Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата15.03.2017
өлшемі0,71 Mb.
#9522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Литература
1. http://tengrinews.kz/books/oljas-suleymenov-prezentoval-
knigu-kod-slova-uchenyim-v-almatyi-254986/    Олжас  Сулей-
менов презентовал книгу "Код слова" ученым в Алматы. 08 
мая 2014 г, 19:48.  
2. Сулейменов О. О. Код слова/ Введение в универсаль-
ный этимологический словарь «1001 слово». – Алматы: ОФ 
Литературный Альянс, 2013. – 88 с.
 
Түйін
Мақалада  Олжас  Омарұлы  Сулейменовтың  соңғы 
шыққан «СӨЗ КОДЫ» зерттеу кітабы «1001 сөз» әмбебап 
этимологиялық сөздігіне кіріспе екені  туралы айтылады. 
Abstract
This article refers to research the book Olzhas Suleimenov 
«Code of Word» an introduction to the Universal Etymological 
Dictionary «1001 Words».
 

54
Әдебиеттану
К.Сандыбаева
  
АСЫЛ НҰСҚА МЕН АУДАРМАДАҒЫ РЕАЛИЯЛАР 
(Абай өлеңдерінің негізінде)
 
Көркем аударма сәтті шығуы үшін аудармашы түпнұсқаны 
өзінің бес саусағындай жақсы білуі тиіс. Сонымен бірге ол 
мәтінге терең бойлап, автордың басты идеясын, айтпақ ойын 
толық  түсінуі  шарт.  Аудармашы  үшін  поэзияға  қарағанда 
прозаны аудару жеңіл, поэзияны аудару үшін – ақын, проза-
ны аудару үшін – жазушы болу керек деген ойлар жиі айты-
лып жатады. Мейлі жазушы, мейлі ақын болсын, аударма-
шы өзі тәржімалайтын мәтінді жан-жақты зерттеп, талдап, 
ұғынуы керек. Аудармашының автор шығармасын өз жаны-
нан  өзгертпей,  толықтырмай  аударуы  міндет,  міндет  қана 
емес, аманат. Демек, аудармашы аманатқа қиянат жасамай, 
оны  бұрмалап,  мағынасын  өзгертпей,  оқырманға  лайықты 
түрде ұсынуы тиіс. 
Қазақ  жазба  әдебиетінің,  көркем  аудармасының  негізін 
қалаушы  ұлы  ақын  Абай  Құнанбаевтың  шығармашылығы 
–  таусылмас  қазына,  зор  мұра.  Сол  мұра  қазіргі  таңда 
әлем  әдебиетінің  озық  үлгілерінің  қатарынан  орын  алып, 
әлемге қазақ халқын, қазақ халқының мәдениетін танытуда. 
Абайдың адамгершілікті, қайырымдылықты, жақсылық пен 
әділдікті дәріптеп, надандық, зорлық, мақтаншақтықты сы-
найтын өлеңдері – ұлттық поэзиямыздың асқар шыңы. Сол 
құзар шыңды бағындырған аудармашы әзірге жоқ. Абайдың 
биігіне жетіп, өлеңдерін ақынның өз деңгейінде шебер зер-
леген бір аудармашы табылмай келеді.
Абай  поэзиясын  аударуда  аудармашылар  үшін  басты 
қиындықтардың бірі – реалияларды аудару.
Ұлттық әдебиеттің кез-келген туындысы тарихи, мәдени 
ақпараттан  түзілетіні  белгілі.  Ал  ұлт  әдебиетінің  көрнекті 
шығармашылық  тұлғаларының  туындыларында  реалиялар 

55
Әдебиеттану
мейлінше кең көрініс табады. Осы тұрғыдан келгенде, ұлт 
әдебиетінің туындыларын аударудағы басты қиындық  ре-
алияларды  аударумен  байланысты  анықталады.  Реалиялар 
туралы  аударматану  ғылымында  жинақталған  ойлар  мен 
пікірлердің  мол  қоры  бар.  Кейбір  аударматанушылар  реа-
лияларды  аудару  мәселесін  аударматанудың  теориясымен 
сабақтастырады. Әрине, бұл жерде теориялық қағидаларға 
сүйенудің маңызы үлкен. Солай дегенмен, реалияларды ау-
дару  аударма  теориясының  қағидаларына  негізделеді  деп 
біржақты  айтуға  болмайды.  Шындығына  келгенде,  реали-
яларды  аудару  аударма  теориясынан  шықпайды,  аударма 
теориясы реалияларды тану, пайымдау, аудару тәжірибесіне 
тәуелді. Сондықтан, реалияларды аудару мәселесін нақты, 
салыстырмалы талдау негізінде пайымдаған дұрыс.
Реалиялар  белгілі  бір  басты  ерекшеліктеріне  қарай 
бірнеше  топқа  бөлінеді.  С.  Влахов  пен  С.  Флорин  оларды 
былайша жіктейді: 1) Заттық: а) Географиялық реалиялар; 
ә)  Этнографиялық  реалиялар;  б)  Қоғамдық-саяси  реалия-
лар; 2) Жергілікті: а) Бір тілдік кеңістіктегі реалиялар; ә) ос 
тілдік кеңістіктегі реалиялар; 3) Уақыттық: а) Қазіргі заман 
реалиялары; ә) Ескірген (тарихи) реалиялар [1, 59].  
Абай  өлеңдерінде  географиялық,  этнографиялық, 
қоғамдық-саяси, бөтен (кірме), тұрмыстық және т.б. реалия-
лар  бар.  Олардың  бәрін  қарастыру  біздің  мақаламыздың 
міндетіне  жатпайды.  Оның  үстіне  біз  Абай  өлеңдеріндегі 
ұлттық  мазмұны  мен  сипаты  қанық  реалияларды  ғана 
таңдап алып, өз ойларымызды солардың басқа тілдерге ау-
дарылу деңгейін анықтауды мақсат еттік. Бұл – өз алдына 
үлкен мәселе. Оны ғылыми тұрғыдан толық талдап, саралап 
көрсету терең ізденіс пен ерен еңбекті талап етеді. Міне, осы 
ізденіс пен еңбек жемісті болуы үшін реалияларды аудар-
мас бұрын, олардың мағынасын түсініп, ұғынып алу қажет. 
Ал содан кейін олардың Абай өлеңіндегі қызметін анықтап 
болғаннан кейін ғана аудармаға кірісу керек. Ал енді аудар-

56
Әдебиеттану
машылар  Абай  өлеңдеріндегі  реалияларды  қалай  түсініп, 
қалай  аударғандығын  саралай  отырып,  олардың  мәтіндегі 
қызметін анықтай алды ма, жоқ па, соны қарастырайық.
Ақынның  «Қартайдық,  қайғы  ойладық,  ұйқы  сергек» 
өлеңінде мынадай жолдар бар:
Наданға арам ақылды құлаққа ілмек, 
Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек. 
Рас сөздің кім білер қасиетін? 
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек. 
Қызыл арай, ақ күміс, алтын бергек
Қызықты ертегіге көтерілмек. 
Ақсақалдың, әкенің білімдінің, 
Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек [2, 29].
Ақынның сөзі бейнелі, суретті, образды. Олардың кейбірі 
тура  мағынада  емес,  астарлы  мағынада  қолданылған. 
Сондықтан олардың нақты мағынасын дәл тауып көрсету, 
дәл  түсіну  оңай  емес.  Ал  реалиялардың  мағынасын  дәл 
түсіну, анықтау мүлде қиын.
Берілген өлеңдегі «бергек» сөзіне назар аударайық. Бұл 
сөздің мағынасын қазіргі қазақ оқырмандарының көпшілігі 
біле  бермейді.  Сөздің  мағынасын  білмеген  адам  оның 
қолданылу аясын да білмейді: сөз заттың атын білдіре ма, 
сынын білдіре ме, сапасын білдіре ме, іс-әрекетті, қимылды 
білдіре  ме  –  бәрінен  де  мақұрым  қалады.  Мұның  бәрін 
білмеген адам бұл сөзді басқа тілге қалайша аудармақ? 
Біздің  сөзімізге  тұздық  болып  отырған  «бергек»  – 
әйелдердің  әшекейлі  бас  киімінің  атауы.  Жас  келіншек 
сәукелені той өткенше киіп отырып, тойдан соң сәукелені 
іліп  қойып,  орнына  бергек  киетін  [3,  264].  Қазақ  тілінің 
түсіндірме сөздігінде «бергек» сөзіне осындай түсініктеме 
беріледі.  Сөйтіп,  бергек  сөзі  тұрмысқа  жаңа  шыққан  жас 
келіншектің киетін әшекейлі бас киімі болып шығады. 
Осы  сөзді  аудармашы  түсінді,  мағынасын  білді  деп 

57
Әдебиеттану
есептейік.  Солай  болған  күннің  өзінде  бұл  сөзді  басқа 
тілдерге аудару қиын.  
Ақыл  тоқтатпаған  адамға  қызыл  арай,  ақ  күміс,  алтын 
бергек  сияқты  нәрселерді  айтса,  ол  қызығып,  соған  есіл 
дерті  кетіп,  басқаның  бәрін  ұмытады.  Өйткені  мұндай 
адам осы аталған заттар мен нәрселердің бәріне қызығып, 
әуесқойлықпен  құмартады.  Абайдың  өлеңінен  оқырман 
осындай  мағынаны  ұғады.  Аудармашылар  осы  топтағы 
«бергек»  сөзін  «диадема»,  «платок»,  «тога»  деп  аудара-
ды.  Бір  қарағанда  осылардың  бәрі  орынды  сияқты.  Ал 
осыларды  оқып  алып,  Абайдың  өлеңіне  қайта  оралатын 
болсақ, аудармашылардың жоғарыда көрсетілген сөздеріне 
көңіліміз толмай қалады. Енді соның кейбір жайларына на-
зар аударайық.
Красная заря (лучи), белое серебро, золотая диадема 
Могут подняться до высот  интересной сказки [6].
(Б.Момышұлының жолма-жол аудармасы)
Осы  жолма-жол  аударманы  қазақ  тіліне  кері  аударcақ, 
мынадай болмақ: 
Қызыл арай (сәулелер), ақ күміс, алтын диадема
Қызықты ертегілердің биігіне дейін жете алады.
Б.Момышұлы  «бергек»  деген  тұрмыстық  реалия 
категориясындағы  сөзді  «диадема»  деп  аударады.  «Диаде-
ма»  -  (гр.  diadema)  шағын  ғана,  ортасы  ашық  әйелдердің 
әшекейлі,  қымбат  тәж  секілді  бас  киімі  [4].  Д.Ушаковтың 
түсіндірмелі  сөздігіндегі  диадеманың  анықтамасы  осын-
дай. Демек, аудармашы орыс тілді оқырмандарға қазақтың 
«бергек» деген сөзінің мағынасын оларға мәлім «диадема» 
арқылы таныстыруға тырысқан, алайда қазақтың бергек ки-
ген қызын диадема киген ежелгі грек қызымен салыстыру 
қиын. Оның үстіне бұл екі бөлек мәдениеттің материалдық 
элементтері.  Екеуінің  атқаратын  функциясы  мен  сыртқы 
көрінісі бөлек. 
Демек,  бергекке  диадема  эквивалент  бола  алмайды. 

58
Әдебиеттану
Бергекті қазақ әйелдерінің жасына, әлеуметтік жағдайына, 
руына  байланысты  киген  жаулық,  жырға,  кимешек,  бөрік 
сияқты бас киімдерінің бірі деп қарау жеткіліксіз. Сәукеле 
де, бергек те әшекейлі бас киім. Ал ақынның дәл осы бер-
гек сөзін таңдауы арқылы мәтінге анық па, әлде астарлы ма, 
белгілі бір мағына теліп тұрғанын байқаймыз. Яғни, бізде 
аудармаға  деген  екі  талап  пайда  болады:  1)  аудармада  об-
разды беріп, ұлттық колоритті сақтау; 2) осы реалия сөздің 
мәтіндегі мағынасын анықтап, аудару.
Орыс ақыны, аудармашысы Д. Бродский бұл жолдарды 
былайша аударады: 
Бредит дурень о багрянце заревом,
Об одеждах, шитых чудо-серебром [6]. 
Өзіміз  де  байқап  отырғанымыздай,  Д.  Бродский  
түпнұсқадағы  «бергек»  сөзін  өз  аудармасында  мүлдем  та-
стап кеткен. Ол оны әдейі тастады ма, жоқ балама табуға 
қиналғандықтан  тастады  ма  –  беймәлім.  Аудармашы 
Абайдың әйтеуір киім жайында айтып отырғанын түсінген. 
Бірақ берілген аударманы оқыған адам ондағы киімнің бас 
киім  ба,  аяқ  киім  ба,  әлде  басқа  киім  ба  –  оны  аңғарып, 
түсіне алмайды. Сөздің өзі де, сөздің мағынасы да аудармада 
көрініс таппаған. Яғни, аудармашы «бергектің» мағынасын 
таба алмаған, ізденбеген десек, артық кетпейтін болармыз. 
Бәлкім,  ол  «алтын  бергекті»  «одежды,  шитые  чудо-сере-
бром»  деп  аудару  абзал  деп  шешкен  болар,  алайда  Абай-
да  «алтынды-күмісті  киім»  немесе  «алтын  мен  күмістен 
тігілген киім» деген образ жоқ, «алтын бергек» бар. 
Ақынның «бергегін» Ю. Кузнецов пен Ә. Қодар «платок» 
деп аударған. 
Алый жар, златом-серебром шитый платок
Этот сказ и сегодня его не увлек... [6]
                                           (Ю. Кузнецов аудармасы)
Кері аудармасы: 

59
Әдебиеттану
Қып-қызыл ыстық, алтын-күмістен тоқылған орамал
Бұл ертегі оны бүгін де еліктірмеді.
«Платок золотой и серебряный звон
До прелести чуда тобой вознесен...[6]
(Ә. Қодар аудармасы)
Кері аудармасы:
Алтын орамал мен күмістің сыңғырын 
Сен керемет әсемдіктей көресің. 
Аудармашылар  Д.  Бродскийге  қарағанда  «бергекті» 
«орамал»  деп  аударып,  оның  басқа  киетін  киім  екендігін 
аңғарған. Осылайша, олар түпнұсқаға сәл жақындаған де-
сек болады. Бәлкім, аудармашылар «бергекті» сол күйінде 
қалдырса, оқырман оны түсінбес еді, өйткені қазір қыздар 
үйленгеннен  кейін  «бергек»  кимейді.  Қазір  біреуге  келін 
болып түскен бойжеткен басына орамал тағатынын білеміз. 
Сондықтан, оқырманға түсінікті болсын деп аудармашылар 
Абайдың тілін жаңартқысы келген шығар. Дегенмен, Абай 
«орамал» емес «бергек» деп «ермек үшін жазбаған» болар.
М. Әдібаев бұл жолдарды былайша аударады: 
Лучи зари и слитки серебра, и золотом отделанные тоги
Украсить могут сказочные слоги [6].
Кері аударма: 
Таң сәулесі мен күміс кесектері, алтынмен көмкерілген 
тогалар
     Ертегі шумақтарын көркемдей алады
Мұндағы  «тога»  –  Ежелгі  Римдегі  ер  азаматтардың  ақ 
кенеп  матадан  тігілетін,  бір  ұшын  сол  жақ  иыққа  жамы-
лып киетін киімі [5]. Біз аудармашының қазақ әйелдерінің 
ұлттық  бас  киімі  болып  табылатын  «бергектен»  Ежелгі 
Рим  азаматтары  үстіне  орай  жамылатын  «тогаға»  қалай 
адасып  келгеніне  қайран  қалудан  басқа  ешнәрсе  істей  ал-
маймыз. Бұл аударманы оқығанда өлеңді Абай емес, ежелгі 
грек, рим ақындары жазды деген ой өздігінен туындайды. 

60
Әдебиеттану
Сондықтан, амфитеатр, ғибадатхана, алтарь, басқа да ежелгі 
Рим мәдениетіне тән нәрселерді елестетіп кететін болсаңыз, 
таң қалмаңыз. Бәлкім, аудармашы өзіне дейінгі аудармашы-
ларды қайталағысы келмеген болар, бірақ өлеңнің ұлттық 
реңкін  өшіріп,  оған  өзге  бояу  беру  қиындықтан  шығатын 
жол  емес.  Мұның  нәтижесі  –  ұлттық  реалияны  өзге  ұлт 
реалиясына  алмастыру  нәтижесінде  болатын  мағынаның 
өзгеруі және ұлттық колориттің жойылуы.
Осы  жерде,  «неліктен  аудармашылар  қазақтың  ұлттық 
бұйымдарының  атауларын  өзге  ел  мәдениетіндегі 
нәрселердің атауларымен алмастыруды жөн көреді?» (диа-
дема, тога) деген сұрақ туындайды. 
Міне, бір ғана «бергек» сөзін аударуда осындай үлкен дау 
туар деп кім ойлаған? 
Ұлттық бояуы қанық, қазақтың болмысына тән сөздерді 
Абай  тек  бұл  өлеңде  қолданбайды,  жалпы  ондай  сөздерді 
ақынның әр өлеңінен кездестіреміз.  
Абайдың  ақындық  шеберлігін  сөз  еткенде  оның 
реалистік поэзиясына тұнық мөлдірлік пен айқындық қана 
хас екенін, ал формализм атымен жат екенін әрдайым есте 
тұтуға,  ұмытпауға  тиіспіз.  Сондықтан  да  біз  Абай  поэ-зи-
ясына  музыкалық  үйлесім,  әуезділік  хас  дегенде  оның 
саф  тазалығын,  ішкі  гармониясын  айтамыз,  тұтқырлық 
пен  тұттығу  жоқтығын,  татаусыздығын  айтамыз.  Мұның 
бәрі  –  Абайдың  суреткерлік  зор  мәдениетінің  де,  қуатты 
ақындық  шабытының  да  жемісі,  анық  белгісі  [7,  312].  А. 
Нұрқатовтың сөздеріне қосыла отырып, ұлы ақынымыздың  
туындыларының  өзге  тілдерге  аударылуы  кезінде  орын 
алатын  ақынның  мөлдір  әрі  айқын  реализмінің  форма-
лизмге  ұрынуы,  музыкалық  үйлесімінің  үнінің  бәсеңдеуі, 
саф  тазалығының  көмескіленуі  мен  ішкі  гармониясының 
жоғалуы секілді нәрселерге шек қойсақ деп тілер едік.   
 

61
Әдебиеттану
Әдебиеттер:
1 С. Влахов, С. Флорин. Непереводимое в переводе. – М.: 
Высшая школа, 1986. – 416 с.
2  Абай.  Сен  де  бір  кірпіш  дүниеге.  Өлеңдер  мен 
қарасөздер. – Алматы: Атамұра, 2014. – 288 б.
3 Қазақ түсіндірмелі сөздігі. 
4 Толковый словарь Д.Н. Ушакова http://ushakovdictionary.
ru/ 
5  Электронный  толковый  словарь  русского  языка  С.И. 
Ожегова, Н.Ю. Шведовой http://www.lib.ru/DIC/OZHEGOW/
ozhegow 
6  Абай институтының сайты http://abai-inst.kz/
7  Нұрқатов  А.  Абайдың  ақындық  дәстүрі.  Моногра-
фия. –Алматы: Жазушы, 1966. – 348 б.
Резюме
Статья посвящена изучению реалий в оригинале и пере-
воде. Материалом для анализа послужили реалии в стихот-
ворениях  Абая,  насыщенные  национальным  колоритом, 
свойственным лишь казахскому народу. Следует отметить, 
что Абай использует реалии не только в их первоначальных, 
но и в переносных значениях.
Summary
The article is devoted to the investigation of realia in original 
and in translations. Analysis based on realia from Abai’s poetry. 
In Abai’s poems frequently can be found realia saturated with 
national  color.  Poet  applies  the  realia  not  only  in  their  initial 
meaning, but in figurative meaning too.

62
Әдебиеттану
 
 
Ж.К.Агибаева 
ОСОБЕННОСТИ ХУДОЖЕСТВЕННОГО 
ПЕРЕВОДА ПОЭМЫ 
«МЕН МАХАМБЕТПЕН ҚАЛАЙ КЕЗДЕСТІМ» 
Ф.УНГАРСЫНОВОЙ НА РУССКИЙ ЯЗЫК
Поэзия  Фаризы  Унгарсыновой  неоднократно  переводи-
лась на русский язык. Т.Фроловская, Л. Тараканова, П. Ко-
шель сделали немало для популяризации на русском языке 
ее  произведений.  Глубокое  идейное  содержание,  высокий 
поэтический строй, эмоциональная одухотворенность твор-
чества  Ф.Унгарсыновой  сопровождаются  оригинальной 
метрической и ритмической структурой текстов. В разных 
поэтических творениях Ф. Унгарсыновой мы находим как 
вольный  стих  (с  неодинаковым  количеством  стоп),  так  и 
8-9-тисложники,  с четким ритмическим рисунком и сочета-
нием смежной и перекрестной рифмы. 
Поэтесса  стремилась  к  передаче  сложных  внутренних 
противоречий  как  отдельного  человека,  так  и  общества  в 
целом.  Нередко  она  обращалась  к  историко-культурной 
проблематике, видя в истории не только опыт и уроки про-
шлого,  но  и  определенное  провидение    будущего  народа. 
Патриот в самом высоком смысле этого слова, Фариза-апай 
считала  своим  гражданским  долгом  через  Слово  пробуж-
дать национальное самосознание и самоосознание в своих 
соотечественниках.
Естественно,  такие  глубокие  установки  определяли  и 
богатство  творческой  лаборатории  поэтессы,  возлагали 
большую  отвественность  на  ее  переводчиков.  В  настоя-
щей статье мы исследуем особенности перевода знакового 
произведения Ф.Унгарсыновой    «Мен Махамбетпен  қалай 
кездестім» на русский язык. 
Данная поэма состоит из озаглавленных самой поэтессой 

63
Әдебиеттану
Трех встреч («кездесу»). Интересна в аспекте поэтических 
новаций  семантико-стилистическая  заданность  данного 
произведения. 
Почему  Махамбет  стал  главным  героем  данной  поэмы 
Ф.Унгарсыновой?  
Махамбет Утемисулы – один из первых казахских поэ-
тов, выступавший против ханского произвола и феодальной 
аристократии не только посредством творчества, но и с ору-
жием в руках. Махамбет горячо любил родину и ненавидел 
царизм, проводивший колонизаторскую политику, выступал  
против торговавших народными землями ханов, султанов и 
биев, грабивших народ.
Нужно сказать, что исследуемая поэма Фаризы Унгарсы-
новой, небольшая по объему, в переводе Т.Фроловской  уве-
личилась в несколько раз за счет включения в текст пере-
водов  других  стихотворений  казахской  поэтессы.  На  наш 
взгляд, это неуместно, поскольку необходимо максимально, 
насколько это возможно, сохранять и содержание, и форму 
оригинала. В то же время нельзя не сказать об удачной пе-
реводческой  находке.  Переводчица  предложила  общее  на-
звание произведения –  «Алмазный клинок», объединившее 
все «Три встречи» Ф.Унгарсыновой.           
У Ф.Унгарсыновой метафора «алмас қылыш» четко со-
относится с метафорой «алмас жыр» (алмазный стих). Се-
мантика  и  стилистика  данной  метафоры  точно  передают 
содержание личности, жизни, поэзии как Махамбета, так и 
самой Фаризы. Алмазный клинок – настоящая поэзия, разя-
щая врагов, защищающая близких и вечная по определению 
(алмаз – самый прочный драгоценный камень).  Метафору 
можно понимать, на наш взгляд, и метонимически:  Алмаз-
ный  клинок – это и сам Поэт, поэт – батыр, поэт – трибун, 
поэт – совесть и честь своего народа. 
Ф.Унгарсынова в определенном смысле – новатор в об-
ласти формальных экспериментов в современной казахской 

64
Әдебиеттану
поэзии.  Идея  «встречи»    с  поэтом,  жившим  много  ранее, 
знаменитым Махамбетом Утемисовым определила необыч-
ное  содержание  поэмы.  Так,  «Первая  встреча»  содержит 
приветствие и напутствие Махамбета новому молодому по-
колению, поколению ХХ века:
 
«Ей, өнер қуған жарқыным,
 
өлең қуған жарқыным! 
 
Балауса балғын шағың бұл,
 
айналаң тұнған сағым-нұр, 
 
арманың асқақ, жаның гүл.
 
Қара халықтың қамы үшін
 
қорғауға елдің намысын
 
жалын жастығын ұрлатқан
 
түздерде жортып түн қатқан
 
бабаларыңның арманын,
 
ұрпағым болсаң, жалғағын!
 
Жүргенде халқың қан жылап,
 
жатқаның мынау
 
ұйқыға батып албырап,  
 
бабаңның жері бал құрақ
 
жат табандарға тапталуда әлі қалжырап [1, с.174] 
В  этом  отрывке  мы  слышим  праведный  гнев  поэта-ба-
тыра,  обращенный  к  нашим  современникам,  забывшим  о 
своем предназначении, великом прошлом своего народа. Он 
осуждает леность, отсутствие внутреннего огня в современ-
ной молодежи, взывает к ее  идеалам, совести и чести. Более 
того, он обращается к своему визави из будущего,  своему 
«коллеге по цеху» – молодому поэту. 
Рассмотрим, как передан этот отрывок в русском перево-
де Т.Фроловской: 
 
 Земной наш мир без нас удобен.
 
Я – бред, но я правдоподобен,
 
К тебе лечу. Я – дух! Я – прах! 
 
И ты, спокойная, уснула?!

65
Әдебиеттану
Не ты ль изобразить дерзнула
Полдневный жар, полночный мрак?
Ты поступила безоглядно,
Горячность юности наглядно
От светоносных миражей
Такая дерзкая примета:
Свергать неоспоримость света 
И в солнце признавать мишень.
Потомок, пьяный вдохновеньем,
мир не дает отдохновенья.
Я предок твой – прими меня.
Загробный дух мой пронесется,
 
   как прежде бегом иноходца
 
   промчалась молодость моя [2, с.71] 
С самого начала в переводе резко снижена семантика и 
стилистика оригинала. Включение в перевод стилистически 
сниженной лексики  «Я – бред!», «потомок, пьяный вдох-
новением» является грубым нарушением идейного, эмоци-
онального, психологического настроя, четкого ритма ориги-
нала. Возникает вопрос: «Почему переводчик позволил себе 
такое обращение с подлинником?» Видимо, одна из причин 
– стремление к созданию отчетливой рифмы: 
 
«Земной ваш мир без нас удобен.
 
Я – бред! Но я правдоподобен!...» 
 
Трудно  представить  себе  воина  Махамбета,  так  го-
ворящего о себе. Более того, бред – болезненное состояние 
психики  человека:  использование  подобных  слов  недопу-
стимо при переводе, особенно, когда речь идет о конкрет-
ных исторических личностях (здесь – Махамбет Утемисов). 
Мы  не  видим  адекватного  перевода  лексики  оригинала 
так  же,  как  и  его  стиля.  Махамбет  предстает  человеком  с 
неясной  речью,  непонятными  претензиями  к  лирической 

66
Әдебиеттану
героине  –  его  оппоненту.  Нагромождение  внутренних    и 
внешних рифмовок, введение многочисленных слов и сло-
восочетаний,  отсутствующих  в  подлиннике,  прерывистый 
ритм  (множество  восклицаний,  вопросительных  знаков, 
тире) демонстрируют т.н. «вольный» переводческий стиль, 
отличающийся крайним пренебрежением к идейной и фор-
мальной сторонам оригинала. 
Один  из  исследователей  переводов  Ф.Унгарсыновой 
на русский язык  С.М.Алтыбаева пишет по этому поводу: 
«Проблема  переводческого  стиля  является  одной  из  важ-
нейших в современной теории и практике перевода с казах-
ского  языка  на  русский...  Умение  переводчика  полностью 
отрешиться  от  собственной  манеры,  собственных  художе-
ственных пристрастий – чрезвычайно трудное, но необхо-
димое условие для создания качественного, функционально 
подобного перевода» [3, с.24-25].
Далее Т.Фроловская опять же в погоне за «дикой» риф-
мой вообще включает целую строфу, отсутствующую в под-
линнике:
 
Ночь навалилась тьмой гигантской,
 
как будто нынче хан кокандский
 
в налог взял звезды и луну.
 
Ты спишь, потомок, безмятежен,
 
и, значит, дух мой безутешен,
 
я вижу в том свою вину.
 
Абсолютно  неоправданно  появляется  такая  исто-
риософема как «хан кокандский» в поэтическом повество-
вании  о  Махамбете  Утемисове,  который  не  имел  никаких 
отношений с неизвестным «ханом кокандским». Использо-
вание таких цветистых оборотов, как «как будто нынче хан 
кокандский в налог взял звезды и луну», видимо, по замыс-
лу переводчицы, должно создавать специфический восточ-
ный колорит текста. Но это неудачное решение, лишенное и 
оснований, и обычной логики. 

67
Әдебиеттану
Приведем  похожую  по  стилистике  и  направленности 
строфу – из перевода Т.Фроловской:
 
Ты спишь? Спит совесть – долг поэта,
 
Честь сладко дремлет до рассвета…
        Тебя забвенье закогтит,
        И я из желтых недр не встану,
        А пламя гнева Мангыстау
 
Свет памяти испепелит [2, с. 72]
 
Здесь переводчица вводит характерные для нее нео-
логизмы и метафоры: «забвенье закогтит», «желтые недра». 
При этом непонятно, почему забвенье становится хищным 
зверем, что такое «желтые недра». Включен топоним Ман-
гыстау, чего в оригинале тоже нет. 
Таких переводческих «ляпов» в переводе Т.Фроловской 
немало, что снижает ценность этого перевода. Необходимо 
отметить и ее удачные, на наш взгляд, переводческие реше-
ния. К примеру:
 
Поэт – посланник знойной выси –
 
Из сердца искры гнева высек,
 
И сам, как солнце, одинок.
В  заключение  следует  отметить,  что  в  переводе 
Т.Фроловской  много  семантико-стилистических  сдвигов, 
негативно сказывающихся на содержании подлинника. Это 
масса  переводческих  вольностей,  «отсебятин»,  рифм,  ме-
тафор, реалем, которые отсутствуют в оригинале. Все это 
увеличило объем перевода в сравнении с казахской поэмой. 
Данные особенности обусловлены недостаточной проработ-
кой  оригинального  текста,  превалированием  собственного 
стиля над стилем переводимого поэта. Однако воспроизве-
дение  центральной  метафоры  «алмас  қылыш»  дословным 
переводом «алмазный клинок» равно, как и вынос ее в на-
звание всей поэмы в переводе на русский язык является, на 
наш взгляд, верным и обоснованным.
Думается, что в дальнейшем исследуемая многогранная 

68
Әдебиеттану
поэма  Ф.Унгарсыновой  должна  будет  переведена  на  рус-
ский и другие языки и другими переводчиками, ведь ее поэ-
зия Ф.Унгарсыновой – бесценное достояние нашего народа.  
Литература:
1. Ф.Оңғарсынова. 12 томдық толық шығармалар жинағы. 
– Алматы, 2014 ж.
2.С.М.Алтыбаева, М.Х. Маданова. Художественный пе-
ревод  и  сравнительное  литературоведение.  Алматы,  2000. 
Алматы, 2000 г. Республиканский издательский кабинет Ка-
захской Академии образования им. И. Алтынсарина. 
3. Ф. Унгарсынова. Полдневный жар.  – Алматы,  2005.                 
   
Түйін
Бұл  мақаладағы  қаралған  мәселе  Ф.  Оңғарсынова 
шығармашылығын  орыс  тіліне  аударудағы  қателер  мен 
кемшіліктің  кездесу  проблемалары  және  де  оның  кейбір 
шешімдері  туралы  ой-пікірлер  жиынтығы.  «Махамбетпен 
кездесу»  поэмасын  негізге ала отырып, Т. Фроловскаяның 
шешімдерін  талдау  арқылы  аударма  мәселелерінің  кейбір 
тұстарын талдау.
Summary
In    this  article  considered    some  mistakes  of  the  poems  F. 
Ongarsinova’    poetries  translating  in  Russian  language  and 
problems  of  dis  advantages  and  our  way  of    their  decision. 
Mainly taking  a poem. Date with Mahambet analays translating 
problems by throu T. Frolovskaya’s decisions. 

69
А.Шегебаев
ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАРДЫҢ ЖАНРЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІГІ
Жалпы  дастан  жанры    ХVІІІ  ғасырда  пайда  болып, 
ХІХ  ғасырда      кең  қанат  жайып    дамыды.  Қазақ  дастан-
дарын  генезисі  жағынан  мынадай  шығармаларға  бөлу 
қалыптасқан.: 1) шығыс сюжеттеріне негізделген, 2) аймақтық 
фольклорлық  сюжеттерге  құрылған,  3)  өмірде  орын  алған 
оқиғалар  ізімен  жырланған  шығармалар.    Қазақ  қоғамы 
сұранысының өзгеруі  түрлі  тарихи-саяси және әлеуметтік 
жағдайларға  байланысты  болды.Өмір_  өзгерістеріне  бай-
ланысты ауызша-поэтикалық шығармашылық та түрленді. 
Жаңа  көзқарас  пен  ұмтылысты,  идея  мен  идеалдарды 
суреттейтін  жанр  қажеттілігі  туды.    Яғни  «халқымыздың 
жалпы  эпикалық  дәстүр  шеңберінде  пайда  болып,  ұлттық 
фольклор  жанрлары  жүйесінде  қызмет  ететін,  сонымен 
бірге  белгілі  дәрежеде  жазба  әдебиет  пен    жеке  ақындық 
шығармашылықтың  ықпалын  да  бойына  сіңірген,  яғни 
тақырып, сюжет, идея, кейіпкерлер жүйесі және көркемдік 
бейнелеу құралы жағынан дәстүрлі батырлық, ғашықтық, та-
рихи жырлардан өзгешеленетін» дастан жанры пайда болды. 
Дастандардың кең өріс алғаны оның түрлі жанрларының да-
муынан да байқалады. Дастанды ғылыми тұрғыда зерттеген 
Б.Әзібаева  «мазмұны  жағынан  сан  алуан,  көлемі  жағынан 
қомақты,  сюжеттік-тақырыптық диапазоны кең, әлі толық 
зерттеліп болмаған» дей отырып, қазақтың дастандық эпо-
сын жанрлық тұрғыда: 1) діни дастандар; 2) хикаялық да-
стандар;  3)  ғашықтық  дастандар;  4)  әскери  дастандардан 
тұрады деп анықтайды[1, 9].
Көріп  отырғанымыздай,    дастан  сан-салалы  өмір 
құбылыстарын кеңінен  қамтитын жанр болып қалыптасқан. 
Әдебиеттану

70
Соның  ішінде    «халық  поэзиясында  көлемі  жағынан 
айтарлықтай  мол,  тақырыбы  сан  алуан,  оқиғалары  шы-
тырман  келетін,  сюжеттерінің    басым  көпшілігі  күллі 
шығыс  халықтарына  ортақ,  көркемдік  деңгейлері  алуан 
түрлі  хикаялық  дастандар  өзіндік  ерекшелігімен    көңіл 
аудартады.Дастанның  бұл  түрлерінде  қазақтың  байырғы 
түсініктерімен қатар Иран, Үндістан, араб  халықтарының 
фольклор, әдебиетінің ықпалы да зор болды. Сыртқы әсер , 
яни Шығыс сюжеттері қазақ топырағына көптеп енгенмен,   
ұлттық эпикалық дәстүрдің ықпалы өте күшті болды. Сол 
себептен   сыртқы әсерлер мен ауысқан сюжеттер ұлттық 
рухта жырланғанғандықтан ел етене қабылдады. 
Хикаялық дастандардың өзіне тән басты  бір ерекшелігінің 
бірі  –  кейіпкердің  ішкі  сезім  күйлерін  көрсету,  дастан 
кейіпкерлерінің мінез қырларын жан-жақты ашып көрсету 
жағынан  дәстүрден  шығып,  жаңаша  әдіс-тәсіл  иемденді. 
Б.Әзібаева  шығыстық  сюжеттердің  қазақ  топырағындағы 
қалайша  өзгеретіндігін  сюжеттің  бастама,  аяқтамасы  мен 
бүкіл  барысын  салыстыра  отырып,кірме  ұғымдардың  
ұлттық эпикалық ойлаудың заңдылығына бағынатындығын 
дәлелдеген.  Хикаялық  дастандарда  кейіпкер  образы  даму 
үстінде  көрсетіліп,  қарапайым,  бірақ  әдеттегіден  тыс 
таңғажайып,  шытырман  оқиғалар  баяндалады.  Себебі 
«хикаялық сюжет» деген ұғым барлық дерлік халықтардың 
фольклоры мен әдебиетінде көне замандарда пайда болып, 
бүгінгі күнге дейін көркемдік дамудың фольклорлық, кітаби 
және әдеби формаларында әрі қарай дамып, сақталып жет-
кен құбылыстарды қамтиды» [1, 27].
Хикаялық  сюжеттердің  бастауы  мифтерді  пародиялық 
тұрғыдан  түсіндіру,  шамандыққа  қарсылық  көрсету,  я 
ғұрыптарды мазақ ету тұрғысынан суреттеуде жатқандығы 
дәлелденген. 
Басты  кейіпкерлері  билік  иелерімен  қатар    әртүрлі  бір-
Әдебиеттану

71
біріне ұқсамайтын  кәсіп иелері  қарапайым адамдар тобын 
құрайды.    Олардың  басын  біріктіретін  нәрсе  адалдық  пен 
ізгілікке ұмтылысы. Мазмұндық тұғыдан күлкілі де траге-
диялы да болады. Тақырыптық тұрғыдан сан алуандық та 
хикаялық дастандардың ерекшелігі болып табылады. Себебі 
дастанның  басқа  түрлерінде  тақырып  айқын.  Мәселен,  
ұлттық  фольклорымыздың  өте  бай,  маңызды  саласы  бо-
лып табылатын Діни дастандар өзінің сюжеттері, мазмұны, 
шығу тарихы, даму, таралу жолдары жағынан әртүрлі. Бірақ 
олардың барлығы идея жағынан  исламдық құндылықтарын 
үгіттеуді  мақсат етеді.
Ал    әлеуметтік-сүйіспеншілік  мәселелер    де      дастан 
мазмұнына  айналып,,  махаббат  қана  емес,    тарихи  және 
әлеуметтік  сарындар  пайда  болғандықтан  ғашықтық 
дастандардың өзі іштей бөліне бастайды. 
Әйел  теңдігі,  еркін  махаббат,  әлеуметтік  теңсіздік 
мәселелері арқау болған  бұл жырлардың  фольклор мен жаз-
ба әдебиетін жалғастырып тұрған мұраларекендігі жайында 
зерттеуші  Ә. Қоңыратбаев: «Бұл жырлар халық фольклоры 
мен  жазба  әдебиетті  ұштастырып,  байланыстырады.  Сол 
себепті олардың фольклорлық және авторлық сипаты бар. 
Бір  анығы,  бұл  жырлар  үлкен-үлкен  эпос  айтушылардың 
өңдеуінен өтіп, жетіле, көркемделе түскен [2, 217] , – деп 
жазады. Мұнан шығатын қорытынды дастан жанрының кең 
тарамдалып дамып, дәстүрлі түрден жазба әдебиетіне қарай 
қарай ойыса  бастаған көрсетеді.. 
Б.Әзібаева романдық дастандардың поэтикалық жүйесіне 
жан-жақты талдау жасап, бұл  дастандардың пайда болуына 
қазақтың  лиро-эпосы  мен  шығыс  дастандарының  тигізген 
әсерін  нақтылы  саралаған.  Ол  аталмыш  дастандардың 
тууына  «жергілікті  фольклорлық  сюжет  негіз»[3,  119] 
болғандығын айтады. 
Ал  хикаялық  дастандардың  негізін  құрайтын  кірме 
Әдебиеттану

72
сюжеттер  бастапқы  қалпынан  көп  алшақтамай,  бірақ 
қалыптасқан эпикалық дәстүрлердің аясында дамып  жаңа 
сипатты мазмұн иеленеді.
Сюжеттің  барысы  күрделі шиеленісті, шым-шытырық 
оқиғаларға  құрылып, қимыл-әрекеттің күтпеген, ойламаған 
жағдайда  бітуі  қазақтың  дастандық  эпосының  бай  және 
маңызды жанры хикаялық дастандардың басты ерекшелігі.
Демек,  жалпы  қоғам  үшін    аса  маңызды  болмаса  да  
нақты  өмірде  болған  я  болуы  мүмкін  деп  саналатын  сан 
алуан  құбылыстар  мен  түрлі  таңғажайып    оқиғалардың 
бір  жанрдың  аясында  жинақталып,  біртұтастықта  қызмет 
атқаруы хикаялық дастанның негізі.
 Бұл тұжырымдарды бірнеше дастандардың  мысалында 
түсіндіруге болады. 
Мәселен  адамның ерекше қасиеті қайрымдылықты таны-
татын «Хикаят дастан Хатымтай» «Қисса Қасым жомарт» 
дастандарын алып қарайық.Ең алдымен бұл дастандардың 
композициялық  тұрғыдан  ерекшелігі  көрінеді.  Бір 
әңгімеден  екінші  әңгіме  өрбіп,  әрқилы  тақырыптарды 
қозғағанымен  әңгіме  сюжеттерінің  іштей  тұтастығын 
құрайды.  Аталмыш  дастан    мәтіндерінің  бәрі  бірдей  Ха-
тымтайды  жомарттықтың,  мейірімділіктің  жарқын  үлгісі 
ретінде дәріптей бермейді.Мұнда Хатымтайдың қарапайым 
пенде ретіндегі қылығы астамшылық жасап, өзін асқан жо-
март деп санауынан көрінеді. Өзінен даңқы асқан  жомарт 
қыздың хабарын естіп, қатты таңғалып, сенбей, өз көзімен 
көріп, құлағымен естимін деп сапарға шығып сол сапарын-
да көрген қиындықтарынан ой түю арқылы  әр адамның өз 
орны бар екендігін тұжырымдайды.
Дастанда  терең  ғибратты тағлымды     насихаттау үшін 
дастан құрамына  үш балықтың тарихын әңгімелейтін сю-
жет, өлімнен тірілтіп алған күйеуіне опасыздық жасаған әйел 
туралы т.б. әр түрлі көне аңыз, әңгіме, мысалдар енгізілген. 
Әдебиеттану

73
«Қасым  жом  арт»  дастанын  да  кейіпкер  басқа  атпен 
аталғанмен,  тақырыбы,  идеясы,  шығарма    кейіпкерінің  
жомарттық, рақымшылдық  қасиеттерін мадақтайды.
Ал дана  дана уәзір мен адал дос (көмекшілер) туралы 
хикаялық дастандар қатарынан» «Қағира мен Таймұс»  да-
станынын алып қарайық.
Патша мен уәзірдің ұзақ уақыт  баласыздық зарын тар-
тып  перзентті  болуы,  Патша  баласы  Таймустың    ғашық 
болу оқиғасы,  бірақ қанша ынтық бол ғанмен  әрекет етпей 
, тек қайғыға батып жатуы, уәзір баласы  Қағираның   өзінің 
белсенділік танытып түрлі айла-шарғылар жасауы , мысалы: 
екі рет әйелше киініп,  біріншісінде   Мәликеге Таймұсты бір 
көруге үгіттесе; екіншісінде  Мәликенің орнына ұзатылып 
барыпқызды ақыры көндіріп мақсатына жетеді. 
Әйелдің жағымсыз мінезін  баяндайтын хикаялық дастан-
дар ішінде «Хикаят Сәлімжан» дастанның негізгі тақырыбы 
– опасыз әйел мен адал жар турасында . 
Дастанның  мазмұнындағы  Сүлеймен  деген  бай 
саудагердің  Сәлімжан  деген  жалғыз  ұлының  бастапқы 
әйелінің дүниеге қызығып,  опасыздық жасауы кейінгі алған 
жары Гүлжауһардың күйеуі үшін небір айла амалдарға ба-
рып,      азып-тозып жүрген күйеуін тауып алып, өзін таныт-
пай, еліне алып қайтады.
Бұл  жөнінде  ғалым  Б.Әзібаева:  «Шығармада  күйеуіне 
адал, діндар әйелдің жаланың кесірінен көп тауқымет шексе 
де, сабыры мен тақуалығының арқасында қиындықты жеңіп 
шыққаны,  өзін  орынсыз  жәбірлегендерге  кешірім  жасап, 
күйеуіне қайта қосылғаны баяндалады. Дастан кейіпкерінің 
тағдыр тауқыметі арқылы аманатқа қиянат, көрсеқызарлық, 
жалған  куә  болу,  нәпсіқұмарлық  сияқты  жаман  қасиеттер 
сыналып,  адам  бойындағы  ізгі  қасиеттер:  сүйген  жарға 
адалдық, тақуалық, әлсізге қол ұшын беру, қайырымдылық 
дәріптеледі» деп тұжырымдайды.
Әдебиеттану

74
Мұнда ертегілік сюжет толық сақталған, сонымен бірге 
дастанның оқиғасы біршама күрделенген. Оқиғасы күрделі, 
ертегілік  сюжетке  құрылған  «Хикаят  Марғұба  қатын» 
дастанының  генезисі,  мен  өзіндік  ерекшелігі  жан-жақты 
сарапталған.
«Біріншіден,  географиялық  орта  өзгерген:  шындыққа 
жанасымды болу үшін оқиға Түркістанда болған деп айты-
лады.  Екіншіден,  негізгі  кейіпкерлердің  есімдері  аталады 
және  кейіпкерлер  саны  көбейген.  Үшіншіден,  адал  әйелге 
жазықсыз  соқтыққандар  әр  түрлі  апатқа  ұшырайды,  Алла 
Тағаланың  құдіретімен  әйелге  емшілік  қасиет  дариды» 
[4,278].
Дастанға  арқау  болған  –  әйелдердің  адалдылығы  мен 
ақылдылығы болғанымен, мұнда  дастан жанрының барлық 
түрлеріне тән белгілер бой көрсетіп қалады.
Шығарма  хикаялық  дастандардың  типтік  үлгісі  сана-
тынан»  Тәжбақыт–Хоршора  «  дастанында      Сағит,  Сәбит, 
Тәжбақыт атты үш  ағайынды адамның арасындағы оқиғалар 
негізге алынып, туыстық қарым-қатынастағы адалдық пен 
арамдық, ақыл мен парасат және әке өсиетіне деген көзқарас 
дастандық тұрғыдан баяндалады.   
Дастан  ертегілік  сюжетке  құрылып,  отбасын  құру 
жолындағы күресте ең алдымен өз ағаларының кедергісіне 
жолығуы  ,  ғашығының  байлығына  емес,  ақыл-парасатына 
мән беруі  басты тақырыпқа айналған. Дастан атаның жолы-
на, өсиетіне адалдықты уағыздайды. Әке сөзіне құлақ асып 
әрекет еткен Тәжбақыт екі елге патша болып Хоршаһрадай 
ақылды  жар  тапса,  Ал  әке  сөзін    назарға  алмаған    Сағит, 
Сәбит    қыз  алдында  да,  жалпы  өмірде  де  сәтсіздіктерге 
ұшырайды.Тақырыптық жағынан  отбасы үшін аса маңызды 
тақырыптарды  қозғай  отырып,кейіпкерлердің  махаббаты, 
ғашықтық  сезімі,  ішкі  жан-дүниесін  тереңдй  суреттеуде 
өзіндік ерекшелігімен сипатталады.  . 
Әдебиеттану

75
Зерттеушілердің  пікірінше  «Қисса  Тәжбақыт-Хоршаһра 
қыз»  дастанындағы  қыз  кейіпкердің  суретін  сипаттау 
жағынан да ерекшеленеді. Мәселен:
Қыз бетінде кіршік жоқ,
Айдын көлдің қуындай.
Екі көзі жарқырап,
Патшаның алтын туындай.
Сөйлеген сөзі асыл-ды,
Ақ зәмзәмнің суындай.
Аузынан шыққан лебізі
Сары алтынның буындай. [4,280] – деп келіп, Эпос по-
этикасында ауысып қолданылатын тұрақты суреттемелерді 
творчестволықпен  пайдалану арқылы  дастанның көркемдік 
қуатын күшейткен. 
Жалпы  хикаялық  дастандардағы  халықтың  эпикалық 
санасында қалыптасқан суреттемелер мен бейнелеулердің, 
теңеулер  мен  сөз  тіркестерінің  эпикалық  формулалардың 
қолданылуы арнайы қарастырылатын мәселе. Өйткені фоль-
клор мен жазба әдебиетінің әсерін бойына сіңірген бұл да-
стан түрлерінде ақындық дара қолтаңбаның халық өрнектеле  
бастағаны байқалады Себебі  фольклорда «индивидтік тіл, 
даралық портрет» [5,14]   болмайды. Яғни, шым-шытырық 
оқиғаларға құрылып, солардың барлығын адам ақылы мен 
айласы  арқылы  жеңіп  шығатын  мазмұнға  құрылаптын 
хикаялық дастандардың дамуынан елеулі өзгеріске ұшырап, 
уақыт талабына  сай өзгерісін  байқаймыз.   
Бұл  шағын  мақалада  хикаялық  дастандардың  кейбір 
жанрлық белгілері ғана сөз болды.
Әдебиеттер:
1. Әзібаева Б. Қазақ дастандары. – А, 2009.
2. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алма-
Әдебиеттану

76
ты, 1991. 
3.  Азибаева  Б.У.  Казахский  дастанный  эпос.  –  Алматы,  
1998. 
4.  Бабалар  сөзі:  Жүз  томдық.  –  Астана:  Фолиант,  2004,  
Хикаялық дастандар.– Астана: Фолиант, 2004. 
5. Қасқабасов С. Фольклор теориясының кейбір мәселелері 
//  Сыр  сандығым  –  Сарыарқа:  «Орталық  Қазақстандағы 
халық  шығармашылығы  мен  әдебиеттің  қалыптасуы  және 
дамуы»  атты  республикалық  ғылыми-практикалық  конфе-
ренция материалы.  Қарағанды,  2005.
Резюме
В статье рассматривается жанровые особенности новел-
листических дастанов и анализируются новые тексты.
Summary
The article discusses the genre features of novelistic dastans 
and analyzes new texts.
Әдебиеттану

77
А.Мұқан
ӨНЕРПАЗДАР ЖАЙЛЫ ОЙ ТАРҚАТҚАН 
ҚАЛАМГЕР
Ұлтымыздың өнерпаздары жайлы бірінеше кітаптардың 
авторы  Сара  Ләтиевамен  менің  сырттай  таныстығым 
сонау  80-ші  жылдары,  студенттік  партадағы  алғашқы 
театртанушылық ізденістерімнен басталады. Қиын да күрделі 
жанр опера театры жайлы дерек жинап ғылым жолына бет 
бұрған  кезде  алғаш  рет  бұл  кісінің  шығармашылығымен 
жақын    таныстым.  Қазақ  операсын  зерттеуші  оның  тари-
хы, орындаушылық өнері, сүбелі жетістіктері жайлы дерек 
іздегенде  қазақ  сахнасының  жұлдызы  –  Күләшке,  бұлбұл 
үнді  Күләш  Байсейітова  шығармашылығына  соқпай  кете 
алмайтын  еді.  Оның  шығармашылығы  жайлы,  дүниеден 
қайтқаннан  кейін  жарияланған  алғашқы  еңбектер  ішінде 
өмірі мен шығармашылығы тұтас қарастырылып, жан-жақты 
қамтылған  «Бұлбұл»  атты  кітабы  осы  Сара  Ләтиеваның 
терең  де  үлкен  ізденіс,  еңбекпен  келген  туындысы  бола-
тын.  Әрине,  Ұлы  Күләш  жайлы  пікір  білдіргендер,  зерт-
теп жазғандар жоқ  емес. Десек те үлкен шығармашылық 
тұлғаның өнердегі әрі өмірдегі келбеті жекеленген үзік-үзік 
әсерлерден  түзіліп,  бір  ізділікпен  толық  ашылмаған  еді. 
Дүлділ әнші жайлы кітаптар кейінірек те жазылды, бірақ, 
әнші  өмірден  өткеннен  кейін  хронологиялық  бір  ізділікті 
ұстана  отырып  көркем  шығарма  жаза  отырып,  оны  ресми 
құжатқа негіздейді. Дерек пен көркем қиялды қатар өрбітеді. 
Және мемлекеттік мұрағаттағы барлық құжаттарды сарап-
тан өткізе отырып, көз көрген замандастарынан суыртпақтап 
сыр тарқатқан болатын. 
Сара  Ләтиеваның  «Бұлбұл»  кітабын  мен  осыдан  он 
жыл  бұрын  әншінің  90  жылдық  мерейтойы  тұсында 
Республикалық  газеттің  тапсырысы  бойынша  Күләштің 
Өнертану

78
Өнертану
шығармашылық  портретін  жазуда  дереккөз  ретінде 
қолдандым.  Дәл  осы  Күләш  шығармашылығы  ғылыми 
жоба аясында менің зерттеу нысаныма айналғанда біз Сара 
апаймен тізе қосып М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 
институтының «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен шығатын 
«Күләш» атты кітабының ұжымдық авторы болдық. Өзара 
пікір  алысып,  ойларымызды  ортаға  сала  жүріп  жақыннан 
танып біліп, Апайымның өзін, қаламгерлік қырларын, өнер 
мен өмірге деген ұстанымдарын айқындай түстім. «Менің 
Күләшім» мен осы кезге дейін таныған Күләш бойындағы 
өзге де айтылмаған жұмбақтарды, кітапқа басылмаған сыр-
ларды  айқындап,  әнші  туралы  білім  шеңберімді  кеңейте 
түстім. Сонымен бірге мен білетін, мен таныған қымбатты 
Сара  апайымның  бойынан  үлкен  кісілік  келбет,  өз  ісіне 
адал, оқырманымен жүзі ашық диалогке баратын суреткерді 
көрдім.  Өз  ісіне,  таңдаған  тақырыбына,  өзі  зерттеген 
қаһармандарына  деген  адалдығы  үшін  бұл  жаны  жайсаң 
жанды ет жақынымдай жақсы көріп, жақын тартып сыйла-
дым.    
Өз ісіне адалдық, оқырманға арнап жазған әрбір сөзіне  
жауапкершілікпен қарау бұл, осы ұрпақтың бойына ана сүті, 
әкенің  ақ  батасынан  берілген  қасиет  болар.  Әрине,  тәлім 
алған мектеп пен университтің ұлағатты ұстаздарынан, өмір 
мектебінің бұралаңы мен шырғалаңында кездескен ағалары 
мен  апаларының  аялы  алақанынан  келген  өнеге  де  жетіп 
артылады.  Сондықтан  бұл  суреткерлердің  әрбір  жазған 
сөзінен, мақала мен көлемді шығармаларынан келер ұрпақ 
алдында  жауапкершілік  жүгін  сезінген  суреткерлердің 
келбетін көреміз.  
Жазуға  таңдап  алған  тақырыпқа  құлай  беріліп,  барлық 
жан-тәнімен ынтыға зерттеп жазу біздің зерттеу объектіміздің 
суреткерлік  бойынан  айқын  көрінеді.  «Қазақ  бұлбұлы» 
атанған  Күләш  дүниеден  қайтқаннан  кейін  артынан  
іздеушісі  болып  біраз  жылдар еңбектенген ол үлкен мате-

79
Өнертану
риалмен жұмыс істейді. Күні бүгінге дейін жалғасып келеді. 
Аңыздан  шындықты  ажыратып,  өсекті  дерекпен  дәлелдеу 
үшін барын салады. Көзі тірі, Күләшпен жақын араласқан 
аға-апаларымен,  әріптес  достарымен  ізінен  қалмай  жүріп 
жүздесіп,  сұхбаттасып  назар  аударарлық  детальдарды, 
өмір мен өнерге қатысты бар деген ақпарат деректерді қалт 
жібермей жинайды. Аты аңызға айналған, сыңғырлаған үні 
барша  қазақтың  құлағында  тұрған,  келбеті  көңілден  өше 
қоймаған Күләштің шынайы бейнесін жасау жолында небір 
ұйқысыз  түндерді  басынан  өткізеді.  Нәтижесінде,  біздің 
Күләш  осындай  деп  айтарлықтай  тамаша  кітап  дүниеге 
келіп  оқырманның  көзайымына  айналды.  Алайда,  бұл 
еңбек оңайлықпен келмегенін біз автордың: «Өнер әлеміне 
қызыға, әуестікпен қарай бастаған саналы кезеңнен бастап, 
қазақ үшін тірісінде аңызға айналған әнші туралы жазамын 
деп  мойынға  алу  бір  басқа  да,  оны  ел  қабылдайтындай, 
аруаққа  шет  болмайтындай  етіп  жүзеге  асыру  бір  басқа. 
Осы екі басқа шаруаның жауапкершілігін анық сезінген кез-
де тайсақтаған сәттер де болды» - деген ойынан байқаймыз. 
Кездескен  қиындықтар  мен  кедергілерге  тоқталғанда  біз 
жазушының  таңданысы,  ашынысы,  адамдардың  әр  алу-
ан кейпін танып білген «көзін ашу» сәтін де көреміз. Сара 
апайымыз  суреткерлік,  қаламгерлік  жолындағы  адамтану, 
кейіпкерлердің желісін тарқату секілді «өмір драматургия-
сы»  пәнінен  осы  кітапты  жазу  барысында  маңызды  сабақ 
алады. Ол «Бір қызығы Күләшқа жұрттың бәрі мен сияқты 
ынтық  емес  екен.  Шын  ықыласпен  сөйлескен,  бірден  ат-
тонын ала қашқан, сыпайы ғана шығарып салған адамдар 
болды. Шынын айтқанда бұның өзі бір театр еді» - дейді. 
Ұлы  ағылшын  драматургі  У.Шекспирдің  «Бүкіл  әлем  те-
атр,  адамдар  оның  актерлері»  деген  тамаша  да  терең 
анықтамасын  өзінің  шығармашылық  іс-тәжірибесінде 
кездестіріп, суреткерлік көкейіне тоқығаны да көп болды.
Танымал театр қайраткері жайлы жаза отырып Сара апай 

80
Өнертану
өзі  таңдап  алған  кейіпкерінің  айналасындағы  әріптестерін 
де  кеңінен  қамтып  жазады.  Бұл  жерде  Күләштің  белгілі 
ортада  ғұмыр  кешіп,  30-50-ші  жылдары  қазақ  қоғамының 
қандай алып тұлғаларымен дәм-тұздас болғандығы жайлы 
айтып жатудың өзі артық. Күләш пен оның айналасындағы 
кейіпкерлер  ара  қатынасы,  қосалқы  екінші,  үшінші 
пландағылардың  да  жанды  бейнесін  көреміз.  Бұлардың 
бәрі  «Билеушіні  оның  айналасындағылар  жасайды»  де-
ген  белгілі  сахна  заңдылығына  бағындырылған  желімен 
түзілген.  Ол  жүздесіп,  сұхбаттарын  жазып  алған  адам-
дары  Күләшті  жақсы  біледі  деген  халқымыздың  өнері 
мен  мәдениетінің  майталмандары:  академик  жазушы 
Ғ.Мүсірепов, Халық жазушысы М.Хакімжанова, Күләшпен 
театрда алғашқы күндерінен білетін Л.Хамиди, сахнадағы 
қандыкөйлек  әріптестері  Ғ.Құрманғалиев,  Б.Досымжанов, 
К.Кенжетаев,  Ш.Бейсекова,  театр  директоры  Айташ 
Жұбанышалиев т.б. Кітаптың көлемін толықтыру үшін көз 
көрген  замандастарының  айтқандарының  бәрін  кітапқа 
енгізуге де болатын еді. Бірақ қаламгер өмірден ерте озған, 
мол  жұмбақ  сырын  өзімен  ала  кеткен,  ел  аузында  аңызға 
айналған  тұлғаға  байланысты  кейінгі  ұрпаққа  қалатын 
кітапқа  таңдаған  өзіндік  көзқарасы  мен  ұстанымдарына 
берік.  Ол,  азаматтық,  суреткерлік  қалыптың  ара  жігінен 
ауытқуға  жол  бермейтін,  жауапкершілікті  сезінуден  ту-
ындайтын  тежеуіш,  өз-өзінің  жазғандарын  қалт  жібермей 
цензорлық  жіті  бақылауы  арқылы  орнымен  тосқауыл 
бола алды. Оның: «Сонымен кітап жазылды. Бірақ, кезде-
скен,  сөйлескен  адамдардың  айтқандарының  бәрі  бірдей 
одан  орын  таппады.  Ол  жанрға,  менің  бұл  шығарма  жай-
лы  ұстанымыма,  ең  бастысы  Күләш  Байсейітованың  өз 
өмірінде ұстанған сеніміне деген құрметке байланысты» - 
дейді.  Міне,  қандай  керемет,  қарапайымдықпен  айтылған 
жүрекжарды сөздер. Жұмбақтау, құпиялықпен әлі де болса 
толық ашылмай жатқан ақтаңдақтар болса көңіл ылғи тын-

81
Өнертану
шымай соған жауап іздейді. Бар нәрсе көзбен көріп, қолмен 
ұстағандай  анық  болуын  қалаймын.  Сара  апайыммен 
пікір бөлісе жүріп те Күләшке байланысты өзім іздеп жа-
уабын әліге дейін таппаған жұмбақ мәселелер төңірегінде 
«қолайсыз»  сұрақтарды  қойғанда,  ол  кісінің:  «Оны  енді 
жариялаудың  қажеті  қанша,  онысызда  Күләш  өзінің  қол 
жетпес биік тұлға екендігін өнерімен дәлелдеп кетті. Одан 
Күләшке де, оқырманға да келіп-кетер пайда жоқ» деген то-
лымды уәжін айтқан. Одан кейін әрі қазбалай беруге бар-
мадым.  Мен  үшін  Сара  апайымның  өмір  тәжірибесімен 
түйіндеген осы бір салмақты сөзі жеткілікті болатын.     
Сара Ләтиеваның шығармашылығы, оның әдебиеттегі бар 
бітім болмысы мен үшін өнерді, сол өнердегі өнерпаздардың 
шығармашылық келбетін ашуға бағыштаған. Театрдың ұлы 
реформаторы К.С.Станиславскийдің сахна қайраткерлеріне 
қарата «Өнердегі өзіңді емес, өзіңдегі өнерді сүй» деген еді. 
Қанатты  сөз  тіркесі  болып  кеткен  осы  ойды  біз  өзіміздің 
зерттеу обьектімізге қарата айтсақ жазушы өзінің кейіпкерін 
«Өнердегі  өнерпазды  емес,  өнерпазды  бойындағы  өнері 
арқалы»  танытады.  Бұл  біздіңше  өнерді,  сол  арқылы 
өнерпазды,  оның  сан  қырлы  шығармашылық  келбетін 
ашудың дұрыс кілті болса керек. 
Әу бастан бастау алған жазу сызуларының ішінде Сара 
Ләтиеваның  «Күләшті»  таңдауында  ерекше  мән  бар  деп 
білемін.  Осыдан  кейінгі  басқа  да  жазылған,  аударылған 
шығармаларымен  бірге  араға  ондаған  жылдар  салып 
«Ғибраты  мол  ғұмыр»  сериясымен  «Хадиша  Бөкеева» 
деректі повесть-эссесі (-Астана. Елорда, 2001), кейін «Ха-
диша мен Байғали» жайлы өмірбаяндық эссе (-Алматы. Ана 
тілі, 2012)  дүниеге келеді. Соңғы туындысының жанрлық 
бағдары жайлы автордың анықтамасына құлақ түрсек: «Бұл 
сағыныштан,  махабаттан,  жалғыздықтан  түзілген  туынды. 
Бұны  қалыпты  ұғымдағы  тұтас  шығарма  деуге  болмайды. 
Одан  гөрі  адамның  әр  кезеңдегі,  әр  жағдайдағы  еске  алу-

82
Өнертану
ларымен,  шегіністерімен  толықтырылған  көңіл-күйі  деген 
дұрыс» – дейді. Кітапты оқи отырып елу жылдан аса драма 
сахнасының гүлі болған актриса Хадиша Бөкеева мен опера 
сахнасының  сұлтаны  болған  тенор  дауысты  әнші  Байғали 
Досымжановтың  өмірі  мен  өнердегі  тандемі,  бірге  қол 
ұстасып жүріп өткен ғұмыры, сахнадағы салып кеткен дара 
жолдарын анық көреміз.    
Бұл  еңбектердің  жазылуы,  құрылымы,  кейіпкерлердің 
келбетін  ашу  жолында  қаламгердің  өзіндік  қолтаңбасы, 
шеберлік қыры айқын көрінеді. Материалды хронологиялық 
ретімен  емес,  оқиғаның  баяндалу  желісіне  сай  қисынды 
түзілуі,  тілінің  жатықтығы,  деректердің  кейіпкердің  ішкі 
сезім  иірімдерінің  бағытымен  келтірілуі  көркем  шығарма 
мен өмірлік нақтылы деректерді қатар үйлестіре береді. 
Біздің  театртану  ғылымында  тарихта  болып  кеткен  Эс-
хил, Аристофан, Шекспир, Мольер, Кальдерон заманында 
көрсетілген спектакльдерді қалпына келтіру (реставрация-
лау)  деген  арнайы  пән  оқытылады.  Ұстазымыз  өнертану 
докторы  Б.Құндақбайұлы  бізге  сонау  жылдары  қойылған 
Ж.Аймауытовтың,  М.Әуезовтің,  өзге  де  авторлардың 
төңкеріске  дейін  және  кейінгі  қойылған  спектакльдерінің 
қалай  көрсетілгені  жайлы  өзі  барып  көргендей  баяндай-
тын  еді.  С.Ләтиеваның  кітаптарын  оқи  отырып  та  біз 
осындай күй кешеміз, өткенмен жүздескендей күйде бола-
мыз. Қанабек пен Күләштің, Хадиша мен Байғалидың, т.б. 
арасындағы  диалогтардан  оқырман  оқиға  өрісінің  даму 
бағытынан, негізгі кейіпкерлер арасындағы әңгіме өрісінің 
ауанынан  мол  мағлұмат  аламыз.  Жазушының  көркемдік 
қиялын, шығармашылық шабытын болмашы деталь штрих-
тармен,  тарихи  маңызы  мол  құжатпен,  өмірлік  нақтылы 
деректерімен қатар ұштастыра домбыраның қос ішегіндей 
сөйлету  үлкен  суреткерлік  шеберлік  Сара  апайдың  осы 
еңбектерінен айқын көрінеді.    
Қазір  әлемнің  және  көрші  Ресейдің  театрлары  сахна 

83
Өнертану
кеңістігінде  «құжатты,  деректі»  қойылымдарды  көрсету 
қанат  жайып  келеді.  Арнайы  «DОС»  театры  сәтті  жұмыс 
істеп  ағартушылық  жұмысты  көркемдік  деңгейге  көтерді. 
Бұл  қоршаған  ортаны,  қоғам  өмірінде  болып  жатқан 
құбылысты қаз қалпында, нақтылы дерекпен көркем бейне-
леп көрсететін жаңа бағыттағы театр. Театр маманы ретінде 
Сара  Ләтиеваның  шығармашылығынан,  жоғарыда  аталған 
талантты  қазақтың  өнерпаздары  жайлы  кітаптарынан 
халқымыздың болашақ «құжатты театрына» азық боларлық 
шикізат,  пьеса  материалын  көремін.  Оның  Күләші,  оның 
Хадишасы, оның Байғалиі әр қайсысы бір спектакльге жүк 
боларлық көлемді де қажетті тақырыптар. Сахна саңлақтары 
жайлы  кітаптарынан  қазақтың  танымал  тұлғаларының 
өмірдегі және өнердегі келбетін  ашатын, олар өмір сүрген 
уақыт пен қоғамды шынайы беретін туынды деп білеміз.
Ойымызды  қорыта  келгенде,  қаламгер  Сара  Ләтиева  – 
талғампаз, турашыл, табанды суреткер. Кітабына кейіпкер 
болатын  қаһарманын  еңбегінің  нәтижесін  оқырманмен 
жүздестіргенде қаншалықты шынайы шығатындығы жайлы 
терең  ойлана  отырып,  аса    кірпияздықпен  кіріседі.  Айтар 
ой-пікірін  білдірерде  кейбір  ел  назарынан  таса  фактілерді 
жариялауда  ойланып,  елдің  ертеңі  болар  жас  ұрпақ  үшін 
қажеті бар немесе жоғын салмақтап барып жариялайды. 
Бүгінгі Сара апайымыз осы қалпында - қазақ кеңес сах-
на өнерінің  тарихында аттары алтын әріптермен жазылған 
тұлғалар  шежіресін  бойына  жиған,  көпшілік  оқырмандар 
тұрмақ арнайы айналысатын кәсіби мамандардың өзі де көп 
біле  бермейтін  деректерді,  ақтаңдақтардан  молынан  хаба-
ры бар зерттеуші. Ашылып айтқанынан айтылмағаны мол 
кеңестік қазақ сахна өнеріне, оның талантты тұлғаларының 
шығармашылығына  байланысты  нелер  қызық  деректерді 
айта алатын қазыналы тұлға. Көзін тауып сөз суыртпақтар 
болса бар білгенін Атымтай Жомартша молынан ақтаратын 
кең пейілдігі де қатар жүреді.

84
Өнертану
Бүгінде,  қазақ  сахна  өнері,  оның  саңлақ  жұлдыздары 
жайлы  жазылған  еңбектерді  театртанушылар,  сахна 
өнерпаздардың өздері, ақын-жазушылар, журналистер, өзге 
де қолына қалам ұстағандар жазған, жазып та келеді. Соның 
ішінде өзінің ары мен ұжданын әдебиеттің жолына арнап, 
осы жолды ту етіп көтерген Сара Ләтиевадай апаларымыз-
ды  жолықтырғаныма,  өзі  жазып  бастап  берген  Күләштей 
ұлы  өнерпаз  шығармашылығына  ортақтастырып  бір  кітап 
шығарғанымызға шүкіршілік етемін. 
      
Резюме
Статья посвящена  анализу  творчества  Сары Латиевой
широко известной писательницы, работающей в жанре до-
кументалистики.  Ее перу принадлежат  книги о  жизни  и  
творчестве выдающихся деятелей  культуры - народной  ар-
тистке ССР Куляш Байсеитовой, народных  артистах  РК.
                                      
   Abstract
This article provides an overview of creative writings of the 
writer documentalist  Sara Latiyeva who is widely known among 
readers  of  books  about  famous  Kazakh  creative  personalities 
such  as  People’s  Artist  of  the  USSR  Kulyash  Baisseitova, 
People’s Artists of Kazakhstan Baigali Dosymzhanov, Hadisha 
Bukeyeva.

85
Өнертану
Р.К.Джуманиязова, А.Куспанов
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ В 
ВИОЛОНЧЕЛЬНОЙ МУЗЫКЕ КАЗАХСТА-
НА НА ПРИМЕРЕ «OUTLINES OF TANGIBLE» 
С.БАЙТЕРЕКОВА
Современная  виолончельная  музыка  Казахстана  пред-
ставляет собой одно из самых перспективных направлений 
искусства, своеобразную творческую лабораторию для ком-
позиторов и исполнителей.
Фонд  виолончельной  литературы  казахских  композито-
ров  достаточно  обширен,  палитра  используемых  жанров 
включает и простые пьесы, и сонаты, и фантазии, и даже 
концерты.  Объединяющее  начало  –  обязательное  присут-
ствие элементов казахской традиционной музыки в виде ци-
тирования, стилизации или применения формообразующих 
приемов. Наряду с национальной идентичностью, произве-
дения демонстрируют и профессиональное владение евро-
пейской композиторской техникой. 
В Казахстане виолончель является актуальным, востре-
бованным  инструментом.  Многие  казахстанские  виолон-
челисты  занимаются  не  только  академическим  видом  ис-
полнения,  но  также  работают  в  новых  жанрах,  участвуют 
в формировании современных течений музыкальной инду-
стрии. В этом смысле казахстанские виолончелисты нахо-
дятся в русле современных мировых тенденций. Очевидно, 
что  в  нашей  стране  музыкальная  индустрия,  а  именно  ее 
классическое направление, находится на стадии активного 
становления. В настоящее время проявлениями новых форм 
исполнения являются различные спектральные и шумовые 
исполнительские  приемы  с  использованием  виолончели; 
применения  электронной  виолончели  для  концертов,  рас-
считанных на широкую публику. Постоянный поиск новых 

86
Өнертану
средств  выразительности  обусловлен,  с  одной  стороны, 
стремлением привлечь максимальное количество публики, 
с другой – найти свой, адекватный современному времени, 
язык музыкальной коммуникации.
В  ряду  обозначенных  тенденций  и  творческих  поисков 
особенно интересным представляется творчество молодого 
казахстанского композитора Санжара Байтерекова, выпуск-
ника Московской консерватории. Виолончельная компози-
ция «Outlines of tangible», что в переводе  обозначает «Кон-
туры осязаемого», является новым взглядом в современной 
музыкальной культуре.
Данное произведение создано для разных инструментов, 
в том числе – для виолончели. Оно предполагает целый ком-
плекс новых приемов исполнения. «Outlines of tangible» – 
это цикл произведений со сквозной нумерацией, где каждая 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет