы  екі 
әңгіме»  («Салах-ад-Диннің  үкімі»  (1992),  «Коммунистік 
реализм»  (1992),  «Тамыздан  соңғы  әңгімелер»  («Жүсіптің 
қызы Светлана» (2000), «Жаздыгүн шілде болғанда» (2000), 
«Нала» (2001), «Қара қағаз келген Салық ағам» (2001), «Кар-
лагтан хат» (2001), «Орыстың төресі» (2001), «Ұлтаралық 
жанжал»  (2001),  «Одағай  әңгімелер»  («Қасқыр-Бөрі» 
(2001), «Камикадзе» (2001), «Сұркөжек аттың соңғы шабы-
сы» (2001), «Елес» (2001), «Қос ағаш» (2001), «Травеннің 
әңгімесі»  (2001)  циклімен  біраз  әңгімелері  топтастырыл-
са,  «Құмырсқа-қырғын»  аталатын  әңгімелер  кітабына 
«Әдепкі әңгімелер» («Қылмыс» (2003), «Екеу» (2003), «По-
донок» (2003), «Эльза жеңешем» (2003), «Күмбез» (2003), 
«Құмырсқа-қырғын» (2003), «Одағай әңгімелер» («Тағдыр 
жазуы» (2003), «Қуыршақ» (2003), «Ең үздік оқушы» (2003), 
«Бір нәзік сәуле» (2003), «Оралу» (2003) әңгімелері кірген. 
Бұл  әңгімелер  туралы  БАҚ  бетінде  жарық  көрген 
Т.Жұртбайдың, 
А.Тойшанұлының, 
Ж.Елшібектің, 

26
Әдебиеттану 
Г.Балтабаеваның  т.б.  ғылыми-танымдық  мақалаларымен 
қатар,  бірді-екілі  өзекжарды  пікірлердің  бар  екені  белгілі. 
Ал  А.Мұхамеджанованың  «Новая  проза  М.Магауина» 
(2009)  атты  орыс  тіліндегі  кандидаттық  диссертациясы 
жазушының түгелге жуық әңгімелерін қамтыған бірден бір 
ғылыми еңбек болып отыр. 
М.Мағауин  әңгімелері  өзінің  ұлттық  бояуының 
қанықтылығымен, қазақтың ұлттық мінезі, ұлттық болмы-
сы, ұлттық рухы сияқты ірі категорияларды қамтуымен де 
көпшілік назарын өзіне аудара бастады. Мұхтар Мұқанұлы 
–  қазақ  әдебиетінде  ұлтсыздану  мәселесін  («Құмырсқа-
қырғын»,  «Ұлтаралық  жанжал»,  т.б.)  алғаш  көтерген 
қаламгердің  бірі.  Әрине,  Тәуелсіздік  тұсындағы  ұлттық 
прозаның  әлеуетін  (потенциалын)  көтеретін  де  осындай 
туындылардың  қатары  екендігі  анық.  Енді  әңгімелеріне 
тоқталайық.
«Салах-ад-Диннің  үкімі»  әңгімесі.  Ел  билеген  патша, 
сұлтандардың,  батыр-билердің  тарихи  шежіресін  жасап, 
олардың  өмірі  мен  күрес-жорықтарын  көркем  әдебиетте 
суреттеуге  кеңестік  кезең  мұрсат  бермеді.  Бірақ  бұл  сөзді 
Мағауиннің  шығармашылығына  қатысты  қолдануға  бол-
мас. Ұлт мүддесіне қатысты қай тақырыпты жазса да оның 
ғылыми  да,  прозалық  та  шығармалары  кеңестік  құрсауды 
бұзып-жарып  халыққа  жетіп  жатты.  Бұл  әңгіме  жайын-
да «Тәуелсіздік заманда жазылған ең алғашқы және уақыт 
жағынан оқшау қалған екі әңгіме өзгеше дербес бітім таны-
тады. Советтік сөз полициясы – цензурадан, төбеден басқан, 
қабырғадан қысқан, әр қадам аңдуда болған тоталитарлық 
–  коммунистік  тәртіптен  құтылған  алғашқы  жылдағы  кең 
тыныс нәтижесі» [4, 502] деп Едіге Мағауин анықтай түседі. 
Крестшілер  жорығын  қағазға  түсірген  атақты  та-
рихшы  Шейх  Әбубәкір  ибн  Мүджахид  әл-Бағдадидың 
«Ғақлия  кітабының»  бір  тарауының  үзіндісімен  басталған 
әңгімеде  екі  түрлі  кезең  оқиғасын  салыстыра  суреттейді: 

27
Әдебиеттану
Салах-ад-Дин сұлтан дәуірлеген уақыт пен ХХ ғасырдағы 
Қазақстандағы жағдай – екі оқиға аралығында жеті ғасыр 
айырмашылық бар. 
Мұсылман  қауымының  сайыпқыран  басшысы  Салах-
ад-дин  сұлтан  Мекке  мен  Мединеден  кейінгі  қасиетті  ме-
кен саналған Иерусалимді ұзақ уақыттан соң әрең дегенде 
қайыра  жаулап  алады.  Осындай  ұлы  жеңістің  арты  ұлан-
асыр  тойға  ұласып,  шат-шадыман  көңіл-күйдің  үстінде 
өтіп жатқанда өзінің әскербасы Зәңгі шараптың буымен бір 
құпияны жайып салады. Зәңгі жас күнінде қарақшылықпен 
айналыса  жүріп,  Бағдадқа  білім  алуға  шыққан  кедей 
бозбаланың  нақақтан-нақақ  қанын  төккен  екен.  Мұны 
естіген  сұлтан  сол  сәтте  Зәңгіні  өлім  жазасына  кеседі. 
Шейх  Әбубәкір  ибн  Мүджахид  әл-Бағдади  шежіресінің 
осы тұсына келгенде автор арада жеті ғасыр өткеннен кейін 
атақты  тарихшы  Бектеміс  Ақпанбетовтың  «Кіші  октябрь» 
еңбегін  қазақ  жерінде  қайталанған  дәл  осындай  оқиғаны 
еске алады.
Тарихшының  кітабында  айтылғандай,  Кеңес  кезеңінде 
қызылгвардияшылардың  алдында  бірінші  ақтардан,  одан 
кейін Алашордашылардан құтылу міндеті тұрды. Қазақ жерін 
түбегейлі советтендіру үшін қазақ ауылдарын «жат элемент-
терден тазарту қажеттілігі туды». Сөйтіп ел ішіне жіберілген 
қарулы  жасақтардың  қолынан  қаншама  алашордашылар 
түгелімен  қырылып  кетті.  Әңгіменің  баяндалуы  бойынша 
осындай «тазартудың» бірі таң атысымен көл жағасындағы 
Беркімбай ауылына келеді. Нысанаға көздегендері өздерінің 
жау  пиғылын  танытқан  алаш  жастары,  оның  ішінде,  «ба-
сты шортандары», үш Алаш құйыршығы – «Петірборда заң 
ғылымын  оқыған  Дәулет  Бектібаев,  Варшавада  дәрігерлік 
оқуды  тәмамдаған  Жәңгір  Ерденов,  Томскіде  тау-кен 
инженерінің оқуында жүрген Ойрат Сартаев». Үшеуін атып 
өлтіру  үкімін  орындайтындар  –  қызыл  командир  Егоров, 
Сейсен  Бөкенов  және  осы  оқиғаны  баяндап  отырған  қарт 

28
Әдебиеттану
большевик,  тарихшы  Бектеміс  Ақпанбетов.  Осылардың 
ішінен  Ойратты  ату  кезегі  келгенде  Сейсен  Бөкенов  ату-
дан бас тартып, тіпті, қашып кетеді. Ақыры он бес жылдан 
кейін «жазасын тартып», халық жауы ретінде атылады. Үш 
жас  бөлтіріктің  ішінде  өлім  кезегі  келгенде  жау  алдында 
қайыспай,  нағыз  ер  мінезінен  таймаған  Жәңгір  Ерденовті 
ату кезегі Бектеміс Ақпанбетовтің үлесінде. Осы тұста қарт 
большевик  Жәңгір  Ерденовтің  мынадай  көңіл  толқытар 
сөздерін келтіреді: «Мен маузерді оңтайлап, қарсы алдына – 
екі қадамға келген кезде бетіме бажайлай қарады. «Сорлы!» 
–  деді,  –  О,  сорлы!..  –  Содан  соң  кеберсіген  ернін  жалап, 
жұтынып, тұра тұр, айтарым бар дегендей ишарат жасады. 
Несін айтсын. Айтары таусылған. Күні біткен. Шын сорлы 
өзі екенін жақсы біледі. «Үйректерді үркіттіңдер...» – деді 
бар болғаны. Шынында да мана біз жағасына жақындағанда 
таңғы  көл  беті  қаптаған  құс  еді.  ...  Хош  көк  ала  үйрек,  – 
деді,  буржуазиялық  кертартпа  роман,  поэмаларды  оқып, 
көз  ашқан,  Байронды  қастерлеп,  Мағжанды  жаттап  өскен 
ұлтшыл, басқа айтар сөз таба алмай» [4, 21 б.].
Франк  еліндегі  Зәңгі  өлтірген  жарлы  бала  да  өлер  ал-
дында  кекілікпен  қоштасса,  қазақ  Жәңгір  де  кекілік  емес, 
көкала үйрекпен қош айтысады. Айырмашылығы – алғашқы 
оқиғадағы  кесілген  әділ  үкімнің  бұйырылған  формасында 
жүзеге асқандығында, ал екіншісінде сол үкімнің ең аяусыз 
тәсілмен  жасалғандығында  деп  түсіндіреді  автор.  Мұның 
мәнісі, автордың түсіндіруінше  ақырет күнінде, есеп  беру 
кезегі  жеткенде  куәлікке  келетін  осы  кекілік  пен  көк  ала 
үйрек екен. Қазақ даласындағы Кіші революцияның жүзеге 
асуына белсене қатысқан, талай жыл үкіметтік қызметтерді 
де атқарған большевик Ақпанбетовтің осы «25197» санды 
қара маузері Орталық тарихи музейден орын алыпты. 
Бұл  өткен тарихымызды қанша жерден оқып, біліп, танысақ 
та,  бірақ  көркем  жанрға  айналған  оқиғаны  оқырманның 
басқаша  қабылдауында.  Әңгімедегі  Мағауин  ирониясы-

29
Әдебиеттану
мен, оқиғаны оқырманға дәл жеткізуде өзіне тән көркемдік  
троптары  арқылы  жан  жүрегімізбен  қабылдап,  жете 
түсінгенімізде.  Голошекиннің  «Кіші  октябрь»  саясатының 
кесірінен  халқымыздың  көбісі  өз  адамдарымыздың,  өз 
қазағымыздың қолынан қаза тапқандығына өкінеміз. 
Ш.Елеукенов  шығарманы  пішіміне  қарап  әңгіме  емес, 
памфлет дегенге көбірек келіседі. «Мұхтардың кей әңгімесі, 
атап  айтқанда,  «Салах-ад-Диннің  үкімі»  форма  жағынан 
памфлетке  ұқсайды.  Ислам  қолбасыларының  бірі  Салах-
ад-Дин  жазықсыз  өлтіргенін  мақтан  етіп  отырған  Зәңгі 
деген  қарақшыны  жұрт  көзінше  жазалап,  қылышпен  ту-
рап  тастайды.  Бұл  аңызды  атақты  тарихшының  «Ғақлия 
кітабынан»  оқыған  әңгімеші  кенет  бұдан  соң  жеті  ғасыр 
кейін шыққан кітапты еске түсіреді. Кеңестің атақты тарих-
шысы  саналған  Бектеміс  Шәкеевич  Ақпанбетовтың  «Кіші 
октябрь»  кітабындағы  ұқсас  жағдай  жазылған  тұстарын 
қайталап пысықтайды. Болашақ академик кезінде қазақтың 
оқыған екі жасының қанын ішкен. Ұлтын сүйгені үшін ғана 
жазықты жандарды атқан маузері қымбат экспонат есебінде 
қойылған. Іс жүзінде бұдан жеті жүз жылдан астам өткен 
қанды оқиға қайталанған. Айырмасы, кеңестік Зәңгі – ака-
демик  сазайын  тартпаған  күйі  өмірден  масайрап  өткен. 
Бірақ қалайда бір «үкім» шығарылу тиіс қой. Салах-ад-Дин 
не істеген? Нақақ жанды өлтірген Зәңгіні бір емес, екі рет 
жазалаған. Біріншісі, жаза... «Күнәһар Зәңгіні ортаға алған 
беті, қылыш жүзімен таспалап тіле берді, ең соңында, терісі 
тірілей сыпырылғандай, қып-қызыл күп болып, талмаусы-
рап  жығылғанда  кертіп  бақайын  кесті,  бұтарлап  саусағын 
шапты» [3, 236 б.]. Өмірдегі қандай да бір тұлғаны неме-
се құбылысты өткір сатирамен масқаралайтын, жағымсыз, 
жаман  тақырыпты  әшкерелейтін  жанр  түрін  памфлет  деп 
атасақ,  Елеукеновтің  бұл  пікірімен  толықтай  келісуге 
болады.  М.Мағауиннің  өзі  де  аталмыш  әңгімесін  үздік 
шығармаларының қатарынан санайды екен.     

30
Әдебиеттану
«Құмырсқа-қырғын» әңгімесі. Пайда болғаннан өлгенге 
дейін  өз  функциясын  қалтқысыз  атқаратын  құмырсқалар 
тіршілігі  негіз  болған  «Құмырсқа-қырғын»  –  терең 
философиялық  символға  құрылған  әңгімелерінің  бірі. 
Шығармада үлкен қауым елге мекен болған байырғы Жер-
Анаға сыртқы жаулардың көз алартуы, ел арасындағы бірлік 
пен  ынтымақтың  ыдырап,  бұзыла  бастауы,  елдің  ертеңгі 
болашағына  деген  сенімсіздік  т.б.  күрделі  мәселелерді 
авторлық болжамдармен астарлап жеткізеді. Егер байқасақ, 
осындай  қоғамның  сапырылысқан  бейнесін  жәндіктердің 
қимыл-әрекетімен  ашып  көрсету  әлемдік  әдебиетте  де 
кездесетін құбылыс. 
Әңгімені оқып отырып, құмырсқалар әлемі мен дамыған 
өркениетте өмір сүріп жатқан адамдар тіршілігінен ұқсастық 
тауып,  бүкіл  бір  қауым  елдің  меншігіндегі  қазынасына 
төніп тұрған қауіпті астарлап өрген авторға риза боласыз. 
Әңгіменің  барлығы  кейіпкер-автордың  сатып  алған  үйінің 
бұрынғы  иесінен  илеудің  пайда  болған  уақытын  сұраудан 
басталады: «Мынау илеу қашаннан бері тұр? – Мен көргелі 
қырық жыл, деді. – Әкеміз майдангер әрі ауылдың байырғы 
мүшесі ретінде осы жерді алған кезде дәл осы арада болды. 
Тоғай аралас жайылым жер еді. Сол қалпында қоршадық. 
Там салдық, жеміс ағаштарын отырғыздық. Илеу осы бақ, 
осы  үймен  бірге  жасасып  келеді.  Одан  бұрын,  кім  білсін, 
мүмкін...  жүз  жыл  тұрған  шығар.  Мен  ешқандай  күмән 
келтірмедім»  [5,  85  б.].  Автор  осы  бес-алты  сөйлеммен-
ақ халыққа мекен болған мемлекеттің (илеудің) кеше ғана 
пайда болмағанын, атамзаманнан бері өзіндік қалыптасқан 
заң-жоралғылары, дәстүрі мен әдет-ғұрпы, бекітілген шека-
расы бар және бұл жерге кім иелік етіп, осы уақытқа дейін 
қызғыштай қорғап келді, жер сол ұлтқа ғана тиесілі екенін 
алға тартады. 
«Мына  бір  илеу  –  тұтас  бір  әулет.  Немесе  бір  мемле-
кет.  Ерекше  тіршілік  жүйесі,  бағзыдан  бекіген,  бұлжымас 

31
Әдебиеттану
заң-жарғылары,  басқару  рәсімдері  бар.  Әрине,  өзіндік 
үлгі,  бөтен  бір  өлшемдегі  қоғамдық  құрылым»  [5,  88  б.]. 
Байқағанымыздай, автор құмырсқалар мен құмырсқа илеуін 
бір мемлекет пен сол елге иелік етуші халықтың символдық 
белгісі  ретінде  ғана  алған,  ал  шын  мәнінде  сатып  алған 
үйінің ауласында құмырсқа илеуі жоқ болуы да мүмкін. Осы 
орайда «Мұхтар суреткер автор ретінде әңгіме-этюдтарын 
жазу  үстінде  өз  көзқарасын  тым  білдіре  бермейді,  тіпті 
әріге  жасыра  түсе  ме  қалай...»  [6,  130  б.]  –  деген  сыншы 
пікірі  де  сөзімізді  дәлелдей  түседі.  «Илеу  –  құмырсқалар 
мемлекетінің бас ордасы, берік ұйытқысы ғана емес, негізгі 
мекен тұрағы» [5, 88 б.] – деп салыстырмалы түрде авторлық 
бағам жасайды.
Көктем мезгілі келісімен қоғамдағы адамдардың күйбең 
тірлігі, тынымсыз еңбек етуі секілді қасиеттердің барлығы 
кішкентай болса да құмырсқалардың бойынан да табылатын 
адамзат тіршілігіне ұқсас тұстары да жазушыны қызықтыра 
түскен. «Құмырсқа илеуінің дәл төбесінен төніп, бажайлай 
қарап тұрмын. Құж-быж. Бірі кіріп, бірі шығып, қаптап жа-
тыр. Әлбетте, бірінен бірі айырғысыз. Және бар қозғалыс – 
мәнсіз, бей-берекет тәрізді. Мен тұтас болмаса да, кейбірін 
түстеп  тануға  тырысам.  Бірақ  жекелеген  жәндіктердің 
жүрісін қадағалап жарытпадым. Ақыры, іздегенімді илеудің 
ұясы  сирек  үстіңгі  бетінен  тапқандай  едім.  Шынында  да, 
мәнсіз сабылып жүргендер бар сияқты. Белгілі бір бағыт-
бағдар  жоқ.  Кейде  ары,  кейде  бері  жорғалайды.  Ілгері 
жүреді, сол ізіне қайтып оралады. Немесе, жүре бере тұрып, 
қиғаш жол салып, ұя аузына барып, әлденеге дағдарғандай, 
тағы  да  бөгеліп,  тағы  да  кейін  тартады.  Түсінікті.  Бұл 
–  жұмысы  жоқ,  тамағы  тоқ,  еріккен  аталықтар  неме-
се  бар  салмағынан  арылған,  бір  сәт  күн  қызуына  шыққан 
аналықтар. Ал құмырсқа мемлекетінің негізгі және көпшілік 
бөлігі – жұмыскер қауымда тыныштық жоқ» [5, 88 б.] – деп 
ұрпақ жалғастығы жолында қызмет етіп жүрген аталық пен 

32
Әдебиеттану
аналық құмырсқалардан кейінгі үшінші үлкен топты ерекше 
екпінмен атайды. Жазушы мұнда да өмірдегі күштілер мен 
әлсіздер арасында болатын айқас құмырсқалардың өз ара-
сында да орын алатынына сендіреді немесе бір мемлекеттің 
ішіндегі қалыптасқан құрылымдық жүйе  деп  ұқсақ  та  бо-
лады. Мұндағы жауынгер құмырсқалар мемлекеттің тірегі 
– еңбекшіл халықтың бейнесі екенін ұғамыз.
Әңгіме  барысында  қоңыр  құмырсқа  және  қара  шы-
мал әулеті деп бекер түсін түстеп, бөліп көрсетіп отырған 
жоқ.  Қоңыр  сөзі  –  қазақ  халқының  жанына  жақын, 
философиялық мәнге ие ұғымдардың бірі. Қазақ ұлт болып 
жаралғаннан  бері  ата-бабамыздың  болмысымен,  тұрмыс 
тіршілігімен  астасып  келе  жатқан    тарихи  ұғым.  Қоңыр 
құмырсқалар осы илеудің байырғы тұрғыны, яғни өз елінің, 
мемлекетінің  бірнеше  мыңжылдықтардан  бері  иесі  ата-
нып  келе  жатқан  қазақ  халқы  деп  түйін  жасауға  болады. 
Ал  анау  қаптаған  шымалдар  жақында  ғана  пайда  болған 
екі  илеуді  қазды  да,  аяқастынан  иесі  болып  шыға  келді. 
Автор  көтерген  әлеуметтік  мәселелер  бұқаралық  ақпарат 
құралдарында, кейбір тұлғалар тарапынан сөз жүзінде ашық 
айтылып  жүргенімен,  Мағауин  секілді  көркемдік  шындық 
дәрежесіне  көтеріп  әлі  ешкім  жаза  алған  жоқ  деп  ойлай-
мыз. Шығарманың шындығын қазір мойындай қоймасақ та, 
түптің түбінде көзіміз жеткенде өкінетіміз анық. 
Ғалым  Т.Жұртбай  осы  шығарма  туралы  ойын  ашық  та 
бүкпесіз  былай  деп  жеткізген  екен:  «Әттең,  «Құмырсқа-
қырғынның» астарын ешкім әлі де пайымдай алмай жатыр-
ау! Оның ішінде дәл қазірдің өзінде ешкім айта алмайтын, 
екінші бір емеурінді тұспал жатыр. Ол – Ананың өзі! Аты 
аталмайды.  Бірақ  әңгімені  оқығанда  ол  кейіпкер  ретінде 
елес береді. Ол бейне, жылдар өткен соң, лакмус қағазының 
түсі  сияқты  астарлана  шығады.  Сонда:  «Мұхтар  Мағауин 
шындықты зарлатып отырып, запыранын сорғалатып оты-
рып жазыпты. Біл білмеппіз ғой» – дейтіні анық» [8]. Расын-

33
Әдебиеттану
да  да  осылай  айтатынымызға  көзіміз  анық  жетеді.  Себебі 
осы  уақытқа  дейін  өмір  сүру  тәжірибеміз  көрсеткендей, 
бәрін  көре-тұра  өте  кеш  әрекет  ететін  халықпыз.  Бұл 
шығарма туралы кейбір ғалымдардың бірен-саран ғылыми-
талдау мақалалары мен пікірлері болмаса, Тұрсын Жұртбай 
секілді шығарманың көтерген жүгін терең түсініп, пайым-
дай алған ешкім жоқ. 
Тәуелсіздік  тарту  еткен  үлкен  сыйдың  бірі  – 
жазушыларымызға  сөз  бостандығының  берілуі  болатын. 
Бірақ,  Мағауин  «Аласапыранды»  немесе  том-том  тарихи 
еңбектерін жазғанда да мамыражай заман емес еді, деген-
мен егер осы «Құмырсқа-қырғынды» «кеңес кезінде жазса, 
онда Мұхтар Мағауин тірі классик емес, нағыз алашшыл-
ұлтшыл,  буржуазияшыл,  диссидент  атануы»  (Т.Жұртбай) 
бек мүмкін еді. 
Шығарманы  жазудағы  автордың  негізгі  мақсаты  да 
құмырсқалардың  тіршілігіндегі  әлімжеттік,  әділетсіздік, 
теңсіздік арқылы адам баласына ой салу еді. Яғни, Тәуелсіз 
қазақ елінің жері мен еліне өзі ғана қожалық етуі тиіс деген 
ой тұспалданған болатын. 
«Коммунистік реализм» әңгімесі. ХХ ғасырдың 60-жыл-
дары хрущевтік үкімет бүкіл кеңес адамдарын жиырма жыл-
дан кейін жарқын болашақта, коммунизмде өмір сүресіңдер 
деп сендіруге тырысты. Н.Хрущевтің болашақ коммунизм 
дәуірі туралы жасаған баяндамасынан кейін үкімет, партия 
өкілдері еңкейген жетпістегі қарттан жеті жасар балаға дейін 
болашақтың  гүлденетінін  ұғындыруға,  тіпті,  мойындатуға 
кірісті. М.Мағауинның аталмыш әңгімесінде өткен ғасырдың 
екінші жартысындағы өмір сүрген өкіметтің шалағай рефор-
малары әдебиет пен тарихқа да үстемдік етеді. Әңгімедегі 
2-3 курс студенттерінің арасында Хрущевтің табынушысы 
Жарас та өзінің нағыз жарқын болашақтың адамы болаты-
нына  күмәні  болмайды.    Қасындағы  әдебиетші  жолдаста-
рымен әңгіме айтыла қалса, жаңа қоғамға сай әдебиетке де 

34
Әдебиеттану
жаңа әдіс-тәсілдер енгізу қажет деп санайды.
– Жігіттер, – деген мінбеден сөйлегендей асқақ әуенмен. 
–  Мен  үлкен  жаңалық  аштым.  Бүкіл  совет  әдебиетінің, 
жер жүзі әдебиетінің бұрын-соңғы тарихындағы ең керемет 
жаңалық! 
– Жаңалық?.. – деді қарны тойса ғана тілі ашылатын Бау-
бек мейірлі жүзбен. – Қандай жаңалық? 
– Коммунистік реализм! – деді Жарас салтанатпен [4, 44 
б.]. 
Өз  ұстанымдарына  берік  Жарастың  «Коммунистік  ре-
ализм»  туралы  баяндамасы  дәріс  үстінде  талқыға  салы-
нады.  Жарастың  әдебиетті  дамытудың  жоғары  сатысына 
жеткізетін  коммунизм  әдісінің  тағдыры  Мәскеуге  жетпей, 
осы  Алматыдағы  сары  үйлердің  бірінде  шешіледі.  Әбден 
өзінің  де,  өзгенің  де  санасын  улаған  Жарас  құлдығында 
жүрген машинаның астына түсіп өледі. Байқағанымыздай, 
бұл да қазақ арасына бүлік салған, бүкіл ұлтты уландырған 
орыстандыру  саясатының  бір  көрінісі  еді.  «Жоғарыдан» 
келген  тапсырмаларды  асыра  орындаймыз  деген  біздің 
кейбір  тарихшы-әдебиетшілеріміз  талай  тарихи  тұлғалар 
мен олардың әдеби мұрасының әдебиет тарихынан біржола 
өшіп  кетуі  жолында  «қызмет  етті».  Бір-бірін  қаралау, 
аяғынан  шалу,  «ұстап  беру»,  көреалмаушылық  сияқты 
лаңды  жұқтырған  Жарастардың  кесірінен  қазақтың  талай 
зиялыларының  өмірі  жойылып,  кейбірі  жоғары  қызметтен 
аластатылып отырды.  
«Жүсіптің  қызы  Светлана»  әңгімесі  кеңес  халқының 
«күн көсеміне» айналған Иосиф Виссарионович Сталин де 
және оның қызы Светлана да туралы емес. Бірақ, Светла-
на  есімі  «күн  көсемі»  қызының  құрметіне  қойылған  екен. 
Қазақ  ауылына  көшіп  келген  мал  дәрігерінің  қызы  Жүсіп 
(Иосиф) Мұхаметқалиевтің қызы. Әңгімедегі көп жайттар 
М.Мағауиннің  соғыстан  кейінгі  өмірінен  хабар  беретінін 
аңғарамыз.  Автордың  көп  шығармаларының  оқиғасы 

35
Әдебиеттану
өз  өмірінен  құралған  десе  де  болады.  Өз  әкесі  «халық 
жауы» болып ұсталып кеткен тұста жас Мадияр (автордың 
псевдонимі)  ата-әжесінің  тәрбиесінде  өседі.  Атасының 
арқасында оқудың қадірін ерте ұққан Мадияр 3-4 сыныпта-
ақ  «Шыңғыс  хан»  кітабын  үш  қайтара  оқып  тастаса  да,  
Света оқыған Сталин туралы «Қарапайым ұлы адам» деген 
кітапты әлі оқымапты. Светлана Мадиярдың жанына барған 
сайын өз есімінің ерекшелігін айтып, бір мақтанып алады. 
«Сталиннің  қызының  аты  –  Светлана  Иосифовна.  Көрдің 
бе,  дәлме-дәл.  Тек  фамилиямыз  ғана  бөлек.  Бірақ  ұлы 
Сталин  –  адамзаттың  данышпаны,  жер  жүзіндегі  барлық 
балаға  ортақ»  [4,  125  б.].  Светаның  да,  әкесі  Жүсіптің  де 
ойынша барша кеңес адамдары Сталиннің қамқорлығының 
арқасында бақытты ғұмыр кешуде. 
Светлана Шыңғыс хан жайлы кітап оқып отырған Мади-
ярдан:
–  Сенің  атыңды  неге  Мадияр  қойған?  –  деп  сұрады 
Сталиннің қызы Светлана. 
–  Мадияр  болған  соң  Мадияр  қойған!..  –  дедім  мен 
қитығып. «Алаштың азаматы болсын деп қойдым!» – деген 
атам. Ақымақ қызға айтпайсың ғой. Ақылды адамға да ай-
тып қажеті жоқ. Мен жақсы білем [4, 126 б.]. 
Мадияр деген ат Алаш  зиялысы Міржақып Дулатовтың 
псевдонимі  болғанын  әдебиет  тарихынан  білеміз.  Көп 
өлеңдері  мен  мақалаларының  астына  «Мадияр»  деп  қол 
қойып отырған. Мағауиннің бұдан басқа да шығармаларында 
бұл есім көп кездеседі. 
Назар  аударсаңыз,  жазушы  кеңестік  екі  антикейіпкерді 
қатар  суреттейді.  Кезінде  әрбір  кеңес  адамының 
кітапханасынан  табылатын  Светлана  «Қарапайым  ұлы 
адам», «Құрыш қалай шынықты?», «Жас гвардия» сияқты 
патриоттық  тәрбиеге  баулитын  әдебиеттерді  жиі  оқыса, 
Мадияр  өткен  тарихты,  тарихта  өткен  үлкен  адамдар 
жайындағы  шығармаларды  көп  оқып,  үлкен  кісілермен 

36
Әдебиеттану
теңдей сөйлесетін дәрежеге жеткен. 
Көшіп келген үйді Мадиярдың ата-әжесі дәстүр бойын-
ша  ереуілдікке  шақырады.  Шай  үстінде  белгілі  болғандай 
фельдшер  Жүсіп  үйіндегі  сандықта  Дулат  жыраудың, 
Шортанбай,  Әбубәкір  Кердерінің  өлең  кітаптарын  тығып 
ұстайтыны  белгілі  болады.  Ақыры  Жүсіп  осы  кітаптарды 
үйінде  сақтағаны  үшін  түрмеге  айдалады.  Ол  заманда 
мұндай ұлттың өткенін, рухын танытатын кітаптарға қанша 
жерден  тиым  салғанымен,  халық  бәрібір  оқыды,  өз  тамы-
рын ұмытпады. Мадиярдың атасы да Шәкерім ақсақалдың 
арабша жазылған кітабын тығып ұстайтын еді.       
Светлана  мен  Мадияр  бірге  сыныпта  оқи  бастайды. 
Әдетте  ісі  ширақ  Света  сабаққа  келгенде  босаң  екен,  үй 
тапсырмаларын  озат  оқушы  Мадиярдан  көшіруге  біржола 
әдеттеніп алады. Мадиярдың арқасын 4-сыныпты төрт де-
ген бағаға аяқтайды. 
Сабақ оқумен уақыт зымырап өтіп жатқанда Мадиярдың 
отбасы бақытсыздыққа тап болады. Мектепте мұғалім бо-
лып жүрген туған әкесін «халық жауы» ретінде тұтқындап, 
25 жылға айдалып кетеді. 
Әбден  көшіріп  үйренген  Светлана  енді  Мадиярдың 
дәптерін  сұраусыз  алуға  көшеді.  Рұқсат  сұрау  керектігін 
ескерткен Мадиярға айқайлап, долданып шыға келеді:
– Сен... Сен... – Бірақ ойындағысын айта алмады.
– Аражігіміз айқындалды. Ол – Сталинның қызы, мен – 
«халық жауының» баласымын» [4, 135 б.].
Әңгіменің  соңында  Солтүстік  Мұзды  мұхитының 
жағасындағы Воркута лагеріне айдалған Мадиярдың әкесі 
төрт жарым жылдан кейін қайта оралады. Әңгімеші толысқан 
шағында  әкесін  мәңгілік  өміріне  Алматы  қаласындағы  өз 
үйінен шығарып салады. Сталинның қызын әкесі Магаданға 
айдалғаннан кейін өлген анасының туысқандары өз жағына 
алып кетеді. Ал әкесі сол жақта қайтыс болады. 
«Мінсіз адам» саналған Сталин ақыр аяғында Светлананы 

37
Әдебиеттану
да, әкесін де қиын жағдайдан құтқара алмады. Шығармада 
кішкентай екі кейіпкердің ұқсастығы – екеуінің де «халық 
жауының» балалары болғандығында. 
«Жаздыгүн шілде болғанда» әңгімесі. Цензурадан босап, 
шығармашылыққа еркіндік берілген тұста қаламгерлер про-
засы батыл да, өткір тақырыптарды көтеруімен ерекшеленді. 
Мағауин  әңгімелерін  зерттеуші  А.Мұхамеджанова:  «Дей-
ствительно, 90-е годы ХХ века казахской литературы можно 
с  полным  правом  назвать  «золотым  веком»  казахской  ли-
тературы, так как именно в это время после стольких лет 
молчания и забвения начинает возвращаться в литературу 
творчество  писателей  и  поэтов,  считавшихся  закрытыми» 
[8, 41 б.]. 
Абайдың  «Жаз»  өлеңінің  бірінші  жолымен  аталатын 
әңгімеде 1930 жылдардағы қазақ халқының басынан өткен 
аштық, қырылып-жойылу мен 1940 жылдардан 90 жылдарға 
дейінгі ұдайы жүргізілген полигон сынақтарының адам мен 
Жер-Анаға әкелген апаттары қозғалған. 
Өзен  бойына  жағалай  ауыл  қонып  жатқанда  Абай  бір 
көргеннен  табиғатына  тамсанып,  қазақ  поэзиясында  үздік 
саналған  атақты  «Жаз»  өлеңін  өмірге  әкелген  екен.  Бұл  – 
1886 жыл еді. Жазушы арада 100 жыл өткеннен кейінгі тозған 
топырақ, ауру адам, сырқау жерді көріп жаны сырқырайды. 
Барлығы  полигонның  кесірінен.  Бұрынғы  көк  шалғынның 
орнын  жусан  мен  қияқ  қаптаған.  Су  да  жоқ,  бұрынғыдай 
өзен де тасымайды. 
Әңгімешінің  Кенже  ағаның  сөзінен  30-32  жылдары 
құрым  қазақтың  аштықтан  баудай  қырылғанын  білгенде 
еріксіз  көзге  жас  аламыз.  Кәмпеске  жүргізілген  жылдары 
Кенже  ағаның  әулетінен  бүкіл  мал-мүлік,  астығын  тар-
тып алып, өздерін қаңғытып жібереді. Бас сауғалап қашып 
құтылғандарынан басқа қос әжесі, туған туыс, бауыр, аға-
қарындастарының  бәрі  аштан  қырылады.  Осыны  баяндап 
отырған 66 жастағы Кенже ағасы:

38
Әдебиеттану
–  Көкетайым,  бұл  кебіңді  менен  басқа  ешкімге  айт-
па.  Көрдік,  бейкүнә  бірауыз  сөз  үшін  қаншама  азаматтың 
кеткенін.  Менің  сенің  жазғандарыңды  оқығанда  қарадан 
қарап қорқып отырам» [4, 165 б.]. Байқағанымыздай, Голо-
щекин басқарған жылдардағы «Асыра сілтеу болмасын, аша 
тұяқ қалмасын» деген ұранның қорқынышы кейіпкердің са-
насына мәңгіге ұялап қалған секілді.    
Бұрын  осы  жайлауды  жазушы  Мұхтар  Мағауинның 
үшінші  атасы  Құрымбай  Бітенұлына  Абайдың  өзі  сыйға 
тартып,  алғашқы  көшті  де  өзі  бастап  әкелген  көрінеді. 
Осы  қоныста  Мағауия  ақсақалдың  алты  қанат  үйі  болған. 
М.Мағауинның  туып-өскен  үйіне  бір  заманда  Әлихан 
Бөкейханов,  Міржақып  Дулатов,  Мұхтар  Әуезов  сын-
ды  алаш  зиялылары  қонақ  болған.  Бүгінде  сол  қадірлі 
ескі  үйден  жұрнақ  та  қалмаған.  Бес  атасының  басына 
Құран  бағыштауға  барған  әңгімеші  мен  «Кенже  аға»  ата-
латын  кейіпкердің  арасындағы  диалогтан  ұсыны  ұғамыз. 
Шығармада  Абайдың  даналығын  даралайтын  орыс  зия-
лысы  Долгополовпен  болған  кездесу  барысындағы  әсерлі 
әңгімелерге де орын берілген. 
Жазғы  жайлаудағы  мерейлі  күндердің  бірінде  Абай 
Құрымбай ақсақалдың шаңырағында отырып: «Сөз ұстаған 
ұл  тусын,  Ел  ұстаған  би  тусын!»  деп  бата  беріпті.  Арада 
жылдар  өткенде,  1940  жылы  Мағауия  отбасында  Мұхтар 
Мағауин  дүниеге  келеді.  Жазушы  бойындағы  қасиетті 
сөз  қонған  кісілігін  Абай  батасының  қабыл  болуымен 
ұштастырады.
Қорыта  келгенде,  М.Мағауиннің  кесек-кесек,  тарихи 
тақырыптарға қалам тартуына оның Отанына, ата дәстүріне, 
туған-жарандарына  деген  махаббаты,  өткен  тарихына  де-
ген  азаматтық  құрметі  алып  келді.  Жоғарыда  талданған 
әңгімелері арқылы көлемді прозаға жүк болар ойды қысқа 
оқылатын әңгімемен де шебер беруге болатынын дәлелдеді.   

39
Әдебиеттану

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет